Автор: Сайт әкімшілігі

Caspianlife, 21 ақпан. 2024 жылы Атырау қаласында мемлекеттік органдардың қызметінде 500-ден астам заңбұзушылық анықталды. Нәтижесінде қабылданған шаралар аясында 13 мың азаматтың құқықтары толық қалпына келтірілді. Бұл туралы Атырау қаласының прокуроры Руслан Айтимов мәлімдеді. Оның айтуынша, 104 кәсіпкерге жалпы сомасы 164 млн теңге қайтарылған, бұл қаражатты мемлекеттік органдар негізсіз төлемеген. Анықталған заңбұзушылықтар бойынша 140-қа жуық лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Олардың төртеуі этика кеңесінің шешімімен мемлекеттік қызмет беделіне нұқсан келтіргені және міндеттерін тиісті деңгейде орындамағаны үшін әртүрлі жазаға тартылды. Сондай-ақ, 39 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылса, оның бесеуі кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласқаны үшін жазаланды. «Сонымен қатар, бұрын сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін…

Read More

CaspianLife, 21 ақпан. Атырау облысы бойынша Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің департаменті «Batys Petroleum» ЖШС-ның жуу-булау станциясына қатысты тергеу жүргізуде. Бұл шара заңды тұлғаның өтініші негізінде басталған. Агенттіктің баспасөз қызметінің мәліметінше, жоспардан тыс талдау нәтижесінде компания тарапынан монополиялық жағдайды теріс пайдалану белгілері анықталған. Атап айтқанда, мұнай өнімдерін тасымалдауға арналған цистерналық вагондарға ағымдағы жөндеу қызметтері үшін монополиялық жоғары баға белгілеу фактілері тіркелген. Қазіргі таңда аталған заң бұзушылықтарды анықтау мақсатында тергеу амалдары жүргізілуде. Егер монополиялық жоғары баға белгілеу расталса, келесі антимонополиялық шаралар қолданылуы мүмкін: — компанияның жылдық айналымының 3-5%-ы мөлшерінде айыппұл салу;— монополиялық кірісті тәркілеу;— қызмет көрсету бағасын экономикалық негізделген…

Read More

CaspianLife, 20 ақпан. «Мемлекеттік техникалық қызмет» АҚ (МТҚ) алаяқтардың +870 кодынан қоңырау шалу жағдайлары туралы ескертеді. МТҚ хабарламасында көрсетілгендей, +870 телефон коды теңізде, әуе кеңістігінде және шалғай өңірлерде байланыс үшін қолданылатын Inmarsat спутниктік байланысына тиесілі. Алайда алаяқтар бұл кодтарды өз мақсаттарына пайдаланып, қазақстандық нөмірлерге ұқсастырып, азаматтарды алдауға тырысады. Сондай-ақ, алаяқтар төмендегі Inmarsat кодтарын қолдануы мүмкін: 📌 +870 – спутниктік желіге жалпы қолжетімділік (SNAC);📌 +871 – Атлант мұхиты, шығыс бөлігі (AOR-E);📌 +872 – Тынық мұхиты аймағы (POR);📌 +873 – Үнді мұхиты (IOR);📌 +874 – Атлант мұхиты, батыс бөлігі (AOR-W). +870 телефон коды жалпы қолданыста және қоңыраудың қай спутник арқылы жасалғаны белгісіз…

Read More

CaspianLife, 20 ақпан. Қадағалау органы екі жасөспірімдер спорт мектебінің директорлары спорт залдары мен алаңдарын жалға беруден түскен қаражатты негізсіз иемденгенін анықтады. Бұл қаржы бюджетке түсуі тиіс болған. Ақтөбе облыстық прокуратурасының мәліметінше, 12 миллион теңгеден астам бюджет қаражаты олардың жеке қажеттіліктеріне, соның ішінде букмекерлік кеңселердегі ұтыс ойынына жұмсалған. Аталған фактілер бойынша прокуратура екі қылмыстық іс қозғады. Тергеуді облыстық экономикалық тергеу департаменті жүргізді. «Биылғы 10 қаңтарда тергеу аяқталып, қылмыстық іс (біріктірілген істер) сотқа мәні бойынша қарауға жіберілді», – деп хабарлады прокуратура.

Read More

CaspianLife, 20 ақпан. «QazaqGaz» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Санжар Жаркешов North Caspian Operating Company (NCOC) делегациясымен кезекті кездесу өткізіп, Қашаған кен орнындағы жобаларды жүзеге асырудың негізгі аспектілерін талқылады. «QazaqGaz» ҰК» АҚ компаниялар тобының ресми Telegram-арнасының хабарлауынша, кездесу барысында QazaqGaz топ-менеджментіне NCOC-тың жаңа басшылары таныстырылды. Олардың қатарында стратегия және бизнес жөніндегі директор Франческа Лупо Стангеллини, жаңа әзірлемелер жөніндегі директор Мария Димос және коммерция жөніндегі директор Полина Щелкова бар. Санжар Жаркешов жаңа басшыларды қарсы алып, бірлескен жұмыстың жемісті болатынына сенім білдірді. Тараптар қуаты 1 млрд м³ болатын газ өңдеу зауытының (ГӨЗ) құрылысының барысын талқылады. Санжар Жаркешов QazaqGaz компаниясы келісім-шарттық міндеттемелердің орындалуын тұрақты…

