Автор: Сайт әкімшілігі

CaspianLife, 3 наурыз. Бұл туралы Торонто қаласында (Канада) өткен PDAC-2025 геология және тау-кен өнеркәсібі саласындағы әлемдегі ең ірі көрме барысында мәлімделді. «KAZAKH INVEST» ұлттық компаниясы» АҚ баспасөз қызметінің хабарлауынша, іс-шараға қазақстандық және халықаралық компаниялардың өкілдері, инвесторлар мен мемлекеттік органдардың басшылары қатысты. Негізгі  баяндамалардың бірін Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Инвестициялар комитетінің төрағасы Габидулла Оспанкулов жасады. Панельдік сессия барысында Қазақстанның шетелдік инвестицияларды тарту бойынша стратегиялық бастамалары, тау-кен өнеркәсібіндегі жеткізілім тізбегін дамыту және қолайлы бизнес-климатты қалыптастыру мақсатында ұлттық заңнаманы жетілдіру мәселелері талқыланды. Қазақстандық делегация пайдалы қазбаларды өндіру және қайта өңдеу саласындағы перспективалы жобаларды, сондай-ақ шетелдік инвесторларды мемлекеттік қолдау тетіктерін таныстырды. Ерекше назар…

Read More

CaspianLife, 3 наурыз. Жуырда Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Абат Ұрысбаев аймақ басшысы Нұрдаулет Қилыбайдың тапсырмасымен Стамбұл қаласына жұмыс сапарымен барып, бірқатар келісімдерге қол жеткізді. Әкімдіктің баспасөз қызметінің мәліметінше, Маңғыстаудан 100 студент Түркияның Анталия және Мармарис қалаларында туризм саласы бойынша тегін тағылымдамадан өтеді. Сонымен қатар, 50-ге жуық дәрігер Medicana Health Group клиникасында кәсіби біліктілігін арттыруда. Маңғыстау облысының білім басқармасы мен Түркияның «Курорттық аймақ» туристік қызметтер сауда акционерлік қоғамы арасында қол қойылған меморандум аймақтағы туризм және сервис саласына білікті мамандар даярлауға бағытталған. Осы келісім аясында маусым айынан бастап Мармаристегі Woxxx Hotels Group 50 студентті оқытып, тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді. Тағы 50 студент…

Read More

CaspianLife, 3 ақпан. Бүгіннен бастап КМК «Атырау облысы Су арнасы» мекемесінің апаттық қызметтің байланыс нөмірлері өзгергенін хабарлады. Су құбырлары мен кәріз жүйесіндегі апаттарға байланысты сұрақтар бойынша келесі нөмірлерге хабарласа аласыз: 📞8 (7122) 760923 📞 8 (7122) 760918

Read More

CaspianLife, 3 наурыз. Қазақстандық әуе компаниялары жолаушылар сұранысын қанағаттандыру мақсатында Наурыз мейрамы қарсаңында қосымша рейстер санын көбейту мәселесін қарастырды. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 16-30 наурыз аралығында 120 қосымша рейс қосылды, оның ішінде: «Air Astana» әуе компаниясы 55 рейс қосты: Ішкі бағыттар бойынша:— Астана – Алматы + 8 рейс;— Атырау – Астана + 6 рейс;— Атырау – Алматы + 3 рейс;— Алматы – Шымкент + 2 рейс;— Алматы – Қызылорда + 2 рейс;— Алматы – Ақтау + 1 рейс;— Алматы – Ақтөбе + 1 рейс;— Алматы – Өскемен + 1 рейс;— Астана – Ақтөбе + 1 рейс;— Астана…

Read More

CaspianLife, 2 наурыз. Бүгін Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданына қарасты Басқұдық ауылында жеке тұрғын үйде бір отбасы газдан уланып қайтыс болды. Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға орнына жеткен құтқарушылар мен жедел жәрдем қызметкерлері үй ішінде жеті адамның мәйітін анықтады, оның ішінде бесеуі – кәмелетке толмаған балалар. Алдын ала мәліметтер бойынша, қайғылы жағдай газ жабдығын дұрыс пайдаланбау салдарынан болған. Қаза тапқандар – Қазақстанда уақытша тұрып жатқан Өзбекстан азаматтары екені анықталды. «Төтенше жағдайдың себептерін анықтау үшін облыс әкімінің бірінші орынбасары Ербол Ізбергеновтің жетекшілігімен арнайы комиссия құрылды. Қайтыс болған отбасының жақындарына жан-жақты көмек, соның ішінде жерлеу рәсіміне қолдау көрсетіледі. Бұл мәселе облыс…

