Caspianlife, 19 ақпан. Атырау облысының жер ресурстарын басқару департаменті мен Атырау көлік прокуратурасы бірлесіп жүргізген тексерістер барысында мемлекеттік жерлердің заңсыз пайдаланылу фактілері анықталды. ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, «К» акционерлік қоғамы Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 136-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 2,6 миллион теңге көлемінде айыппұл салынды. «Махамбет ауданында орналасқан 100 гектар жер учаскесін игеру бойынша «К» шаруа қожалығына нұсқама берілген. Алайда, талап орындалмағандықтан, жер учаскесі Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 94-бабына сәйкес мемлекет меншігіне қайтарылды», – делінген хабарламада. Дереккөз: www.caspianlife.kz (Сурет: CaspianLife редакциясының мұрағатынан)
Автор: Сайт әкімшілігі
Caspianlife, 19 ақпан. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының (ҚМДБ) Шариғат және пәтуа бөлімі Түркі мемлекеттері ұйымының мүфтилер кеңесі жанындағы Пәтуа кеңесімен кеңесе отырып, биылғы Рамазан айының басталу күнін бекітті. ҚМДБ баспасөз қызметінің хабарлауынша, жалпы пәтуаға сәйкес, қасиетті Рамазан айы 1 наурызда басталады. 26-нан 27 наурызға қараған түн – қасиетті Қадір түні (Ләйлатуль Қадр). 30 наурыз – Ораза айт мерекесі. Бүгін Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен өткен ҚМДБ Төралқа отырысында пітір-садақа мөлшері бекітілді. Биыл еліміз бойынша пітір-садақа мөлшері 655 теңге болып белгіленді. Бұл сома екі келі ұнның орташа бағасына негізделген. Сонымен қатар, ораза және намаз кестесін қажетті облыс, қала, аудан және…
CaspianLife, 18 ақпан. «Лотос» арнайы экономикалық аймағы» акционерлік қоғамының баспасөз қызметінің хабарлауынша, Атырау облысы әкімінің орынбасары Марат Мурзиев бастаған делегация құрамында мемлекеттік органдардың басшылары мен бизнес өкілдері болды. Сапар бағдарламасы аясында «Лотос» АЭА кеңсесінде Каспий аймағындағы арнайы экономикалық аймақтар кластерінің таныстырылымы өтті. Астрахан облысының сыртқы байланыстар министрінің орынбасары Илья Торопицын мен «Лотос» АЭА бас директоры Александр Ким өңірдің өнеркәсіптік және логистикалық әлеуетін таныстырды. Қазақстандық делегация «Лотос» АЭА аумағында орналасқан өндіріс орындарына қызығушылық танытты. Қазіргі таңда бұл жерде 17 резидент өз жобаларын жүзеге асыруда. 2024 жылы ашылған «Рыбные Корма» зауыты сапа және технологиялық деңгейі бойынша Ресейдің жетекші кәсіпорындарының қатарына кіріп, ТМД…
CaspianLife, 18 ақпан. Мемлекеттік кірістер органдары жеке тұлғалардың, оның ішінде блогерлердің салықтық міндеттемелерін толық орындауын тұрақты түрде бақылап, салықтық әкімшілендіру жүргізеді. Мемлекеттік кірістер комитетінің (МКК) мәлімдеуінше, бақылау шараларын жүргізу барысында комитет уәкілетті мемлекеттік органдармен, ұйымдармен және басқа да тұлғалармен өзара әрекеттеседі. Әртүрлі дереккөздерден алынған мәліметтер мен салық декларацияларындағы деректерді салыстыру нәтижесінде 594 тұлға бойынша 53,3 млрд теңге көлемінде сәйкессіздік анықталған. Осыған байланысты, 2024 жылғы 13-14 ақпан аралығында «табысты төмен көрсету» бойынша бұзушылықтар туралы камералдық бақылау хабарламалары жіберілді. Хабарламаны орындау үшін қосымша салық есептілігін тапсырып, өз бетінше есептелген салықтарды төлеу қажет. Егер салық төлеуші келіспесе, түсіндірме ұсынуға құқылы. Хабарламаны орындау мерзімі…
