Автор: Сайт әкімшілігі

CaspianLife, 31 қаңтар. Өңірлердің көлік қолжетімділігін арттыру, Қазақстан қалалары арасындағы әуе қатынасын жақсарту және жолаушылар сұранысын қанағаттандыру мақсатында 2025 жылға арналған әлеуметтік маңызы бар әуе тасымалдарын жүзеге асыратын авиакомпанияларды анықтау бойынша конкурстық рәсімдер аяқталды. ҚР Көлік министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, субсидияланған бағыттар ел тұрғындарына қолжетімді бағамен саяхаттауға мүмкіндік беріп, ішкі әуе нарығын дамытуға ықпал етеді. Аталған әуе бағыттарына билеттерді әуе компанияларының ресми сайттарынан сатып алуға болады. Мысалы, SCAT әуе компаниясы Тараз – Атырау – Тараз бағыты бойынша рейстерді орындайды. Бір бағыттағы билет бағасы – 28 мың теңге.

Read More

CaspianLife, 31 қаңтар. Атырау қаласының №2 сотында кәмелетке толмаған баланы өзін-өзі өлтіруге итермелеу (ҚР ҚК 105-бабы 3-бөлігі) бойынша қылмыстық іс қаралды. Атырау облыстық сотының баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2023 жылдың қараша айында сотталушы өз ұлына қатыгездік танытып, оны өз-өзіне қол жұмсауға дейін жеткізген. Іс материалдары бойынша жәбірленуші кәмелетке толмаған баланың, оның заңды өкілінің, куәгерлердің айғақтары, тергеу амалдарының хаттамалары, кешенді сот-психологиялық және психиатриялық сараптаманың қорытындылары, қосымша кешенді сараптамалар, сондай-ақ заттай дәлелдемелер сотталушының кінәсін толық дәлелдеді. Алайда сотталушы өзіне тағылған айыппен келіспей, ақтау үкімін шығаруды сұраған. Сотталушыға жазаны жеңілдететін немесе ауырлататын мән-жайлар анықталмады. Ол тағылған айып бойынша кінәлі деп танылып, ҚР ҚК 58-бабының…

Read More

CaspianLife, 31 қаңтар. «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы аясында 2025 жылы 18 жасқа дейінгі қазақстандық балаларға 129,38 АҚШ доллары есептелді. 2022 жылдың қыркүйегінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Ұлттық қор – балаларға» жобасын іске қосу туралы бастама көтерді. Мемлекеттік кірістер комитетінің (МКК) хабарлауынша, 2025 жылы 18 жасқа толмаған әр балаға 129,38 АҚШ доллары (шамамен 58 166 теңге) есептелді. «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасының мақсаты болашақ ұрпақтың әлеуметтік жағдайын жақсарту, білім алуға қолдау көрсету және жастарға жақсы өмірлік бастама жасау мақсатында жүзеге асырылуда. 2024 жылдан бастап жыл сайын Ұлттық қордан балаларға қаражат аударылып, ол…

Read More

CaspianLife, 31 қаңтар. Атырау мұнай өңдеу зауытына (АМӨЗ) Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінің ғалымдары келді. Сапардың мақсаты – тәжірибе алмасу және зауыт пен университет арасында ынтымақтастық орнату. АМӨЗ  баспасөз қызметінің мәліметінше, Орал қаласынан келген қонақтар алдымен «АМӨЗ» ЖШС бас директоры Ғалымжан Жусанбаевпен кездесті. Кездесу барысында мұнай-газ саласындағы кадр тапшылығы мен мамандарды даярлау сапасы талқыланды. Зауыт басшысы елдің мұнай өнімдеріне деген қажеттілігінің үштен бірін қамтамасыз ететін кәсіпорынды жоғары білікті кадрлармен қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтіп, серіктестікке дайын екенін білдірді. Қазіргі уақытта АМӨЗ жас мамандарды тарту бойынша үш бағдарлама іске асыруда, олар Қазақстан мен ТМД елдерінің жетекші оқу орындарымен бірлесіп жүзеге…

Read More

CaspianLife, 31 қаңтар. Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева әлеуметтік желі қолданушылары мен желілік ресурстардың әкімшілеріне осындай үндеу жолдады. Аида Балаева өз әлеуметтік желідегі парақшасында қазіргі таңда интернет кеңістігінде бірқатар өзекті мәселелер белсенді түрде талқыланып жатқанын атап өтті. Мониторинг нәтижелері көрсеткендей, онлайн-платформаларда заңсыз контент немесе қарапайым тілмен айтқанда, жалған ақпарат жиі таралып келеді. «Осыған байланысты желілік ресурстардың әкімшілеріне жаңалықтар ағынын мұқият бақылап, тексерілмеген ақпараттарды таратпауға және заңсыз контентті жоюға шақырамын. Ал әлеуметтік желі қолданушыларын ойланбай әрекет жасамауға, сондай-ақ заң талаптарына қайшы келіп, ақпарат көздері мен онлайн-платформалардың бұғатталуына әкелуі мүмкін жазбалар мен пікірлерді жарияламауға шақырамын. Айта кетейін, біздің министрлік…

