Автор: Сайт әкімшілігі

CaspianLife, 10 қараша. Астрахань қаласында Царев өзен арнасында екі шағын қайық соқтығысты. Оқиға 8 қараша күні болғанын Ресей Тергеу комитетінің Батыс өңіраралық көлік тергеу басқармасының Астрахань тергеу бөлімі хабарлады. Ведомство мәліметінше, оқиға салдарынан бір қайықтың жүргізушісі мен жолаушысы жарақат алған. Ал екінші қайықтағы адамдар дін аман. Қазіргі уақытта болған жағдайға байланысты Ресей Қылмыстық кодексінің 263-бабының 1.1-бөлігі бойынша («Су көлігін пайдалану және қозғалыс қауіпсіздігі ережелерін бұзу») процессуалдық тексеру жүргізіліп жатыр. Тергеушілер оқиға орнында тексеру жүргізіп, апатқа әкелген себептер мен жағдайларды анықтап жатыр.

Read More

CaspianLife, 10 қараша. Қазақстанда алғаш рет түйе сүтін автоматтандырылған технология арқылы сауатын цех іске қосылды. Ол Маңғыстау облысы Түпқараған ауданының Қызылсүйір ауылдық жерінде орналасқан. Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, жоба «Қарағантүбек» ЖШС тарапынан Мемлекет басшысының ауыл шаруашылығын дамыту және экологиялық таза өнім өндіру жөніндегі тапсырмасы аясында жүзеге асырылған. Цех заманауи неміс жабдықтарымен толық қамтылған және түйе сүтін автоматтандырылған жүйе арқылы сауады. Кәсіпорын тәулігіне 400 тоннаға дейін түйе сүтін өндіруге қауқарлы. Қазіргі таңда 100 түйеден сүт алынып жатыр, ал болашақта түйе санын 2000 басқа дейін арттыру жоспарланған. Сонымен қатар, нысан толықтай тазартылған ауыз сумен және жаңартылатын энергия көздерімен қамтамасыз етілген.…

Read More

Caspianlife, 4 қараша. Қазақстан энергетика министрі Ерлан Ақкенженов БАӘ-де өткен «ADIPEC-2025» халықаралық энергетикалық форумының аясында АҚШ ішкі істер министрі, Энергетикалық үстемдік кеңесінің төрағасы Даг Бёргуммен кездесу өткізді. Қазақстан Энергетика министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, тараптар 30 жылдан астам уақыт бойы табысты жалғасып келе жатқан америкалық энергетикалық компаниялармен әріптестікті нығайту мәселелерін талқылады. Ерлан Ақкенженов атап өткендей, америкалық компаниялар Қазақстанның әлеуетіне сеніп, елге алғашқы болып инвестиция салғандардың қатарында болды және бүгінде Теңіз, Қарашығанақ және Қашаған сияқты ірі жобалардағы негізгі серіктестер болып табылады. – Қазақстанда іске асырылып жатқан жобалар америкалық серіктестеріміздің жаһандық портфельдеріндегі негізгі активтердің бірі саналады. Бұл жобалардың ауқымы Қазақстанның әлемдік энергетикалық тұрақтылықты…

Read More

Caspianlife, 4 қараша. Бұл туралы облыс әкімі Серік Шәпкенов спорттық инфрақұрылымды дамыту және бұқаралық спортты ілгерілету мәселелеріне арналған Үкімет отырысында хабарлады. Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгінде өңірде 800 спорт нысаны жұмыс істейді. Олардың қатарында 8 стадион, 53 спорт кешені және 702 спорт алаңы бар. Сонымен қатар, өңірде заманауи ірі спорт нысандары салынған:— 50 метрлік олимпиадалық бассейн,— «Атырау» спорт сарайы,— теннис орталығы және мұз айдыны сарайы. Қосымша 17 жеке спорт нысаны тұрғындарға қызмет көрсетеді. Биылғы жылдың соңына дейін облыстағы 68 ауылдық округтің 70%-ы спорт нысандарымен қамтылмақ. Ал алдағы екі жылда барлық ауылдық округтерде спорттық инфрақұрылым пайда болады. Қазір облыста…

Read More

CaspianLife, 4 қараша. Жасыл көшеттерді отырғызу Мемлекет басшысының бастамасымен өткізілетін «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында жүзеге асырылды. «Силлено» ЖШС баспасөз қызметінің хабарлауынша, акция кезінде №42, 43 және 44 мектептердің аумақтарында, сондай-ақ Балықшы ықшамауданындағы саябақта шершавый жөке (вяз), сары акация және ясень көшеттері отырғызылды. «Бастаманың мақсаты – қаланың экожүйесін жақсарту, тұрғындарға арналған жасыл аймақтарды көбейту және өсіп келе жатқан ұрпақтың экологиялық мәдениетін қалыптастыру. Ағаш отырғызу жұмыстарына компания қызметкерлерімен қатар жергілікті мектептердің мұғалімдері де қатысып, туған қаланы көгалдандыру мен көркейтуге өз үлестерін қосты», – делінген хабарламада.

