CaspianLife, 14 ақпан. Заңға сәйкес 5 сәуірден кейін тіркелмеген мопедтерді басқаруға тыйым салынады. Ал құқық бұзғандарға 10 АЕК (39 320 теңге) мөлшерінде айыппұл салынады. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Шыңғыс Алекешев айтты. Мопедті басқару үшін азаматтарда А1 санатты жүргізуші куәлігі болуы тиіс. Бұл көлік құралын А немесе В санатындағы куәліктермен де тізгіндеуге болады. Айта кететіні, мопедті тіркеу үшін жеке куәлік, көлік құралының техникалық құжаты немесе техникалық сипаттамалары туралы мәлімет болуы тиіс. Сондай-ақ азаматтар мемлекеттік баждарды төлеуі қажет.
Автор: Сайт әкімшілігі
Биыл 24 наурыздан бастап IMEI-коды тіркелмеген смартфондар бұғатталады. ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің айтуынша, жаңа сатып алынған телефондар үш сатыға жіктеледі. Егер смартфон заңды түрде сатып алынса «ақ тізімге», ал сатып алудың заңдылығында күдік болса, мысалы, IMEI-коды қайталанса «сұр тізімге» енгізіледі. Осы ретте, пайдаланушыға мәселені шешу үшін 30 күн уақыт беріледі. «Ақ тізімге» қосылу үшін заңды түрде сатып алынғанын растайтын құжаттар болуы тиіс. Егер телефон тіркелмеген, яғни ұрланған болса, ол «қара тізімге» еніп, бұғатталады. Кейін тұтынушы ешқандай байланыс желілеріне қосыла алмайды. Айта кетейік, бұл жаңашылдық 24 наурыздан кейін сатып алынған телефондарға қатысты. Ал оған дейінгілеріне ештеңе болмайды.…
Ақтауда 18 жастағы мүгедек жігітті зорлаған күдікті іздестірілуде. Ал жәбірленушінің анасы полицияның әрекетсіздігіне шағымданып отыр. Себебі, оқиғаның болғанына 40 күннен асып кетсе де, әлі күнге ешқандай нәтиже жоқ. Оның сөзінше, 18 жастағы баласын белгісіз ер адам көшеден көлігіне отырғызып алған. Азғындық әрекетін алдымен көлікте, кейін теңіз жағасында жасапты. Сөйтіп, түн ортасында баланы оқиға орнында тастап кеткен. Маңғыстау облыстық полиция департаменті қажетті сараптама тағайындалып, Қылмыстық Кодекстің 121-бабы, яғни, «сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері» бойынша іс қозғалғанын мәлімдеді. Әйгерім ИБАТУЛЛАЕВА, Маңғыстау облыстық ПД баспасөз қызметінің бастығы Аталған факт бойынша Қылмыстық кодекстің 121-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қажетті сараптамалар тағайындалды, бейнебақылау камераларындағы жазбалар алынып,…
CaspianLife, 12 ақпан. «Теңізшевройл» ЖШС (ТШО) баспасөз қызметі 2024 жылғы өндірістік қызметінің қорытындысы бойынша мәліметтерді жариялады. Компанияның баспасөз релизінде көрсетілгендей, 2024 жылы шикі мұнай өндіру көлемі 27,8 млн тонна (шамамен 220 млн баррель) құрады, ал сатылған сұйытылған газ көлемі 1,2 млн тоннадан асты. Сонымен қатар, ТШО өткен жылы 2,7 млн тонна күкірт өнімін өткізді. Сондай-ақ, компания өндірілген барлық құрғақ газды ішкі нарыққа жеткізгенін атап өтті. 2024 жылы ТШО өзінің Әлеуметтік инвестициялар бағдарламасы аясында Атырау облысында денсаулық сақтау, білім беру сапасын арттыру және азаматтық қоғамды дамытуға бағытталған 15 жобаны іске асырды. Бұған қоса, Жылыой ауданында және Атырау облысында су тасқынымен күресу…
CaspianLife, 12 ақпан. Лондонда өткен «Қазақстан – Ұлыбритания» стратегиялық диалогы аясында Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігінің Еңбек заңнамасының бұзылуы мен қанауға қарсы күрес қызметі (GLAA) арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, құжат тараптардың еңбек көші-қоны саласындағы өзара іс-қимылын көздейді. Меморандумға Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко мен Ұлыбританияның Еуропа, Солтүстік Америка және теңіз аумақтары бойынша мемлекеттік министрі Стивен Даути қол қойды. Меморандум аясында тараптар келесі бағыттар бойынша ынтымақтасады: — Қазақстан Республикасы азаматтарының Ұлыбритания аумағында уақытша жұмысқа орналасу шарттары…
CaspianLife, 12 ақпан. 2025 жылы Қазақстанда резервтік әскери қызмет енгізілмек. Тиісті заң жобасы Парламент Мәжілісінде екінші оқылымда қабылданып, жақын арада Сенаттың қарауына ұсынылады. ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдегендей, келісімшарт үш жыл мерзімге ерікті түрде жасалады. Әскери қызмет тұрғылықты жерде өтеді. Резервистерге еңбекақы, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жарналары және басқа да төлемдер мемлекеттік бюджет есебінен жүргізіледі. Бастапқы кезеңде шамамен 2 мың Қазақстан азаматы шақырылады деп жоспарланған.
