CaspianLife, 24 ақпан. Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау аясында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қоғамда «Заң және тәртіп» қағидаларын ілгерілету жұмысын жалғастыруда.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мәлімдеуінше, қазіргі заманда жемқорлыққа тиімді қарсы тұру қоғамның белсенді қолдауы мен қатысуынсыз мүмкін емес. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, жемқорлыққа мүлдем төзбеушілікті дамыту және азаматтардың белсенділігін арттыру мақсатында Антикор жедел хабарлау үшін жаңа құрал енгізуде.
«Біз Антикор 1424 жаңа WhatsApp-чат-ботының іске қосылғанын хабарлауға қуаныштымыз. Енді әр азамат сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлап немесе жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша кеңес ала алады. Ол үшін WhatsApp мессенджеріне 8 777 000 1424 нөміріне хабарлама жіберу жеткілікті», — деп хабарлады Антикор баспасөз қызметі.
WhatsApp-чат-бот Антикор 1424 арқылы:
— Сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлауға болады
— Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша кеңес алуға болады
«Сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтары туралы шынайы ақпарат бергені үшін 15,7 млн теңгеге дейін сыйақы қарастырылған. Біз толық құпиялылықты қамтамасыз етеміз. Барлық хабарламалар міндетті түрде қаралып, заңнамаға сәйкес шаралар қабылданады. Алайда, жалған ақпарат бергендер қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын ескертеміз», — деп мәлімдеді Агенттік.
Ескерту: WhatsApp-чат-бот Антикор 1424: 8 777 000 1424
Егер сіз сыбайлас жемқорлық фактілеріне куә болсаңыз, 1424 нөміріне хабарласыңыз және @antikorkz_bot Telegram-ботына немесе WhatsApp-чат-ботқа 8 777 000 1424 нөмірі арқылы фото/видео жіберіңіз.