CaspianLife, 27 желтоқсан. Бразилиядан Ақтау қаласына Чикаго конвенциясының 13-қосымшасына сәйкес Embraer ұшағын өндіруші зауыттың тағайындалған өкілдері келді. ҚР Көлік министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, апатты тергеу жөніндегі комиссия авиациялық оқиға орнында алдағы жұмыстарды жоспарлады. Сондай-ақ, жақын күндері Бразилияның авиациялық оқиғаларды тергеу және алдын алу орталығы (CENIPA) өкілдерінің келуі күтілуде. Сурет: Азамат Сарсенбаев (Ақтау)
Автор: Сайт әкімшілігі
CaspianLife, 27 желтоқсан. Бұл мәселе «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Асхат Хасеновтың Атырауға жұмыс сапары барысында көтерілді. Ол Атырау мұнай өңдеу зауыты (АМӨЗ) мен «KPI» ЖШС-нің қызметіне арналған өндірістік кеңестер өткізді. «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының (ҚМГ) баспасөз қызметінің хабарлауынша, негізгі назар бұрын берілген тапсырмалардың орындалуына, кәсіпорындардың 2024 жылғы жұмыс қорытындыларына және болашақ жоспарларға аударылды. Кеңес барысында А. Хасенов зауыттың 2024 жылға арналған өндірістік бағдарламасын сәтті орындағанын және экологиялық жағдайды жақсартуға бағытталған бірқатар жобаларды іске асырғанын атап өтті. «Сонымен қатар, АМӨЗ-дің ескірген жабдықтарын жаңғырту мәселелері қаралды», — делінген ҚМГ баспасөз қызметінің хабарламасында. «Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.» (KPI) ЖШС-індегі кеңес зауыттың тұрақты жұмысын…
CaspianLife, 27 желтоқсан. Атырау қалалық полиция басқармасының хабарлауынша, бұл оқиға кеше түнде, сағат 22:45-те Авангард-Жилгородок көпірінде орын алған. «42 жастағы ер адам Subaru Forester маркалы автокөлігімен З. Ғұмаров көшесіндегі көпірде қарсы бағыттағы жолаққа шығып кетіп, 19 жастағы жүргізуші басқарған Toyota Camry автокөлігімен соқтығысқан. Соқтығысу салдарынан екі жүргізуші мен бір жолаушы түрлі дене жарақаттарымен облыстық ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта тиісті құжаттарды жинау жұмыстары жүргізілуде», — делінген хабарламада. (Әлеуметтік желілерден алынған видео)
CaspianLife, 27 желтоқсан. Өткен аптада Маңғыстау облысы прокуратурасының үйлестіруімен ҰҚК және Шекара қызметі департаменттері есірткі жеткізудің халықаралық арнасын тоқтатты. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (ҰҚК) баспасөз қызметінің хабарлауынша, есірткі сату кезінде үш Қазақстан азаматы ұсталып, сот санкциясымен қамауға алынды. Заңсыз айналымнан 600-ден астам метадон таблеткасы мен 300 грамм апиын тәркіленді. Бұған дейін, ағымдағы жылдың қараша айында, ҰҚК департаментінің және Маңғыстау облысы прокуратурасының үйлестіруімен оңтүстік аймақтардан жеткізілетін есірткі тасымалының ішкі арнасы жойылып, 300 килограмнан астам каннабис топтағы есірткі тәркіленген болатын. «Жоғарыда аталған фактілер бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабының 3-бөлігіне сәйкес қылмыс белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге…
CaspianLife, 26 желтоқсан. Сарыөзек каналындағы шабақ құтқару жұмысына 50 адам мен 12 техника жұмылдырылды. 25-желтоқсан күні Сарыөзек каналының Алмалы ауылының тұсында 9 мың данаға жуық балық шабағы құтқарылды. Ал бүгін таңертеңнен түске дейін құтқарылған шабақ саны 850 мыңға жетті. Бұл туралы облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары Артур Сәдібекұлы айтты, — деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі. Қазіргі уақытта өзек аумағында еріктілер, «Жайық-Каспий» облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының, «Қазсушар» мекемесінің мамандары мен әскерилер шабақтарды құтқарумен айналысуда. Құтқарылған тұқы тұқымдас балықтардың шабақтары Жайық өзеніне жіберілуде. Мамандардың айтуынша, бұл балық қорының көбеюіне әсер етеді. — Тасқыннан кейін Соколок, Сарыөзек…