CaspianLife, 18 ақпан. 2025 жылғы 27 мамырдан бастап Air Astana әуе компаниясы Атыраудан Тбилисиге тікелей рейстерді іске қосады. Ұшулар аптасына үш рет – сейсенбі, жұма және жексенбі күндері жайлы Airbus ұшақтарымен орындалады. Air Astana әуе компаниясының баспасөз қызметінің мәліметінше, ұшу ұзақтығы 1 сағат 50 минутты құрайды. KC125 рейсі Атыраудан жергілікті уақыт бойынша 08:00-де ұшып, Тбилисиге 08:50-де қонады. Қайтар бағыттағы KC126 рейсі Тбилисиден 09:50-де ұшып, Атырауға 12:40-та жетеді. Барлық алымдар мен салықтарды қоса есептегенде, екі жаққа билет бағасы эконом-класта 113 375 теңгеден, бизнес-класта 308 081 теңгеден басталады. Билеттерді әуе компаниясының ресми сайтынан немесе уәкілетті агенттіктерден сатып алуға болады. Жаңа бағыттың ашылуымен…
CaspianLife, 18 ақпан. Кеше Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Асқар Қаныбеков өңір басшысы Нұрдәулет Қилыбайдың тапсырмасына сәйкес, балық шаруашылығы басқармасына қарасты кәсіпорындардың жұмысымен және саланың инновациялық жобаларының жүзеге асырылу барысымен танысты. Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, өңірдің Каспий теңізі жағалауында орналасуы балық шаруашылығының стратегиялық маңыздылығын айқындайды. Алайда, өңірде негізінен бекіре тұқымдас балықтар өсіріледі. Балық түрлерін көбейту және акваөндірістік әлеуетті кеңейту мақсатында жаңа жобалар іске асырылуда. Солардың бірі – «Каспий албырт тұқымдас балығының аналық үйірін қалыптастыру және инкубациялық цех құру» жобасы. Ол Ақтау қаласындағы «Сұлтан Агро» ЖШС жылыжай кешені базасында жүзеге асырылуда. Арнайы экономикалық аймақтың (АЭА) қолдауымен іске асырылып жатқан бұл…
CaspianLife, 18 ақпан. Кеше, 17 ақпанда, Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданы аумағындағы «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-нің «Жомарт» кенішінде шахтада тау жынысы опырылды. ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, опырылған аймақтың артында шахтаның жеті жұмысшысы қалып қойған. «АСС Серіктес» ЖШС-нің құтқару бөлімшелері апаттық-құтқару жұмыстарын бастады. Оқиға орнына Ұлытау облысы мен Қарағанды облысы ТЖД күштері мен құралдары, оның ішінде кинологиялық есептоптар, Төтенше жағдайлар медицинасы орталығының медициналық қызметкерлері және ҚР ТЖМ психологтары дереу жіберілді. Ұлытау облысы ТЖД және ТЖМ командалық орталығында жедел штабтар құрылды. Сонымен қатар, ТЖМ-де «жедел желі» телефоны іске қосылды. Байланыс нөмірі: 8 (7172) 55-96-21. 17-18 ақпан түнінде, шамамен сағат 03:30-да, ТЖМ баспасөз қызметі…
CaspianLife, 14 ақпан. Себебі мұндай адамдардың заңсыз ақша айналымына қатысы болуы мүмкін. Енді қаржы ұйымдары бірнеше картасы бар клиенттің кімге ақша аударғанын, кімнен ақша түскенін тексеріп, ақпаратты сақтап отыруға міндеттеледі. Құзырлы органдар алаяқтарға ұрланған қаражатты шығаруға көмектесетін дропперлер көбейгенін айтады. Жаңа заң осы мәселені шешуде септігін тигізеді.
CaspianLife, 14 ақпан. Маңғыстау облысында 2 ардагер Жеңістің 80 жылдығына орай 5 млн теңгеден төлем алады. Жеңіс күніне орай Екінші дүниежүзілік соғысының ардагерлеріне теңестірілген 100 ардагерге – 60 АЕК (235 920 теңге) төлемдер қарастырылған.
CaspianLife, 14 ақпан. ҚР ІІМ Өзіндік қауіпсіздік департаменті ішкі істер органдары қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығын қорғау үшін барлық қажетті шараларды қабылдауда. ІІМ ведомстволық сайты (Polisia.kz) берген ақпаратқа сәйкес, ҚР ІІМ Өзіндік қауіпсіздік департаменті басшысының орынбасары Алтынбек Шүйіншалиев соңғы уақытта билік өкілдеріне бағынбау жағдайлары жиілеп кеткенін атап өтті. «2024 жылдың қорытындысы бойынша мұндай 271 жағдай тіркелген. Оның ішінде 127 құқық бұзушы мас күйінде болған, 87-сі бұрын сотталған, ал 19-ы топ болып бағынбаған», – деді Алтынбек Шүйіншалиев. Оның айтуынша, полиция қызметкерлеріне күш қолданғаны үшін 225 азамат сотталған. Мысалы, Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданының тұрғыны бес жылға бас бостандығынан айырылды. Әйелімен жанжалдан кейін…