10 ақпан, CaspianLife. Қазақстандық «Силлено» ЖШС елдегі полиэтилен өндірісін дамытып, импорттық өнімдерді жергілікті өндіріспен алмастыруды мақсат етуде. Бұл туралы компанияның бас директоры Жандос Қайыргелді «КаспийМұнайГаз» ғылыми-зерттеу және жобалау институты базасында өткен диалог алаңында мәлімдеді. Диалог алаңын «Силлено» ЖШС мен «КаспийМұнайГаз» институты бірлесіп ұйымдастырды. Кездесуге Атырау облысы әкімінің орынбасары Марат Мурзиев, қалалық мәслихат депутаттары, полимер өнімдерін шығаратын жергілікті компаниялардың басшылары, қоғам белсенділері мен эко-активистер қатысты. Зауыт ішкі нарық қажеттілігін толық қамтамасыз етеді Жандос Қайыргелді атап өткендей, қазіргі уақытта Қазақстанда полиэтилен өндірісі жоқ, сондықтан бүкіл нарық толығымен импортқа тәуелді. «Былтырғы көрсеткіштерге сәйкес, елдегі полиэтиленге деген сұраныс 300 мың тоннаға жуықтады. Біздің мақсатымыз –…
CaspianLife, 11 ақпан. 10-нан 11 ақпанға қараған түні Астрахан облысының Знаменск қаласында әуе дабылы жарияланып, тұрғындарға «Баршаңызға назар аударыңыз! Ұшқышсыз ұшу аппараттарының (ҰҰА) шабуылы қаупі» деген ескерту жасалды. Бұл туралы ақпарат Знаменск қаласы әкімдігінің ресми Telegram арнасында жарияланды. Бірнеше сағаттан кейін, таңертең «Шабуыл қаупі сейілді» деген хабарлама берілді. 📍 Анықтама:Знаменск қаласы – Астрахан облысының солтүстігінде орналасқан және Капустин Яр полигонының әкімшілік әрі тұрғын аймағы болып табылады. Қала жабық әкімшілік-аумақтық құрылым (ЖААҚ) мәртебесіне ие.
Caspian Life, 10 ақпан. Тимур Сәдуақасовқа Солтүстік Қазақстан облысы бойынша экономикалық тергеу департаменті іздеу жариялаған. Себебі оның Обухов тау-кен байыту комбинатында заңсыз өндіру ісіне қатысы бары анықталған. 2024 жылдың желтоқсанында сот оны кінәсіз деп тапқан. Бірақ кейін прокуратура апелляциялық шағым түсірген. Осылайша қаңтарда қамауда ұстау туралы шешім шығарылған. Тергеу мәліметінше, оған шенеуніктерге 225 миллион теңге көлемінде пара беруге итермеледі деген айып тағылды. Айта кетейік, Сәдуақасов 2019 жылдың ақпан айынан бері Ақтау қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарған.
CaspianLife, 8 ақпан. Атырауда «Каспиймұнайгаз» ғылыми-зерттеу және жобалау институты жанындағы диалог алаңының мүшелері мен Атырау облысындағы полиэтилен өндіру жобасының операторы – «Silleno» ЖШС өкілдері полимерлік шикізаттан өнім шығаратын жергілікті компанияларға барды. Экскурсия қатысушылары алдымен «Гранд-Материк» компаниясының жұмысымен танысты. Кәсіпорын жылына 5000 тонна өнім шығаратын FFS қаптарын өндірмек. Қажетті жабдықтар Түркиядан сатып алынған, ал электроникасы – немістің Reifenhauser компаниясына тиесілі. Цехтың биыл іске қосылуы жоспарланған. Бастапқы кезеңде шикізат Ресейден әкелінсе, болашақта «Silleno» компаниясының жергілікті шикізатын пайдалану көзделіп отыр. Кәсіпорын басшысы Аслан Қабдуллин бұл шешімнің компанияға оң әсер ететінін “Бізде 100% жергілікті өндіріс болады – шикізат та, өндіріс те, жұмысшылар да…