Caspianlife, 26 желтоқсан. Қазіргі уақытта оқиға орнында ұшақтың конструкцияларын бөлшектеу жұмыстары жалғасуда. «Оқиға салдарын жоюға 306 адам, 101 бірлік техника, 2 әуе кемесі және 6 кинологиялық есептоп жұмылдырылды. Жұмыстарға Төтенше жағдайлар, Ішкі істер, Қорғаныс министрліктерінің, Ұлттық ұланның, мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтің, Апаттар медицинасы орталығының, жедел медициналық көмек бригадасының және жергілікті атқарушы органдардың, сондай-ақ Әзербайжан ТЖМ қызметкерлері тартылды»,-деп хабарлады ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі. ҚР ТЖМ Апаттар медицинасы орталығының бригадалары ұшақ апатқа ұшыраған жерде авариялық-құтқару жұмыстарын медициналық қамтамасыз етуді жалғастыруда. Апаттар медицинасы орталығының психологтары Ақтау қаласына келген туыстарына психологиялық көмек көрсетуде. Кеше авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу нәтижесінде Ақтау қаласының медициналық мекемелеріне 29…
CaspianLife, 26 желтоқсан. Кеше, 25 желтоқсан күні таңертең Azerbaijan Airlines әуе компаниясына тиесілі Embraer E190 ұшағы Ақтау қаласында апатқа ұшырады. Ұшақ Баку – Грозный бағытында рейс орындап келе жатқан. ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің (ТЖМ) мәліметінше, бортта Қазақстан, Ресей, Әзербайжан және Қырғызстан азаматтары болған, жалпы саны 69 адам, оның ішінде экипаждың бес мүшесі. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің ақпараты бойынша, 25 желтоқсан күні сағат 11:00-де Azerbaijan Airlines әуе компаниясының Баку – Грозный бағытындағы ұшағының апатты жағдайы туралы ақпарат түскеннен кейін Ақтау әуежайы маңына ТЖМ-ның күштері мен құралдары дереу жіберілді. Сағат 11:30-да ұшақтың әуежайдан үш шақырым қашықтықта апатқа ұшырағаны туралы хабар түсті.…
CaspianLife, 26 желтоқсан. Кеше Атырау қаласының №2 сотында қалалық әкімдікке қарасты бұрынғы лауазымды тұлғаларға қатысты қылмыстық іс қаралды. №2 соттың ресми сайтында жарияланған ақпаратқа сәйкес, қылмыстық қудалау органдары келесі айыптар тағылған: — Қала әкімі У.К.-ға ҚК 361-бабының 4-бөлігі 3-тармағы (қызметтік өкілеттіктерді теріс пайдалану), ҚК 369-бабының 3-бөлігі (қызметтік жалғандық); — Қалалық жер қатынастары бөлімінің басшысы К.Н.-ға, әкім аппараты бөлімінің басшысы И.Ж.-ға және сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы К.Е.-ге ҚК 361-бабының 4-бөлігі 3-тармағы (қызметтік өкілеттіктерді теріс пайдалану), ҚК 369-бабының 1-бөлігі (қызметтік жалғандық), ҚК 190-бабының 4-бөлігі 2-тармағы (алаяқтық). Сот талқылауының нәтижесінде қала әкімі У.К. рекреациялық аймақта орналасқан сегіз жер учаскесін беру туралы…
CaspianLife, 25 желтоқсан. Ақтау маңындағы жолаушылар ұшағы апатқа ұшыраған жерден облыстың медициналық мекемелеріне 29 зардап шегуші жеткізілді. Оның ішінде Маңғыстау облыстық ауруханасына 27 зардап шегуші жеткізілді, қабылдау бөлімі деңгейінде сұрыптау жүргізіледі. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады. Жеткізілген жағдайы ауыр 27 адамның 11-і реанимацияға жатқызылады. Облыстық балалар ауруханасына 11 және 16 жастағы 2 бала келіп түсті, операцияға дайындалуда. Жеткізілген 27 адамның жағдайы ауыр 10 адамы реанимацияға жатқызылады. Облыстық балалар ауруханаға 2 бала түсті.
Caspianlife, 25 желтоқсан. Үкімет қаулысымен Ақтау қаласы әуежайының маңында болған Az Airlines әуе компаниясының Embraer 190 ұшағының апатқа ұшырау себептерін тексеру бойынша Үкіметтік комиссия құрылды. Тиісті қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды. Бұл туралы ҚР Үкіметінің ресми Telegram-каналында хабарлады. Комиссия құрамына Премьер-министрдің орынбасары, Маңғыстау облысының әкімі, төтенше жағдайлар, көлік, сыртқы істер, ішкі істер, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау министрліктерінің басшылығы, Бас көлік прокуроры кірді. Комиссияға оқиға орнына дереу ұшып барып, ұшақтың апатқа ұшырау себептерін жан-жақты тексеруді қамтамасыз ету, қаза тапқандардың отбасыларына және зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсету шараларын қабылдау тапсырылды. Қазақстан Үкіметі Әзербайжан Үкіметімен болған оқиғаның себептерін жан-жақты…
