Автор: Сайт әкімшілігі

CaspianLife, 21 қараша. Атырау облысының прокуратурасы «Заң және Тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру аясында азаматтардың қауіпсіздігі мен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында «TargetEye» бейнеаналитика жобасын жүзеге асыруда. Атырау облыстық прокуратурасының хабарлауынша, қоғамдық тәртіп жиі бұзылатын, тұрғындар көп жиналатын орындарға құқық қорғау органдарымен бірлесіп жасанды интеллект элементтері бар 75 бейнебақылау камерасы орнатылған. Бұл бейнебақылау жүйесі нақты уақыт режимінде құқық бұзушылықтар мен түрлі оқиғаларды тіркеп, іздеуде жүрген адамдарды, пробациялық бақылаудағы тұлғаларды, сондай-ақ хабар-ошарсыз кеткен азаматтарды анықтап, ақпаратты дереу құқық қорғау органдарына жолдайды. «Интеллектуалды жүйе енгізілгеннен бері іздеуде жүрген 52 адам, пробациялық бақылаудағы 126 тұлға және хабар-ошарсыз кеткен 3 азамат анықталды. Барлық фактілер бойынша…

Read More

CaspianLife, 20 қараша. Бүгінгі (20 қарашадағы) жағдай бойынша Атырау облысының медициналық ұйымдарында 381 инфекциялық төсек-орын дайындалған. Қазіргі жүктеме – 82%. Өңірлік коммуникациялар қызметінің (ӨКҚ) мәліметін Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Алия Жаңғалиева растады. Оның айтуынша, ауруханаларда 111 бала мен 53 жүкті әйел ем қабылдап жатыр. – Суық тию және тұмау белгілерімен медициналық көмекке жүгінушілердің көбеюіне байланысты қосымша 100 резервтік төсек-орын дайындалды. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының тапсырмасымен амбулаториялық қызметтің жұмысы күшейтілді. Поликлиникалардағы фильтр-кабинеттер 08:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейді. Мобильді бригадалардың жұмыс уақыты 22:00-ге дейін ұзартылды. Сонымен қатар облыстық инфекциялық ауруханада қосымша дәрігерлік бекет ашылды, – деді Алия Жаңғалиева. Денсаулық…

Read More

Caspianlife, 20 қараша. Премьер-министр Олжас Бектенов Сенат отырысында депутат Сұлтанбек Макежановтың бюджет шығыстарын оңтайландыру жөніндегі сұрағына жауап берді. Үкімет басшысының баспасөз қызметінің хабарлауынша, Олжас Бектенов алдағы үш жылдық кезеңге арналған бюджет қалыптастыру барысында базалық шығыстар 15%-дан 12%-ға дейін қысқартылғанын айтты. Дегенмен, әлеуметтік сала бюджетке айтарлықтай салмақ түсіріп отыр. Премьер-министрдің айтуынша, әлеуметтік төлемдер мен түрлі қолдау шаралары мемлекеттік бюджет көлемінің шамамен 60%-ын құрайды. «Республикалық бюджетте бұл шығындар ұзақ уақыт бойы 40%-дан жоғары болды. Үш жылдық бюджет қалыптастыру кезінде бұл көрсеткішті 38%-ға дейін төмендете алдық, бірақ әлеует әлі де көп. Бұл бағыттағы жұмысты жалғастырамыз. Әлеуметтік қолдауды мемлекет тек объективті себептермен жұмыс істей…

Read More

Caspianlife, 20 қараша.  18–23 қараша аралығында республика аумағында жол-көлік оқиғаларының алдын алу және апаттылықты төмендету мақсатында «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр. Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, «… жедел-профилактикалық іс-шараларды өткізу қажеттілігі адам өліміне әкелген бірқатар ауыр жол-көлік оқиғаларына байланысты». Полицияның мәліметінше, осы күндері: • патрульдеу бағыттары мен қызмет атқаратын полиция қызметкерлерінің саны арттырылады;• биыл өлім-жітім 31%-ға өскен облыстық және аудандық маңызы бар жолдарда рейдтік шаралар ұйымдастырылады;• жылдамдық режимі, маневр жасау, қарсы жолаққа шығу бойынша бақылау күшейтіледі;• заңсыз тасымалдаушылар мен таксилерге тексерулер жиілейді;• елді мекендерде жаяу жүргіншілерді қағып кетудің алдын алуға бағытталған түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Сонымен қатар, жол инспекциясы…

Read More

CaspianLife, 20 қараша. Оқиға жақында Харабали ауданындағы Селитренный қалашығы аумағында болды. Салт аттылы адам архитектуралық нысанның үстінен өтіп бара жатып, жерге құлап кеткен. Telegram-дағы «Астраханская археологическая экспедиция» арнасының хабарлауынша, «… жылқы XV–XVI ғасырларға тән ортағасырлық склепке түсіп кеткен. Бұл – жиі кездесетін нысан, яғни «гурхана», жартылай күмбезді жерасты құрылымы». Археолог мамандардың айтуынша, бұл жертөле емес, ішінде дәліздер де жоқ. Тек шағын қуыстар мен ислам дәстүрі бойынша жерленген орындар бар. Склеп – мұсылмандық, сондықтан жерлеу кезінде қолданылатын заттардан үміт етуге болмайды. Ұқсас нысан нөлінші жылдары (2005 жылы) Селитренный елді мекенінде қазылған еді.

