Автор: Сайт әкімшілігі

Caspianlife, 17 сәуір. Наурыз айында басталған «Қазақстан темір жолы» (ҚТЖ) желісіндегі ауқымды жөндеу-құрылыс жұмыстары жоспарға сәйкес жүргізілуде. Биыл 1 480 шақырым магистраль жаңартылады деп күтілуде. «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметінің хабарлауынша, теміржолшылар кестесіне сәйкес, жолдың күрделі, күшейтілген орташа және орташа жөндеулері, бағыттамалы бұрмалар ауыстыру, рельс тіректері мен жол табанын толық алмастыру және тасымалдардың қауіпсіздігі мен сенімділігін қамтамасыз етуге бағытталған басқа да жұмыстар жүргізілуде. Жөндеу жұмыстары арнайы жол техникасымен: Duomatic, Unimat MF, түзету-тегістеу-тығыздау машиналары, рельс жылтыратқыш пойыздар және т.б. арқылы атқарылуда. «Күрделі жөндеу – ең күрделі әрі көп еңбек пен уақытты қажет ететін процесс. Қазіргі таңда Павлодар, Алматы, Жамбыл,…

Read More

CaspianLife, 17 сәуір. Астраханьда экзотикалық сакура ағаштарының керемет гүлдеу кезеңі басталды. Комсомол жағалауына апаратын аллеяда алғашқы абаттандыру кезеңі аясында отырғызылған «Кику Шидаре» сортындағы 17 жас ағаш гүлдеді. Аймақ үкіметінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, енді астрахандықтар мен қала қонақтары жапон шие ағаштарының әсем көрінісінен туған өлкеден шықпай-ақ ләззат ала алады. «Жасыл қала» МКҰ ландшафт дизайнері Ирина Скворцованың айтуынша, сакура аллеясы – аймақ үшін бірегей тәжірибе. Жылы климатқа байланысты гүлдеу ерте басталған, ал жақын арада ағашта ұсақ, жеуге келмейтін жемістер пайда болады. Комсомол жағалауында қайта жаңғырту жұмыстары 2021 жылы «Тұрғын үй және қала ортасы» ұлттық жобасы аясындағы «Жайлы қалалық ортаны қалыптастыру» бағдарламасы бойынша…

Read More

Caspianlife, 16 сәуір. Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университеті мен облыстық экономикалық тергеп-тексеру департаменті (ЭТД) бірлесіп «Қаржылық қауіпсіздік: XXI ғасырдың цифрлық тұзақтары» атты өңірлік форум өткізді. Өңірлік коммуникациялар қызметінің (ӨКҚ) хабарлауынша, мамандар қандай да бір компанияға инвестиция құймас бұрын, оның қаржы пирамидасымен байланысы бар-жоғын анықтап алу керектігін атап өтті. Мұндай жағдайда ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің (ҚМА) Telegram-боты — «Baiqa, piramida!» көмектесе алады. – ҚР Қылмыстық кодексінің 217-бабына сәйкес, қаржы пирамидасын құру және оған басшылық ету заңмен қудаланады. Сонымен қатар, қаржы пирамидасын жарнамалағаны үшін де қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. Бүгінде Атырау облысында қаржы пирамидаларына қатысты үш қылмыстық іс тіркеліп, тергеу жұмыстары жүргізілуде, –…

Read More

CaspianLife, 16 сәуір. Астанада әскери парадқа дайындық пен оны өткізуге байланысты – рейс ұшып-қону уақытын нақтылап алыңыздар. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, 22 сәуір мен 7 мамыр аралығында, сағат 10:00-ден 13:00-ге дейін Астана қаласында әскери авиацияның жаттығу ұшулары үшін әуе кеңістігін пайдалану уақытша шектеледі. «Осыған байланысты жолаушылардан аталған шектеулерді сапар жоспарында ескеріп, рейстердің нақты мәртебесін әуекомпаниялар мен әуежайдың анықтама қызметтері арқылы нақтылап алуды сұраймыз», – делінген министрліктің хабарламасында. Астана қаласының әуежайы мен әуекомпаниялардың анықтама нөмірлері: Air Astana: Алматы қ.: +7 (727) 244 44 77 Астана қ.: +7 (7172) 58 44 77 Қосымша: +7 702 702 44 77, +7…

Read More

CaspianLife, 16 сәуір. Атырау облысы әкімі Серік Шәпкенов бастаған атыраулық делегация құрамымен Атырау облыстық мәслихатының төрағасы Мұса Хайруллиев, облыстық мәслихат депутаты Арман Хайруллин Ресей Федерациясының Астрахань облысына барды. Атырау облыстық мәслихаты баспасөзінің хабарлауынша, ресми сапарда Атырау және Астрахань облыстары арасындағы ынтымақтастықты дамытудың 2025-2027 жылдарға арналған үш жылдық жоспары бекітілді. Екі ел арасындағы экономика, көлік және логистика, білім, мәдениет, туризм және гуманитарлық байланыс бағыттары қамтылған жоспарға облыс басшылары қол қойды. Сондай-ақ сапар аясында «Жолдастық» қазақ мәдениеті қоғамдық ұйымының белсенділерімен кездесуге, Астрахань шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау қорында инвестициялық әріптестікті дамытуға бағытталған жиынға қатысып, «Лотос» арнайы экономикалық аумағына кіретін кәсіпорындарды аралады. (Сурет:…

