CaspianLife, 1 сәуір. «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерваты ерекше қорғалатын табиғи аумақта (буферлік аймақта) әуесқой-спорттық балық аулау маусымының ашылғанын хабарлайды.
Резерваттың ресми парақшасында жарияланған хабарламаға сәйкес, әуесқой балық аулауға 2 сәуірден бастап «Балық жүретін» және «Приморский» каналдарында рұқсат етіледі. Спорттық-әуесқой балық аулау су айдындарында жеке тұлғаларға тек жеке басын куәландыратын құжаты мен жолдамасы болған жағдайда ғана рұқсат беріледі. Жолдама жеті күнтізбелік күнге дейінгі мерзімге беріледі, ал бір балықшыға тәулігіне 5 кг-нан аспайтын балық аулауға рұқсат етіледі. Балық аулау кезінде спорттық-әуесқой балық аулау қағидаларын қатаң сақтау және тыйым салынған аулау құралдарын қолданбау қажет.
Жолдама алу бойынша сұрақтар бойынша «Ақжайық» МТР кеңсесіне мына мекенжай бойынша хабарласуға болады:
3.Қабдолов көшесі, 25-ғимарат.
Жұмыс уақыты: 09:00-18:00 (түскі үзіліс: 13:00-14:00)
Анықтама телефоны: 8 (7122) 45-72-11 (105)