CaspianLife, 26 ақпан. Сауда қызметін дамытатын кәсіпкерлер үшін «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры ішкі сауда субъектілерін қолдау бағдарламасын ұсынады. «Даму» қорының мәліметінше, мемлекеттік көмек келесі бағыттарға жұмсалады: Сауда базарлары мен нысандарын жаңғырту/салу/кеңейту/қайта құру Сауда қызметін ұйымдастыру үшін жылжымайтын мүлік сатып алу (егер ол сатып алу кезінде сауда мақсатында пайдаланылмаса) Сауда жабдықтарын сатып алу Бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу Айналым қаражатын толықтыру Субсидиялау және кепілдендіру қолданылмайтын жобалар: Сауда-ойын-сауық орталықтарыЕлордалық және республикалық маңызы бар қалалардағы жобаларҚайта қаржыландыру қарастырылмаған Бағдарлама шарттары: Максималды несие сомасы:Облыстық маңызы бар қалалар үшін – 3 млрд теңгеге дейінШағын және моноқалалар, ауылдар үшін – 1,5 млрд теңгеге дейін Субсидиялау мерзімі:Инвестициялық мақсаттарға –…
Автор: Сайт әкімшілігі
CaspianLife, 25 ақпан. Ақтауда Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбайдың төрағалығымен өткен жиында Каспий итбалығының популяциясын сақтау мәселесі қаралды. Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, жиынға эколог-активистер, тәуелсіз сарапшылар және табиғат жанашырлары қатысты. Кездесу барысында Ақтау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің мұғалімі, «Эколидер» еріктілер клубының жетекшісі Бақытгүл Жақсылықова Каспий итбалығы мен оны қорғаудың маңыздылығы туралы баяндады. Сарапшының айтуынша, итбалықтардың жойылуына теңіздің ластануы, браконьерлік және өндірістік жұмыстар себеп болуда. — Теңіздің ластануы итбалықтың физикалық жағдайына әсер етіп, оны Каспий теңізінің экологиялық ахуалының тірі көрсеткішіне айналдырады. Итбалық – Каспий теңізінің эндемигі, яғни ол әлемнің басқа ешбір жерінде кездеспейді. Сондықтан оны сақтау аса маңызды, —…
CaspianLife, 25 ақпан. 2024 жылдың қаңтар-қыркүйек айлары аралығында Қазақстанның курорттық аймақтарына 3,4 миллион турист келді. Қонақ үйлер мен орналастыру орындары көрсеткен қызмет көлемі 129 млрд теңгені құрады. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті ең танымал бес туристік бағыттың рейтингін жариялады: 5-орын: Балқаш курорттық аймағы – Балқаш көлінің жағалауындағы ерекше аймақ 120 948 туристі табиғи сұлулығымен баурап алды. 4-орын: Алакөл курорттық аймағы – Абай облысындағы Алакөл 125 621, Жетісу облысында 113 059 туристі қабылдап, елдің маңызды табиғи жауһарларының бірі екенін тағы бір рет дәлелдеді. 3-орын: Щучинск-Бурабай курорттық аймағы – аймақтың табиғи байлығы, орманы мен көлдері, курорттық кешендері 275…
CaspianLife, 24 ақпан. Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау аясында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қоғамда «Заң және тәртіп» қағидаларын ілгерілету жұмысын жалғастыруда. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мәлімдеуінше, қазіргі заманда жемқорлыққа тиімді қарсы тұру қоғамның белсенді қолдауы мен қатысуынсыз мүмкін емес. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, жемқорлыққа мүлдем төзбеушілікті дамыту және азаматтардың белсенділігін арттыру мақсатында Антикор жедел хабарлау үшін жаңа құрал енгізуде. «Біз Антикор 1424 жаңа WhatsApp-чат-ботының іске қосылғанын хабарлауға қуаныштымыз. Енді әр азамат сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлап немесе жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша кеңес ала алады. Ол үшін WhatsApp мессенджеріне 8 777 000 1424 нөміріне хабарлама жіберу жеткілікті», —…
CaspianLife, 24 ақпан. Қазанда Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов пен Татарстан Республикасы Раисы (Президенті – CaspianLife ескертпесі) Рустам Миннихановтың кездесуі өтті. Атырау облысы делегациясының жұмыс сапары аясында ұйымдастырылған іс-шара өңіраралық ынтымақтастықты нығайту мен Ресей мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынасты дамытуға бағытталды, деп хабарлайды Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі. Келіссөз барысында Серік Шәпкенов жылы қабылдау үшін алғыс айтып, мұнай-химия саласындағы өзара іс-қимылдың маңыздылығын атап өтті: «Атырау облысы – Қазақстанның мұнай астанасы, ал Татарстан бұл салада үлкен тәжірибеге ие. Мұнда қалыптасқан технологиялар мен тәжірибелерді жоғары бағалаймыз. Біз үшін мұнай-химия кешенін дамытуды жеделдету маңызды, сондықтан осы саладағы табысты тәжірибені қолдану – стратегиялық қадам. Біз…
