Автор: Сайт әкімшілігі

CaspianLife, 1 сәуір. Облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбайдың тапсырмасымен «Атырау – Ақтау» республикалық тас жолы бойында орналасқан Ман-Ата асуы мобильді байланыспен қамтылды. Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл байланыс жол бойындағы жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жедел жәрдем және басқа да қызметтерді жылдам шақыру үшін аса маңызды. «Сонымен қатар, Бекі ауылының тұрғындары мен ауылдағы орта мектепті байланыспен қамту мақсатында «Қазақтелеком» АҚ магистралінен базалық станцияға дейін талшықты-оптикалық байланыс желісі тартылды. Қазіргі таңда аумақта барлық қажетті инфрақұрылым қалпына келтіріліп, «Кселл» АҚ-ның 4G базалық станциясы орнатылды. Алдағы уақытта Beeline операторының базалық станциясы да орнатылатын болады»,-делінген хабарламада. 

Read More

CaspianLife, 2 сәуір. 2025-2026 оқу жылына бірінші сыныптарды мектепке қабылдау басталды. Бұл мерзім 1 сәуірден 31 тамызға дейін жалғаспақ. Ол туралы қалалық білім бөлімінің басшысы Айнагүл Дүйсекенова баспасөз мәслихатында баяндады, — деп хабарлады Өңірлік коммуникациялар қызметі. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес биыл бірінші сыныпқа алты жасқа толған немесе жыл соңына дейін толатын балалар қабылданады. — Мектепке қабылдау емтихансыз жүзеге асырылады. Өтініштерді ата-аналар өз таңдауы бойынша egov.kz электронды үкімет порталы арқылы немесе оқу ордасында қағаз түрінде тапсыра алады. Өтініштер бір жұмыс күні ішінде қарастырылады. Өткен жылы сегіз мыңнан астам оқушы бірінші сыныпқа қабылданса, биыл 9 мыңға жуық оқушы қабылданады деп жоспарлап отырмыз,…

Read More

CaspianLife, 2 сәуір. Атырау облысына Әзербайжаннан Қырғызстанға бағыт алған өрт сөндіру техникасының колоннасы келді. Telegram-арна 112 KZ мәліметінше, Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаментінің (ТЖД) қызметкерлері арнайы техникадағы әріптестерін жылы қарсы алды. Кеше атыраулық құтқарушылардың сүйемелдеуімен олар Ақтөбе облысына қарай жол тартты, түпкі бағыт – Бішкек. «Бұл маршрут – жай ғана шекара асқан сапар емес, өрт сөндірушілер бауырластығының бірлігі мен қолдауының символы. Қай жерде болмасын, құтқарушылардың басты мақсаты – көмек қажет жерде болу», – делінген хабарламада.

Read More

CaspianLife, 1 сәуір. «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерваты ерекше қорғалатын табиғи аумақта (буферлік аймақта) әуесқой-спорттық балық аулау маусымының ашылғанын хабарлайды. Резерваттың ресми парақшасында жарияланған хабарламаға сәйкес, әуесқой балық аулауға 2 сәуірден бастап «Балық жүретін» және «Приморский» каналдарында рұқсат етіледі. Спорттық-әуесқой балық аулау су айдындарында жеке тұлғаларға тек жеке басын куәландыратын құжаты мен жолдамасы болған жағдайда ғана рұқсат беріледі. Жолдама жеті күнтізбелік күнге дейінгі мерзімге беріледі, ал бір балықшыға тәулігіне 5 кг-нан аспайтын балық аулауға рұқсат етіледі. Балық аулау кезінде спорттық-әуесқой балық аулау қағидаларын қатаң сақтау және тыйым салынған аулау құралдарын қолданбау қажет. Жолдама алу бойынша сұрақтар бойынша «Ақжайық» МТР кеңсесіне мына…

Read More

CaspianLife, 1 сәуір. Атырау облыстық сотының қылмыстық істер бойынша сот алқасы Атырау қаласының бұрынғы лауазымды тұлғаларына қатысты апелляциялық шағымдарды қарады. Бұл туралы Атырау облысының прокуратурасы 2023 жылдың қараша айында хабарлаған болатын: «…ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабының 4-бөлігінің 2-тармағы бойынша қылмыс жасады деп күдіктеліп, Атырау қаласының бұрынғы әкімі Қ.К. Оразбаев (Атырау қаласы полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына орналастырылды) ұсталды». Атырау қаласының әкімі және оның екі көмекшісі 2020 жылдан 2022 жылға дейін жеке тұрғын үй құрылысын салу үшін рекреациялық аймақтарға (жасыл желектер, саябақ, , жағалаулар және т.б.) жататын жер учаскелерін заңсыз берген деп күдіктелген. 2024 жылдың желтоқсанында, бірінші сотының үкімімен, Атырау қаласының бұрынғы…

