CaspianLife, 25 желтоқсан. Ақтауда апатқа ұшыраған ұшақ бортында болған адамдардың тізімі жарияланды. Әзірбайжан тарапының алдын ала ақпараты бойынша бортта 62 жолаушы мен 5 экипаж мүшесі болған. Алдын ала ақпаратқа сәйкес бортта 37 Әзірбайжан, 6 Қазақстан, 3 Қырғызстан, 16 РФ азаматы болған, — деп хабарлады Көлік министрлігі. Айта кетейік, сағат 11:10 Ақтау қаласының маңында «Баку-Грозный» бағытындағы ұшақ апатқа ұшырады.Бұл ұшақ Azerbaijan Airlines авиакомпаниясына тиесілі екені белгілі болды. Баку-Грозный бағыты бойынша келе жатқан «Эмбрайр190» AHY8243 ұшағы Ақтау маңында құспен соқтығысып, артынша рульдік басқарудың бұзылуына байланысты апатты жағдайды жариялады. Baza телеграм-арнасы ұшақта болған адамдардың тізімін жариялады.
Автор: Сайт әкімшілігі
CaspianLife, 25 желтоқсан. 11:10-да «Қазаэронавигация» РМК-дан келесі ақпарат түсті: «Эмбраэр 190» AHY8243 ұшағы «Баку-Грозный» бағыты бойынша ұшып бара жатып, құстармен соқтығысуына байланысты шұғыл жағдай жариялаған және басқару жүйесінің істен шығуына байланысты Ақтау қаласына қонуға мәжбүр болған. Қону уақыты шамамен 11:25-ке жоспарланған. Оқиға орнына дереу ТЖД қызметкерлері (11 адам және 3 техника) аттанды. Кейін ұшақ Ақтау халықаралық әуежайынан 3 км жерде апатқа ұшыраған. Қолда бар мәліметтерге сәйкес, ұшақ бортында 105 жолаушы мен экипаж мүшелері болған. Қазіргі уақытта оқиға орнына 52 қызметкер және ТЖД МО-ның 11 техникасы келіп, жұмыс істеп жатыр. Оқиға орнына жеткенде әуе кемесінің жанғаны анықталды. Құтқару бөлімшелері өртті сөндіру…
CaspianLife, 25 желтоқсан. Жайық-Каспий бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының (балық қорғау) қызметкерлері заңсыз балық аулау құралдарын анықтап, тәркіледі. Бұл туралы инспекцияның ресми өкілі Олег Тушканов хабарлады. Оның айтуынша, 24 желтоқсан, жексенбі күні, Жайық өзенінің төменгі бөлігінде Дамбы, Теңіз, Атырау және Махамбет балық инспекцияларының қызметкерлері Жайық-Каспий бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының (балық қорғау) қызметкерлері заңсыз балық аулау құралдарын анықтап, тәркіледі. Бұл туралы инспекцияның ресми өкілі Олег Тушканов хабарлады. Оның айтуынша, 24 желтоқсан, жексенбі күні, Жайық өзенінің төменгі бөлігінде Дамбы, Теңіз, Атырау және Махамбет балық инспекцияларының қызметкерлері браконьерлікті тоқтату мақсатында рейдтік іс-шара өткізді. «Рейд барысында инспекторлар 103 дана браконьерлік торды тәркіледі. Көбінесе мұндай торлар…
CaspianLife, 24 желтоқсан. Telegram-арнасының «112 KZ» мәліметінше, 2019 жылы туған кішкентай бала басын орындықтың арқалығына қыстырып алған. «Ата-анасы баланың басын шығара алмай, құтқару қызметіне 112 нөмірі арқылы хабарласқан. Құтқарушылар шұғыл түрде оқиға орнына барып, «Holmatro» құралының көмегімен баланың басын аман-есен босатты», – делінген хабарламада. (Сурет: «112 KZ» Telegram арнасы)
CaspianLife, 24 желтоқсан. Облыс әкімі тапсырмасымен кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы лауазымына бұған дейін Атырау облысы әкімінің аппараты басшысының орынбасары қызметін атқарған Данияр Орынбасаров тағайындалды. Облыс әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, Данияр Орынбасаров 1987 жылы Атырау облысында дүниеге келген. С. Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетін «Мұнай-газ ісі» мамандығы бойынша және Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған. Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында мемлекеттік және жергілікті басқару бойынша магистр дәрежесін алған. Еңбек жолы: 2008 жылы «Нұрлы Жол» ЖШС инженері; 08.2009 — 06.2011 жылдар аралығында «Bateman Kazakhstan Oil&gas Company B. V»компаниясы Атырау филиалының супервайзері; 03.2012 — 10.2017…
