Caspian Life, 5 ақпан. Атырау облысының әкімі Серік Шәпкеновтің төрағалығымен өңірде су тасқынының алдын алу туралы әкімдік отырысы өтті, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі. «Қазгидромет» РМК Атырау филиалының директоры Салауат Төленовтің айтуынша, Ресейден үлкен көлемде су келуі мүмкін деген болжам бар. «Облыс аумағында «Қазгидрометтің» 12 гидробекеті орналасқан. Мұнда күніне екі рет су деңгейі, ауа температурасы, мұз жағдайы өлшеніп, айына үш рет су өтімі тексеріліп, стандартты бақылау жүргізіледі. Қазір облыстың барлық су объектісінде гидрологиялық жағдай тұрақты, мұз қату кезеңі жүріп жатыр. Өзендерде қысқы кезеңге тән деңгейлер жүруде. 28 желтоқсаннан бүгінге дейін Иректі су қоймасының су төгіндісі секундына 60 текше метрді…
Автор: Сайт әкімшілігі
Caspian Life, 4 ақпан. Желтоқсанда Ақтау маңында болған ұшақ апатының алдын ала есебі жарияланды. Azerbaijan Airlines әуе компаниясының Embraer-190 ұшағымен болған оқиғаны тергеу туралы алдын ала есеп Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің ресми сайтында жарияланды. Есеп 53 беттен тұрады. Министрлік жария еткен алдын ала есепте авиациялық оқиғаны тергеу жөніндегі комиссияның мәліметтері жазылған. Бұл алдын ала жазылған ақпарат, барлық материал зерттеу нәтижелері бойынша нақтылануы және толықтырылуы мүмкін. Жұмыс аяқталғаннан кейін авиациялық оқиғаны тергеу нәтижелері бойынша түпкілікті есеп дайындалады. НЕГІЗГІ МӘЛІМЕТТЕР Ақтаудағы ұшақ апатының алдын ала қорытындысы бойынша: Экипаж екі соққы болғанын сезген (05:13:31 және 05:13:56), содан кейін басқару жүйесінде ақаулар басталды. Стюардессалар капитанға:…
Caspian Life, 4 ақпан. Көлік министрі Марат Қарабаев тергеу жұмыстары жақын күндері аяқталатынын айтты. Дегенмен вице-премьер Қанат Бозымбаев тергеу қорытындысы осы аптада жарияланады деп еді. Бұған дейін, 25 желтоқсанда Ақтау маңында Бакуден Грозныйға ұшып бара жатқан «Azerbaijan Airlines» әуе компаниясына тиесілі жолаушылар ұшағы құлаған еді. Бортта 67 адам болған. 38 адам қаза тауып, 29 адам аман қалды.
Caspian Life, 4 ақпан. Жаңаөзен қаласы Қызылсай ауылында мектепке дейінгі мекеменің тәрбиеленушілері жаппай уланған. Облыстың денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі жағдайды түсіндірді. Жаңаөзенде мектепке дейінгі мекеменің 100 баласы тамақтан уланғанын хабарлаған. Кейбірі ауруханаға жүгінген. Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі ақпаратты жартылай растаған. Олардың деректері бойынша медициналық мекемеге бар болғаны 37 өтініш болған. 31.01.2025 ж. сағат 20:13-те Жаңаөзен қаласының Қызылсай ауылынан жедел жәрдем қызметіне іші ауырғанын айтып, шағымданған тұрғындар хабарласқан. Барлығын жедел жәрдем бригадасы тексерді. Тексерілген 37 адамның төртеуі ауруханаға жатқызылды (1 ересек, 3 бала). Қалғандары үйге амбулаториялық емделуге жіберілді. Қазір балабақша жабылып, уәкілетті органдар мән-жайын тексеріп жатыр, -…
Атырау облысы аумағында 2025 жылғы 6-7 ақпан аралығында «2025 жылғы су тасқыны кезеңі жағдайларындағы төтенше жағдайларды жою кезіндегі іс-қимылдарға АҚМЖ-ның басқару органдарын, күштері мен құралдарын дайындау» тақырыбында «Көктем-2025» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өткізіледі. Оқу-жаттығудың мақсаты — су тасқыны кезінде күштер мен объектілерді басқару бойынша жергілікті атқарушы органдардың іс-әрекеттерін пысықтау, сондай-ақ жедел басқару ұйымдарымен өзара іс-қимыл жасау. Оқу-жаттығу жоспарына сәйкес, 6 ақпан күні сағат 11:00-де (түскі уақытқа дейін) «Баршаның назарына» дабыл сиренасы іске қосылады. Оқу-жаттығу аясында өткізілетін іс-шаралар: 2025 жылғы 6 ақпанда сағат 09:00-де – «Көктем-2025» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығудың басталуы. Өтетін орны – Жедел штаб орталығы (Облыстық әкімдік ғимараты). 7 ақпан сағат…