Read More

CaspianLife, 4 қараша. 2020 жылы Атырау қаласының тұрғыны 45 шаршы метр тұрғын үй мен аумағы 0,0679 гектар болатын жер телімін жеке меншігіне сатып алған. Жер телімінің нысаналы мақсаты — тұрғын үй салу және оны пайдалану. Жоғарғы соттың баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2023 жылы қала әкімдігінің жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі жер иесіне аталған учаскеде жаңа тұрғын үй салу үшін архитектуралық-жоспарлау тапсырмасын (АЖТ) берген. 2024 жылы құрылысқа арналған эскиздік жоба келісілген, құрылыс аяқталған соң жаңа тұрғын үй мен жер учаскесіне меншік құқығы тіркеліп, нысанды пайдалануға беру туралы акт рәсімделген. Алайда 2024 жылдың соңында қала әкімдігі меншік иесіне бұрын берілген эскиздік…

Read More

Caspinlife, 4 қараша. Маңғыстау облысының Түпқараған ауданында 3 қараша күні жергілікті тұрғындар Каспий жағалауынан 112 өлі итбалықтың денесін тапты. Өңірлік экология департаментінің мәліметінше, зертханалық-талдамалық бақылау бөлімінің мамандары Түпқараған ауданына қарасты Форт-Шевченко және Баутино елді мекендерінің маңындағы теңіз суынан сынама алған. Сонымен қатар, балық инспекциясы басқармасымен бірлесіп жүргізілген мониторинг барысында Асан елді мекенінен Баутино мүйісіне дейінгі жағалау сызығында 112 каспий итбалығының өлексесі анықталған. Оның ішінде: — Асан елді мекенінен Форт-Шевченко қаласының жағалауына дейін – 39 өлексe,— Форт-Шевченко жағалауынан Баутино мүйісіне дейін – 73 өлексe табылған. Ақпарат хабарлау алгоритміне сәйкес «112» қызметіне жолданды.

Read More

CaspianLife, 3 қараша. Қазан айында ұлттық қауіпсіздік органдары Қылмыстық кодекс баптарына сәйкес келетін 83 құқықбұзушылықты тіркеді. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) баспасөз қызметінің хабарлауынша, бір ай ішінде келесі фактілер анықталған: — 189-бап (сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену немесе талан-таражға салу) – 12;— 190-бап (алаяқтық) – 16;— 195-бап (алдау немесе сенімді теріс пайдалану арқылы мүліктік залал келтіру) – 1;— 206-бап (ақпаратты заңсыз жою немесе өзгерту) – 1;— 361-бап (лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдалану) – 2;— 362-бап (билікті немесе лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану) – 3;— 364-бап (кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысу) – 1;— 366-бап (пара алу) – 26;— 367-бап (пара беру) – 11;—…

Read More

CaspianLife, 3 қараша. Бұл туралы Астанада Қазақстан Премьер-министрінің төрағалығымен өткен «KGIR-2025» жаһандық инвестициялар жөніндегі Қазақстандық дөңгелек үстел барысында жарияланды. Аталған шара – елдің негізгі инвестициялық алаңы болып саналады. Форум жұмысына Маңғыстау облысының әкімі Нұрдаулет Қилыбай қатысып, шетелдік инвесторлар және трансұлттық компаниялардың өкілдерімен бірқатар кездесулер өткізді. Кездесу барысында ол өңірдің инвестициялық әлеуетін, табиғи ресурстарын және өнеркәсіпті дамытудың стратегиялық бағыттарын таныстырды. Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, форумға қатысудың басты мақсаты – тікелей шетелдік инвестицияларды тарту, өңір экономикасын әртараптандыру және энергетика, мұнай-газ химиясы мен өнеркәсіп салаларында ынтымақтастықты кеңейту. Биылғы форумның басты тақырыбы – «Трансформация дәуіріндегі жаңа шешімдер: Қазақстан – тұрақты экономикалық дамудың…

Read More

Caspianlife, 3 қараша. Ақтауда ҚР Парламенті Сенатының әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің «Тарихи туризмді дамытудың өзекті мәселелері» тақырыбында көшпелі отырысы өтті. Туризм индустриясы комитетінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, жиында өңірдің туристік саласын одан әрі дамыту шаралары қарастырылды. Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары  Аббат Өрісбаевтың айтуынша, өңір тарихи және жағажайлық туризмді дамытуға зор әлеуетке ие. — Мемлекет басшысының тапсырмасымен 2025–2029 жылдарға арналған «Маңғыстау» туристік аймағын дамытудың кешенді жоспары бекітілді. Ол 9 бағыт бойынша 102 іс-шараны қамтиды. Негізгі басымдықтар – тұрақты туризмді дамыту, инвестициялық жобаларды жүзеге асыру, инженерлік және көлік инфрақұрылымын жетілдіру, цифрландыру, қауіпсіздікті қамтамасыз ету және Кендірлі курорттық аймағын дамыту, — деді ол.…

Read More