CaspianLife, 15 сәуір. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрі Олжас Бектенов пен Chevron компаниясының директорлар кеңесінің төрағасы әрі бас атқарушы директоры Майкл Уиртпен кездесуі барысында айтылды. Кездесу барысында мұнай өндіру және өңдеу салаларындағы өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды. Премьер-Министрдің баспасөз қызметінің хабарлауынша, тараптар қолданыстағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру, «Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.» ЖШС-нің алғашқы полипропилен зауытының қызметі мысалында отандық мұнай-газ химиясын дамыту болашағы және жылына 1,25 млн тонна өнім шығаратын ірі полиэтилен кешенінің құрылысы жөніндегі мәселелерді талқылады. Сондай-ақ жылына 4,5 млрд текше метр шикі газ өндіретін Қарашығанақ кен орнындағы жаңа газ өңдеу зауытының құрылысы да қаралды. «Теңіз кен орнындағы Болашақ кеңейту жобасының (БКЖ)…
Автор: Сайт әкімшілігі
CaspianLife, 15 сәуір. 31 мамырдан бастап Air Astana әуе компаниясы Атырау–Баку бағыты бойынша тікелей тұрақты рейстерді іске қосады. Air Astana баспасөз қызметінің хабарлауынша, рейстер заманауи Airbus A320/A321 ұшақтарымен аптасына үш рет орындалады. Атыраудан Бакуге ұшу уақыты – 1 сағат 25 минут, ал кері бағытта – 1 сағат 35 минут. «KC277 рейсі Атыраудан дүйсенбі және сенбі күндері сағат 18:30-да ұшып, Бакуге сағат 18:55-те жетеді. Ал сәрсенбі күндері рейс сағат 21:35-те ұшып, 22:00-де қонады. Бакуден Атырауға кері бағыттағы KC278 рейсі дүйсенбі және сенбі күндері сағат 19:55-те ұшып, 22:30-да жетеді, ал сәрсенбі күні рейс 23:00-де ұшып, келесі күні сағат 01:35-те қонады. Барлық уақыт…
CaspianLife, 11 сәуір. Кеше Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов үш жасар Дінмұхаммед Жұмажан мен оның ата-анасымен кездесті. Атырау қаласындағы Ораза айт мейрамы кезінде шағын аудандағы тазалықты өз еркімен қолға алған кішкентай Дінмұхаммедтің видеосы әлеуметтік желілерде кеңінен таралып, жұртты тәнті етті. Облыс әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, кездесуде Серік Шәпкенов баланы тәрбиелегені үшін ата-анасына алғыс білдіріп, оның қоршаған ортаға деген сүйіспеншілігін жоғары бағалады. Сонымен қатар, Мемлекет басшысының алғыс сөзі жазылған Президент Әкімшілігі басшысы Айбек Дадебаевтың хатын табыстады. — Кейде бір әрекет мың сөзден артық әсер етеді. Дінмұхаммед әлі кішкентай болса да, оның ісі бәріміздің жүрегімізді елжіретті. Ол бұл әрекетті біреуден көріп емес,…
CaspianLife, 11 сәуір. Әлеуметтік осал санаттағы жандардың кәсіппен айналысуына мүмкіндік беру мақсатында биыл Атырау облысында 230 отбасыға қайтарымсыз грант беріледі. Бұл туралы Атырау облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Полымбет Хасанов баспасөз мәслихатында мәлімдеді. Өңірлік коммуникациялар қызметі баспасөзінің хабарлаунша, грант көлемі – 400 АЕК, яғни, 1,5 млн теңгеден асады. Полымбет Хасанов қаржылық қолдауда көпбалалы аналарға, мүмкіндігі шектеулі жандарға, асыраушысынан айырылған және атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алушы отбасыларға басымдық берілгендігін жеткізді. – Мемлекеттік грант адамдардың өз ісін бастауына серпін береді. Бұл – табысты арттыруға, отбасылық тұрақтылыққа жол ашатын нақты қолдау, – деді басқарма басшысы. Бұдан бөлек 220 жасқа…
CaspianLife, 11 сәуір. Соңғы күндері қазақстандық бұқаралық ақпарат құралдарында, кейінірек әлеуметтік желілерде, блогтар мен мессенджерлерде қытайлық ғалымдар «болжаған» жойқын жер сілкінісі туралы ақпарат белсенді түрде таралуда. Осыған байланысты ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің (ТЖМ) ресми сайтында ҚР ТЖМ Ұлттық сейсмологиялық бақылаулар мен зерттеулер ғылыми орталығының (ҰСБЗҒО) ресми түсіндірмесі жарияланды. Бұл мәлімдемелердің артында не жатыр? 1-факт. Шынымен де, Чжу Хунбин басқаратын Бейжің жер сілкіністері агенттігінің ғалымдар тобы Қытайдың кейбір өңірлерінде магнитудасы 8-ден асатын жойқын жер сілкіністері әрбір 30–40 жыл сайын болып тұратын цикл бар болуы мүмкін деген болжам айтқан. Осы негізде қазір жаңа цикл басталуы мүмкін деген ғылыми гипотеза ұсынылған. 2-факт. Зерттеу…
