Автор: Сайт әкімшілігі

CaspianLife, 20 қаңтар. Өткен жылдың соңында «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы ресейлік «Татнефть» компаниясымен бірлесіп, Қаратон Подсолевой учаскесінде геологиялық барлау жұмыстарын бастады. «Самұрық-Қазына» қорының ресми Telegram-арнасында жарияланған ақпаратқа сәйкес, бұл учаскедегі алғашқы іздеу ұңғымасын бұрғылаудың басталуы – Қазақстанның ресурс базасын нығайтудағы маңызды қадам. Қаратон Подсолевой кен орны Теңіз сияқты ірі кен орнына жақын орналасқан. Тереңде көмірсутектерді іздеу бірқатар күрделі техникалық міндеттерді қамтиды: үлкен тереңдік, жоғары қысым, күкіртсутектің болуы және тұз қабаттарының қалыңдығы. «Қаратон Подсолевой» жобасы Қазақстандағы күрделі кен орындарына инвестиция тартуға мүмкіндік беретін жақсартылған үлгідегі келісімшарт аясында жүзеге асуда. Аталған келісімшарт салықтық және реттеушілік тұрғыдан маңызды жеңілдіктер ұсынып, осындай учаскелерді барлау және…

Read More

CaspianLife, 20 қаңтар. Қашаған кен орнынан алынатын шикізат негізінде жылына 700 мың тоннаға дейін сұйытылған мұнай газын өндіретін технологиялық кешеннің құрылысы басталды. Бұл туралы ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Ел Президентінің тапсырмасы бойынша еліміздің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Үкіметі мен Қашаған кен орнының акционерлері арасында аталған кешеннің құрылысы жөнінде стратегиялық келісімге қол жеткізілген. «2026 жылдан бастап қосымша сұйытылған мұнай газы халықты автогазбен қамтамасыз етіп қана қоймай, өңірде мұнай-газ химиясының дамуына жол ашады», – деп атап өтілген хабарламада.

Read More

CaspianLife, 20 қаңтар. Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің мәліметіне сәйкес, жалпы қылмыстың 5,3%-ға (140 272-ден 132 778-ге) төмендеуінің оң динамикасы байқалады. Бұл ретте өсу Маңғыстау облысында 12,2% -ға (3097-ден 3474-ке), Атырау облысында 8,5%-ға (4283-тен 4647-ге), Павлодар облысында 5,6%-ға (5039-дан 5322-ге), Қызылорда облысында 4,6%-ға (2871 – 3003), Ұлытау облысында 2,8%-ға (1278-ден 1314-ке), Алматы облысында 1,6%-ға (10223-тен 10385-ке) және Ақмола облысында 0,7%-ға (5084-тен 5120-ға) дейін байқалады. Қазақстан Бас прокуратурасының мәліметінше, ең көп қылмыс Алматы– 24 965 (18,8%) және Астана қалаларында– 17 339 (13,1%), Алматы – 10 385 (7,8%) және Қарағанды – 7 562 (5,7%) облыстарында жасалған. Қылмыстық құқық бұзушылықтардың жалпы санынан 34%алаяқтық (45 156), 23% -ұрлық (30 593), 6,3% -есірткі қылмысы (8 363), 1,2% — тонау (1 551), 1,2% -…

Read More

CaspianLife, 20 қаңтар. Мемлекет басшысының «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» Ұлттық құрылтайында берген тапсырмасына сәйкес, 2024 жылы 1 700 шақырымнан астам газ желілері салынып, 300 мыңнан астам тұрғын көгілдір отынға қосылу мүмкіндігіне ие болды. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, елді мекендерді газдандыру халықтың өмір сүру сапасын арттырып, экологияға келетін зиянды азайтады, баламалы отын сатып алу шығындарын қысқартады әрі өңірлердің инвестициялық тартымдылығын көтереді. 2025 жылы мемлекет тарапынан 7 елді мекенді газдандыру бойынша 45 жобаны іске асыруға 65,9 млрд теңге бөлінген. Бұл жобаларды жүзеге асыру елдегі газдандыру деңгейін 62 пайызға дейін көтеруге мүмкіндік береді, яғни 12,4 миллионнан…

Read More

Caspianlife, 20 қаңтар. 2025 жылдың 5 сәуірінен бастап мопедтер ресми түрде механикалық көліктерге теңестіріледі, – деп хабарлады polisia.kz сайтынының баспасөз қызметі. Оларды пайдалану үшін төмендегі талаптарды орындау қажет: мопедті полицияда тіркеу; А1, А немесе В санатындағы жүргізуші куәлігі болуы; техникалық тексеруден өту; азаматтық жауапкершілікті сақтандырудан өту. Тіркелу үшін тұрғылықты жеріңіз бойынша арнайы ХҚКО-ға келесі құжаттармен жүгіну қажет: жеке куәлік (электронды түрде болуы мүмкін); мопедтің техникалық құжаты немесе сипаттамалары. Содан кейін өтініш толтырып, мопедті тексерістен өткізуге апарып, қажетті мемлекеттік баждарды төлеу керек. Маңызды: 2025 жылдың 5 сәуірінен бастап тіркелмеген мопедті пайдалануға, жүргізуші куәлігінсіз мопед жүргізуге тыйым салынады. «Бұзушылықтарды болдырмау үшін мопедті…

