Caspianlife, 31 қазан. 3 қарашадан 1 желтоқсанға дейін Қазақстанда «Наурыз» ипотекалық бағдарламасына қатысу үшін өтінім қабылдау басталады. Бағдарлама азаматтарға тиімді шарттармен өз баспанасын алуға мүмкіндік береді. Қазақстан Республикасының Индустрия және құрылыс министрлігінің хабарлауынша, бағдарламаға «Отбасы банкінің» барлық салымшылары, сондай-ақ депозитінде кемінде 2 миллион теңге жинақ ақшасы бар және соңғы бес жылда (отбас мүшелерін қоса алғанда) тұрғын үйге иелік етпеген азаматтар қатыса алады. Өтінім беру процесі толығымен онлайн форматта Baspana Market платформасы арқылы жүзеге асырылады. Қатысушылар жеке кабинетке кіріп, өтінім қалдырып, нәтижесін күтуі қажет. Өтінім беру жөніндегі толық нұсқаулық банк парақшасындағы «Наурыз» бөлімінде, өзекті стористерде орналастырылған. Бағдарлама шарттарына сәйкес, бастапқы жарна…
Автор: Сайт әкімшілігі
Caspianlife, 31 қазан. «Заң және тәртіп» жобасын іске асыру аясында Атырау облысының прокуратурасы жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, экстремизм мен терроризмнің алдын алуға бағытталған «Жастардың рухани иммунитеті — қоғам мен білім беру ұйымдарының ортақ жауапкершілігі» атты кең ауқымды форум ұйымдастырды. Атырау облыстық прокуратурасының хабарлауынша, форум бейнеконференция форматында өтіп, қаладағы барлық мектеп оқушыларын қоса алғанда, 14 мыңнан астам қатысушыны біріктірді. Іс-шараға облыстық дін істері басқармасының, полиция департаментінің, деструктивті діни ағымдардан зардап шеккендерге көмек көрсету орталығы «Шапағаттың» және басқа да ұйымдардың өкілдері қатысты. Форумның мақсаты – рухани-адамгершілік құндылықтарды нығайту, оң көзқарасты қалыптастыру, құқықтық мәдениет пен азаматтық жауапкершілікті дамыту, сондай-ақ кәмелетке толмағандар арасындағы әкімшілік…
Caspianlife, 31 тамыз. Ресей Федерациясынан жүк көліктерін заңсыз тіркеумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топтың сыбайласы экстрадицияланды. Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы Ресей Федерациясынан шетелден әкелінген жүк көліктерін заңсыз тіркеумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшесін Жетісу облысына экстрадициялады. Бас прокуратураның мәліметінше, күдікті 2022–2023 жылдары «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының маманы бола тұра, ұйымдасқан қылмыстық топ құрамында автокөлік иелерін тауып, көліктерді бастапқы тіркеу алымдары төленгені туралы ақпараттық жүйеге жалған деректер енгізу арқылы заңсыз тіркеген. «Қылмыстық әрекеттердің нәтижесінде 481 көлік заңсыз есепке қойылып, мемлекетке аса ірі көлемде зиян келтірілді — бюджетке 3,7 млрд теңге көлемінде міндетті төлемдер түспеген. Қылмыс жасағаннан кейін күдікті ізін жасырып, халықаралық…
Caspianlife, 30 қазан. Атырауда қуаттылығы жылына 1,25 миллион тонна болатын полиэтилен өндіру зауытының құрылыс алаңында полимерлеу қондырғысын салу шеңберінде жер қазу жұмыстары басталды. «Силлено» ЖШС баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл дайын өнім – полиэтилен өндіруге арналған екінші негізгі қондырғы болып табылады. Сондай-ақ жобаның EPC-мердігері ретінде италиялық Tecnimont S.p.A. және қытайлық SINOPEC Shanghai Engineering Co. консорциумы жұмыс істеп жатыр. «Бірінші қондырғы — пиролиз қондырғысының құрылысы жалғасуда. Жобалау, сатып алу және құрылыс жұмыстарын қоса алғанда, пиролиз қондырғысы бойынша жалпы ілгерілеу 30%-дан асты. Қазір алаңда қадаларды қағу және іргетас құю жұмыстары жүргізілуде: 17 962 қададан 10 200-і қағылған, биылғы жылға жоспарланған 10 мың текше…
Caspianlife, 30 қазан. Бұл тақырып Астрахань облысының сыртқы байланыстар министрі Владимир Головков пен Қазақстан Республикасының Астрахандағы Бас консулы Қанат Хасеновтің кездесуінде талқыланды. Астрахань облысы губернаторының баспасөз қызметінің хабарлауынша, тараптар білім саласындағы ынтымақтастық мәселесін қарастырды. Қазіргі таңда Астрахань қаласындағы жоғары және орта кәсіби білім беру бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасынан келген 542 студент оқып жатыр. Астрахань облысы өз білім беру қызметтерін экспорттауды арттыруға мүдделі. «Алдағы қараша айында Орал қаласында өтетін Ресей мен Қазақстанның XXI өңіраралық ынтымақтастық форумында жұмысшы мамандықтарды даярлау тақырыбы негізгі бағыттардың бірі болатынын ескере отырып, Владимир Головков пен Қанат Хасенов Астрахан облысы делегациясының осы шараға қатысуына қатысты ұйымдастыру мәселелерін талқылады»,…
