Автор: Сайт әкімшілігі

Caspianlife, 29 қаңтар. Су ресурстары және ирригация министрлігі  жыл соңына дейін су ресурстары бойынша ақпараттық жүйені әзірлеуді аяқтауды жоспарлап отыр. Министрліктің баспасөз қызметінің мәліметінше, жүйеге Қазақстан аумағындағы 17 736 өзен мен 2 949 шағын көл, Каспий және Арал теңіздерінің шекаралары, 8 су шаруашылығы бассейні мен 77 су шаруашылығы учаскесі, 377 магистральдық канал, 56 тоған, 297 су қоймасы және 548 бөгет цифрлық форматта енгізілетін болады. Сонымен қатар, бұл жұмысты жүзеге асыруға Су ресурстары және ирригация министрлігіне қарасты Ақпараттық-талдау орталығы тартылған. Бұл құрылым су шаруашылығы саласындағы барлық деректерді жинау және өңдеу, қысқа және ұзақ мерзімді болжам жасау, модельдеу және басқа да талдамалық…

Read More

CaspianLife, 28 қаңтар. Бүгін FlyArystan әуе компаниясының FS 7366 рейсі бойынша Орал – Астана бағытына ұшқан ұшақ Орал қаласы әуежайында құстар үйірімен соқтығысты. Air Astana әуе компаниясының баспасөз қызметінің мәліметінше, ұшақ жүйелері мен қозғалтқыштарында ақаулар байқалмағандықтан, экипаж ұшуды жалғастырып, Астана қаласының әуежайына қалыпты режимде қонған. «Қону кезінде ұшақтың сол жақ қозғалтқышының компрессор қалақтары мен фюзеляж бөліктерінің бірнеше жерінде зақымданулар анықталды, сондай-ақ қозғалтқыштың ішінде және ұшақтың сыртында құс қалдықтары табылды. Бұл үлгілер құстардың түрін анықтау мақсатында ДНҚ-тестілеуге жіберіледі. Бұл Орал әуежайында осындай оқиғалардың алдын алуға мүмкіндік береді», – деп хабарлады әуе компаниясы. Air Astana компаниялар тобы құстармен соқтығысу қаупін азайтудың маңыздылығын…

Read More

Caspianlife, 28 қаңтар. Астрахан облысы Қызылжар ауданы Қараөзек ауылында Атыраудан келген өнертанушы, Дина Нұрпейісова атындағы қазақ халық аспаптары оркестрінің солисті Ақнар Тәттібайқызының концерті өтті. Қазақстан Республикасының Астрахан қаласындағы Бас консулдығының хабарлауынша, атыраулық өнерпаз Қараөзек көрермендеріне көне музыкалық аспап – қобызда ойнау шеберлігін көрсетті. Музыкалық кеште қазақ композиторы Ықылас Дүкенұлының (1843–1916) өмір мен өлім жайлы архаикалық сарындары және жануарлар әлемімен байланысты күйлері – «Қасқырдың ұлуы», «Аққу», «Жезкиік» орындалды. Шараға Қараөзек ауылынан шыққан, Астраханьдағы көмеймен ән айту шебері Әзиз Гулиев те қатысып, қазақстандық өнерпаздың өнер көрсетуін ұйымдастыруға атсалысты. Дереккөз: www.caspianlife.kz Сурет: ҚР Астрахан қаласындағы Бас консулдығының сайты

Read More

CaspianLife, 28 қаңтар. 2024 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанның барлық өңірлерінде мемлекеттік әлеуметтік қорғау инспекторлары 2 695 тексеріс жүргізді, оның ішінде 741-і профилактикалық бақылау, 751-і жоспардан тыс тексеру, 1 203-і прокуратураның талаптары бойынша жүзеге асырылған. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, тексеріс нәтижелері бойынша анықталған заңбұзушылықтарды жою жөнінде 1 087 нұсқама беріліп, жалпы сомасы 230,3 млн теңгені құрайтын 973 әкімшілік айыппұл салынды. Мемлекеттік бақылау келесі нысандарды қамтыды: әкімдіктер – 178, жергілікті атқарушы органдардың бөлімдері мен басқармалары – 112, мемлекеттік мекемелер – 117, балабақшалар – 470, мектептер – 805, колледждер мен лицейлер – 145, ауруханалар мен емханалар –…

Read More

CaspianLife, 27 қаңтар. Атырау облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері картасын жүзеге асыру аясында құрылысы ұзаққа созылған нысандарды бақылауға алды. Бұл нысандарда құрылыстың аяқталу мерзімдері бұзылған және ұрлық тәуекелдері бар. Атырау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департаменті таратқан ақпаратқа сәйкес, мұндай нысандар саны сегізге жеткен. Солардың бірі – Махамбет ауданының Сарытоғай ауылындағы 200 орындық Мәдениет үйі. Бұл нысанды жұмыс сапары барысында департамент басшысының бірінші орынбасары Нұрлан Жахин барып көрді. Аталған нысанның құрылысына 2017 жылы шамамен 260 млн теңге бөлінген. Алайда құрылыс аяқталмай қалған. Бұл жағдай сот ісіне алып келіп, оның нәтижесінде Атырау облысының Мамандандырылған ауданаралық экономикалық…

