CaspianLife, 5 қаңтар. Атырау қаласы әкімінің орынбасары болып Мұқасов Мейіржан Жолдасұлы тағайындалды. Мұқасов Мейіржан 1994 жылы Атырау облысында туған. 2013 жылы «Атырау аграрлы-техникалық колледжін» бітіріп, техник мамандығын, 2016 жылы «Атырау мұнай және газ институтын» аяқтап, қызмет көрсету саласының бакалаврын, 2018 жылы «Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінен» құқықтану бакалавр мамандығын, 2022 жылы Мәскеу экономикалық институтын бітіріп, экономика мамандығын алған. Сонымен қатар, мемлекеттік аудитор сертификаты бар. Еңбек жолын 2013 жылы Атырау қалалық тұрғын үй- коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімінің маманы болып бастаған. 2015 жылдан мемлекеттік қызметте. 2015-2018 жылдары Атырау қалалық тұрғын үй- коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік…
Автор: Сайт әкімшілігі
CaspianLife, 5 желтоқсан. ҚР денсаулық сақтау министрлігі метапневмовирустың эпидемиологиялық жағдайы мен таралуына қатысты түсініктеме берді. Жіті респираторлық вирустық инфекцияларға жататын метапневмовирустың әлемде таралуы туралы БАҚ-тағы соңғы хабарларға байланысты ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мынаны хабарлайды. Адам метапневмовирусы — көптеген елдерде ондаған жылдар бойы таралған классикалық вирустардың бірі. Бұл вирустың штамдары Қазақстанда ЖРВИ және тұмау ауруларының маусымдық өсуі кезеңінде кеңістікте белсенді айналымда болатын инфекциялардың басқа түрлерімен қатар анықталды. Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің мәліметінше, эпидемиялық маусымның басында республика бойынша тұмауға жатпайтын вирустарға 8 360 үлгі зерттелген. Оның ішінде оң 1866 (22%), оның ішінде паратұмау – 178 (9,5%), РС вирусы – 433 (23,2%), метапневмовирус –…
Caspianlife, 5 қаңтар. Жаңа жылдан бастап жеке медициналық кітапшаларды беру, есепке алу және жүргізу электронды форматқа көшіріледі. Бұл механизмді енгізу азаматтарға құжатты бірнеше ұйымға бірден ұсынуға мүмкіндік береді, бұл олардың уақытын және қаражатын үнемдеуге көмектеседі. Қазақстан Республикасының Премьер-министрінің сайтында жарияланған хабарламада айтылғандай, қазіргі уақытта санитарлық кітапшалар шамамен 1,6 миллион қазақстандықта бар. Өзгерістер басқа медициналық құжаттарды беруге де қатысты. Азаматтардың ыңғайлылығы үшін қағаз түрінен электронды форматқа көшірілетін құжаттар қатарында: -Еңбекке жарамсыздық парағы; 075/у «Медициналық анықтама»; 026/у «ДКК қорытындысы»; 073/у «Көлік құралын басқаруға рұқсат беретін анықтама»; 069/у «Санаторий-курорттық карта»; 052-2/у «Баланың денсаулық паспорты»; 076/у «Қару алуға рұқсат алу»; 038/у «Уақытша еңбекке жарамсыздық…
CaspianLife, 5 қаңтар. Атырауда полиция тұрғындарға ескерту жасады. Былтыр мұз ойылып, 12 адам суға түсіп кеткен. Атырау облысының полиция департаменті су айдындарында қайғылы жағдайға жол бермеу мақсатында профилактикалық іс-шараларды күшейтті. «Былтыр полицейлер мұз ойылып суға түскен 12 адамды аман алып қалған. Осы жылы да құбылмалы ауа райында жазатайым оқиғалар орын алмауы үшін Жайық өзенінде патрульдеу жұмыстары үздіксіз жүргізіліп жатыр. Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлерімен бірлесіп, балық аулаушыларға қауіпті жерлерден балық аулауға тыйым салынатындығын және мұз үстінде жүрген қала тұрғындарына сақтық шаралары бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізіп жатыр», — делінген хабарламада. Сонымен қатар мұз үстімен жүруге тыйым салынады ескерту белгілері орнатылған қауіпті жерлерден…
CaspianLife, 5 қаңтар. 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап барлық мемлекеттік жәрдемақылар мен базалық зейнетақы төлемдерінің мөлшері 6,5%-ға артты, бұл Ұлттық банктің инфляция деңгейінің болжамымен сәйкес келеді, ал солидарлы зейнетақы 8,5%-ға артты, яғни инфляция деңгейінен 2%-ға жоғары. Бұл туралы бүгін ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Сонымен қатар, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2023 жылдан бастап бес жыл бойы жыл сайын минималды базалық зейнетақыны күнкөріс минимумының 70%-на дейін, максималды зейнетақыны 120%-ға дейін кезең-кезеңімен арттыру жоспарлануда. Осылайша, 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап минималды базалық зейнетақы мөлшері 65%-дан 70%-ға дейін артты, бұл 32 360 теңгені құрайды, ал максималды зейнетақы 105%-дан 110%-ға…
