Автор: Сайт әкімшілігі

CaspianLife, 27 ақпан. Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Әділ Жұбанов премьер-министр Олжас Бектеновтке  мұнай өндіруші компаниялардың экологиялық міндеттемелерін орындауы туралы депутаттық сауал жолдады. Ә. Жұбановтың айтуынша, Қазақстандағы ең ірі мұнай өндіруші компания – «Теңізшевройл» (ТШО) экологиялық реттеу әділдігі мен тиімділігі тұрғысынан үлкен сұрақтар тудырады. Депутаттың мәлімдеуінше, экологиялық құқықбұзушылық жасаған компания айыппұл төлегенімен, бұл қаражатты мемлекетке төленетін табыстан ұстап қалу арқылы өтеп, шын мәнінде қаржылық шығынға ұшырамайды. «Нәтижесінде, мемлекеттік бюджетке қаражат толық түспейді, ал жазалау механизмі өз тежегіштік қызметін жоғалтады. Мұндай тәжірибе жауапкершіліктің бұлтартпастығы қағидасына күмән келтіріп, экологиялық жағдайдың одан әрі нашарлау қаупін тудырады. Бұл – ашық заңсыздық», – деп…

Read More

CaspianLife, 27 ақпан. Атырау бекіре өсіру зауытын жаңғырту жөніндегі жол картасы Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Роман Склярдың шешімімен бекітілді. Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметінің хабарлауынша, зауытты жаңғырту жұмыстарын ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіне қарасты Балық шаруашылығы комитеті жүзеге асырады. Осыған байланысты Атырауда арнайы кеңес өтіп, оған келесі тұлғалар қатысты: — облыс әкімінің орынбасары Марат Мурзиев,— Атырау бекіре өсіру зауытының басшылығы,— NCOC компаниясының өкілдері,— мемлекеттік органдар,— Жайық-Каспий аралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының мамандары,— Жайық-Каспий бассейндік су ресурстарын реттеу және қорғау инспекциясының өкілдері,— «Атырау Жарық» АҚ өкілдері,— «Caspian Business Support» ЖШС директоры. Ресми мәліметтерге сәйкес, облыс әкімдігі ауыл шаруашылығы министрлігіне…

Read More

CaspianLife, 27 ақпан. Махамбет балық инспекциясы бөлімінің қадағалауымен Ақжайық ауылдық округінің мамандары су айдындарындағы балықтардың тұншығу қаупінің алдын алу шараларын ұйымдастырды. Іс-шара барысында ауданға қарасты Ақжайық ауылы маңындағы 8-ауыл су айдыны мен Ақтөбе жайылма суында балықтарды оттегімен қамтамасыз ету үшін ойықтар (майна) ойылды. Қыс мезгілінде мұз қатқан кезде су астындағы оттегінің мөлшері азайып, балықтардың тұншығу қаупі артады. Мұндай жағдайлардың алдын алу мақсатында жергілікті мамандар су айдындарында ойықтар жасап, арнайы үкіні (ағаш немесе қамыстан жасалған құрылғы) орналастырды. Бұл құрылғылар суға оттегінің жақсы сіңуіне көмектеседі. Аталған шараға 10 адам мен 2 автокөлік жұмылдырылды. Мамандар 2×3 метр көлемінде ойықтар ойып, олардың айналасына қауіпсіздік…

Read More

CaspianLife, 27 ақпан. Әбу-Дабиде (Біріккен Араб Әмірліктері) Каспий құбыр консорциумының (КҚК) акционерлер жиналысы өтті. КҚК баспасөз қызметінің хабарлауынша, іс-шара акционерлердің 17 ақпан күні «Кропоткин» мұнай айдау станциясына (МАС) ұшқышсыз ұшу аппараттарымен (ҰҰА) жасалған шабуылды талқылауымен басталды. КҚК-нің ресейлік үкіметтік акционері – «Транснефть» ЖАҚ өкілдері бұл жағдайға алаңдаушылық білдіріп, халықаралық құқықпен қорғалатын КҚК нысандарына мұндай шабуылдардың жасалуына жол берілмейтінін мәлімдеді. КҚК бас директоры Николай Горбань МАС-тың зақымдануы, жабдықтың қазіргі жағдайы, зақымдалған қондырғыларды бөлшектеу жұмыстары мен мердігерлерді жұмылдыру барысы туралы баяндама жасады. «Консорциум акционерлері жөндеу жұмыстарына байланысты кез келген мәселеде қолдау көрсетуге дайын екенін білдірді. Қалпына келтіру жұмыстары шамамен екі айға созылады…

Read More

CaspianLife, 27 ақпан. 2025 жылғы 27 ақпан сағат 10:30-да ауа райының бұзылуына байланысты келесі республикалық автожолдарда жүк көліктердің қозғалысына шектеу қойылды: — «Доссор — Құлсары — Бейнеу — Сайөтес — Шетпе — Жетібай — Ақтау» 718-786 шақырым аралығы (Ақтау қаласы — Жетібай ауылы); — «Ақтау — Құрық» автожолының 13-72 шақырым аралығы (Ақтау қаласы — Құрық ауылы). Жолды бүгін сағат 15:00-де ашу жоспарланған.

