CaspianLife, 7 сәуір. Маңғыстаудың 87 жастағы қолөнер шебері Шархат Төлемісова Димаш Құдайбергенге арнап жасаған шашағын табыстау үшін «Ақтау – Түркі әлемінің мәдени астанасы» мерекелік шарасының ашылу салтанатына арнайы келіп, 2 күн бойы қатысты. Бұған дейін біз 90 жасқа таяған кейуананың Димашқа арнап шашақ жасап, оны өз қолымен табыстағысы келетінін айтқан болатынбыз. «Біз — қазақпыз. Қазақтың кішкентай қызы болып өстік, қазір ана болдық, ауылдың данасымыз. Димаш – өзіміздің баламыз. Ақтауға келеді дегенді естіген соң, «неге бір тал шашақ байламасқа?» деп ойладым. Сондықтан кездесіп, домбырасына өз қолыммен тағуды жөн санадым», – деді қарт ана. Димаш Құдайберген ақ тілеулі анамен арнайы кездесіп, өзіне…
Автор: Сайт әкімшілігі
CaspianLife, 6 сәуір. Түркі жұртына ортақ дүбірлі той өтіп жатқан Ақтауда, көк теңіздің жағасындағы үлкен сахнада қазақ елінің жарық жұлдызы Димаш Құдайберген бүгінгі гала концертке арнайы келіп, ән шырқады. Димаштың ғажап әндерін тыңдауға келген көпшілік әншіні зор қошеметпен қарсы алды. Елдің ыстық ықыласына риза көңілін білдірген Димаш маңғыстаулықтарды жерлестерім деп атады. -“Алыстан алты жасар бала келсе алпыстағы ақсақал тұрып сәлем береді” деген атаулы сөзді жадына тоқыған халқым, ақтаулықтарым, жерлестерім, сый құрметтеріңізге, махаббаттарыңызға мың мәрте алғыс! Өздеріңізге басымды иемін! -“ деді Димаш Құдайберген. Мәдени рухани шараның ашылу салтанатының басты қонағы болған, ғажайып даусымен әлемді өзіне қаратқан әнші Димашты қоштап қолпаштаған халық…
CaspianLife, 4 сәуір. Бұған дейін хабарланғандай, «Каспий Құбыр Консорциумы – Ресей» АҚ-на (КТК-Р) қатысты 2025 жылғы 27–31 наурыз аралығында сауда теңізде жүзу мен ішкі су көлігі саласындағы федералды мемлекеттік бақылау (қадағалау) аясында жоспардан тыс тексеру жүргізілген болатын. Тексеру нәтижесінде мынадай құжаттар дайындалды: тексеру жүргізу туралы акт, анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама және КТК-1 мен КТК-2 теңіздегі айлақ құрылғыларының (ВПУ) қызметін уақытша тоқтату туралы хаттама. Бүгін, 4 сәуірде, Каспий Құбыр Консорциумының (КҚК) баспасөз қызметі келесідей мәлімдеме таратты: «Ресей Федерациясы Краснодар өлкесі Новороссийск қаласының Примор аудандық соты “Каспий Құбыр Консорциумы – Ресей” АҚ-на (КТК-Р) қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша шешім…
CaspianLife, 4 сәуір. Өткен жылы Атырау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы мен «Қазгипроводхоз институты» ЖШС арасында келісім жасалған болатын. Осы келісім аясында Жылыой ауданының әкімшілік орталығы – Құлсары қаласынан 60 шақырым қашықтықта су қоймасын салудың техникалық-экономикалық негіздемесі алғаш рет талқыланды. Атырау облысы өңірлік коммуникациялар қызметінің (ӨКҚ) хабарлауынша, жиынға қатысушылар су қоймасының техникалық-экономикалық негіздемесінің үш нұсқасымен танысып, өз ұсыныстарын білдірді. «Нәтижесінде 220 миллион текше метрлік нұсқа таңдалды», – делінген хабарламада. Сонымен қатар, басты мақсат – аймақтағы су қауіпсіздігін қамтамасыз ету және Жем өзеніндегі тасқындардың алдын алу екені атап өтілді. Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары…
CaspianLife, 4 сәуір. Қазақстанда 5 сәуірден бастап мопед жүргізушілері жалпы негізде жауапкершілікке тартылады. ІІМ ресми сайты Polisia.kz хабарлағандай, осы күннен бастап мопед жүргізушілері жол қозғалысының толыққанды қатысушылары ретінде танылады. Енді олар да көлік жүргізу ережелерін бұзған жағдайда автокөлік жүргізушілері сияқты айыппұл төлеуге міндетті болады. Мопед жүргізушілері үшін енді не міндетті? Көлікті тіркеу; Жүргізуші куәлігі болуы; Міндетті сақтандыру; Техникалық тексеріс; Қорғаныс дулығасы (шлем); Мопедтің техникалық жарамдылығы. Қандай құқық бұзушылықтар үшін жазаланады? Мас күйінде көлік жүргізу; Құқықсыз немесе жүргізуші куәлігінен айырылғаннан кейін басқару; Жылдамдықты асыру; Қауіпті маневрлер жасау және қарсы жолаққа шығу; Қызыл шамға өтіп кету; Жаяу жүргіншілерге жол бермеу; Белгілер мен…
