Caspianlife, 7 наурыз. Бүгін Мемлекет басшысы Қ.-Ж. Тоқаев мемлекеттік наградалармен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Ақорда баспасөз қызметі. Мемлекеттік және қоғамдық қызметтегі еңбегі, елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына қосқан елеулі үлесі, сондай-ақ әскери және қызметтік борышын үлгілі орындағаны үшін марапатталсын: Бауыржан Момышұлы атындағы ІI дәрежелі «Айбын» орденімен Айтмағамбетова Жұлдыз Рахымқызы – Мемлекеттік күзет қызметінің аға инспекторы Ахметова Айман Рахмеджанқызы – Ұлттық қауіпсіздік комитетінің аса маңызды істер бойынша аға жедел уәкілі Әбуева Анаргүл Аманжолқызы – Төтенше жағдайлар министрлігінің департамент бастығы Канкина Құралай Темірболатқызы – Бас Прокурордың аға көмекшісі Мұсатаева Балжан Төлеужанқызы – Қорғаныс министрлігі 44013 әскери бөлімінің взвод командирі; «Парасат» орденімен Әбілдина Қарақат Түлкібайқызы – «Қарақат» мектеп-студиясының бас директоры, Астана қаласы Жексенбай Бибігүл Нұрғалиқызы…
Автор: Сайт әкімшілігі
CaspianLife, 7 наурыз. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Қанат Бозымбаев Су ресурстары және ирригация министрлігінің алқа отырысына қатысты, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметі. Мекеме басшылығы атқарылған жұмыстар туралы есеп беріп, 2025 жылға арналған жоспарларын баяндады. Алқа отырысының қорытындысы бойынша вице-премьер Мемлекет басшысы қойған міндеттерді іске асыру жөнінде бірқатар тапсырма берді. Атап айтқанда, елдің батыс өңірлерін ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесіне ерекше көңіл бөлінді. «Бұл бағытта Ақтөбе облысындағы Көкжиде және Айшуақ жерасты су кен орындарының пайдаланылмаған әлеуеті бар. Аталған жобаның күтілетін тиімділігі айтарлықтай жоғары. Осыған байланысты, жобаны іске асырудың ықтимал тетіктерін пысықтауды жеделдетіп, тиісті ұсыныстарды Үкіметке енгізуді тапсырамын», – деді Қанат Бозымбаев…
CaspianLife, 7 наурыз. «Қазақстан темір жолы» (ҚТЖ) ұлттық компаниясының баспасөз қызметінің мәліметінше, жануарлар теміржол маңында еркін жүріп, рельстерден баяу өткен, бұл апат қаупін тудырған. Машинист ұзақ дыбыстық белгі беріп, шұғыл тежеу қолданған. Жол дистанциясының қызметкерлері табынды жолдан алыстатып, қауіптің алдын алған. Оқиға салдарынан екі жолаушылар және үш жүк пойызы кідірген. Кеше ҚР ІІМ Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, Атырау облысында пойыз қозғалысына кедергі келтірген жылқыларға қатысты Атырау станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері жануарлардың иесін анықтады. «Көлік полицейлері жылқылардың иесін теміржол қоршауы аймағында мал жаю ережесін бұзғаны үшін (ҚР ӘҚБтК 559-бабы 1-бөлігі) әкімшілік жауапкершілікке тартты. Ол Атырау облысы Сағыз ауылының…
Caspianlife, 7 наурыз. Кеше, 6 наурыз күні кен орнындағы № 437 ұңғымада перфорация жүргізілген. Содан кейін сорапты-компрессорлық құбырды түсіру кезінде газ атқылаған. Ауаға атқылаған газдың салдарынан сорапты-компрессорлық құбыр істен шыққан. «Ембімұнайгаз» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, «…құрбандар мен зардап шеккендер жоқ». Сондай-ақ, жедел штаб шұғыл шаралар қабылдап, ұңғыма маңындағы аумақ қоршауға алынды, қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Оқиға орнында «Ақ Берен» ЖШС ВАСС бөлімшесі, «Семсер – Өрт сөндіруші» ЖШС, «СОП Атырау» ЖШС мобильді күзеті жұмылдырылды. (әлеуметтік желілердегі видео)
CaspianLife, 6 наурыз. Бүгін Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов Қазақстандағы Литва Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Эгидиус Навикаспен кездесті. Облыс әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, кездесуде тараптар сауда-экономикалық ынтымақтастық, көлік логистикасы, құрылыс және цифрландыру мәселелерін талқылады. Елші Атырау өңірінің жоғары инвестициялық әлеуетін атап өтіп, Литваның экономикалық мүмкіндіктерімен таныстырды. Өз кезегінде облыс әкімі С. Шәпкенов Литваның өңір үшін сенімді экономикалық серіктес екенін атап өтіп, Атырау облысы үшін маңызды барлық ұсыныстар мен жобаларды қолдауға дайын екенін білдірді. «Кездесу қорытындысы бойынша екіжақты экономикалық байланыстарды нығайту, жаңа нарықтар мен технологияларды зерттеу мақсатында Атыраудан Литваға арнайы бизнес-делегация жіберу жоспарланды», – делінген облыс әкімдігінің баспасөз қызметі таратқан…
