Автор: Сайт әкімшілігі

CaspianLife, 23 қаңтар. Атырауда жалпы ұзындығы 27,5 шақырымды құрайтын солтүстік айналма жолының құрылысы 2026 жылы аяқталуы жоспарлануда. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі Атырау облысы әкімінің орынбасары Қайрат Нұртаевқа сілтеме жасап хабарлады. Оның айтуынша, қазіргі уақытта жолдың жеті шақырымына негізгі қабат төселіп, асфальт жабынының төменгі қабаты салынған. Сондай-ақ көпір мен жол айырықтарының қадалары орнатылған. «Бұл айналма жол басқа өңірлерден келген жүк көліктерінің Атырау қаласына кірмей-ақ өз бағыттары бойынша немесе көрші мемлекетке өтуіне мүмкіндік береді. Осылайша, жақын арада бұл ірі жоба көлік және логистика саласының экономикалық өсуіне ықпал ететін болады», — деді Қайрат Нұртаев. Сондай-ақ, солтүстік айналма жолының құрылысы 2023 жылы басталғаны…

Read More

Caspianlife, 23 қаңтар. 21 қаңтар күні түнде шамамен сағат 04:00-де 1968 жылы туған қала тұрғыны үйінен шығып, жоғалып кеткен. 22 қаңтар күні сағат 17:00-де полиция қызметкерлеріне көмек көрсету мақсатында төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары (су астында іздейтін мамандар) Жайық өзенінің Жұмыскер шағынауданындағы бөлігінде іздеу жұмыстарын бастады. Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, кеше, 22 қаңтарда шамамен сағат 19:35-те жоғалған азаматтың денесі судан табылып, полиция қызметкерлеріне тапсырылды. Іздеу-құтқару жұмыстарына тоғыз құтқарушы, бес техника бірлігі, екі қайық және бір дрон жұмылдырылды. (Сурет CaspianLife редакциясының мұрағатынан алынған)

Read More

CaspianLife, 22 қаңтар. Атырау қаласында құмар ойындарға тәуелділікке (лудомания) қарсы күрес мақсатында арнайы меморандумға қол қойылды. Бұл бастама «Заң мен тәртіп» қағидасы аясында жүзеге асырылып, қоғамдық тұрақтылықты нығайтуға бағытталған, — деп хабарлады Өңірлік коммуникациялар қызметі. Қаржылық мониторинг агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің өкілдері «Заң мен тәртіп» қағидасы аясында облыстық білім беру басқармасы және қалалық білім бөлімі басшылығының қолдауымен орта мектеп оқушыларына «қаржылық сауаттылық» бағытында өткен дәріс сабақтарына қатысып, пікір білдіріп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Аталған жиынға 150-ден аса білім беру ұйымының өкілдері, ұстаздар мен жауапты мамандар қатысты. Меморандумға Атырау облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы Данияр Тұрғанбаев пен қалалық білім бөлімінің…

Read More

CaspianLife, 22 қаңтар. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бұған дейін «Қатонқарағай, Зайсан және Кендірлі курорттық аймақтарының әлеуетін ашу қажет. Бұл жерлерде әуежай кешендері мен сапалы жол инфрақұрылымы тартылатын әуежайлар салу керек», – деп мәлімдеген болатын. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Мемлекет басшысының ішкі туризм мен жолаушылар әуе тасымалын дамыту жөніндегі тапсырмасына сәйкес, 2025 жылы елде Зайсан, Қатонқарағай және Кендірлі (Маңғыстау облысы) курорттық аймақтарында үш жаңа әуежайдың құрылысы басталды. Бұл жобаларды іске асыру аталған өңірлердің экономикасының дамуына серпін беріп, отандық және шетелдік туристер ағынын арттыруға ықпал етеді. Сонымен қатар, жаңа жобалар жергілікті тұрғындар үшін қосымша жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді.…

Read More

CaspianLife, 22 қаңтар. 21 қаңтар күні Ішкі істер министрлігі мен Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратура органдарының үйлестіруімен еліміздің он өңірінде ауқымды және ұзаққа созылған арнайы операцияны аяқтады. Бұл операция қылмыстық топтардың заңсыз әрекеттерін тоқтатуға бағытталды. Атап айтқанда, олардың жазаны өтеу мекемелеріне есірткі жеткізу, бопсалау және криминалитетті қаржыландыру арналарын ұйымдастырғаны анықталды. Қазақстан Республикасы ІІМ ведомстволық сайты (Polisia.kz) таратқан мәліметке сәйкес, шұғыл-іздестіру және тергеу шаралары елдің он өңірінде бір мезгілде жүргізілді. Негізгі мақсат – қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде орын алып отырған қылмыстық ахуалды тұрақтандыру, соның ішінде режимді бұзу мен тұрақсыздандыру әрекетін көздейтін тұлғалардың іс-әрекеттерін әшкерелеу. Жедел әзірлеу барысында бірнеше рет сотталған адамдардан құралған қылмыстық…