Read More

Caspianlife, 19 қараша. Теңіз кен орнында газ сепарациялық кешеннің (ГСК) алғашқы қазықтарын қағу жұмыстары бүгін басталды. «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының баспасөз қызметінің хабарлауынша, жылына 9,1 млрд м³ құрғақ газ өңдеуге қауқарлы ірі кәсіпорынның құрылысы – еліміздің мұнай-газ химиясы өнеркәсібін дамытудағы маңызды кезең. Жалпы, толықтай қазақстандық өндірушілерден сатып алынатын 22 мыңға дейін қазық орнату жоспарлануда. Жоба «Silleno» полиэтилен зауытын жылына 1,6 млн тоннаға дейін этанмен қамтамасыз етуге бағытталған. Сондай-ақ ГСК жылына 360 мың тоннаға дейін пропан өндіретін болады. Бұл фракциялар «Теңізшевройл» ЖШС-нен келетін тазартылған құрғақ газдан алынады. ГСК жобасын іске асыру тұрақты шикізат базасын қалыптастыруға және қосылған құны жоғары өнім өндірісін қамтамасыз…

Read More

CaspianLife, 19 қараша. Қазақстанда жыл сайын 3–4 миллионға дейін жедел респираторлық вирустық инфекция (ЖРВИ) және 2 мыңға жуық тұмау жағдайы тіркеледі. Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сәйкес, биылғы эпидемиологиялық маусым басталғалы (1 қыркүйектен бастап) 1 461 819 ЖРВИ жағдайы анықталған. Бұл өткен эпидемиологиялық маусымның (2024–2025 жж.) сәйкес кезеңімен салыстырғанда 20% төмен (1 678 904 жағдай). «Соңғы бір аптада республика бойынша 183 074 ЖРВИ дерегі тіркелді, бұл өткен маусымның сәйкес аптасымен салыстырғанда 16% жоғары», — делінген хабарламада. Маусым басталғалы зертханалық жолмен расталған 590 тұмау жағдайы анықталды, олардың ішінде: – 587 жағдай — А (H3N2) типі, Қазақстанда 2001 жылдан бері…

Read More

CaspianLife, 19 қараша. Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов отынның балансын және мұнай өнімдерінің ағымын қатаң бақылауға алуды тапсырды. ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгін үкімет отырысында 2026–2028 жылдарға арналған макроэкономикалық тұрақтандыру және халықтың әл-ауқатын арттыру бағдарламасы қаралды. Бұл бағдарлама Президенттің тапсырмаларын орындау мақсатында әзірленген. Премьер-министр мемлекеттік органдарға бірқатар тапсырма берді. Мысалы, Ұлттық экономика, Ауыл шаруашылығы және Сауда министрліктері инфляция деңгейін бақылау және төмендету, сондай-ақ сыртқы факторлардың баға өсуіне әсерін азайту бойынша жұмыстарды күшейтуі қажет. Коммуналдық қызмет тарифтерінің шекті үлесін сақтау қамтамасыз етілуі тиіс. «Отын-майлау материалдарына бағаны көтеруге мораторий салынған жағдайда, көрші мемлекеттерге қарағанда баға айырмашылығы күшейеді. Яғни, біздің бензин мен дизель…

Read More

CaspianLife, 19 қараша. ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің (ҚМА) Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті білім саласындағы бюджет қаражаттарының ұрлануына қатысты тергеу жүргізуде. ҚМА баспасөз қызметінің хабарламасында көрсетілгендей, БҚО индустриалды колледжінің директоры колледжге іс жүзінде оқуға қатыспаған 54 студенттің жалған түрде қабылдануын ұйымдастырған. Алайда бұл адамдар құжаттарда нақты студенттер ретінде тіркеліп, оларға жалған бағалар қойылып, қатысу кестелері мен оқу табельдері рәсімделген, стипендиялар есептелген, кейбір жағдайларда – артық мөлшерде төленген. «Жалған студенттердің атына банктік шоттар ашылған, соларға стипендия төлемдері аударылған. Банктік карталар колледж директоры немесе оның нұсқауымен басқа тұлғаларға қолма-қол ақша алу және қаражатты әрі қарай пайдалану үшін берілген. Нәтижесінде директор бюджет қаражатынан…

Read More

CaspianLife, 19 қараша. Иранда «Каспий теңізі – достық пен өңірлік дамудың көпірі» атты Каспий маңындағы өңірлер басшыларының I халықаралық форумы өтті. Астрахань облысының губернаторы Игорь Бабушкиннің хабарлауынша, форумға Ресей, Әзербайжан, Қазақстан және Түрікменстан делегациялары қатысты. Ол бұл елдердің «Солтүстік – Оңтүстік» халықаралық көлік дәлізінің негізгі буындары екенін атап өтті. Бұл дәліз қазіргі таңда Ресейді Таяу Шығыс, Азия және Африка мемлекеттерімен байланыстыратын ең маңызды сауда жолдарының бірі. Оның айтуынша, іскерлік бағдарлама аясында Астраханның көлік инфрақұрылымын дамыту мәселесіне ерекше назар аударылды. Бүгінде өңірде кеме қатынасы жолдары, теңіз порттары, автомобиль және теміржол қатынастары, халықаралық әуежай біріктірілген. Астрахань кеме жасау саласы — Каспий маңы…

Read More