Caspian Life, 3 ақпан. Авангард 2 ықшам ауданындағы 14, 18, 22 үйдің тұрғындары 1 аптадан бері кәріз суының иісіне тұншығып отыр. Бұған сол маңдағы кәріз сорғы станциясының бұзылуы себеп. Соның кесірінен лас су жертөлеге құйылған. Енді қолқаны қабар жағымсыз иіс бүкіл үйді жайлап тұр. Ал бірінші қабаттағы тұрғындар қабырғалардың сыз тартып, көктеп кеткенін айтады. Тіпті балалар да ауыра бастаған. Людмила ДУРМАНОВА, қала тұрғыны Мына лас су енді қайда кету керек? Осылай жертөлеге жіберіп отыра береміз бе? Бұдан ертең тұрғындар ауру болады. Онсызда ауырып жүрміз. Бар талабымыз жертөлені тазаласын, мәселені шешсін. Бұл ПИК-тің кінәсі емес. «Су Арнасы» тазаласын. Тамара АКАНОВА, қала…
3 ақпанға қараған түні Астраханьдағы газ өңдеу зауыты беспилоттық ұшқышсыз аппараттардың (БПЛА) шабуылына ұшырады. Кәсіпорын алдын ала қауіп туралы сигналдар алған соң, жұмысын уақытша тоқтатқан. Бұл қауіпті заттардың таралуын болдырмауға және ықтимал зардаптардың алдын алуға мүмкіндік берді. Астрахань облысының губернаторы Игорь Бабушкиннің айтуынша, радиоэлектрондық күрес (РЭБ) және әуе қорғаныс (ПВО) жүйелері қалыпты режимде жұмыс істеген. Алайда, дрондардың бірінің құлауы салдарынан өрт шықты, оны жедел өшірді. Зардап шеккендер жоқ.
Caspian Life. 3 ақпан. Қазақстан ТШО-дағы үлесін арттыруды жоспарлап отыр. Бұл туралы брифинг барысында ҚР Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев мәлімдеді. Ол алдағы бірнеше жылда Теңіз кен орны бойынша өнімді бөлу туралы келісімшарттарды ел үшін тиімдірек шарттармен ұзарту жөнінде келіссөздер бастайтынын хабарлады. Алмасадам СӘТҚАЛИЕВ, ҚР Энергетика министрі «Бізде кен орындарын игеру мерзімдері, консорциумдағы мерзімдер негізінде ең өзектісіне серіктестері Chevron, Exxon Mobil, Лукойл болып табылатын ТШО, Теңіз кен орны жатқызылады. Яғни, біз олармен алдын-ала белгілі бір консультацияларды бастауды жоспарлап отырмыз. Олар мұндай келіссөздерді бастауға дайын болған кезде. Алдын ала Үкімет күн тәртібін қалыптастырады, өз талаптарының тізімін түзеді. Мүмкін болатын талаптардың бірі –…
CaspianLife, 31 қаңтар. Бұл туралы бүгін Астанада өткен брифингте Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Антикор) ресми өкілі мәлімдеді. Антикордың ресми өкілі Данияр Бегайдаровтың айтуынша, Атырау қаласының №2 соты білім бөлімінің сектор меңгерушісі С. және басқа да тұлғаларға қатысты сот үкімін жариялады. Ол жергілікті мектептердің бірінің уақытша директорын (К.) араға салып, үш мұғалімнен «сарапшы» санатын бекіту үшін жалпы сомасы 150 мың теңге пара алғаны үшін кінәлі деп танылды. Сотталғандарға 1,4 млн теңгеден 4,5 млн теңгеге дейінгі көлемде айыппұл салынды. Сонымен қатар, олар мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік секторда лауазымды қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылды. «Сот үкімдері заңды күшіне енген жоқ. ҚР…
CaspianLife, 31 қаңтар. Бұл туралы бүгін Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Антикор) ресми өкілі өткен брифингте мәлімдеді. Антикордың ресми өкілі Данияр Бегайдаровтың айтуынша, 2024 жылы ел бойынша спортты қаржыландыру саласында жүргізілген сыртқы талдау нәтижесінде спорттың дамуына теріс әсер ететін сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған. Атап айтқанда, 278 адамның жалған дипломмен спорттық және жаттықтырушылық қызмет атқарғаны белгілі болды. Олардың ішінде: 9-ы – басшылық лауазымда, 248-і – жаттықтырушы, 21-і – басқа қызметкерлер. Жалған дипломдар ең көп анықталған өңірлер: Түркістан облысы – 44 факт Атырау облысы – 30 факт Алматы облысы – 26 факт Жамбыл облысы – 22 факт Ақмола облысы – 20…