Caspianlife, 23 желтоқсан. Облыс әкімінің өкімімен Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы болып бұған дейін Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы қызметін атқарған Полымбет Хасанов тағайындалды. Облыс әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, Полымбет Хасанов 1980 жылы Индер ауданында дүниеге келген. Қазіргі заманғы гуманитарлық университетін «құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған. Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің экономика және бизнес-талдау магистрі дәрежесіне ие. Еңбек жолы: 2002-2005 жылдар аралығында облыстық Ішкі істер департаменті жүйесінде жұмыс істеген. 2005-2006 жылдар аралығында Кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаментінде бас маман; 2006-2010 жылдар аралығында облыс әкімі аппаратында бас маман, облыс әкімінің бас инспекторы; 2010-2014 жылдар аралығында Мақат ауданы әкімдігінде аудан әкімі…
CaspianLife, 23 желтоқсан. 2024 жылдың қорытындысы бойынша Маңғыстау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы тұрақты болып, негізгі макрокөрсеткіштер оң нәтижелер көрсетті. Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, өңірді дамытудың негізгі бағыттары өңдеу өнеркәсібі, туризм, көлік және логистика, шағын және орта бизнес, сондай-ақ агроөнеркәсіптік кешен болып табылады. Осы салалардың тұрақты дамуына жаңа серпін беру мақсатында аймаққа инвестиция тарту жұмыстары жүргізілуде. Соңғы бес жылда өңірге 4 трлн теңге инвестиция тартылған. 2024-2026 жылдары Маңғыстау облысында экономика салалары бойынша жалпы инвестициялық құны 666 млрд теңге болатын 42 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланған. Биылғы жылдың 11 айында 36 млрд теңге сомасына 14 жоба іске қосылып, нәтижесінде 435 тұрақты…
CaspianLife, 23 желтоқсан. Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің (БҚДА) Алматы қаласы бойынша департаменті «Toyota Tsusho Kazakhstan Auto» ЖШС-не қатысты Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 174-бабында (Басым немесе монополиялық жағдайды теріс пайдалану) көзделген бұзушылықтар белгілері бойынша тергеу жүргізді. БҚДА баспасөз қызметінің хабарлауынша, тергеу барысында 2020-2021 жылдары «Toyota Tsusho Kazakhstan Auto» ЖШС жаңа автокөліктерді сату кезінде қосымша жабдық орнату арқылы 82%-дан астам көлік құралдарын сатқаны анықталған. Бұл жабдықтардың құны 3 млн теңгеге дейін жеткен, ал кейбір санаттарда бағаның үстемесі 200%-дан асқан. Осылайша, жаңа автокөліктерді сату кезінде қосымша жабдықты мәжбүрлі түрде ұсыну арқылы адал емес тәжірибе қолданылғаны анықталды. «Тергеу нәтижелері компания тарапынан…
CaspianLife, 23 желтоқсан. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) тергеген екі қазақстандық азаматқа қатысты қылмыстық істер бойынша сот процестері аяқталды. ҰҚК баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл азаматтар 2020-2022 жылдары Сириядағы террористік ұйымдардың құрамында болған. Шетелдік серіктестермен бірлескен операциялардың нәтижесінде олар шетелде анықталып, Қазақстанға жеткізіліп, қамауға алынды. Олардың бірі, Түркістан облысының тұрғыны, террористік топтың қызметіне қатысқаны үшін (ҚК 257-бабы) кінәлі деп танылды. «Екіншісі, Атырау қаласының тұрғыны, дәл осындай қылмыс жасағаны, сондай-ақ шетелде террористік дайындықтан өткені үшін (ҚК 260-бабы) сотталды», – делінген ҰҚК баспасөз қызметінің хабарламасында. Сондай-ақ, екі айыпталушыға әртүрлі мерзімге жаза тағайындалғаны және үкімдердің заңды күшіне енгені нақтыланды. (Көрнекі сурет CaspianLife редакциясының…
CaspianLife, 22 желтоқсан. Облыстық балалар ауруханасының травматология бөліміне бес жасар ұл баланың ата-анасы көмек сұрап жүгінген. Бала саусағын темір шайбаға тығып алып, оны шығара алмаған. Дәрігерлер құтқарушылардың көмегіне жүгінген. 112 Telegram-арнасының хабарлауынша, ТЖМ қызметкерлері авариялық-құтқару құралдарының көмегімен шайбаны мұқият кесіп алып тастаған. Баланың саусағын босату үшін бірнеше минут қана қажет болған. Құтқару операциясы сәтті аяқталды, бала тек шошып қалған, медициналық көмек қажет болмаған. «ТЖМ ата-аналарды мұқият болуға, балаларды қараусыз қалдырмауға шақырады. Күтпеген жағдайлар болған жағдайда, құтқару қызметінің бірыңғай 112 нөміріне қоңырау шалыңыз», – делінген хабарламада.
