Автор: Сайт әкімшілігі

CaspianLife, 24 сәуір. Астрахань облысындағы Ресей географиялық қоғамының бөлімшесінің басшысы Петр Бухарицин аман-есен табылды. Бұл туралы «Лотос» мемлекеттік телерадиокомпаниясы Каспий флотилиясының жедел қызметіне сілтеме жасап хабарлады. Хабарламада айтылғандай, 23 сәуір күні ғалым әлі де аралда болған, ол Укатный аралында орналасқан далалық лагерьде жатыр. «Лотос» ГТРК мәліметінше, ғалым Каспий теңізінде, Қазақстан мен Ресей шекарасында өткен ғылыми экспедиция кезінде жоғалып кеткен.

Read More

CaspianLife, 24 сәуір. Бүгін таңертең Атырау қаласының орталық көшелерінің бірінде салынып жатқан тұрғын үй кешенінен өрт шыққаны туралы 112 пультіне хабарлама түсті. Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға орнына кезекші бөлімшелер келген кезде өрт 13 және 14-қабаттарды қамтып, жалпы 450 шаршы метр аумақты шарпығаны анықталған. Өрт сөндірушілердің жедел әрекетінің арқасында жалын басқа бөлмелерге таралмай, толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.

Read More

CaspianLife, 24 сәуір. Бұл шешім Қазақстан футбол федерациясының (ҚФФ) Бақылау, тәртіптік және этикалық комитетінің отырысында қабылданды. ҚФФ баспасөз қызметінің хабарлауынша, отырыс қорытындысы бойынша «Атырау» футбол клубына (ФК) жаза қолдану туралы шешім қабылданды. Атап айтқанда, клуб жанкүйерлерінің орынсыз әрекеттері үшін жазаланды. Олар 2025 жылғы футбол маусымының 4-туры аясында өткен «Атырау» — «Қайрат» командалары арасындағы матч кезінде отқұрал (фаер) жаққан. Қолданыстағы ережелерге сәйкес, «Атырау» клубына 75 айлық есептік көрсеткіш (АЕК), яғни 294 900 теңге көлемінде айыппұл салынды. Еске салайық, 2025 жылы 1 АЕК — 3 932 теңгені құрайды.

Read More

CaspianLife, 24 сәуір. Қиғаш өзені – Еділ өзенінің төменгі ағысындағы тармағы. Ал Шароновка өзені – Қиғаштың тармағы болып табылады. Бұл екі өзен де Атырау облысының Құрманғазы ауданынан ағып өтеді. Сондай-ақ, Қиғаш өзені арқылы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының (Атырау және Астрахань облыстары) мемлекеттік шекарасы өтетінін атап өткен жөн. Telegram-дағы Vолжская ГЭС арнасының хабарлауынша, Ресейдің Су ресурстары жөніндегі федералдық агенттігінің (Росводресурсы) нұсқауына сәйкес, 26 сәуірден бастап Волжская СЭС Еділ өзенінің төменгі ағысына арнайы су тастау режимінде жұмыс істей бастайды. Хабарламада былай делінген: «…Еділдің төменгі ағысына арнайы су тастау – жайылымдық шабындықтарды суару, жаз мезгілінде суару үшін жасанды және табиғи су қоймаларын…

Read More

CaspianLife, 24 сәуір. Бұл туралы кеше Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында айтылды. Жиында газ саласын дамыту мәселесі қаралды. Энергетика министрі Ерлан Аккенжанов өндіру көлемінің болжамы, инфрақұрылымды жаңғырту, әлеуметтік бастамалар мен цифрландыру шаралары туралы баяндама жасады. «Сондай-ақ, ол ішкі нарықта сұйытылған мұнай газы тапшылығының артуы мәселесіне тоқталды. Әсіресе сұйытылған газға сұраныс шекара маңындағы өңірлерде артып отыр. Энергетика министрлігі ай сайын еліміздің өңірлеріне шамамен 130 мың тонна сұйытылған газ таратады. Алайда бұл көлем жеткіліксіз – қазіргі қажеттілік ұсыныстан 25-30 мың тоннаға артық, бұл шамамен 23%-ды құрайды. Сұйытылған газ бағасының төмен болуына байланысты елімізде көлік жүргізушілері осы отын түріне жаппай ауысуда,…

Read More

CaspianLife, 23 сәуір. Ол – 37 жастағы жергілікті маман Қуаныш Қабдулов. 2009–2012 жылдары аралығында «Атырау» жастар командасының  бас бапкерінің көмекшісі болып жұмыс істеген. «Атырау» футбол клубының әлеуметтік желідегі ресми парақшасында жарияланған ақпаратқа сәйкес, 2013 жылы Қ.Қабдулов «Атырау» футбол орталығының басшысы болып тағайындалып, сол жылы 1999 жылы туған жасөспірімдер командасы Қазақстан чемпионатында жеңіске жеткен. 2014–2020 жылдары аралығында ол «Атырау» негізгі командасының бапкерлік штабында бас бапкердің көмекшісі және бас бапкер қызметтерін атқарды. Осы кезеңде мұнайшылар Қазақстан Кубогының финалына екі мәрте (2017 және 2019 жж.) шыққан. 2021–2022 жылдары Қуаныш Қабдулов алдымен «Туран» клубында көмекші бапкер, кейін бас бапкер болды. Ал өткен маусымда Ақтаудың…