CaspianLife, 24 ақпан. Ауыл шаруашылығы министрлігі, Сауда және интеграция министрлігі (СИМ), Құс өсірушілер одағы, жұмыртқа өндірушілер салалық қауымдастығы және Сауда желілері одағы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру шараларын жүзеге асыру бойынша ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, меморандумның негізгі мақсаты – бағаның тұрақтылығын қамтамасыз ету және бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін арттыру. «Жергілікті өндірушілерді қорғау мақсатында Ауыл шаруашылығы министрлігі азық-түлік жұмыртқасын әкелуге шектеу енгізу мәселесін қарастырады және СИМ-мен бірлесіп, «сұр» импорттың сатылуына жол бермеу бойынша бақылау шараларын қабылдайды. Құс өсірушілер одағы мен қауымдастық құс фабрикаларының қоймаларынан және өздерінің фирмалық дүкендерінен босату бағасының тұрақтылығын…
CaspianLife, 24 ақпан. Бұл туралы өткен жұма, 21 ақпанда, Жайық-Каспий аймақаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясында өткен кеңесте мәлімделді. Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметінің (ӨКҚ) хабарлауынша, кеңес барысында 2021-2030 жылдарға арналған бағдарлама негізінде 2025 жылға қарай балық өсірудің көлемін арттыру мәселелері талқыланды. Кеңеске Жайық-Каспий аймақаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының мамандары, Атырау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының, Маңғыстау облысының балық шаруашылығы басқармасының, Батыс Қазақстан облысының (БҚО) табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшылары мен балық өсірумен айналысатын мекемелердің өкілдері қатысты. Жайық-Каспий аймақаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының (ЖКАББШИ) басшысы Нұрлыбек Ғайсынның айтуынша, кеңестің негізгі мақсаты – Атырау облысы, БҚО және…
CaspianLife, 24 ақпан. Осыған байланысты жүргізушілерден қауіпсіздік ережелерін сақтап, жолдардағы ауа райының нашарлауын ескеруді сұрайды. «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының ресми арнасының хабарлауынша, бүгін, 24 ақпанда Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қостанай, Қызылорда, Түркістан, Маңғыстау облыстарында, сондай-ақ Ұлытау өңірінде кей жерлерде қар жауады.
CaspianLife, 23 ақпан. Бүгін FS 7375 рейсімен Астана – Ақтау бағыты бойынша ұшу кезінде ұшақтың жоғарғы жүк сөресінде жолаушының сөмкесі өртенді. FlyArystan әуе компаниясының баспасөз қызметінің мәліметінше, өртті бортсеріктер жедел сөндірген. Ұшақ бортында 182 жолаушы болған. Әуе кемесі ұшу әуежайына қайта оралып, қону штаттық режимде өтті. «Оқиғаның барлық мән-жайы анықталған соң қосымша ақпарат беріледі. Рейс Астана уақыты бойынша 17:10-ға ауыстырылды. Барлық жолаушы билеттерін тегін қайта брондау немесе ақшасын қайтарып алу құқығына ие», – делінген хабарламада. Бұған дейін әуе компаниясы портативті қуаттағыш құрылғыларды тасымалдау ережелері туралы ақпарат жариялаған: https://t.me/flyarystan_inform/406
CaspianLife, 21 ақпан. «Иманғали» мешітінде ҚМДБ Төрағасының орынбасары, наиб мүфти Кенжетай Дүйсенбай жұма намазынан кейін Атырау жамағатына жаңа бас имамды таныстырды. ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен Атырау облысының бас имамы болып Болатбек Ұласқанұлы Әбу тағайындалды. Ол бұған дейін Алматы қаласы Бостандық аудандық «Байкен» мешінің бас имамы қызметін атқарды,-деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі. Болатбек Әбу 1982 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген, халықаралық деңгейде тәжірибесі бар білікті маман. Ол Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің аударма ісі мамандығы бойынша бакалаврын, араб филологиясы магистратурасын, шетел филологиясы бойынша докрантурасын тәмәмдаған. Сондай-ақ 2013 жылы аймақтық әлеуметтік-инновациялық университетін, республикалық имамдар білімін жетілдіру университетін…