Read More

CaspianLife, 1 сәуір. Кеше табиғатты қорғау және құқық қорғау органдарының қатысуымен өткен брифингте «Бекіре-2025» кең ауқымды балық қорғау акциясын өткізу мәселелері талқыланды. Жайық-Каспий аймақаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының мәліметінше, 1 сәуір мен 31 мамыр аралығында Атырау, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстарында «Бекіре-2025» кең ауқымды балық қорғау акциясы өтеді. Жыл сайын бағалы балық түрлерінің уылдырық шашу кезеңінде табиғатты қорғау және құқық қорғау органдары заңсыз балық аулаудың және оны айналымға енгізудің алдын алу мақсатында күш біріктіреді. Балық қорғау шараларының тиімділігін арттыру үшін Ауыл шаруашылығы министрі, Ішкі істер министрі (ІІМ) және Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) төрағасының «Бекіре» балық қорғау акциясын өткізу туралы бірлескен…

Read More

CaspianLife, 1 сәуір. Мемлекеттік орган анықталған заң бұзушылықтарды жою туралы нұсқама беріп, нысандардағы қызметті уақытша тоқтату туралы хаттама жасады. Каспий құбыр консорциумының (КҚК) баспасөз қызметінің хабарлауынша, Ресей Федерациясы Үкіметінің тапсырмасы бойынша 2025 жылғы 26 наурыздан бастап Федералды көлік қадағалау қызметі Азов-Қара теңіз бассейніндегі су көлігі инфрақұрылымы нысандарының қауіпсіздігін тексеруді бастады. Атап айтқанда, Новороссийск, Темрюк, Сочи, Туапсе және басқа да теңіз порттарында қауіпті жүктерді тиеу-түсіру жұмыстарын жүргізетін ұйымдар тексерілуде. Тексерулер 2024 жылғы 15 желтоқсанда Керчь бұғазында мұнай құю кемелері (танкер) апатқа ұшырап, мұнай өнімдерінің төгілуіне байланысты төтенше жағдайға байланысты ұйымдастырылды. Бұл шаралардың негізгі мақсаты – теңіз су айдынын мұнай және мұнай…

Read More

Caspianlife, 1 сәуір. Кеше Атырау қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотында азаматша Н., азаматша А. және кәмелетке толмаған Х.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер қаралды. Олар Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабының 1-бөлігі (ұсақ бұзақылық) бойынша жауапқа тартылды. Атырау қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотының хабарлауынша, 2025 жылғы 23 наурызда азаматшалар Н., А. және кәмелетке толмаған Х. Атырау қаласындағы мұз сарайында Қазақстан Республикасының туы мен араб жазуы бейнеленген жалаудың алдында суретке түсіп, оны әлеуметтік желілерде таратқан. Бұл әрекет ұсақ бұзақылық деп танылды. Олардың кінәсі әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама, фотосурет, рапорт және істің басқа да…

Read More

CaspianLife, 31 наурыз. Бүгін Атырау облысындағы «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» арнайы экономикалық аймағында болашақ «Силлено» полиэтилен зауытының іргетасына алғашқы қазығы қағылды. «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының баспасөз қызметінің мәліметінше, ауқымды құрылыс жұмыстарына Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов, «ҚазМұнайГаз» АҚ басқарма төрағасы Асхат Хасенов, ҚР Энергетика вице-министрі Құдайберген Арымбек, «СИБУР» басқарма мүшесі – атқарушы директоры Павел Ляхович және Sinopec аға вице-президенті Ван Тао ресми түрде бастау берді. Жылына 1,25 млн тонна полиэтилен өндіретін және 7 миллиард АҚШ долларынан астам инвестиция салынатын зауыттың құрылысы 2028 жылы аяқталып, 2029 жылы іске қосылады деп жоспарланған. «Силлено» Қазақстанның өңдеу өнеркәсібіндегі ең ірі жобалардың бірі болмақ. Кәсіпорын өнеркәсіптің…

Read More

CaspianLife, 31 наурыз. Атырау кәсіпкерлеріне электронды шот-фактуралар жүйесіндегі кемшіліктер салдарынан айыппұл салынуы мүмкін. Бұл мәселе Атырау облысы Кәсіпкерлер палатасы жанындағы сауда саласы бойынша салалық кеңестің кезекті отырысында қаралды. Отырыста Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің (МКД) өкілдері 2023 жылдың 1 сәуірінен бастап Қазақстанда тауарға ілеспе жүкқұжат  рәсімдеу міндетті екенін еске салды. Яғни, тауарға ілеспе жүкқұжат (ТІЖ) алушысы электронды шот-фактуралар ақпараттық жүйесінде (ЭШФ АЖ) тіркелген күннен бастап 10 күнтізбелік күн ішінде оны растауы немесе қабылдамауы қажет. Егер тауар кез келген көлік түрімен жеткізілсе, онда бұл рәсім 20 жұмыс күнінен кешіктірілмей орындалуы тиіс. Атырау облысы Кәсіпкерлер палатасының баспасөз хатшысы Әсел Тұяқбаеваның айтуынша,…

Read More