Read More

Caspianlife, 26 ақпан. Астраханда мемлекеттік келісімді жүзеге асыру кезінде жасалған алаяқтыққа оқталу бойынша қылмыстық іс бойынша үкім шығарылды. Астрахань облысының прокуратурасының мәліметінше, Астрахань қаласының Киров аудандық соты бұрын «Астрахань қалалық округі» жергілікті құрылымының басшысы қызметін атқарған Олег Полумордвинов пен оның танысы Виктор Федоровқа қатысты қылмыстық іс бойынша үкім шығарды. Олар Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексінің 30-бабының 3-бөлігі және 159-бабының 4-бөлігі бойынша айыпты деп танылды. Бұл – алдын ала сөз байласу арқылы топ болып аса ірі көлемде жасалған алаяқтыққа оқталу. «Сот отырысында Полумордвинов пен Федоров коммерциялық ұйым өкілінен жергілікті келісімшарт аясында жартылай  төлемді кедергісіз аударуға жәрдем көрсету үшін 27,5 миллион рубль талап…

Read More

Caspianlife, 26 ақпан. Аталған ойыншылар Қазақстан чемпионатының (Премьер-лига), сондай-ақ Қазақстан Кубогы мен Суперкубогы ойындарына қатысады. Қазақстан футбол федерациясының (ҚФФ) ресми Telegram-каналының хабарлауынша, «Атырау» футбол клубы 2025 жылғы маусымға келесі құрамды жариялады: Қақпашылар: №45 Арсен Суюкаев 🇷🇺 №35 Нұрасыл Тоқтаров 🇰🇿 №31 Санжар Ерниязов 🇰🇿 Қорғаушылар: №6 Матеус Барбоса 🇧🇷 №2 Фахриддин Ахматов 🇹🇯 №4 Гия Чанудели 🇬🇪 №44 Гиорги Гадрани 🇬🇪 №14 Ескендір Қыбырай 🇰🇿 №13 Мирам Сапанов 🇰🇿 №21 Равиль Атыханов 🇰🇿 №72 Микаэль Асқаров 🇰🇿 Жартылай қорғаушы: №5 Гильерме Перейра 🇵🇹 №8 Заза Цицкишвили 🇬🇪 №55 Микита Капленка 🇧🇾 №7 Евгений Козлов 🇷🇺 №10 Ринат Жұматов 🇰🇿 №77 Карим Смыков 🇰🇿 №20 Ерсұлтан Қалдыбеков 🇰🇿 №79 Роман Чирков 🇰🇿 №23 Амандық Набиханов 🇰🇿 Шабуылшылар: №17 Шоқан Абзалов…

Read More

CaspianLife, 26 ақпан. Үкімет резервінен отандық шаруаларды қолдау үшін 116 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді. Премьер-министр Олжас Бектенов тиісті қаулыға қол қойды. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің ресми ақпараттық ресурсы сайтында хабарлады.  Құжат 2025 жылғы 28 қаңтарда өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысының көктемгі егіс пен жиын-терім жұмыстарына кемінде 700 млрд теңге көлемінде жеңілдетілген қаржыландыруды қамтамасыз ету бойынша берген тапсырмасын орындау шеңберінде қабылданды. Атап айтқанда, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін қолжетімді несие арқылы қолдау және шаруалардың қаржылық жағдайын тұрақтандыру мақсатында қаулыға сәйкес Үкімет резервінен шамамен 116 млрд 772 млн теңге бөлу қарастырылған. Қаражатты 2025 жылғы көктемгі егіс және жиын-терім жұмыстарын сапалы…

Read More

CaspianLife, 26 ақпан. «АтырауНефтеМаш» зауыты АҚШ институтының API 650 «Мұнай сақтауға арналған болат резервуарлар» сертификатына ие болды. Бұл сертификат зауытта өндірілетін жабдықтар мен құрамдас бөліктерді мұнай-газ өндіру саласында 100-ден астам елге экспорттауға мүмкіндік береді. Өңірлік коммуникациялар қызметінің (ӨКҚ) хабарлауынша, сертификатқа Солтүстік Каспий жобасының операторы – NCOC компаниясының қолдауымен қол жеткізілген. Бұл Атырау облысының экономикалық дамуы үшін маңызды қадам, өйткені мұнай-газ машина жасау саласы өңірдің өнеркәсіптік әлеуетін арттыруда. – Өткен жылы облыста 50,1 млн тонна мұнай (95,1%) және 26,6 млрд текше метр ілеспе мұнай газы (94,4%) өндірілді. Машина жасау саласының көлемі 84,5 млрд теңгені (70%) құрады. Оның ішінде елдегі ірі габаритті…

Read More

Caspianlife, 26 ақпан. Қадағалау органы балалардың мүддесі үшін қарыздарды өндіру бойынша сот актілерін орындау кезеңінде жеке сот орындаушылары (ЖСО) тарапынан заң бұзушылықтарды анықтады. Олар борышкерлермен қарым-қатынаста өз өкілеттіктерін асыра пайдаланған. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының баспасөз қызметінің мәліметінше, Маңғыстау облысында жеке сот орындаушысы 200 мың теңге үшін алимент төлеуден жалтарған борышкердің елден шығуына қойылған тыйымды алып тастаған. Ол үшін өндіріп алушының өтінішін қолдан жасап, жалған құжат әзірлеген. Нәтижесінде, 1,6 миллион теңге алимент төлемеген борышкер Өзбекстан мен Араб Әмірліктерінде еш кедергісіз демалып қайтқан. Аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілді. Сотта ЖСО заңсыз сыйақы алғанын және өкілеттігін теріс пайдаланғанын толық мойындады. «2024…

Read More