Caspian Life, 12 қараша. Атырау қаласында «Ақылды бағдаршамдар» жобасы іске асырылып жатыр. Жоба заманауи технологиялар мен жасанды интеллект элементтерін қолдану арқылы жол қозғалысын басқарудың тиімділігін арттыруға бағытталған. Ішкі істер министрлігінің Polisia.kz сайтының хабарлауынша, қазір жүйе сынақ режимінде жұмыс істеп тұр. Осы кезеңде қала тұрғындарынан кейбір қиылыстарда жасыл бағыттаушы жебелердің немесе «жасыл плюс» сигналының жоқтығына қатысты ұсыныстар мен ескертулер түсіп жатыр. Алдағы уақытта қажетті қосымша белгілер орнатылмақ. Барлық азаматтық өтініштер қалалық әкімдік пен полиция басқармасы тарапынан мұқият қаралуда. Қазір мамандар мердігер ұйыммен бірлесіп жүйенің жұмысын жетілдіру бойынша талдау жүргізіп, қажетті шараларды қабылдап жатыр. Қала аумағында барлығы 78 бағдаршам орнатылған:– 42-сі қаланың…
Автор: Сайт әкімшілігі
Caspian Life, 12 қараша. Елімізде ақпараттық қауіпсіздікті күшейту және цифрлық кеңістіктегі тәуекелдерді басқару мақсатында «Киберқауіпсіздік туралы» жаңа заң қабылданбақ. Бұл құжат «Информатизация туралы» заңның орнына қабылданып, заманауи киберқатерлерге қарсы тиімді әрекет етуге мүмкіндік береді. Мәжілістің баспасөз қызметі хабарлағандай, жаңа заң жобасы Цифрлық кодекстің аясында әзірленіп, ақпаратты қорғау мен киберқауіпсіздік саласында жаңа тәсілдерді енгізуді көздейді. Негізгі жаңалықтар мен бастамалар: 🔹 Цифрлық комплаенс институты құрылады — бұл цифрлық ортада өзін-өзі реттеу мен сенімді экожүйе қалыптастыру тетігі. 🔹 Ұлттық цифрлық нысандардың құқықтық режимі бекітіледі. Яғни стратегиялық маңызы бар деректер базасы, байланыс жиіліктері, ақпараттық жүйелер мен инфрақұрылым нысандары шетел азаматтарының меншігіне берілмейді. 🔹 Үш…
Caspian Life, 12 қараша. Еліміздің Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, қазан айында Enbek.kz электронды еңбек биржасында 132 мың бос жұмыс орны мен 114,1 мың түйіндеме жарияланған. Қыркүйек айымен салыстырғанда жұмыс берушілер ұсынған бос орындар саны 4,5%-ға, ал үміткерлер ұсынған түйіндемелер 12,6%-ға азайған. Министрлік атап өткендей, көрсеткіштердің аздап төмендеуіне қарамастан, еңбек нарығы тұрақтылығын сақтап отыр, ал сұраныс пен ұсыныс теңгерімді деңгейде. Ең көп бос орын ұсынылған салалар: Білім беру – 41,1 мың (31%), Қызмет көрсету – 17,5 мың (13%), Денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер – 11,7 мың (9%). Бұл үш сала барлық бос жұмыс орындарының шамамен жартысын құрап, әлеуметтік…
Caspian Life, 11 қараша. Атырауда үш күнге созылатын «Коррозия негіздері және оны қорғау әдістері» атты мамандандырылған семинар ұйымдастырылды. Іс-шараны «CIP» ЖШС оқу орталығы Атырау облысының кәсіпкерлер палатасының қолдауымен өткізуде. Семинар Жұмысшы мамандықтары жылы аясында өтіп, нано-композитті жабындардың заманауи технологиялары мен коррозиядан пассивті қорғау әдістеріне арналды. Бұл – биылғы жылы «CIP» орталығы өткізген екінші семинар, оның мақсаты – сала мамандарының кәсіби құзыреттерін дамыту және тәжірибе алмасу. Іс-шара «CIP» оқу орталығы мен Атырау облысының кәсіпкерлер палатасы арасындағы ынтымақтастық меморандумы шеңберінде өткізіліп отыр. Құжат мамандардың біліктілігін арттыру және өңір өнеркәсібіне озық технологияларды енгізуге бағытталған бірлескен жұмысты қарастырады. Семинардың негізгі мақсаты – тәжірибемен алмасу,…
Caspian Life, 11 қараша. Волга өзенінен батыс аймақтарға 20 млн м³ таза су жеткізілді. Бұл суды жеткізу «Астрахань–Маңғыстау» магистральді су құбыры арқылы жүзеге асып, батыс өңірлеріндегі халықтың үштен бір бөлігін қамтамасыз етеді. Бүгінгі таңда магистральді су құбыры өнеркәсіп кәсіпорындары, коммуналдық шаруашылық және Жаңаөзен қаласы мен жеті аудандағы тұрғындарға су жеткізеді. Пресс-служба «Самұқ-Қазына» қорының мәліметінше, АО «ҚазТрансОйл» еншілес кәсіпорны – ТОО «Магистральді Водовод» биылғы жылдың тоғыз айында тұтынушыларға 20 млн м³ су жеткізген. Су құбыры 1989 жылы іске қосылған және 35 жылдан астам уақыт бойы Атырау мен Маңғыстау облыстарының су тапшылығы бар аудандарына Волга өзенінің суын жеткізіп келеді. 2023 жылдың желтоқсан…