Read More

CaspianLife, 1 наурыз. Ақорда баспасөз қызметі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Рамазан айының басталуына орай құттықтауын жариялады. “Құрметті отандастар! Баршаңызды қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтаймын! Бұл – халқымыздың рухани өмірінде айрықша маңызы бар кезең. Ораза кезінде сабырлылық пен қанағатшылдық, жанашырлық пен қамқорлық секілді ізгі құндылықтар ерекше дәріптеледі. Азаматтарымыз мұқтаж жандарға көмек беріп, қайырымдылық жасауға ұмтылады. Мұның бәрі ислам дінінің гуманистік идеяларынан бастау алады.  Биыл Рамазан айы Алғыс айту күнімен тұспа-тұс келіп отыр. Мұның зор символдық мәні бар. Мазмұны терең, мағынасы үндес қос мереке халқымыздың берекелі бірлігін одан әрі нығайта түсуге шақырады. Оразадан оразаға аман-есен жете берейік! Баршаңызға бақ-береке тілеймін! Ниет қабыл…

Read More

CaspianLife, 28 ақпан. Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Ұлттық экономика вице-премьер-министрі Серік Жұманғаринмен және Қаржы министрі Мәди Такиевпен жұмыс кеңесін өткізді. Премьер-министрдің баспасөз қызметінің хабарлауынша, кеңесте салық-бюджет реформасы және салық түсімдерін бақылауды күшейту мәселелері қаралды. Қаржы министрі Мәди Такиев жүргізілген талдау нәтижесінде, шағын бизнесті қолдау мақсатында енгізілген арнайы салық режимдерінің (СРП) кейбір адал емес салық төлеушілер тарапынан салық міндеттемелерін оңтайландырудың заңды схемалары ретінде пайдаланылып отырғаны анықталғанын мәлімдеді. Бүгінде Қазақстанда 2,3 миллион салық төлеуші тіркелген. Олардың тек 8%-ы немесе 137 мыңы ҚҚС төлеушілер болып табылады. Жалпы, салық төлеушілердің 81%-ы жеңілдетілген декларация негізінде жұмыс істейді, ал олардың 85%-ы жылдық табысын 15 миллион…

Read More

CaspianLife, 28 ақпан.  Атырау облысындағы Қашаған мұнай-газ кен орнында газ өңдеу зауытының (ГӨЗ) құрылысы жалғасуда. «QazaqGaz» ұлттық компаниясының баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл жобаның негізгі бағыттарының бірі – құрылыс алаңына шикізат, жабдықтар мен басқа да материалдарды жеткізуді қамтамасыз ететін кірме жолдарды салу. «Бүгінгі таңда 13 140 метр кірме жолдың құрылысы сәтті аяқталды, бұл нысанның көлікпен қолжетімділігі мен логистикасын айтарлықтай жақсартады. Айта кету керек, құрылысқа қажетті құм, цемент және қиыршық тас сияқты барлық материалдар көршілес облыстардан жеткізіледі. Бұл шығындарды азайтып қана қоймай, жергілікті қамту үлесін арттыруға да ықпал етеді», – делінген хабарламада.

Read More

CaspianLife, 28 ақпан. 27 ақпан күні сағат 12:00-ден бастап Ақтау әуежайының ұшу-қону жолағы қолайсыз ауа райына байланысты тазарту жұмыстары үшін жабылды. Air Astana әуе компаниясы әуежайдағы ұшу-қону жолағының жабылуына байланысты рейстер кестесіндегі өзгерістер туралы жолаушыларға хабарлады. «Осыған байланысты Ақтауға/Ақтаудан ұшатын KC 859 және KC 860 рейстері кешіктірілді. Бүгін, 28 ақпан күні сағат 06:00-де ұшу-қону жолағының жабылу уақыты қайтадан 12:00-ге дейін ұзартылды, себебі мұздану қаупі бар, бұл Ақтауға/Ақтаудан ұшатын рейстердің әрі қарай кешіктірілуі мен тоқтатылуына әкелуі мүмкін. Жолаушылар рейстерінің мәртебесін Air Astana сайты немесе мобильді қосымшасы арқылы тексере алады. Әуе компаниясы тасымалдаушыға байланысты емес себептермен туындаған қолайсыздықтар үшін жолаушылардан кешірім сұрайды.…

Read More

CaspianLife, 28 ақпан. Бұрын бұл анықтама қағаз түрінде ғана беріліп, оны алу үшін төрт маманнан: терапевт, психиатр-нарколог, офтальмолог және отоларингологтан медициналық тексеруден өту қажет болатын. «Электрондық үкімет» (eGov) сайтында хабарланғандай, жүргізушілердің ыңғайлылығы үшін 073/У медициналық анықтамасы енді eGov Mobile мобильді қосымшасында қолжетімді. Бұл құжатты бұрынғыдан да жылдам әрі оңай алуға мүмкіндік береді. Бұрын бұл қызметті eGov.kz порталында пайдалануға болатын, ал 2024 жылдың қараша айында іске қосылғаннан бері Қазақстан азаматтары 7 мыңнан астам анықтама рәсімдеген. 073/е медициналық анықтамасы – барлық жүргізушілер үшін міндетті құжат, ол адамның көлік басқаруға қарсы көрсетілімдерінің жоқтығын растайды. Бұрын азаматтар анықтаманы тек қағаз түрінде ала алатын, ол…

Read More