CaspianLife, 10 сәуір. Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының бұйрығымен Дәурен Қайыржанұлы Есқабылов «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватының директоры қызметіне тағайындалды. Бұл туралы «Ақжайық» МТР-ның әлеуметтік желідегі ресми парақшасында хабарланды. Резерват ұжымына жаңа директорды Атырау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының басшысы Ризабек Дәулетов ресми түрде таныстырды. Дереккөз: www.caspianlife.kzСурет: «Ақжайық» РММ-ның әлеуметтік желідегі парақшасынан
CaspianLife, 10 сәуір. Бұл туралы Атырау облысы әкімінің орынбасары Дарын Шамұратов төрағалығымен өткен жиында айтылды. Жиынға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы Ерлан Серікқалиев қатысты. Өңірлік коммуникациялар қызметінің хабарлауынша, жиын барысында Ерлан Серікқалиев 2018-2023 жылдар аралығында Атырау облысында дене шынықтыру, спорт және туризм саласына жергілікті бюджет есебінен едәуір қаражат бөлінгенін мәлімдеді. — Осы кезеңде өңірде 26 спорт нысаны салынды. Алайда, жалған дипломмен жұмысқа орналасу, іссапар шығындарын қолдан көбейту, нысандарды тиімсіз пайдалану, біліктілік талаптарына сәйкес келмейтін басшыларды тағайындау секілді заңбұзушылықтар тіркелді. Жалпы қаржылық тәуекелдер сомасы 902 миллион теңгеден асты, — деді Е. Серікқалиев. Бүгінгі таңда департамент тарапынан…
CaspianLife, 10 сәуір. Бүгін Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы» Жарлыққа қол қойды. Қазақстан Республикасының Президенті аппаратының баспасөз қызметінің хабарлауынша, ғылым саласындағы елеулі жетістіктері үшін «Парасат» орденімен Владимир Александрович Яшков – С. Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінің қауымдастырылған профессоры, Ғылым және жоғары білім министрлігіне қарасты ұйым марапатталды. Аталған Жарлық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
CaspianLife, 10 сәуір. Бұл оқиға кеше, 9 сәуір күні Астрахань облысының Харабали ауданына қарасты Сазаный Угол ауылындағы Ахтуба өзенінде болған. Астрахань облысы бойынша Ресейдің ТЖМ бас басқармасының хабарлауынша, жолаушылар отырған екі қайық (суретте көрсетілген) соқтығысқан. Салдарынан 62 жастағы әйелге медициналық көмек қажет болып, ол ауруханаға жатқызылған. Сонымен қатар, оқиғаға қатысқан адамдардың барлығы Мәскеу облысының тұрғындары екені нақтыланды.
CaspianLife, 10 сәуір. «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС («АМӨЗ»ЖШС) қатысушыларының кезектен тыс жалпы жиналысының шешімімен зауыттың Бас директоры (Басқарма төрағасы) қызметіне Бишімов Қуаныш Ердәулетұлы тағайындалды. ҚазМұнайГаз ұлттық компаниясы баспасөзінің хабарлауынша, жаңа бас директорды кәсіпорын ұжымына «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Аппарат басшысы Алимұхаммед Құттұмұрат-ұлы таныстырды. Қ.Бишімов әр жылдары кеден органдарында, ҚР Экономика және сауда министрлігінде, ҚР Индустрия және сауда министрлігінде, ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Мемлекеттік материалдық резервтер комитетінің «Резерв»РМК-да жұмыс істеді. «Петропавл ауыр машина жасау зауыты» АҚ Бас директоры, «Атамекен» ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары, «Қазақстан Инжиниринг» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы қызметтерін атқарған. Бұл тағайындауға дейін «Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС бас директоры болған. «ҚМГ басшылығы…