Read More

CaspianLife, 30 қаңтар. Бұл ұсынысты өңір басшысы Нұрдәулет Қилыбай Маңғыстау облыстық мәслихатының кезектен тыс сессиясында көтерді. Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, Нұрдәулет Қилыбай бірқатар маңызды мәселелерді талқылап, оның ішінде 100 жергілікті студентті Түркияда тегін тағылымдамадан өткізу бастамасын ұсынды. Сонымен қатар, медицина қызметкерлерін шетелде біліктілігін арттыру курстарына жіберу, сондай-ақ коммуналдық қызметтерді бәсекелестік ортадан шығарып, жергілікті әкімдіктердің балансына беру мәселелерін көтерді. Жиын барысында облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бекболат Ізбасаров өңірдегі медициналық қызмет сапасын арттыруға бағытталған әлеуметтік қолдау шаралары туралы баяндады. Оның айтуынша, қазіргі уақытта облыста 280 дәрігер жетіспейді. Кадр тапшылығының негізгі себептері – шақырылған мамандарға жеткілікті әлеуметтік қолдаудың болмауы және…

Read More

CaspianLife, 29 қаңтар. Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің (БҚДА) Атырау облысы бойынша департаменті «Атырау мұнай өңдеу зауыты» (АМӨЗ) ЖШС-не қатысты тергеу бастады. БҚДА баспасөз қызметінің хабарлауынша, тергеуге негіз ретінде мұнай өңдеу нарығындағы бағалар мен өндіріс (өткізу) көлемдерінің динамикасын талдау нәтижелері алынған. Агенттіктің жүргізген талдау қорытындысы бойынша, 2021-2023 жылдар аралығында мұнай өңдеу қызметтеріне орташа бағаның 31%-ға өсуі байқалған, бұл нарықтағы үстем жағдайды теріс пайдалану белгілеріне жатқызылып отыр. «Монополиялық жоғары баға белгілеу фактісі бәсекелестікті қорғау саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу мүмкіндігін тергеу барысында анықталады», – делінген БҚДА хабарламасында. Дереккөз: www.caspianlife.kz Сурет: Рахим Қойлыбаев

Read More

Caspianlife, 29 қаңтар. Қазақстан мектептерінде 9 қаңтардан бастап он оқу аптасынан тұратын III тоқсан басталды. ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, «…бірінші сынып оқушылары үшін қосымша демалыс 10-16 ақпан аралығында жеті күнге созылады».

Read More

CaspianLife, 29 қаңтар. Ұзындығы 2,34 шақырымдық жолды қайта жаңғырту жұмысы сәуір айында басталады деп жоспарланып отыр. Мердігер мекеме де анықталды. Бұл жөнінде Атырау облысы әкімінің орынбасары Қайрат Нұртаев айтты, — деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі. Жоба аясында даңғылдың Ерниязов көшесімен қиылысатын тұсынан бастап Құрманғазы көшесіне дейінгі аралығына қосымша бір жолақ салынады. Яғни, даңғыл кеңейіп, айналасы абаттандырылмақ. Атырау қаласындағы негізгі елді мекендердің 95 пайызы тас жолмен қамтылған. Қазіргі уақытта шаhар , ауылдық округтер аумағында тас жолы жоқ көшелерге асфальт төсеу мақсатында жобалық-сметалық құжақ жасақталуда. Жоба аясында 60 шақырымға жуық жерге жол салынбақ, — деді Атырау облысы әкімінің орынбасары Қайрат Нұртаев. Қала ішіндегі…

Read More

CaspianLife, 29 қаңтар. Ақтау қалалық соты қылмыстық топты құрған және басқарған Қазақстан азаматын 10 жылға бас бостандығынан айырды. ҚР Бас көлік прокуратурасының сайтында жарияланған ақпаратқа сәйкес, 2016-2018 жылдар аралығында бір топ адам құрылыс материалдарын жеткізу деген желеумен Ираннан Қазақстанға 1 миллиард теңгеден астам сомаға темекі мен темекі өнімдерін заңсыз өткізген. «Қылмыстық топтың ұйымдастырушысы халықаралық іздеуде болып, Әзербайжан Республикасынан экстрадицияланды. Топтың басқа мүшелері бұған дейін әртүрлі жазаға тартылған. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ», – деп мәлімдеді қадағалау органы. (Көрнекі сурет CaspianLife редакциясының мұрағатынан)

Read More