CaspianLife, 4 қаңтар. Жаңа жылдық мерекелерде Қазақстан бойынша пиротехникалық құралдарды қолдану салдарынан 63 адам, оның ішінде 20 бала зардап шекті. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, зардап шеккендердің 12-сі, оның ішінде 5 бала ауруханаға жатқызылған, ал 51 науқас, оның ішінде 15 бала амбулаториялық ем қабылдауда. Бұл туралы облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың, сондай-ақ елорда денсаулық сақтау басқармалары хабарлады. Аймақтар бойынша зардап шеккендер саны: Алматы қаласында – 19 адам, Жамбыл облысында – 11 адам, Қарағанды, Маңғыстау, Қостанай облыстарында және Шымкент қаласында – 6 адамнан, Ақтөбе облысында – 2 адам, Ақмола, Қызылорда, Атырау, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Алматы және…
Caspianlife, 3 қаңтар. Бүгін Akorda.kz сайтында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Ана тілі» газетіне берген сұхбаты жарияланды: «Мақсат – экономиканы және егемендікті нығайту». CaspianLife редакциясы осы сұхбаттан үзінділерді ұсынады. Толық мәтінді МЫНАДАН оқи аласыз. – Сіз бірнеше рет Тұңғыш Президенттің қызметін объективті бағалап, оның тарихи еңбегін мойындау қажеттігін айттыңыз. Бұл ұстаным қоғамда біртіндеп қолдау тауып келеді. Сіз Нұрсұлтан Әбішұлымен қаншалықты жиі сөйлесесіз? – Әрбір тарихи кезеңнің өз жарқын және күңгірт жақтары болады. Біздің жаңа тарихымызда оң өзгерістер әлдеқайда көп болды. Бұл – факт. Қысқа мерзім ішінде тұрақты мемлекеттілік құрылып, билік институттары қалыптасты, жаңа астана салынды, мемлекеттік шекара заңды түрде бекітілді, көптеген елдермен…
CaspianLife, 31 желтоқсан. Кейбір Telegram-арналарда Атырау мұнай өңдеу зауытының (АМӨЗ) баяу кокстеу қондырғысының (БКҚ) апаттық жағдайда екені туралы ақпарат таралуда. Бұл шындыққа жанаспайды. Бұл туралы бүгін Атырау мұнай өңдеу зауытының баспасөз қызметі мәлімдеме жасады. Мәлімдемеде атап өтілгендей, 2024 жылдың қараша айында жүргізілген күрделі жөндеуден кейін БКҚ қалыпты режимде жұмыс істеп тұр. Өндірістік қуаты тәулігіне 3 300 тонна шикізатты құрайды. Өнім сапасы аккредиттелген зертханамен расталған. Қондырғының барлық жұмыс параметрлері – температура, қысым және өнім сапасы – белгіленген нормалар аясында. Зауыт барлық экологиялық және өндірістік стандарттарды сақтайды. «Өкінішке орай, қоғамда АМӨЗ жұмысына нұқсан келтіруді көздейтін кейбір жеке тұлғалардың мүдделерімен байланысты болуы мүмкін…
CaspianLife, 31 желтоқсан. Қазақстан Ұлттық Банкі «Спорт» сериясынан «ҚАЗАҚСТАННЫҢ ФУТБОЛ КЛУБТАРЫ» және «ҚАЗАҚСТАННЫҢ ФУТБОЛ ФЕДЕРАЦИЯСЫ» коллекциялық монеталарын айналымға шығарады. Қазақстан Ұлттық Банкінің (ҚҰБ) баспасөз қызметі хабарлағандай, монеталардың сатылымға шығатын күні туралы ақпарат ҚҰБ-тың ресми сайтында қосымша жарияланады. ҚҰБ Қазақстан футбол федерациясымен бірлескен жоба аясында «ҚАЗАҚСТАННЫҢ ФУТБОЛ КЛУБТАРЫ» коллекциялық монеталарының он үш түрін айналымға шығарады. Монеталарда 2024 жылғы маусымдағы Қазақстан премьер-лигасы клубтарының логотиптері бейнеленген. Әр түрі 7 000 данамен шығарылатын монеталардың 5 000 данасы жеке блистерлерде, ал қалған 2 000 данасы «ҚАЗАҚСТАННЫҢ ФУТБОЛ КЛУБТАРЫ» сувенирлік блистерлік жинақ құрамында ұсынылады. Монеталар мельхиор қорытпасынан (МН 25) жасалған, салмағы 15 грамм, диаметрі 33 мм,…
CaspianLife, 31 желтоқсан. Үстірт мемлекеттік табиғи қорығының қызметкері А. Пулатов Қазақстанның шектеулі аймағында сирек кездесетін жыртқыш – итаю (Mellivora capensis) суретке түсіріп алды. Бұл туралы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз қызметі хабарлады. Хабарламада итаюдың Оңтүстік және Оңтүстік-Батыс Үстіртте мекендейтіні, терең шатқалдар, карсттық қуыстар, жыралар және алуан түрлі өсімдіктер өсетін аумақтарды, соның ішінде сексеуіл, бұтақ және қараған ормандарын таңдайтыны айтылған. Бұл түр негізінен кешкі және түнгі өмір салтын ұстанады, бірақ қыста күндіз де белсенді болуы мүмкін. Итаюлар жылына бір рет көбейеді, ал суық мезгілде қысқа уақытқа ұйқыға кетуі мүмкін. «Қорық қызметкерлерінің жұмысының арқасында итаю…
