Автор: Сайт әкімшілігі

CaspianLife, 7 ақпан. Бұған дейін хабарланғандай, «Халықаралық Голдбридж компаниясы» ЖШС Атырау облысында жылына 144 мың тонна қант өндіретін зауыт салу бойынша ауқымды жобаны жүзеге асыруды жоспарлап отыр. Жоба ішкі нарықтағы қантқа деген сұранысты қанағаттандыруға бағытталған. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, аталған көлемдегі қант өндіру үшін шамамен 900 мың тонна қызылша немесе қант құрағы шикізаты қажет болады. «Инвестор атыраулық компаниямен келіссөздер жүргізді, бұл компания қант қызылшасын өсіруге дайын. Жобаның құны – 58 млрд теңге. 200 жаңа жұмыс орны ашылады», – деп нақтылады министрлік. Дереккөз: www.caspianlife.kz (сурет ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің сайтынан)

Read More

Каспий теңізінің жағалауына жақын орналасқан Жанбай ауылының маңында 4 адамнан 530 келі балық тәркіленді. Олар балық салынған шананы мотоциклмен сүйреп келе жатқан. Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, Исатай ауданында «Урал» мотоциклі тоқтатылған. Мотоциклге тіркелген шанада заңсыз ауланған балық болған. – Облыс аумағында 1-28 ақпан аралығында табиғи ресурстарды заңсыз айналымнан қорғау мақсатында кең ауқымды «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр. Осыған орай Исатай ауданындағы Жанбай ауылы маңында рейдтік іс-шара кезінде шана сүйреп келе жатқан «Урал» мотоциклі тоқтатылды. Мотоциклде 4 адам, шанада 10 қапқа салынған 530 келі балық болған. Заңсыз балық аулаушылардан 2 пышақ, 2 дана радиоқабылдағыш табылды. Тәркіленген балық…

Read More

CaspianLife, 6 ақпан. Оның сөзінше, елімізде тиімсіз және орынсыз шығындарды болдырмау туралы ережелер қажет. «Қазір барлығымыз Америка Құрама Штаттарында не болып жатқанынан, жаңа әкімшіліктің қызметінен хабардармыз. Мемлекеттік шығындарды азайтуға бағытталған жаңа министрлік құрылды. Оны Илон Маск басқарады. Олар әрбір мемлекеттік органды тексеріп, тиімсіз және орынсыз шығындарды алып тастап жатыр. Осылайша біраз қаражатты үнемдемек. Әрине, бізге ешкімнен ештеңені көшірудің қажеті жоқ. Бірақ біз шығындарымызды тиімді жұмсау мәселесіне назар аударғанымыз жөн», — деді Сенат спикері. Мәулен Әшімбаев бюджет саясатын жетілдірудің екі жолы бар екенін айтты (видео) IMG_9821

Read More

CaspianLife, 6 ақпан. Кеше Ақтауда Маңғыстау облысының дамуына елеулі үлес қосқан азаматтарға «Маңғыстау облысының Құрметті азаматы» атағын беру рәсімі өтті. Салтанатты жиынға облыс әкімінің орынбасары Тілек Жеткізгенұлы қатысып, өңір басшысы Нұрдәулет Қилыбайдың атынан құттықтап, өңірдің өркендеуіне сүбелі үлес қосқан тұлғаларға құрмет көрсетті. Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, «Маңғыстау облысының Құрметті азаматы» атағы мына азаматтарға берілді: Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ақын Сабыр Адай, Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, еңбек сіңірген бапкер Асылбек Килимов, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері Бас қолбасшылығының өкілі Ратмир Комратов, Қ.Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық театрының көркемдік жетекшісі Гүлсина Мірғалиева, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, ақын Светқали Нұржан, ҚР Индустрия және…

Read More

Осы сұрақты Сенат спикері Мәулен Әшімбаев Премьер-Министрдің орынбасары Серік Жұманғаринге қойды. Бұл сұраныс ҚҚС-тың мүмкін болатын көтерілуі аясында және қазақстандықтардың мемлекет тарапынан орынсыз шығындарға қатысты сындарының күшеюіне байланысты көтерілді. IMG_9057