CaspianLife, 6 наурыз. Вице-премьер Қанат Бозымбаев Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) Еуропа және Солтүстік Атлантика бюросының директоры Николя Ралло мырзамен кездесу өткізді. ҚР Үкіметінің баспасөз қызметінің мәліметінше, Қанат Бозымбаев Қазақстанмен ынтымақтастық мәселелерінде тұрақты қолдау көрсетіп келе жатқан ИКАО ұйымына алғысын білдіріп, Azerbaijan Airlines әуе кемесінің апаты болған жерге тәуелсіз сарапшы Тормодур Тормодссонды дер кезінде жібергені үшін ризашылығын жеткізді. «Үкімет атынан сізге және ұйымыңызға біздің бастамаларымызды қолдағандарыңыз үшін шынайы алғысымды білдіремін. Аталған тергеуді толық аяқтау үшін біз ИКАО-мен өзара іс-қимылды жалғастырамыз», – деді Қанат Бозымбаев. Вице-премьердің айтуынша, әуе апаты болған алғашқы күндерден бастап Қазақстан оқиғаны жан-жақты әрі объективті тергеуге бағытталған. Өз…
CaspianLife, 6 наурыз. Астрахань облысында мұздатылған көкөніс өндіру қарқынды дамып келеді. Астрахан облысының губернаторы Игорь Бабушкиннің хабарлауынша, бұл жобаны жүзеге асыру жөніндегі келісім өткен жылы Петербург халықаралық экономикалық форумы аясында жасалған. Оның айтуынша, бүгінде «Билд» компаниясы тәулігіне 20 тонна дайын өнім шығарады. Қыс мезгілінде – мұздатылған картоп фри, ал жазда өнім түрлері айтарлықтай кеңейеді. Зауыт тәулік бойы, үш ауысыммен жұмыс істейді. 120 жаңа жұмыс орны ашылған. Кәсіпорын шикізатты тек астрахандық өндірушілерден сатып алады. Ірі агрокешендермен қатар, шағын фермерлік шаруашылықтармен де ынтымақтасады. Бұл өңірдегі ауыл шаруашылығының дамуына қосымша серпін береді. «Дайын өнім еліміздің көптеген өңірлеріне жеткізіледі. Астрахань облысын дамыту ұйымының қолдауымен…
CaspianLife, 6 наурыз. Сағыз – Мақат учаскесінде Атырау облысында пойыз машинисі боран мен нашар көріну жағдайында рельске шыққан жылқы табынына соқтығысудың алдын алды. «Қазақстан темір жолы» (ҚТЖ) баспасөз қызметінің мәліметінше, жануарлар теміржол маңында еркін жүріп, баяу темппен рельстерді кесіп өткен, бұл апат қаупін тудырған. Машинист ұзақ дыбыстық белгі беріп, шұғыл тежегішті қолданған. Жол дистанциясының қызметкерлері табынды жолдан айдап жіберді. «Оқиға салдарынан екі жолаушыл және үш жүк пойызы кешіктірілді. ҚТЖ теміржол қозғалысы үшін қараусыз жүрген малдың қауіпті екенін және апатты жағдайларға алып келуі мүмкін екенін ескертеді», – деп хабарлады ҚТЖ баспасөз қызметі.
CaspianLife, 6 наурыз. Ақпанның соңы мен наурыздың басында Каспий теңізінің солтүстік бөлігінде ауа мен судың температурасы күрт төмендеді. Ауыл шаруашылығы министрлігіне қарасты Балық шаруашылығы комитетінің мәліметінше, осы кезеңде батыс бағыттағы желдер басым болып, мұз сынықтары жағаға қарай ығысып, бір-біріне тығыз жанасқан. Бұл жағдай теңіз итбалықтарының суға түсуіне мүмкіндік бермеген. «Осылайша, ересек итбалықтар қоректену мүмкіндігінен айырылды. Ал жел мен су ағысының әсерінен мұздар жағалауға қарай жылжып, олардың үстіндегі жас итбалықтар да бірге келген. Ашыққан итбалықтар азық іздеп, Каражанбас пен Каламқас кен орындарының маңына шыққан, себебі күрделі ауа райы жағдайында бағыттарын жоғалтқан», – деп хабарлады комитет. Осыған байланысты Жайық-Каспий аймақаралық бассейндік балық…
Caspianlife, 6 наурыз. Көктемнің басты мерекесі – 22 наурыз күні Каспий теңізінің жағалауында «Kazakh Record» фестивалі өтеді. Бұл шара әлемге қазақтың ұлттық киімі мен дәстүрін таныстыруды мақсат етеді. Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, осы арқылы өңір тұрғындары Гиннес рекордтар кітабына енуге ниетті. Қазақтың ұлттық киімін рекордтар кітабына тіркеу үшін халықаралық комиссия мүшелері арнайы Ақтауға келеді. Фестивальге 5 мыңнан астам адам қатысады деп күтілуде. Қатысу шарттары: Фестивальге 16 жастан асқан кез келген адам қатыса алады. Қатысушылар http://kazakhrecord.kz/ сайтына кіріп, 362 теңге көлемінде тіркеу жарнасын төлеп, арнайы форманы толтыруы қажет. Тіркеуден өткеннен кейін ұйымдастырушылар 20 наурызға дейін жеке нөмір береді. 22…