Read More

CaspianLife, 23 сәуір. Төтенше жағдайлар министрлігі (ТЖМ) балалар қауіпсіздігіне алаңдаулы екенін білдіріп, ата-аналарды барынша мұқият болуға шақырады. ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, 2025 жылдың басынан (22 сәуірдегі жағдай бойынша) бірыңғай кезекші-диспетчерлік қызметтің 112 пультіне көпқабатты тұрғын үйлердің терезелерінен балалардың құлауына қатысты 34 хабарлама келіп түскен. Соның салдарынан үш бала көз жұмып, қалғандары әртүрлі дене жарақатын алып, ауруханаға жатқызылған. «Оқиғалар Астана, Шымкент қалаларында, сондай-ақ Ақмола, Атырау, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Жамбыл, Маңғыстау, Павлодар облыстарында және Абай мен Ұлытау облыстарында тіркелді», – делінген хабарламада. Бұрынғы жылдардағыдай, негізгі себеп – ересектер тарапынан жеткіліксіз бақылау. Балалар үлкендердің қарауынсыз қалып, терезе алдына шығып, жиһаздарды тірек…

Read More

CaspianLife, 23 сәуір. Каспий теңізінде белгілі астрахандық ғалым Пётр Бухарицынды іздеу жұмыстары жалғасуда. Бұл туралы «Лотос» мемлекеттік телерадио компаниясы (Астрахань) хабарлады. Телесюжетте атап өтілгендей, Ресейдің Географиялық қоғамының Астрахань облысындағы бөлімшесінің жетекшісі, ғылым докторы, профессор Укатный аралы маңында, Ресей мен Қазақстан шекарасында жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен. ГТРК «Лотос» мәліметінше, Пётр Бухарицын Каспий жағалауының солтүстік бөлігін картаға түсіру мақсатындағы экспедицияны басқарған. Экспедиция Каспий флотилиясының кемесімен жүзеге асырылған. Қазіргі уақытта оны флотилия қызметкерлері мен шекара қызметінің өкілдері іздестіруде. Ертең іздеу жұмыстарына «ЛизаАлерт» іздестіру-құтқару тобы қосылады деп жоспарлануда. Бұл жағдайға байланысты Ресейдің Калмыкия және Астрахань облысы бойынша ФҚҚ Шекара басқармасы түсініктеме берді.

Read More

CaspianLife, 22 сәуір. «ҚазТрансОйл» АҚ өндірістік бөлімшелері мен орталық аппаратында жаңа кадрлық тағайындаулар болды. Компанияның баспасөз қызметі хабарлағандай, жаңадан тағайындалған басшылар өндірістік сатылардың барлық кезеңдерінен өтіп, көп жыл бойы кәсіби шеберлік пен өз ісіне адалдық танытып келеді. Олардың өндірістік процестерді терең түсінуі мен тәжірибесі компанияның әрі қарай дамуына үлес қосады. «ҚазТрансОйл» АҚ Атырау мұнай құбыры басқармасының басшысы қызметіне Еркен Сүйіндіков тағайындалды. Мұнай құбыры саласындағы жалпы еңбек өтілі — 27 жыл. Бұл тағайындауға дейін Павлодар мұнай құбыры басқармасының басшысы қызметін атқарған. Бұған дейін Шымкент мұнай құбыры басқармасының бас инженері, 2018–2023 жылдары Павлодар мұнай құбыры басқармасы өндіріс бойынша басшының орынбасары, «Ақтау» басты…

Read More

CaspianLife, 22 сәуір. Атырауда университет жатақханасының ғимараты опырылып түсті. 22 сәуір таңғы сағат 06:00 шамасында Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің №2 жатақханасы ғимаратының ортаңғы бөлігі опырылып түсті. Абырой болғанда зардап шеккендер мен қаза тапқандар тіркелген жоқ. Студенттер даңғылы,29 мекенжайында орналасқан ғимарат 1972 жылы салынған. 2022 жылдың қараша айында университеттің шаруашылық бөлімі бірінші қабаттың қабырғасынан ақау анықтап, бұл жөнінде тиісті органдарға хабарлаған. Артынша Атырау облысының Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының мамандары ғимаратқа техникалық зерттеу жүргізіп, оны апатты әрі тұруға қауіпті деп таныды. Осыған байланысты 2023 жылғы 1 ақпаннан бері бұл жатақханада ешкім тұрмайды. Қазіргі уақытта Атырау облысының Құрылыс басқармасы университетпен бірлесіп, апатты қос…

Read More