Caspian Life, 11 қараша. Маңғыстау облысының прокурорлары бюджет қаражатын тиімді пайдалану және мемлекеттік сатып алу заңдылығын қамтамасыз ету бойынша белсенді жұмыс жүргізуде. Биылғы жылы прокуратура қызметінің нәтижесінде 9 млрд теңгеге жуық негізсіз шығындардың алдын алу қамтамасыз етілді. Қабылданған шаралардың арқасында 121 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке, ал 34 қызметкер әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Прокуратура хабарламасында атап өтілгендей, заң бұзушылықтардың басым бөлігі тауарлардың бағасын шамадан тыс көтеру, артық және қажетсіз тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді сатып алуды жоспарлау, сондай-ақ сәйкес бюджеттік өтінімдерсіз қаражат бөлу сияқты мәселелерге байланысты. Айта кетейік, осындай заң бұзушылықтар Маңғыстау облысының барлық қалалары мен аудандарында анықталған. 📰 Ақпарат Маңғыстау облысы прокуратурасының…
Caspian Life, 11 қараша. Каспий теңізінің Қазақстанға тиесілі секторында орналасқан Кулалы аралында 70-тен астам итбалық (тюлень) мәйіті анықталды. Бұл туралы Маңғыстау облысының экология департаменті хабарлады. Ресми мәліметке сәйкес, мәйіттер 8 қарашада мониторинг жүргізу кезінде табылған. Мониторингке экология қызметкерлері, балық инспекциясы мамандары және Гидробиология және экология институтының сарапшылары қатысқан. «Мониторинг барысында 71 итбалық мәйіті табылғандықтан, су үлгілерін алу жұмыстары жүргізілді», — деп хабарланды департаменттің ресми хабарламасында. Қазіргі уақытта мәйіттердің өліміне себептерді анықтау үшін қосымша зерттеулер жүргізілуде.
Caspian Life, 11 қараша. Астрахань облысында Қазақстанмен шекарада орналасқан «Қараөзек» автокөлік өткізу пунктін жаңғырту жұмыстары басталды. Жоба Ресейдің «Тиімді көлік жүйесі» атты ұлттық бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда. Ресейдің Росгранстрой федералдық мемлекеттік мекемесінің мәліметінше, қазіргі уақытта нысанда дайындық кезеңі жүріп жатыр: вахталық қала салынған, қоршаулар орнатылған. Ал Ресейдің Мемлекеттік сараптама бас басқармасынан оң қорытынды алынған соң, негізгі құрылыс-монтаж жұмыстары басталады. Жаңғырту аяқталғаннан кейін өткізу пунктінің өткізу қабілеті тәулігіне 2 мың көлікке дейін артады. Қозғалыс жолағының саны 6-дан 16-ға дейін көбейеді. Сонымен қатар: қызметтік-өндірістік ғимарат, терең тексеру ғимараты, азаматтарды тексеруге арналған корпус, инженерлік-техникалық қамтамасыз ету кешені салынады. Мамандардың айтуынша, жоба жүзеге асқан…
Caspian Life, 10 қараша. Атырау мұнай өңдеу зауыты (АМӨЗ) жоспарлы алдын алу жұмыстарын мерзімінен бұрын аяқтап, барлық технологиялық қондырғыларды қалыпты режимге шығарып, жұмыс істей бастады. Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, қазіргі уақытта мұнайдың бастапқы және қосымша өңдеу технологиялық қондырғылары кестеден бұрын іске қосылған. Министрлік мәлімдегендей, зауыт қазіргі кезде тұрақты жұмыс істеп, өндірістік бағдарламаға сәйкес өнім шығарып жатыр. Өткен аптада, 6 және 7 қарашада, АМӨЗ тәулігіне 16,8 мың тонна мұнай өңдеп, жобалық қуаттылықтың 100%-ына жеткен. Сонымен қатар, 10 мың тоннадан астам сұйытылған газ, АИ-92 маркалы бензин, аралық және қысқы дизельдік отын өндіріліп, тасымалданған. «Сұйытылған мұнай газының тәуліктік өндірісі шамамен 700 тоннаны…
CaspianLife, 10 қараша. Қазақстаннан Еуропа елдеріне заңсыз жолмен 75 тоннадан астам көксерке филесін (судак) экспорттауға қатысы бар тұлғаларға қатысты тергеу аяқталды. Бұл туралы Қаржы мониторингі агенттігі хабарлады. Мәліметке сүйенсек, «СПК Қызылорда Балық» ЖШС басшылығы 2022 жылы кеден органдарына жалған ақпарат беріп, жалпы салмағы 75 тоннадан асатын, құны 254 млн теңге болатын өнімді Еуропалық одақ елдеріне заңсыз шығарған. Кәсіпорын балық өнімінің шығу тегін заңдастыру мақсатында оны шын мәнінде балық өсіруге немесе аулауға мүмкіндігі жоқ шаруашылықтардан алғаны туралы жалған құжаттар жасаған. Тергеу барысында бұл шаруашылықтардың тоғандары толығымен құрғап қалғаны, ал құжатта көрсетілген жүк көліктерінің тоңазытқыш жабдығы болмағаны және мүлде тасымалдауға қатыспағаны анықталды.…