Read More

CaspianLife, 16 сәуір. Атырау темір жол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары басталады «Қазақстан темір жолы»ҰҚ» АҚ тапсырысымен Атырау теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жүргізіледі. Өңірлік коммуникациялар қызметі баспасөзінің хабарлауынша, мердігер мекеме –«БАТЫСАЛЬЯНССТРОЙ» ЖШС. Бұл жұмыстар 2025 жылдың сәуірінде басталады. — Биыл облыс орталығынан бөлек Исатай, Аққыстау, Доссор, Мақат, Жамансор, Мұқыр, Сағыз және Құрманғазыдағы теміржол вокзалдарына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Оның ішінде Сағыз және Доссор вокзалын жаңадан салу жоспарланып отыр. Қазіргі таңда келісім-шарт жасақталды. Жалпы нысанның жөндеу жұмысы республикалық бюджет есебінде болса, абаттандыру секілді шаралар жергілікті бюджет арқылы жүзеге асады. Жұмыстар жыл аяғына дейін аяқталады деп жоспарланып отыр,-деді Атырау облысы әкімінің орынбасары…

Read More

CaspianLife, 16 сәуір. «Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.» ЖШС (KPI — «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының еншілес кәсіпорны) зауытында дайын өнім қоймасын басқарудың озық жүйесі енгізілді. «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұған дейін зауыт қоймасында салмағы 1500 келіге дейінгі паллеттерді тасымалдау жұмыстары электротехниканы қолдану арқылы қолмен орындалатын. Енді қаптау желілерінен келіп түсетін өніммен жұмыс істеу циклі толығымен автоматтандырылып, роботтардың көмегімен (адамның қатысуынсыз) жүзеге асады. Жаңа кешеннің негізінде WES (Warehouse Executive System) деп аталатын интеллектуалды IT-платформа жатыр. Бұл жүйе қазақстандық «AVVA Technologies» ЖШС компаниясымен әріптестікте әзірленген. WES зауыттың барлық өндірістік желілерімен тікелей біріктіріліп, өндіріс процесі туралы нақты уақыт режимінде ақпарат алып отырады. Жүйе…

Read More

CaspianLife, 15 сәуір. Атырау қаласының әкімдігі кезінде өзі бөліп берген жер телімін кәсіпкерден қайтаруды талап етуде. Бұл туралы CaspianLife редакциясына Атырау облысының Кәсіпкерлер палатасының баспасөз хатшысы Әсел Тұяқбаева хабарлады. Оның айтуынша, «АТЦ – галерея» ЖШС-нің мәселесі Атырау облысы кәсіпкерлер палатасының жанындағы Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл кеңесінің кезекті отырысында қаралған. ЖШС-нің заңгерінің айтуынша, 2021 жылы оларға әкімдік өкілдері Атырау қаласында «McDonald’s» мейрамханасын салуды сұрап келген. Тараптар өзара меморандумға қол қойған, оның аясында әкімдік жер телімін беруге, ал серіктестік мейрамхана салудан бөлек, қала үшін екі инватакси алып беруге міндеттенген. Екі жылдан кейін жоба сәтті іске асқан. «Қазіргі таңда…

Read More

CaspianLife, 15 сәуір. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрі Олжас Бектенов пен Chevron компаниясының директорлар кеңесінің төрағасы әрі бас атқарушы директоры Майкл Уиртпен кездесуі барысында айтылды. Кездесу барысында мұнай өндіру және өңдеу салаларындағы өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды. Премьер-Министрдің баспасөз қызметінің хабарлауынша, тараптар қолданыстағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру, «Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.» ЖШС-нің алғашқы полипропилен зауытының қызметі мысалында отандық мұнай-газ химиясын дамыту болашағы және жылына 1,25 млн тонна өнім шығаратын ірі полиэтилен кешенінің құрылысы жөніндегі мәселелерді талқылады. Сондай-ақ жылына 4,5 млрд текше метр шикі газ өндіретін Қарашығанақ кен орнындағы жаңа газ өңдеу зауытының құрылысы да қаралды. «Теңіз кен орнындағы Болашақ кеңейту жобасының (БКЖ)…

Read More

CaspianLife, 15 сәуір. 31 мамырдан бастап Air Astana әуе компаниясы Атырау–Баку бағыты бойынша тікелей тұрақты рейстерді іске қосады. Air Astana баспасөз қызметінің хабарлауынша, рейстер заманауи Airbus A320/A321 ұшақтарымен аптасына үш рет орындалады. Атыраудан Бакуге ұшу уақыты – 1 сағат 25 минут, ал кері бағытта – 1 сағат 35 минут. «KC277 рейсі Атыраудан дүйсенбі және сенбі күндері сағат 18:30-да ұшып, Бакуге сағат 18:55-те жетеді. Ал сәрсенбі күндері рейс сағат 21:35-те ұшып, 22:00-де қонады. Бакуден Атырауға кері бағыттағы KC278 рейсі дүйсенбі және сенбі күндері сағат 19:55-те ұшып, 22:30-да жетеді, ал сәрсенбі күні рейс 23:00-де ұшып, келесі күні сағат 01:35-те қонады. Барлық уақыт…

Read More