Read More

CaspianLife, 6 ақпан. Ақтөбе облысы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы прокуратура мен ҰҚКД-нің қолдауымен әлеуметтік маңызы бар газды кен орнынан ұрлаумен айналысқан қылмыстық топты ұстады. Polisia.kz сайтының мәліметінше, күдіктілер газ өндіру саласында қызмет ететін компанияның жұмысшылары болып шықты. — Олар отын сақтау қоймаларындағы өлшеу құралдарына техникалық айла-шарғылар жасап, есепке алынбаған газ қалыптастырып отырған. Кейін бұл газды теміржол арқылы сатып жіберген. Кен орнынан сату нүктесіне бара жатқан жолда ұрланған газ тиелген 12 вагон ұсталды. Қазіргі таңда тиісті сараптамалар тағайындалды, олардың нәтижесі бойынша мемлекетке келтірілген залал көлемі анықталады. Тергеу шаралары жалғасуда, — деп мәлімдеді ҚР ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес…

Read More

CaspianLife, 6 ақпан. Бүгін түнде Астрахан облысындағы жабық әкімшілік-аумақтық құрылым (ЖӘАҚ) Знаменскіде (жергілікті уақыт бойынша шамамен 03:00-де) әуе дабылы жарияланды. Бұл туралы ресми ақпарат ЖӘАҚ Знаменскінің Telegram-арнасында жарияланды. Үш сағаттан кейін «Ұшқышсыз ұшу аппараттарының (ҰҰА) шабуылы қаупі» дабылы тоқтатылды. Анықтама: Знаменск – Ресейдің Астрахан облысының солтүстігіндегі қала. Капустин Яр сынақ полигонының әкімшілік және тұрғын орталығы. Жабық әкімшілік-аумақтық құрылым мәртебесіне ие.

Read More

CaspianLife, 5 ақпан. Бүгін таңертең Астрахань қаласын газ иісі басып қалды, оған өңдеу процесінен кейін (одоризация) ерекше иіс пайда болады. Аймақ губернаторы Игорь Бабушкиннің айтуынша, газдың иісінің себебі – Астрахань газ өңдеу зауытындағы (АГӨЗ) қондырғылардың іске қосылуы. Оның сөзінше, мамандар қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп, таңертеңнен бастап өндірісті іске қосуға кірісті. Қазіргі уақытта іске қосу-жөндеу процесі жүріп жатыр, оның ішінде алаулы жағу жүйесі де іске қосылған. «Аксарайск маңынан өткендер бұл алауларды көруді. Олардың кейбірі зауыт жұмысының тоқтауына байланысты сөндірілген еді. Сондай-ақ, осы процесс кезінде газ шығарылып, кейіннен тұрмыстық газ плитасындағыдай жағылады. Метеоқызмет мәліметтері бойынша, газ далаға қарай ығысуда. Ашық кеңістікте табиғи…

Read More

Caspian Life, 5 ақпан. Депутат Мұрат Әбеновтің айтуынша, қыз алып қашқандар бас бостандығынан айыру, айыппұл, қоғамдық жұмыс сынды жазаға тартылады. «Бәрі жағдайға байланысты. Бұл бір топ адаммен жасалса, кәмелетке толмаған балаға қатысты болса, қандай да бір зиян келтірілсе, психологиялық немесе физикалық қысым жасалды ма», бәрі ескеріледі”, – деді депутат. Қыз алып қашу бұған дейін жалпылама “Адам ұрлау” деп қарастырылатын. Енді қызды үйлену үшін ұрлау деп бөлек қарастырылады.

Read More

Caspian Life, 5 ақпан. Жыл басталмай жатып өңірде үш адам өз-өзіне қол жұмсаған. Соның бірі — «Алмагүл» ықшам ауданындағы көпқабатты үйлердің бірінің 8-қабатынан секірген 45 жастағы әйел. Әлеуметтік желіде бұл оқиға қызу талқыға түсті. Мәселені бір жақты қылу керек деп пікір қалдырғандар көп. Өйткені ашық жатқан балконға өмірін қиюға асыққандар әбден үйір болған. Сол үйдің тұрғындары да бұл жағдайға алаңдаулы. Солардың бірі — Абай Бишенов. Оның “Алмагүл” ықшам ауданында тұрғанына 11 жыл. Осы уақыт аралығында бірнеше өлімнің куәсі болдым, дейді ол.  Ал полицейлер болса, адамдардың өзіне қастандық жасауына түрлі себеп барын, Алмагүлде қайғылы жағдайдың жиілеуіне байланысты жергілікті атқарушы органға ұсыным…

Read More