Read More

CaspianLife, 20 қаңтар. Бұл туралы Атырау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. Оқиға кеше түнде Атырау–Дамба тас жолында болған. «19 қаңтарда сағат 23:30 шамасында 2007 жылы туған жасөспірім басқарған ВАЗ-2170 және 2000 жылы туған жүргізуші тізгіндеген Toyota Camry автокөліктерінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды. Соқтығысу салдарынан 2009 жылы туған жасөспірім, ВАЗ-2170 көлігінің жолаушысы, оқиға орнында көз жұмды. Тағы бір жолаушы мен жүргізуші ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта кешенді тергеу амалдары жүргізілуде», – делінген хабарламада. (Сурет: Редакция мұрағатынан)

Read More

CaspianLife, 16 қаңтар. Қадағалау органы қызметкерлері су тарифін бекіту кезінде заңнама талаптарының сақталмағанын анықтады. Маңғыстау облысы прокуратурасының мәліметінше, әсіресе ауыл тұрғындары үшін жергілікті бюджеттен субсидияланатын судың бағасы негізсіз 70 теңгеден 120 теңгеге дейін көтерілген. «Осыған байланысты облыс прокуратурасы наразылық актісін енгізді. Қарау нәтижесінде мәслихаттың шешімі жойылып, жаңа шешім қабылданды. Бұл шешім бойынша судың бағасы 120 теңгеден 70 теңгеге дейін төмендетілді. Осылайша ауылдық елді мекендердегі 73 мың абоненттің құқықтары қорғалды», – делінген прокуратураның хабарламасында.

Read More

CaspainLife, 16 қаңтар. Полицияның мәліметінше, ескерту алған жүргізуші өлімге әкелген жол-көлік оқиғасына себеп болған. Атырау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, республикалық автожолдарда жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында патрульдік полиция ротасының қызметкерлерінің ескертулеріне қарамастан, бір сағаттан кейін жол-көлік оқиғасы орын алып, салдарынан екі адам қаза тапты. «15 қаңтарда сағат 14:00-де полицейлер көктайғақ салдарынан сақтық шараларын сақтау қажеттігі туралы жүргізушілерге ескерту жасады. Алайда Доссор-Құлсары-Бейнеу автожолының 53-ші шақырымында қоғамдық көлік (автобус – CaspianLife ескертпесі) пен Chevrolet Cobalt маркалы жеңіл көлік соқтығысты. Апат салдарынан 48 жастағы Chevrolet Cobalt көлігінің жүргізушісі мен оның жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Қазіргі уақытта полиция тергеу жүргізіп, оқиғаның…

Read More

Caspianlife, 16 қаңтар. Атырау облысының Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы облысымыздағы ірі пайдалы қазбаларды өндіруші компаниялармен бірлесіп, Атырау облысының жұмыссыз тұрғындарына арналған оқу сабақтарын ұйымдастыруды жалғастыруда. Аймақтық коммуникациялар қызметінің хабарлауынша, бұл бағдарлама «Теңізшевройл» (ТШО) компаниясының корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда. Бағдарламаға 18 жастан асқан жұмыссыз атыраулықтар, сондай-ақ Тенгиз кен орнының босатылған қызметкерлері қатыса алады. —Сабақтар электр монтаждаушы, БӨП монтаждаушы, құбыр монтаждаушы және металл конструкцияларын дәнекерлеуші мамандықтары бойынша өтеді. Ұзақтығы таңдалған мамандыққа байланысты екі айдан екі жарым айға дейін жалғаспақ. Үміткерлер білімнің базалық деңгейін анықтауға арналған 15 сұрақтан тұратын тестілеуден өтетін пәнді таңдай алады, — деді Жұмыспен…

Read More

Caspianlife, 16 қаңтар.  Бұл туралы Ресейдің федералдық мемлекеттік қазыналық мекемесі «Ресей Федерациясының мемлекеттік шекара қызметі» хабарлады. Ресей Федерациясының мемлекеттік шекара қызметі хабарламасында, 2025 жылдың 1 ақпанынан бастап Орынбор облысындағы Орск және Маштаково автокөлік өткізу пункттері арқылы көлік құралдары мен жүк тасымалының уақытша тоқтатылатыны айтылады. Бұл шешім Қазақстанның «Алимбет» (Ақтөбе облысы) және «Сырым» (Батыс Қазақстан облысы) өткізу пункттерінің жоспарлы жөндеуге жабылуына байланысты қабылданды. «Қазақстан тарапынан алынған мәліметке сәйкес, қайта жаңарту жұмыстары 16 айға дейін жалғасуы мүмкін. Орск және Маштаково өткізу пункттерінде мемлекеттік бақылау процедураларының қайта басталуы туралы қосымша ақпарат біздің ресми телеграм-арнамызда жарияланады. Ресей-қазақ шекарасын кесіп өту кезінде осы ақпаратты ескеруді…

Read More