CaspianLife, 8 қаңтар. Өткен жылдың күзінде Атырау облысы Индер ауданында Елтай ауылының тұрғыны өз көлігімен балық аулауға шығып, жоғалып кеткен болатын. Іздеу жұмыстары нәтиже бермеді. «Дендер» аудандық газетінің хабарлауынша, 7 қаңтар күні жергілікті малшы өзеннен көліктің төбесін байқап қалған. Бұл туралы ол дереу құтқару қызметтеріне хабарлаған. Кейін кранның көмегімен «Lada» маркалы автокөлік судан шығарылып, ішінен жоғалған ер адамның денесі табылды. Басқа мәліметтер әзірге хабарланған жоқ.
Автор: Сайт әкімшілігі
CaspianLife, 6 қаңтар. Қытайда анықталған метапневмовирус әлем жұртшылығын алаңдатып отыр. Қазіргі уақытта ауру халық арасында жылдам таралуда. Еліміздің денсаулық сақтау министрлігінің мәліметіне сүйенсек, Қазақстанда 30 адам метапневмовирус жұқтырған. Ал эпидемиялық маусым кезінде тұмауға жатпайтын вирустарды анықтау үшін 8360 үлгі зерттеліп, нәтижесінде 1866-сынан оң қорытынды шыққан. Оның ішінде 178 паратұмау, 433 РС вирусы, 680 риновирус, 113 бокавирус, 226 аденовирус, 206 коронавирус дерті тіркеліп отыр. Метапневмовирустың негізгі белгілері — жөтел, мұрыннан су ағу, ентігу, тырысу, бас ауруы. Бұл инфекция негізінен ауа тамшылары және тұрмыстық байланыс арқылы жұғады. Бүгінде дерттің нақты емі жоқ. Тек симтоматикалық емдеу қолданылады. Аурудың алдын алу шаралары: — адамдар…
CaspianLife, 6 қаңтар. ҚР Энергетика министрлігі ішкі нарық үшін сұйытылған мұнай газына қатысты шекті бағаны бекітті. Арнайы бұйрыққа сәйкес, 2025 жылдың 1 қаңтарынан 30 маусымына дейінгі аралықта сұйытылған мұнай газының көтерме саудадағы шекті бағасы тоннасына 45 158 теңге болып белгіленді. Бұл былтырғы екінші жартыжылдықтағы шекті бағамен сәйкес келіп тұр. Яғни, құны өзгеріссіз қалған. Жалпы, бұған дейін салалық ведомства өкілдері сұйытылған газдың бағасын көтеру қажеттігін айтқан еді. Оған мұнай газы өндірісінің тиімсіздігі, тұтынушылардың артуы және көрші мемлекеттермен салыстырғандағы төменгі баға себеп боларын баяндаған. Алайда шекті мөлшер былтырғы бағамен қалып отыр.
CaspianLife, 6 қаңтар. Су ресурстары және ирригация министрлігі су тасқыны кезеңіне дайындық жүргізуде. Бүгінде су қоймаларында қажетті сыйымдылық көлемін дайындау жүргізіліп жатыр. Ведомствоның мәліметі бойынша, Астана су қоймасындағы су көлемі 83%-ға дейін төмендетілді: 2024 жылдың 20 желтоқсанынан 2025 жылдың 3 қаңтарына дейін шамамен 5,1 млн м3 су жіберілді. 2025 жылдың 1 сәуіріне дейін қоймадағы су көлемін 300 млн м3 немесе 73%-ға дейін азайту жоспарланып отыр, деп хабарлайды Primeminister.kz. Ақтөбе су қоймасында шамамен 51 млн м3 су бар. 1 сәуірге дейін су көлемін 47,3 млн м3 деңгейіне азайту жоспарланып отыр. Ал Батыс Қазақстан облысы Бітік қоймасындағы су көлемі 34,4 млн м3…
CaspianLife, 6 қаңтар. WhatsApp – қазіргі кезде кеңінен қолданылатын қосымшалардың бірі. Сондықтан ол алаяқтар үшін де тиімді құралға айналды. Мессенджердегі есептік жазбаны бұзу үшін алаяқтар ұялы телефонға шпиондық бағдарлама орнатуға тырысады. Осы мақсатта пайдаланушыларға қоңырау шалып, тіпті күмәнді сілтемелер жіберуі мүмкін. Алаяқтар аккаунтыңызды қалай бұзуы мүмкін? Бір жолғы код арқылы бұзу: алаяқтар авторизациялау коды бар SMS жібереді. Әрі қарай таныс адамнан «өз шотыма кірген кезде кездейсоқ енгізіп алдым» деген желеумен осы кодты қайта жіберу туралы хабарлама келеді. Әдетте, алаяқтар Сізге алдымен өздері бұзып кірген танысыңыздың аккаунты арқылы жазады. Кездесуге шақыру: WhatsApp арқылы алаяқ сіздің танысыңыздың атынан кездесуге шақыру туралы хабарлама жібереді. Әрі…