Read More

CaspianLife, 27 қаңтар. Қазақстандық «Taraz» танкері Қашаған мұнайымен Ақтау портынан Баку портына жол тартты. Бұл жеткізілім ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың отандық көмірсутектерді экспорттаудың балама бағыттарын дамыту жөніндегі тапсырмасын іске асыру аясында «ҚазМұнайГаз» компаниялар тобының бастамасымен жүзеге асырылуда. Ұлттық компания «ҚазМұнайГаз» баспасөз қызметінің хабарлауынша, мұнай кейін Баку-Тбилиси-Джейхан (БТД) құбыр жүйесі арқылы Жерорта теңізіне тасымалданады. Экспорттаушы – «ҚМГ Қашаган Б.В» компаниясы. Бұл қадам Транскаспий халықаралық көлік маршрутын әрі қарай дамытуға ықпал етеді. 2022 жылы «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (ҚМГ) мен Әзербайжанның мемлекеттік мұнай компаниясы SOCAR арасында қазақстандық мұнайдың транзиті туралы бас келісімге қол қойылған болатын. Ал 2024 жылдың наурыз айында ҚМГ мен SOCAR…

Read More

Caspianlife, 27 қаңтар. Өңірлерде су тасқынының алдын алу шараларын қамтитын республикалық және өңірлік кешенді жоспарлар жүзеге асырылуда. Су тасқыны қаупі бар аумақтар мен елді мекендер анықталды. ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, су тасқыны кезеңіне дайындық аясында инфрақұрылымды нығайтуға және қауіп-қатерді азайтуға бағытталған жобалар қарқынды жүзеге асырылуда. Негізгі шараларға қорғаныс бөгеттері мен үйінділерін салу және нығайту, су бұру арналары мен арықтарын орнату, сондай-ақ су өткізгіш құрылғылар мен жауын-шашын кәріз жүйесін жөндеу жатады. Су тасқыны кезеңінің қауіпсіз өтуін қамтамасыз ету мақсатында өңірлерде су тасқынына қарсы айлық іс-шаралар жүргізілуде. Хабарламада 2024 жылы Атырау облысында ұзындығы 250 км болатын жағалауды бекіту жұмыстары…

Read More

CaspianLife, 27 қаңтар. Америка Құрама Штаттарындағы (АҚШ) Қазақстан Республикасының Елшілігі АҚШ аумағында жүрген Қазақстан азаматтарының назарын шекара қауіпсіздігін күшейтуге және заңсыз миграцияны қысқартуға бағытталған осы елдегі миграциялық саясаттың қатаңдатылуына аударды. Қазақстанның АҚШ-тағы Елшілігінің сайтында жарияланған үндеуде айтылғандай, АҚШ билігінің қабылдап жатқан шаралары елге заңсыз келген шетелдіктерге (қолданыстағы визасы мен грин-картасы жоқ адамдар) және АҚШ аумағында жүрген заңсыз мигранттарға қатысты. Мәжбүрлі шаралармен қатар, мысалы, қамауға алу, елден шығару және АҚШ-қа қайта кіруге шектеу қою, әлеуметтік төлемдер, жұмыс істеуге рұқсат қағаздары және басқа да жеңілдіктер жойылатын болады. «АҚШ билігі елде болуға заңды негізі жоқ (қолданыстағы визасы, тұрақты тұруға рұқсаты және басқа да…

Read More

CaspianLife, 27 қаңтар. Бүгінгі таңда елдің транзиттік әлеуетін арттыруға мүмкіндік беретін жобалардың бірі – «Ақтөбе – Атырау – РФ шекарасы (Астрахань бағытына)» тасжолы. Республикалық маңызы бар ұзындығы 277 км жолдың 272 км-інде негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды. Жол жиегін нығайту, абаттандыру, тежегіш жолақтарын кеңейту жұмыстары жүргізілді, ал биыл тасжол толық пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. — Көпшілікті толғандыратын сұрақ – қалған бес шақырымдық жол қашан аяқталады? Қала сыртындағы «Атырау-Астрахань» тасжолына шығатын 616-621 шақырым аралығындағы учаскені облыстың коммуналдық меншігіне қабылдадық. Бес шақырымдық жолды қайта жаңғырту үшін жобалық-сметалық құжаттама дайын. Жоба мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын алды, барлық құжаттар Көлік министрлігі мен «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясына…

Read More

Caspianlife, 23 аңтар. Атырау қаласындағы Х.Доспанова атындағы халықаралық әуежай болашақта «Ашық аспан» режимінде жұмыс істейтін болады. Бұл жергілікті атқарушы орган мен көлік министрлігінің, сондай-ақ үкіметтің қолдауымен жасалған бірлескен жұмыстың нәтижесі. Бұл туралы Атырау облысы әкімінің орынбасары Қайрат Нұртаев аймақтық коммуникациялар қызметіне  берген сұхбатында хабарлады. Оның айтуынша, жаңа режим әуежайдың және аймақтық экономиканың дамуына елеулі әсер етеді, халықаралық және ішкі рейстердің санының артуына, сондай-ақ Батыс Еуропа, Таяу Шығыс, Азия сияқты маңызды бағыттар бойынша тікелей әуе қатынасының орнауына әкеледі. Сондай-ақ бұл авиакомпаниялар арасында бәсекелестікті күшейтіп, билет бағаларын төмендетуге ынталандырады. Жүк тасымалының дамуы шетелдік инвестицияларды тартуға мүмкіндік береді. Биыл қазіргі әуежайда жаңа терминал…

Read More