Caspianlife, 16 желтоқсан. Облыс әкімдігінің тапсырмасына сәйкес, Құрманғазы ауданы мен Атырау қаласы арасында күн сайын 53 орындық үш автобус қатынайтын болады. Өңірлік коммуникациялар қызметінің (ӨКҚ) мәліметінше, жол ақысы – жолаушы үшін 2 мың теңге. Балалар мен мүмкіндігі шектеулі азаматтарға 50% жеңілдік қарастырылған. — Атырау қаласының автобекетінен автобустар сағат 07:00, 12:00 және 19:00-де, ал Құрманғазыдағы «Қазақтелеком» кеңсесі ғимаратынан сағат 06:00, 11:00 және 17:00-де шығатын болады. Маршрутқа жауапты кәсіпорын – «Akzhayik Avtopark» ЖШС, – деп мәлімдеді Атырау облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бөлім басшысы Нұрбол Жампейісов. ӨКҚ хабарламасында Атыраудан Құрманғазы аудан орталығына автобус бағыты 16 желтоқсаннан бастап жұмыс істейтіні, ал…
Автор: Сайт әкімшілігі
CaspianLife, 16 желтоқсан. Бұл туралы бүгін өңір басшысы Серік Шәпкеновтың төрағалығымен өткен құқық бұзушылықтың алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында мәлімделді. Облыс әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік жоба аясындағы жұмыстар туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департамент басшысы Ерұлан Серікқалиев баяндады. Оның айтуынша, жобаға 88 волонтер қатысуда. Олар мемлекеттік сатып алу саласында мониторинг жүргізіп, нәтижесінде 400 млн теңге үнемделген. Бұдан бөлек, басқа да тексерістер өткізіліп, заң бұзушылықтар анықталған. – Жыл басынан бері 32 әлеуметтік нысанға мониторинг жүргізіліп, 900 млн теңге бюджет қаражатын тиімсіз жұмсауға жол берілмеді, – деді Е. Серікқалиев. Өз кезегінде…
Caspianlife, 16 желтоқсан. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев отандастарын мемлекеттік мерекемен құттықтады. Құттықтау мәтіні Ақорда сайтында жарияланды. «Құрметті отандастар! Тәуелсіздік күні құтты болсын! Сіздерді Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын! Бұл – халқымыздың азаттық туралы арманы ақиқатқа айналып, елдік дәстүрлеріміз жаңғырған күн. Осы мерейлі мерекеде бәріміз бабалар аманатына әрдайым адал болудың және ұлт болашағына зор жауапкершілікпен қараудың мән-маңызын терең түсінеміз. Себебі тәу етер Тәуелсіздігіміз – баршаға ортақ құндылық әрі барлық игілігіміздің бастауында тұрған баға жетпес байлық. Тәуелсіздігімізден биік еш нәрсе жоқ. Оны көздің қарашығындай қорғау – әр азаматтың перзенттік парызы. Бүгінде Қазақстан халықаралық деңгейдегі абырой-беделі жоғары, стратегиялық бағдары айқын мемлекет ретінде болашаққа нық…
Caspianlife, 16 желтоқсан. Кеше Маңғыстау облысында республикалық маңызы бар «Жаңаөзен – Түрікменстан» тас жолының учаскесінде ауа райының нашарлауына және қалың қар жаууына байланысты жүк көліктері қар құрсауында қалып қойды. Төтенше жағдайлар министрлігінің (ҚР ТЖМ) 112 Telegram-арнасында хабарланғандай, «… жүк көліктерінің бірі тіпті жол жиегінен шығып кеткен». Оқиға орнына дереу аймақтық құтқару бөлімшелерінің қызметкерлері көмекке аттанды. Құтқарушылар жолды қардан тазалап, көліктерді сүйреп шығарып, қозғалысты қалпына келтіруге көмектесті. Жұмыстар «ҚазАвтоЖол» қызметкерлерімен бірлесе атқарылды. Сонымен қатар, ТЖМ қыс мезгілінде қауіпсіздік ережелерін сақтаудың маңыздылығын ескертеді: дауылды ескертулерге назар аударып, ауа райы нашарлаған жағдайда үйде қалған жөн. Төтенше жағдай туындаған жағдайда тәулік бойы жұмыс істейтін…
Caspianlife, 14 желтоқсан. Қазақстан Ұлттық Банкі (ҚҰБ) өзінің фирмалық бланкісін пайдалана отырып, азаматтарға жалған құжаттар жіберу арқылы алаяқтық схемалардың жиілеп кеткені туралы хабарлайды. Ұлттық Банктің сайтында жарияланған мәлімдемеде көрсетілгендей, алаяқтар Ұлттық Банк атынан жалған хаттар жолдап, онда алушыларға олардың алаяқтық әрекеттердің құрбаны болғаны туралы хабарлайды. Сонымен қатар, алаяқтар ақшалай аударымдарды «қауіпсіз қайтару» және «клиринг процедурасынан өтуге байланысты қаржылық міндеттемелерді төлеу» үшін қаражат аудару қажеттігін талап етеді. «Ұлттық Банк жеке тұлғалардың шоттарын жүргізбейтінін, ақша қаражатын сақтандырумен айналыспайтынын және халықпен ақшалай есеп айырысу операцияларын жүргізбейтінін еске саламыз. Бұл хабарламалар интернет-алаяқтар арқылы WhatsApp мобильді қосымшасы, электрондық хаттар және әлеуметтік желілер арқылы таратылуда», –…