Caspianlife, 30 қазан. Бұл мәліметтер Астрахань облысының сыртқы байланыстар жөніндегі министрі Владимир Головков пен Қазақстан Республикасының Астрахандағы Бас консулы Қанат Хасеновтің кездесуінде айтылды. Астрахань облысы губернаторының баспасөз қызметінің хабарлауынша, кездесуде тараптар Астрахань облысының агроөнеркәсіптік кешен өнімдерін Қазақстан нарығына экспорттау көлемін арттыру мәселелерін талқылады. Статистикалық деректерге сәйкес, биылғы жылдың тоғыз айында Астрахань облысынан Қазақстанға ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорты өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 20%-ға өсіп, 20 мың тоннаны құрады. Көрші елге 6,6 мың тонна көкөніс, 1,5 мың тонна балық пен балық өнімі, 180 келі бекіре уылдырығы, сондай-ақ 2 мың дана жеміс ағашының көшеттері жөнелтілді. Биыл Қазақстанға күріш пен күріш жармасын, қырыққабат,…
CaspianLife, 30 қазан. Бұл туралы Астрахань облысының сыртқы байланыстар жөніндегі министрі Владимир Головков пен Астрахандағы Қазақстан Республикасының Бас консулы Қанат Хасеновтың кездесуінде айтылды. Астрахань облысы губернаторының баспасөз қызметінің хабарлауынша, кездесу барысында өңірдің Қазақстанмен ынтымақтастығының өзекті мәселелері талқыланды. Облыстың сыртқы байланыстар министрі кеме жасау саласы қазақстандық серіктестермен жұмыстың негізгі бағыттарының бірі екенін атап өтті. «Қазір Астрахань кеме зауыттарында Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің теміржол және су көлігі комитетінің тапсырысы бойынша төрт сүйреткіш теплоход пен бір жер қазушы кеме (земснаряд) салынуда», – делінген хабарламада.
CaspianLife, 29 қазан. 2025 жылдың 1 қарашасынан бастап су және кәріз қызметтерінің көлемін есептеудің жаңа әдістемесі күшіне енеді. Әлеуметтік желілерде осыған байланысты қазақстандықтар көршілерінің есебінен судың ақысын артық төлейді деген ақпарат тарап жатыр. Алайда Индустрия және құрылыс министрлігінің баспасөз қызметі бұл ақпаратты жоққа шығарды. «Бұл алаңдаушылықтар негізсіз. Қабылданған әдістеме жаңа төлем түрлерін енгізбейді және төлем мөлшерін ұлғайтпайды», — деп хабарлады ведомство. Министрлік түсіндіргендей, құжат су арналарымен берілетін және әкетілетін судың көлемін анықтаудың бірыңғай ережелерін орнату үшін әзірленген. Бұрынғыдай төлем су есептегіштердің көрсеткіштері бойынша жүргізіледі — яғни тұтынушы мен су арнасының желілері арасындағы шекарадағы аспаптың деректері негізінде. Ал су есептегіш орнатылмаған…
Caspianlife, 28 қазан. «Қолжетімді интернет» ұлттық жобасы аясында шалғай ауылдық елді мекендерді сапалы интернет желісімен қамту жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Аймақтық коммуникациялар қызметінің (ӨКҚ) хабарлауынша, бүгінгі таңда өңірдегі 153 елді мекеннің 146-сы интернетке қосылған. 14 ауылды интернетке қосу жұмыстары «Jusan Mobile» АҚ-мен бірлесіп, OneWeb спутниктік технологиясы арқылы жүзеге асырылды. Интернет желісіне келесі ауылдар қосылған: Исатай ауданында – Амангелді, Ауқайран, Мыңтөбе, Айбас және Жасқайрат;Құрманғазы ауданында – Шайхы;Махамбет ауданында – Бала Ораз, Кеңөріс және Есмахан;Индер ауданында – Қызылжар, Ақтан және Кетебай;Қызылқоға ауданында – Бұқар;Жылыой ауданында – Қараша. — Байланыс сапасын жақсарту мақсатында биыл 7 100 абонентті талшықты-оптикалық желіге көшіру, 31 шақырым оптикалық…
Caspianlife, 28 қазан. 2025 жылдың қыркүйек айында Алматы қаласында Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) бес шетел азаматы дайындап жатқан терактінің алдын алды. ҰҚК баспасөз қызметінің хабарлауынша, олардың барлығы ұсталып, тергеу жүргізілуде. Сонымен қатар, биылғы қыркүйек-қазан айларында терроризмді насихаттады деген күдікпен сегіз қазақстандық қамауға алынды. Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес, тергеу барысы туралы ақпарат жариялауға жатпайды. Осы кезеңде ҰҚК материалдары бойынша терроризм және экстремизм бағытындағы қылмыстар үшін алты адам әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айырылды. Жалпы, жыл басынан бері осындай қылмыстар үшін 89 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылған, олардың алтауы – шетел азаматы.