CaspianLife, 3 сәуір. Бүгін Премьер-Министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен кеңесте бұл туралы мәлімделді. ANTIKOR Telegram-арнасының хабарлауынша, кеңесте бюджет қаражатының жұмсалуын бақылау мақсатында цифрлық теңгені қолдану бойынша пилоттық жобаларды жүзеге асыру мәселелері қаралды. Кеңес барысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Антикор) төрағасы Асхат Жұмағали «ақшаны бояу» механизмін енгізудің негізгі нәтижелері мен келешегі туралы баяндама жасады. Оның айтуынша, талдау нәтижесінде сыбайлас жемқорлыққа ең бейім салалар анықталған. Олар – білім беру, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы, әлеуметтік қамсыздандыру және құрылыс. Бюджет қаражатын ұрлау көбіне «өлі жандар», жалған жұмыстар мен фиктивті мәмілелер арқылы жүзеге асатыны белгілі болды. Осы тәуекелдерді жою үшін 2024 жылдың ақпан айынан…
Caspianlife, 3 сәуір. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі АҚШ-тың бірқатар тауарларға кедендік баж салығын енгізуіне қатысты мәлімдеме жасады. Министрліктің ресми сайтында жарияланған мәлімдемеде АҚШ тарапы қабылдап жатқан жаңа сауда шараларының алдын ала талдауы жүргізілгені айтылған. Оның нәтижесінде, Қазақстанның АҚШ-қа экспортының басым бөлігі қосымша тарифтердің әсеріне ұшырамайтыны анықталды, себебі бұл тауарлар АҚШ әкімшілігінің нормативтік актілерінде қарастырылған ерекшеліктер тізіміне енгізілген. «Қазақстан Республикасы Ұлттық статистика бюросының мәліметтері бойынша, 2024 жылдың қорытындысында Қазақстан мен АҚШ арасындағы тауар айналымы 4,2 млрд АҚШ долларын құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 4%-ға жоғары (4,1 млрд АҚШ доллары). 2024 жылы Қазақстанның АҚШ-қа экспорты 30,6%-ға өсіп, 2,0 млрд АҚШ…
Caspianlife, 3 сәуір. Бұл туралы «AtyrauOil&Gas» көрмесінің жетекшісі Гаухар Бекманова журналистермен әңгіме барысында айтты. Бұған дейін хабарланғандай, 2 сәуірде Атырауда жыл сайынғы Солтүстік Каспий өңірлік көрмесі «AtyrauOil&Gas» өз жұмысын бастады. Биыл көрме 22-рет өткізіліп отыр, оған 10 елден келген 97 компания қатысуда. Атап айтқанда, Австрия, Германия, Италия, Қазақстан, Қытай, Нидерланд, БАӘ, Пәкістан, Ресей және Сингапур. Мысалы, Италиядан 18 компанияның кең ауқымды ұлттық экспозициясы ұсынылған. Сонымен қатар, көрме мемлекеттік органдардың өкілдері, ірі компаниялар мен салалық сарапшылар бас қосатын басты іскерлік алаң ретінде қызмет етеді. Олар өзекті мәселелерді талқылап, жаңа серіктестер тауып, мұнай-газ және құрылыс саласындағы озық технологияларды таныстырады. Көрмеге қатысушылар мен…
CaspianLife, 3 сәуір. Қазақстан сирек жер элементтерінің қоры бойынша әлемдегі жетекші елдердің біріне айналуы мүмкін. 2022-2024 жылдары «Центргеолсемка» ЖШС мемлекеттік жер қойнауын геологиялық зерттеу бағдарламасы аясында Құйрықтыкөл учаскесінде іздеу жұмыстарын жүргізіп, сирек жер металдарының ірі қорлары бар бірнеше перспективалы аумақты анықтады. Жалпы есеппен бұл ресурстар шамамен 1 миллион тоннаны құрайды. ҚР Индустрия және құрылыс министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Құйрықтыкөл учаскесі Астанадан 300 км оңтүстік-шығыста, Қарағанды облысының Қарқаралы ауданында, Қарқаралы қаласынан 100 км солтүстік-шығыста орналасқан. Геологиялық тұрғыдан алғанда, Құйрықтыкөл учаскесіндегі кенді қамтитын жыныстар ежелгі сөнген жанартаулар мен олардың әрекетінен түзілген өнімдерден тұрады. Кейін бұл жыныстар магмалық процестердің әсерімен өзгеріске ұшыраған. Ең перспективалы…
Т А Л А П К Е Р – 2025 ХАБАРЛАМА Атырау облысының Полиция департаменті ҚР ІІМ ведомстволық жоғары оқу орындарына 2025-2026 оқу жылына талапкерлерді іріктеу жұмысы басталғанын хабарлайды. Оқуға жалпы орта, орта-техникалық немесе арнайы кәсіптік білімі бар, 16 жасқа толған, 25 жастан аспаған ішкі істер органдары қызметкерлеріне қойылатын талаптарға сай келетін, денсаулығы бойынша әскери қызметке және оқуға жарамды, сонымен қатар ҚР Қарулы күштері қатарында міндетті әскери міндетін өтеген жастарды шақырамыз. Қосымша анықтаманы Атырау облысы ПД Кадр саясаты басқармасының 98-26-12, 87781204525 телефонына хабарласып немесе №404 қызмет бөлмесіне келіп алуға болады. А Б И Т У Р И Е Н…