Read More

CaspianLife, 20 ақпан. Астанадағы Қарулы күштердің Ұлттық әскери-патриоттық орталығында Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің жетекшілігімен Каспий маңы елдерінің өкілдері қатысқан келіссөздердің төртінші раунды өтті. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, кездесу барысындаRfcgbq тараптар Каспий теңізіндегі әскери қызмет саласындағы сенім шаралары туралы келісім жобасын талқылады. Аталған құжат Қазақстан тарапынан дайындалған және 2018 жылғы 12 тамызда Маңғыстау облысының Ақтау қаласында өткен Бесінші Каспий саммитінің қорытындысы бойынша мемлекет басшылары қол жеткізген келісімдерді жүзеге асыруға бағытталған. «Келісім жобасы Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы Конвенцияда бекітілген қағидаттарды жүзеге асыруды көздейді», – делінген хабарламада.

Read More

CaspianLife, 20 ақпан. Полиция мәліметінше, аймақта республикалық және өңірлік автожолдарда жол қозғалысын бақылау үшін ұшқышсыз ұшу аппараттары (дрондар) қолданыла бастады. Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, дрондар жол жүру ережелерінің бұзылуын тіркейді. Атап айтқанда, жылдамдықты арттыру, қарсы жолаққа шығу, басып озу ережелерін бұзу және басқа да қауіпті маневрлер анықталады. Бұл шара жол қауіпсіздігін арттыруға, құқық бұзушылықтарға жедел әрекет етуге және жол-көлік оқиғаларының алдын алуға мүмкіндік береді. Полиция барлық жүргізушілер мен жол қозғалысына қатысушыларды жол жүру ережелерін қатаң сақтауға шақырады және жолдағы қауіпсіздік – әркімнің жауапкершілігі екенін еске салады.

Read More

Caspianlife, 20 ақпан. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің (Polisia.kz) мәліметінше, Шымкент және Атырау әуежайларында қылмыстық полиция қызметкерлері Өзбекстан аумағында қарақшылық шабуыл жасаған үш Түркия азаматын ұстады. Ташкентте күдіктілер беттеріне маска киіп, бөтен көлікті тартып алмақ болған. Алайда зардап шеккендер белсенді қарсылық көрсеткендіктен, қылмыстық әрекеттерін аяқтай алмай, оқиға орнынан қашып кеткен. Қарақшылық шабуылдан кейін, халықаралық іздеу жарияланбай тұрып, екеуі Атырау облысына, ал үшіншісі Қазақстанның оңтүстігіне жасырынған. Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде барлық күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ақпарат көзі: www.caspianlife.kz

Read More

Caspianlife, 19 ақпан. Әзербайжан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі, генерал-полковник Кямаледдин Гейдаровтың бұйрығына сәйкес, «Әзербайжан әуе жолдары» әуе компаниясының ұшағы апатының салдарын жою және құтқару операциясына қатысқан қазақстандық құтқарушылар «Ынтымақтастық үшін» төсбелгісімен марапатталды. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, марапаттар Ақтау қаласында Әзербайжан Республикасының Бас консулы Айхан Сүлейманлының қолынан табысталды. Марапатталған ТЖМ қызметкерлері:  Қазақстан ТЖМ-ның наградталған қызметкерлері: — Сейталин Азамат Серікұлы — Аминов Тимур Владимирович — Айдаров Қани Манапұлы — Қараев Саясат Мұсаұлы — Кенжеғалиев Мәжит Серікбайұлы — Күлханов Азымбек Шындәулетұлы — Күзембаев Ербол Ахметұлы — Меңдібаев Наурызбек Ерланұлы — Нұғыманов Ардақ Қойшыбекұлы — Тілеубергенова Айман Мыңбайқызы «Бұл марапат…

Read More

Caspianlife, 19 ақпан. Астрахандағы 21 жергілікті жалпы білім беру мекемесінде қашықтан оқу енгізілді. Астрахан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, карантинге жабылған мектептердің қатарына №1, 2, 6, 9, 14, 18, 23, 24, 26, 28, 35, 40, 48, 49, 51, 55, 64, 71 мектептері, №2 және №4 гимназиялары, сондай-ақ №2 лицей кірді. «Бұл шаралар Астрахан облысы бойынша Ресейдің тұтынушылар құқықтарын қорғау және адам әл-ауқатын қадағалау федералдық қызметі қаулысына сәйкес, аталған білім беру мекемелерінде жедел тыныс алу вирустық инфекция  және тұмаумен сырқаттану деңгейінің эпидемиологиялық шегінен (20% және одан жоғары) асып кетуіне байланысты енгізілді», – делінген хабарламада. Сонымен қатар, қаланың төрт мектебінде жекелеген сыныптарға…

Read More