CaspianLife, 6 қаңтар. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі 2024 жылға арналған қызметінің нәтижелерін жариялады. Бұл нәтижелер мемлекеттік шекараны қорғау және сақтау бойынша уәкілетті органдармен өзара әрекеттесу аясында жүргізілген жұмыстарды қамтиды. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, өткен жылы шекаралық аумақта Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзған 55 мыңнан астам құқық бұзушы жауапкершілікке тартылды, оның ішінде: шекараны бұзғаны үшін – 324 шетелдік азамат; шекараны бұзу әрекеті үшін – 383 шетелдік азамат. Мемлекеттік шекара арқылы заңсыз тасымалдаудың 15 041 фактісі алдын алынды, оның ішінде: есірткі құралдары – 451 факт (2 тонна 300 кг-нан астам); қару-жарақ, оқ-дәрілер – 886 факт; діни әдебиеттер –…
CaspianLife, 6 қаңтар. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті (ТРМК СИМ) 2024 жылы бекіткен ҚР СТ 3988-2024 «Қоғамдық тамақтану қызметтері. Тұтынушылардың тапсырысы бойынша қоғамдық тамақтану өнімдерін жеткізу. Жалпы талаптар» стандарты 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енді. Аталған стандарт Сауда комитетінің бастамасымен Қазақстанның стандарттау және метрология институты тарапынан әзірленді. «Бұл стандартты енгізу қоғамдық тамақтану өнімдерін жеткізу нарығындағы талаптардың айқындылығын және біріздендірілуін қамтамасыз етеді, тұтынушылардың көрсетілетін қызметтерге деген сенім деңгейін арттырады және Қазақстан Республикасындағы азық-түлік қауіпсіздігі жүйесін нығайтуға ықпал етеді», – деп атап өтті Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрайымы Жанна Есенбекова. Мысалы, стандартқа сәйкес курьерлерде…
CaspianLife, 6 қаңтар. 2025 жылдың 06 қаңтарында күтілетін ауа райының қауіпті метеорологиялық құбылыстары туралы «Қазгидромет» РМК мәліметтері бойынша дауылды ескертулері туралы. 06 қаңтарда Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ күтіледі. Орал қаласы: Көктайғақ болады. Атырау облысы: Солтүстігінде және шығысында тұман байқалады. Күндіз шығыс бөлігінде көктайғақ күтіледі. Маңғыстау облысы: Таңертең және күндіз көктайғақ болады. Облыстың солтүстігі мен орталығында тұман күтіледі. Ақтау қаласы: Күндіз көктайғақ болады. Ақтөбе облысы: Түнде солтүстігі мен шығысында жаяу-бұрқасын күтіледі. Күндіз оңтүстігі, шығысы және орталығында көктайғақ пен жаяу-бұрқасын болады. Облыстың батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде тұман күтіледі. Ауа райы жағдайларына байланысты сақтық шараларын ұстаныңыз.
Caspianlife, 6 қаңтар. Қазақстан мен Марокко өзара визасыз режим енгізеді. Үкіметтің тиісті қаулы жобасы «Ашық НҚА» порталында жарияланды. Визасыз режим енгізу туралы келісіміне Қазақстан мен Марокко үкіметтері арасында 2024 жылдың қыркүйегінде қол қойылған болатын. Енді бұл құжатты рәсімдеу жұмыстарымен Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі айналысып жатыр. «Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Марокко Корольдігі Үкіметі арасындағы ұлттық/жалпыазаматтық паспорттардың иелерін визалық талаптардан босату туралы келісімді бекіту жөніндегі Үкімет қаулысының жобасын әзірлеу жұмыстарын бастады», – делінген министрлік хабарламасында. Екі ел арасында визасыз режим енгізу туралы шешім достық қарым-қатынастарды нығайту мақсатында қабылданған. Сондай-ақ, бұл Қазақстан азаматтары мен Марокко Корольдігінің жарамды ұлттық жалпыазаматтық…
CaspianLife, 5 қаңтар. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Ақтауда әуе апаты кезінде көмек қолын созған азаматтар мемлекеттік наградаларға ие болды. Бүгін, 5 қаңтар күні Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай Президент тапсырмасына сәйкес, Ақтауда әзірбайжандықAzerbaijan Airlines ұшағы апатқа ұшырағанкезде батылдық, кәсібилік пен жауапкершілік танытқан бір топ азаматтарды мемлекеттікнаградалармен марапаттап, Президенттің Алғыс хатын табыстады. Салтанатты шара барысында Бауыржан Момышұлы атындағы II дәрежелі «Айбын» орденімен «ҚР Ішкі істер министрлігі Маңғыстау облысының полиция департаменті» ММ маманы-криминалисі Айбек Әлібаев марапатталды. Рахымжан Қошқарбаев атындағы III дәрежелі «Айбын» орденімен Маңғыстау облысы төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 12 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушісі-құтқарушысы…
