Caspianlife, 20 желтоқсан. Бұл оқиға кеше Индер ауданы Елтай ауылдық округінің Қоскөл қыстағында орын алды. «Дендер» аудандық газетінің жазуынша, «Бекзат» шаруа қожалығының жұмысшысы Болат Сариев таңертең малға арналған шөп сақталған шаруашылық құрылымдарына шыққан кезде, оған сұр жыртқыш шабуыл жасаған. Болат қорықпай, қасқырмен алыса бастаған. Шуды естіп, үйден оның ағасы Аманжол жүгіріп шыққан. Екеуі бірге қасқырды өлтірген. Жергілікті ветеринарлар талаптарға сәйкес, жыртқыштың басын зерттеуге жіберіп, ал денесін өртеп, көміп тастаған. Бұл туралы «Дендер» газеті хабарлады. (Сурет «Дендер» газетінің редакциясына Болат Сариевтің өзі ұсынған)
Автор: Сайт әкімшілігі
CaspianLife, 20 желтоқсан. Астраханьда Каспий теңізінің су биологиялық ресурстарын сақтау, ұтымды пайдалану және олардың ортақ қорларын басқару жөніндегі Комиссияның 8-ші сессиясы өтті. Ресейдің Балық шаруашылығы федералды агенттігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, отырысқа Каспий маңы елдерінің өкілдері: Ресей, Әзербайжан, Иран, Қазақстан және Түрікменстан қатысты. Тараптар 2023 жылғы балық шаруашылығы қызметінің нәтижелері бойынша Комиссияға есептер ұсынды. Каспий теңізінің су биологиялық ресурстарын сақтау, ұтымды пайдалану және олардың ортақ қорларын басқару жөніндегі комиссияның отырысында бірлескен ғылыми зерттеулер мен бекіре тұқымдас балықтарды жасанды жолмен көбейту барысында олардың шабақтарын жіберу мәселелері талқыланды. Сондай-ақ, бекіре тұқымдас балықтарға арналған бірлескен зерттеу жұмыстарын өткізу туралы және 2025 жылға Каспий теңізіндегі…
CaspianLife, 20 желтоқсан. Жақында Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов мемлекеттік және қоғамдық қызметте еңбегімен ерекшеленген, елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға елеулі үлес қосқан азаматтарды қабылдады. Облыс әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, оларға 2024 жылғы 16 қазандағы №675 және 13 желтоқсандағы №733 «Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен марапаттау туралы» бұйрықтарына сәйкес марапаттар табысталды.⠀ РМҚК «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының директоры Әбілсейіт Мұқтар «Құрмет» орденімен, ал «Атырау-Жарық» АҚ қалалық электр желілері диспетчерлік қызметінің диспетчері Серік Рыспаев «Еңбек даңқы» ІІІ дәрежелі орденімен марапатталды. «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды: — «Казкомсервис» ЖШС директоры Бақытжан Күлтекенов, — «ТехИнжСтрой» ЖШС директоры Асқар Мұхамбеталиев,…
Caspianlife, 20 желтоқсан. Бұл жан түршігерлік оқиға 5 маусым күні «Дина» базарында болған. 39 жастағы М.А. өзінің көлігін байқаусызда сызғаны үшін 56 жастағы А.С-ты қатыгездікпен ұрып-соққан. Бұл оқиғаны егжей-тегжейлі баяндаудың қажеті жоқ — бақылау камераларындағы соққының видеосы әлеуметтік желілерде кеңінен таралып, қоғамдық резонанс тудырды. Тек еске сала кетсек, жәбірленуші ауруханаға жеткізіліп, бірнеше күннен кейін алған жарақаттарынан қайтыс болды. Кеше, 19 желтоқсанда, Атырау қаласының №2 сотында жәбірленушінің өліміне әкеп соққан қасақана ауыр дене жарақатын салу фактісі бойынша қылмыстық іс қаралды (ҚР ҚК 106-бабының 3-бөлігі). Атырау облыстық сотының баспасөз қызметінің хабарлауынша, прокурор айыпталушыға 8 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды және азаматтық…
Caspianlife, 20 желтоқсан. Каспий теңізінің су биологиялық ресурстарын сақтау және ұтымды пайдалану туралы келісім аясында Астрахань қаласында су биологиялық ресурстарын сақтау, ұтымды пайдалану және олардың ортақ қорларын басқару жөніндегі Үкіметаралық комиссияның жұмысы басталды. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Балық шаруашылығы комитетінің (ҚР АШМ БШК) хабарлауынша, 2024 жылы Үкіметаралық комиссияның отырысына Ресей Федерациясы төрағалық етеді. Отырысқа Каспий маңының бес елінің ғылыми ұйымдары мен құқық қорғау органдарының өкілдері қатысуда. Қазақстан делегациясын ҚР АШМ Балық шаруашылығы комитеті төрағасының міндетін атқарушы Аян Бахиянов басқарады. Отырыс барысында тараптардың балық ресурстарын аулау квотасын пайдалану, Каспий теңізінің су биологиялық ресурстарын қалпына келтіру және қорғау, сондай-ақ теңіздегі ғылыми…