Read More

CaspianLife, 21 қаңтар. Атырау қаласы прокуратурасының хабарлауынша, «Атамекен тұрғын үй», «Family town», «Baisanat Residence» және «Saraishyq Invest Group» тұрғын үй құрылыс кооперативтерінің (ТҮҚК) құрылтайшыларының заңсыз әрекеттерінен зардап шеккен азаматтардың құқықтарын қорғау жұмыстары жалғасуда. Сот үкімімен аталған тұлғалар қылмыстық жауапкершілікке тартылып, 6 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. Үлескерлерге құқықтық көмек көрсету және тұрғын үй құрылысын аяқтау мақсатында прокуратураның бастамасымен қалалық әкімдік пен облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы өкілдерінің қатысуымен жұмыс тобы құрылған. Топтың негізгі міндеті – ТҮҚК құрылтайшылары заңсыз иеліктен шығарған мүлікті үлескерлерге қайтару арқылы олардың заңды құқықтарын қамтамасыз ету. «Осы жұмыстың нәтижесінде прокуратура «Baisanat Residence» ТҮҚК-нің…

Read More

Caspianlife, 21 қаңтар. Қазақстан–Қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пункттері 27 қаңтардан 1 ақпанға дейін жұмыс істемейді. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің (МКК) баспасөз қызметі хабарлағандай, Қытай Халық Республикасындағы Көктем мерекесіне байланысты 27 қаңтар сағат 20:00-ден 1 ақпан сағат 08:00-ге дейін Қазақстан–Қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пункттерінде адамдарды, көлік құралдары мен жүктерді өткізу тоқтатылады. «Қазақстан–Қытай шекарасындағы теміржол өткізу пункттері штаттық режимде жұмысын жалғастырады. Тасымалдаушылар мен шекарадан өтуді жоспарлап отырған азаматтарды енгізілген шектеулерді ескере отырып, өз бағыттарын алдын ала жоспарлауға шақырамыз», – делінген МКК хабарламасында.

Read More

CaspianLife, 21 қаңтар. Махамбет ауданында Бақсай каналының маңындағы далалық су жайылмаларында оттегінің жетіспеушілігінен тұншығып жатқан шортан тектес балық шабақтарын құтқару жұмыстары жалғасуда. Жайық-Каспий аралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының бас маманы Алмас Жұмашевтің айтуынша, 14–20 қаңтар аралығында каналдан 8,5 миллионнан астам балық шабағы (орташа салмағы 6 грамм) жиналып, Жайық өзеніне шығарылған. Бұл жұмыстарға 200-ге жуық адам мен 41 техника жұмылдырылған. Құтқару шараларына балық инспекциясы қызметкерлерімен қатар жергілікті атқарушы органдар (әкімдік), «Абылай хан», «Каспий рыба Евразия» балық кәсіпорындары, «Қазсушар» РМК жергілікті филиалының өкілдері, №99245 әскери бөлімінің сарбаздары мен еріктілер қатысуда. Алмас Жұмашевтің мәлімдеуінше, балықтарды Жайыққа тасымалдау мен құтқару жұмыстары әлі де жалғасуда.…

Read More

CaspianLife, 21 қаңтар. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі (ІІМ) шетелде жүрген қазақстандықтарды алаяқтықтың жаңа түрінен сақ болуға шақырады, деп хабарлайды Polisia.kz ведомстволық сайты. Бүгінде мыңдаған отандасымыз шетелде білім алып немесе жұмыс істеп жүр. Олар жергілікті ақпарат алмасу, өзара көмек көрсету мақсатында Telegram мен WhatsApp-та чаттар ашады. Алаяқтар осындай чаттарға қосылып, өзін қазақстандық ретінде таныстырып, валютаны әдеттегіден тиімді бағада айырбастау қызметін ұсынады. Соның нәтижесінде ақшаны тікелей аударуға қатысты адамдарды жалған схемамен байланыстырып, криптовалюта сатумен айналысатын немесе дроппер ретінде әрекет ететін тұлғалардың реквизиттерін береді. «Валютаны айырбастаймыз деген желеумен ақшаны алған соң, алаяқтар хат алмасуларды өшіріп, чаттардан шығып кетеді. Мұндай жағдайлар Кореяда, Қытайда…

Read More

Caspianlife, 20 қаңтар. Қазақстан азаматтарының зейнетақысы үш бөліктен құралады: базалық, ынтымақты және жинақтаушы. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметінің түсіндіруінше, базалық зейнетақы зейнет жасына жеткен барлық Қазақстан Республикасы азаматтарына тағайындалады. Ынтымақты зейнетақы 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін кемінде 6 (алты) ай еңбек өтілі бар азаматтарға төленеді. Ал жинақтаушы бөлік жеке зейнетақы жинақтары есебінен толықтырылады. Жалпы зейнетақы төлемдерінің мөлшері неге байланысты екенін ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі әзірлеген «Маңызды білу» айдарының кезекті шығарылымынан біле аласыздар.

Read More