Caspianlife, 13 желтоқсан. Кеше бейнеконференция форматында Қазақстан мен Ресей үкіметтері арасындағы келісімге сәйкес құрылған трансшекаралық Жайық (Орал) өзені бассейнінің экожүйесін сақтау жөніндегі Қазақстан-Ресей Комиссиясының төртінші отырысы өтті. Қазақстан тарапына Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Ж.Ш. Әлиев жетекшілік етті. Ресей тарапын Ресей Федерациясының Табиғи ресурстар және экология министрінің орынбасары С.М. Аноприенко басқарды. Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, отырысқа екі тараптың орталық мемлекеттік, жергілікті атқарушы және өкілді органдарының, сондай-ақ қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты. Тараптар 2021-2024 жылдарға арналған трансшекаралық Жайық (Орал) өзені бассейнінің экожүйесін сақтау және қалпына келтіру бойынша Қазақстан-Ресей ынтымақтастық бағдарламасының орындалуы туралы ақпаратты тыңдап, қабылдады. Қазақстан…
CaspianLife, 13 желтоқсан. Бұл туралы вице-премьер Қанат Бозымбаев Жылыой және Махамбет аудандарына, Құлсары мен Атырау қалаларына жасаған жұмыс сапары барысында айтты. Ол елді мекендерді тасқын судан қорғау жұмыстарын тексерді. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Жылыой ауданында Қамыскөл көлінің жағалауы бекітілуде. Жем өзенінің 23 км арнасы және Құрсай каналының 35 км тереңдетілді. Нысандарда 100-ден астам техника жұмыс істеуде. Құлсары қаласында Қанат Бозымбаев тұрғындармен кездесіп, тасқыннан зардап шеккендерге салынған тұрғын үйлердің сапасын тексерді. Махамбет ауданында – Жайық өзені бойындағы жағалауды нығайту жұмыстары тексерілді. Махамбет ауылында ұзындығы 4,5 км болатын жағалау бекітілуде. Махамбет пен Сарытоғай ауылдары арасындағы көпір құрылысы аяқталды. Ішкі ауылдық…
CaspianLife, 13 желтоқсан. Атырау қаласының тұрғыны, спорт шебері, 2021 жылы Лиссабон қаласында (Португалия) өткен дзюдодан жарыстарда, 2023 жылы Астана қаласында өткен Азия және Мұхит елдері чемпионатында, Орал қаласында өткен самбодан ардагерлер арасындағы әлем чемпионатында және Абу-Даби қаласында (БАӘ) өткен дзюдодан әлем чемпионатында жүлделі орындар алғаны үшін ынталандыру төлемдерін төлеу туралы Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігіне өтініш жасаған. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының баспасөз қызметінің хабарлауынша, министрлік спорт ардагерлеріне төлем қарастырылмаған деген сілтеме жасап, өтінішті қанағаттандырмаудан бас тартқан. Министрліктің бұл шешімі спортшы тарапынан сотқа шағымданған. Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сот (МАӘС) бұл істі қарастыра отырып, келесілерге назар аударды: Ережеге сәйкес, әрбір чемпион…
CaspianLife, 13 желтоқсан. Кеше Маңғыстау облысының әкімі Нұрдаулет Қилыбай Ақтау қаласының тұрғындарымен кездесуден кейін түнгі 03:00-ге дейін азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Облыс әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, жеке қабылдау мүмкіндігі шектеулі жандардың өтініштерінен басталды. Олар қалада мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін қолайлы орта құру қажеттілігімен қатар, өздерінің жеке мәселелері туралы да айтты. Қабылдауға тұрғын үйдің ортақ мүлкін күтіп ұстауға байланысты мәселелері бар азаматтар келді — шатырлар мен жертөлелер, подъездері мен аулалар жағдайына қатысты мәселелерді көтеріп, өңір басшысынан көмек сұрады. Нұрдәулет Қилыбай сол сәтте-ақ жауапты тұлғалар мен басқарма басшыларын тұрғындардың үйлеріне жіберіп, коммуналдық саладағы мәселелерді шешуді тапсырды. Өңір басшысынан қолдау сұрап, Маңғыстау…
CaspianLife, 13 желтоқсан. Қазақстанда желтоқсан айындағы мерекелерге орай қосымша жолаушылар пойыздары мен әуе рейстері іске қосылады. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2024 жылғы 13 желтоқсан мен 2025 жылғы 9 қаңтар аралығында жолаушылар сұранысының артуына байланысты теміржол пойыздары мен әуе рейстерінің саны көбейтіледі. Теміржол көлігі: Қазақстан Тәуелсіздік күні мен Жаңа жыл қарсаңында ұлттық тасымалдаушы түрлі бағыттар бойынша қосымша пойыздарды іске қосады. Бұл пойыздар қосымша 43 мың жолаушыны тасымалдауға мүмкіндік береді. Қосымша рейстер келесі бағыттар бойынша ұйымдастырылады: 🚂 №201/202 «Астана-Алматы» пойызы: 💠- Астанадан 2024 жылдың 13, 16, 19, 22, 25, 28 желтоқсанында, сондай-ақ 2025 жылдың 1 және 4 қаңтарында жүреді.…
