CaspianLife, 5 наурыз. ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіне қарасты Балық шаруашылығы комитетінің төрағасы болып Серік Сағитжанұлы Сермағамбетов тағайындалды. Комитеттің ресми сайтында жарияланған ақпаратқа сәйкес, Серік Сермағамбетов 1965 жылғы 29 қаңтарда Қызылорда облысы Қазалы ауданында дүниеге келген. Оның екі жоғары білімі бар: «Экономист» (Алматы халық шаруашылығы институты) және «Заңгер» (Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия университеті). Еңбек жолын 1988 жылы Алматы қаласындағы Балық шаруашылығы министрлігінің орталық материалдық-техникалық жабдықтау базасында бас экономист болып бастаған. Әр жылдары Қызылорда балық зауытында экономист-қаржыгер, Қызылорда қаласы әкімінің аппаратында бас инспектор, Қызылорда қаласы әкімінің аппаратының басшысы, Шиелі ауданы әкімінің орынбасары, Қызылорда облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы қызметтерін атқарған. Сонымен…
Автор: Сайт әкімшілігі
CaspianLife, 5 наурыз. Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі (БҚДА) «Fly Arystan» әуе тасымалдаушысының үстем жағдайын асыра пайдалану белгілерін анықтады. БҚДА баспасөз қызметінің хабарлауынша, жүргізілген талдау нәтижесінде авиабилеттердің құны брондау кезеңдерінде автоматты түрде қосылатын жасырын төлемдер есебінен артқаны белгілі болды. «Атап айтқанда, әуе тасымалдаушы билет сатылымы кезінде транзакция үшін комиссия алып, авиабилет бағасын көтерген. Бұл еуропалық заңнамада мүлдем тыйым салынған «drip pricing» (тамшылап баға қосу) деп аталатын әдіс. Біз бұл фактілерді анықтап, әуе тасымалдаушысына монополияға қарсы заңнаманы бұзуды тоқтату туралы хабарлама жолдадық. Ол кейіннен орындалды», – деді БҚДА төрағасы Марат Омаров агенттік алқасының отырысында. Қазіргі уақытта Агенттік ішкі әуе тасымалы нарығына…
Caspianlife, 5 наурыз. Тағайындау Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігімен келісілді. Telegram-дағы АФМ Channel арнасының хабарлауынша, Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасының бұйрығымен Атырау облысы бойынша экономикалық тергеу департаментінің басшысы қызметіне полковник Нұрлан Махсотұлы Кәрімов тағайындалды.
CaspianLife, 5 наурыз. Кеше аппараттық кеңес барысында Маңғыстау облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Адайбек Қалиев 2024 жылы атқарылған жұмыстар мен 2025 жылға арналған жоспарлар туралы баяндады. Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, өз баяндамасында Адайбек Қалиев өңірде жаңа теміржол вокзалдары салынатынын мәлімдеді. «Маңғыстау» және «Бейнеу» теміржол вокзалдарын қайта жаңарту жобасы қолға алынбақ. Жоспарға сәйкес, құрылыс-монтаж жұмыстары биыл басталады. Сонымен қатар, «Маңғыстау-Бейнеу» және «Маңғыстау-Өзен» теміржол учаскелерін дамытуға қатысты бірқатар шаралар «Қазақстан Темір Жолы» ұлттық компаниясының 2025-2026 жылдарға арналған кешенді даму бағдарламасына енгізілген. Бүгінде өңірдегі теміржол желілерінің өткізу қабілеті төмен. Атап айтқанда, «Маңғыстау-Бейнеу» учаскесінде тәулігіне небәрі 12-14 пойыз өтеді,…
Caspianlife, 5 наурыз. Әлеуметтік желілерде Қазақстан футбол федерациясының экс-президенті мен басқа да бұрынғы лауазымды тұлғаларына қатысты тінтулер мен өзге де тергеу шаралары жүргізіліп жатқаны туралы ақпарат пайда болды. ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі бұл ақпаратқа қысқаша түсініктеме берді: «БАҚ тарапынан келіп түскен сұраныстарға байланысты мәлімдейміз: ҚМА Қазақстан футбол федерациясының бұрынғы басшылығына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. Барлық тергеу әрекеттері заңнама талаптарына қатаң сәйкес жүзеге асырылуда. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, басқа ақпарат жариялауға жатпайды». (Сурет: Рахим Койлыбаев)