CaspianLife, 20 желтоқсан. Батыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты аса ірі көлемде пара алғаны үшін Грузиядан экстрадицияланған БҚО бойынша Мемлекеттік кірістер органдарының бұрынғы қызметкеріне үкім шығарды. ҚР Бас көлік прокуратурасының хабарлауынша, «… сот процесі барысында көлік прокуратурасының мемлекеттік айыптаушысы сотталушының мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті тұлға бола отырып, 2021 жылдың желтоқсанынан 2022 жылдың қыркүйегіне дейін Қазақстан-Ресей шекарасындағы автомобиль өткізу пункті арқылы көліктердің кедергісіз өтуі үшін 75 720 000 теңге көлемінде пара алғанын дәлелдеді». Сотталған адам 10 жылға бас бостандығынан айырылып, мемлекеттік және қаржылық ұйымдарда жұмыс істеу құқығынан айырылды. Сонымен қатар, сот мүлікті тәркілеу шарасын қолданып, сотталушыдан пара сомасын…
CaspianLife, 19 желтоқсан. Euronews телеарнасының аймақтық кеңсесінің салтанатты ашылу рәсімі кеше Астанада өтті. Кеңсе ашылуында ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева сөз сөйлеп, Euronews қызметінің басталуы Қазақстанның ақпараттық саласы үшін маңызды оқиға екенін атап өтті. Ол бұл тек географиялық қатысуды кеңейту ғана емес, сондай-ақ Қазақстанның бай мәдени мұрасын және қазіргі заманғы дамуын бүкіл әлемге көрсетуге үлкен мүмкіндік екенін ерекше атап өтті. «Мемлекет басшысы қазақстандық мәдениетті, туристік және инвестициялық әлеуетті халықаралық деңгейде таныстыруды тапсырған болатын. Менің ойымша, бұл кеңсенің ашылуы осы жұмыстарға жаңа серпін беретіні сөзсіз. Бұл кеңсе мәдениеттер арасындағы диалог алаңына айналып, жаңа идеялар мен креативті шешімдерді ілгерілетуге үлес…
CaspianLife, 19 желтоқсан. Пекиндегі кездесуде «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Асхат Хасенов пен China National Offshore Oil Corporation International Limited (CNOOC) директорлар кеңесінің төрағасы Ван Дунцзинь бас қосты. «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының баспасөз қызметінің мәліметінше, келіссөздер барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықтың негізгі аспектілерін, соның ішінде «Жылыой» жобасын бірлесіп іске асыру мәселелерін талқылады. «2024 жылдың қазан айында ҚМГ мен CNOOC жаңа «Жылыой» жер қойнауын пайдалану жобасы бойынша серіктестіктің негізгі шарттарын анықтайтын келісімге қол қойған болатын. ҚМГ-нің алдын ала бағалауына сәйкес, учаскенің геологиялық ресурстық әлеуеті 185 млн тоннадан астам мұнайды құрауы мүмкін», – делінген «ҚазМұнайГаз» баспасөз қызметінің хабарламасында. Сонымен қатар, тараптар басқа да геологиялық…
CaspianLife, 19 желтоқсан. Астрахань қаласындағы Қазақстан Республикасының Бас консулы қызметіне Қанат Әбдікәрімұлы Хасенов тағайындалды. Бұл туралы Астрахань облысының губернаторы Игорь Бабушкин өз Telegram-каналында хабарлады. Ол Қазақстанның Астрахань облысының негізгі шетелдік серіктестерінің бірі екенін атап өтті. «Біз әртүрлі бағыттар бойынша тығыз байланыстар орнаттық. Бұл – сауда және өнеркәсіп, көлік және логистика, мәдениет пен туризм, медицина мен білім беру салалары. Біз өңіраралық ынтымақтастыққа ерекше көңіл бөлеміз. Атырау, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстарындағы көршілерімізбен тығыз байланыстар қалыптасты. Алдағы жоспарымызда – Шығыс Қазақстан облысымен ынтымақтастық орнату бар. Жақында ғана Уфада өткен Ресей мен Қазақстан арасындағы өңіраралық форум аясында осы өңірлердің басшыларымен кездесулер өткіздім. Өзара…
CaspianLife, 18 желтоқсан. Атырау облысының әкімі Серік Шәпкеновтің өкімімен ҚР Президенті Әкімшілігі және аудандық мәслихаттың келісімімен Индер ауданының әкімі лауазымына Серік Бағытжанұлы Нысанбаев тағайындалды. Ол осы уақытқа дейін Атырау қаласы әкімінің орынбасары қызметінде болды,-деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі. Серік Нысанбаев 1980 жылы Атырау облысында дүниеге келген. Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің «құқықтану» мамандығын тәмәмдаған. Еңбек өтілі: 2003-2008 жылдар аралығында Атырау қаласы әкімінің аппараты мемлекеттік-құқықтық және әскери жұмылдыру жұмыс бөлімінің бас маманы; 2008-2017 жылдар аралығында Атырау қалалық әкімі аппараты мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімінің басшысы; 2017-2022 жылдар аралығында Атырау қаласы әкімі аппаратының басшысы; 2022 жылдан тағайындалғанға дейін Атырау қаласы әкімінің орынбасары лауазымында…