Caspianlife, 4 наурыз. Бүгін бұл туралы Әзербайжан Ұлттық ғылым академиясы жанындағы Республикалық сейсмологиялық қызмет орталығы (РСКО) хабарлады. РСКО сайтында жарияланған мәліметке сәйкес, жерасты дүмпулері Баку уақыты бойынша 04:03-те тіркелген. Зілзаланың ошағы 14 км тереңдікте болған. ML 3.1 Каспий теңізі 🔹 Күні: 04.03.2025 | 00:03:21 UTC🔹 Күні: 04.03.2025 | 04:03:21 (Баку уақыты)🔹 Координаттары: 40.41 N, 51.59 E🔹 Тереңдігі: 14 км
Caspianlife, 4 наурыз. Бүгін Үкімет отырысында ҚР Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Теңіз кен орнындағы «Болашақ кеңейту» жобасын 2025 жылдың екінші тоқсанында іске қосу жоспарланып отырғанын мәлімдеді. ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Энергетика министрі биылғы мұнай мен газ конденсатын өндіру жоспары туралы баяндады. Алмасадам Сәтқалиевтің айтуынша, 2025 жылы мұнай мен газ конденсатын өндіру көлемі 96,2 млн тоннаға жетеді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 9,7%-ға жоғары. «Өндіру көлемінің негізгі өсімі Теңіз кен орнындағы Болашақ кеңейту жобасын жүзеге асыру есебінен жоспарлануда. Жобаның іске қосылуы 2025 жылдың 2-тоқсанына белгіленген. Биылғы инвестициялар шамамен 533 млн АҚШ долларын құрайды», – делінген баспасөз қызметінің хабарламасында. Сонымен қатар, министр…
Caspianlife, 4 наурыз. 2025 жылы 13 мың шақырым жолға құрылыс жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Оның ішінде 9,5 мың шақырымға арналған жобалар толық қаржыландырылған. Қалған 3,6 мың шақырым бойынша қаржыландыру мәселесі халықаралық қаржы институттарымен талқылануда. Құрылыс жұмыстарын жүргізу халықаралық қаржы институттарының есебінен жүзеге асырылады деп болжанып отыр. Бұл туралы Үкімет отырысында көлік министрі Марат Қарабаев мәлімдеді. ҚР Үкіметінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл «Жезқазған – Қарағанды», «Ақтөбе – Ұлғайсын», «Атырау – Доссор» жаңа жобалары, сондай-ақ Сарыағаш, Рудный және Қызылорда қалаларын айналып өтетін жолдар. Осы жобаларды іске асыру үшін ХҚДБ, ЕҚДБ, АДБ және басқаларын қосқанда, халықаралық қаржы институттарымен жеңілдетілген қаржы бөлу туралы уағдаластыққа қол…
Caspianlife, 4 наурыз. Кеше «ҚазТрансОйл» АҚ-ның Маңғыстау мұнай құбыры басқармасына қарасты «Қаражанбас» мұнай айдау станциясының (МАС) аумағында итбалықтың күшігі табылды. «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының баспасөз қызметінің хабарлауынша, әлсіз күйдегі бұл кішкентай жануар жағалаудан бірнеше шақырым қашықтықта болған, ал оның мұнай айдау станциясына қалай тап болғаны белгісіз. «-Теңіз станциядан шамамен 5 км қашықтықта орналасқан, бірақ итбалықтың күшігі үшін бұл едәуір алыс қашықтық. Сірә, ол қарлы бораннан адасып, кері жолды таба алмай қалған болар», — дейді «Қаражанбас» мұнай айдау стансасы жұмысшылары — бақылау-өлшеу құралдары және автоматика слесары Шыңғысхан Ташібай мен электрик Рахат Ғизатуллин. Станция қызметкерлері итбалықтың күшігін жағаға жеткізіп, оны табиғи ортасына –…
CaspianLife, 3 ақпан. Құжат Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Олжас Бектеновтің Әзербайжанға ресми сапары барысында қол қойылды. Қазақстан Премьер-Министрінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Бакуге ресми сапар аясында Олжас Бектеновті Әзербайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиев қабылдады. Кездесу барысында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жылы лебіздері жеткізілді. Екі мемлекеттің басшылары арасындағы сенімді қарым-қатынастың арқасында Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы ынтымақтастық жаңа сапалы деңгейге көтерілді. Әзербайжан Республикасының Премьер-Министрі Әли Асадовпен өткен үкіметаралық келіссөздерде сауда-экономикалық әріптестік, көлік-логистика саласындағы ынтымақтастық, мәдени-гуманитарлық байланыстарды дамыту мәселелері талқыланды. 2024 жылы екі ел арасындағы тауар айналымы 533 миллион АҚШ долларын құрады. Қазақстан Әзербайжанға 130 түрлі өңделген өнімді 340 миллион доллардан астам сомаға экспорттауға дайын…
