Caspianlife, 21 қазан. Атырау облысында 15–27 қазан аралығында Республика күні мен Мемлекеттік егемендік туралы Декларацияның қабылданғанына 35 жыл толуына арналған мәдени, спорттық және әлеуметтік іс-шаралар өтіп жатыр. Бұл туралы Атырау облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Гүлнұр Сүйеуова Өңірлік коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында мәлімдеді. Брифингте хабарланғандай, 24 қазан күні (жұма) Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театрында салтанатты жиын өтеді. Ал мереке күні, 25 қазанда өңірде Мемлекеттік Туды көтеру рәсімі ұйымдастырылады. Сондай-ақ салтанатты шаралар мен мерекелік концерттер өтеді. Сол күні К. Смағұлов атындағы алаңда қала тұрғындары мен қонақтарына арналған үлкен концерт пен халықтық серуен ұйымдастырылады. Мереке қарсаңында өңірде тоғыз жаңа әлеуметтік және…
Автор: Сайт әкімшілігі
Caspianlife, 21 қазан. Бүгін Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов алдағы жылыту маусымына байланысты тұрғын үй секторында өрттің алдын алу шараларын күшейтуді тапсырды. Премьер-министрдің баспасөз қызметінің хабарлауынша, әкімдіктерге Төтенше жағдайлар министрлігімен бірлесіп, тұрғын үй секторында өрт қауіпсіздігі бойынша айлық профилактикалық іс-шаралар ұйымдастыру тапсырылды. Азаматтарға өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау және оны бұзудың салдарын болдырмау жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілуі қажет. Мәдениет және ақпарат министрлігі әкімдіктермен бірлесіп, бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде профилактикалық материалдарды тарату мәселесін пысықтайды. Төтенше жағдайлар министрлігіне жылыту маусымында өрттің алдын алу мәселелері бойынша мүдделі мемлекеттік органдар мен әкімдіктердің өзара іс-қимылын тиімді үйлестіру тапсырылды. Әкімдіктерге – жылыту маусымының қауіпсіз өтуін…
Caspianlife, 21 қазан. Бұл туралы бүгін Премьер-министр Олжас Бектеновтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында айтылды. Жиында жылыту маусымындағы өрт қауіпсіздігі шаралары қаралды. Премьер-министрдің баспасөз қызметінің мәліметінше, республика бойынша тұрғын үй секторындағы өрттер саны азайғанымен, Атырау, Ақмола, Жамбыл және Павлодар облыстарында олардың көбеюі байқалған. «Өрттердің негізгі себептері – тұрғындардың пеш, газ және электр жылыту құралдарын пайдалану кезінде қауіпсіздік талаптарын сақтамауы. Өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзғандарға қатысты тиімді шаралар қабылдау қажет. Төтенше жағдайлар министрлігі өрт қауіпсіздігі бойынша ағартушылық және профилактикалық жұмысты күшейтуі тиіс», – деді Олжас Бектенов. Премьер-министр халықтың қауіпсіздік мәдениетін арттыру мақсатында еріктілер мен қоғамдық ұйымдарды тарта отырып түсіндіру жұмыстарын белсенді жүргізу қажеттігін…
Caspianlife, 21 қазан. Қазақстанда елдің қалаларында бірыңғай әрі қауіпсіз интернетке қолжетімділікті қамтамасыз ететін ұлттық Wi-Fi операторын құру жоспарланып отыр. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында хабарланды. Үкіметтің баспасөз қызметінің мәліметінше, жоба әлеуметтік маңызы бар нысандарда желі орнатуды көздейді. Wi-Fi нүктелері шекара бекеттерінде, әуежайларда, теміржол және автовокзалдарда, сондай-ақ мектептер мен медицина мекемелерінде пайда болады. «Құрылып жатқан инфрақұрылым жасанды интеллект негізіндегі цифрлық сервистер мен шешімдерді дамытуға арналған платформаға айналып, Қазақстанның AI-экономика қалыптастыру бағытын қолдайды», — деді «Freedom Telecom Operations» компаниясының басшысы Қайрат Ахметов. Жобаның алғашқы кезеңінде он қаладағы 400 орын қамтылады. 2026 жылға қарай желіні 10 мың Wi-Fi нүктесіне дейін, ал 2027 жылға…
Caspianlife, 20 қазан. Орынбор газ өңдеу зауытында (ГӨЗ) шикізатты қабылдау уақытша тоқтаған оқиғаға байланысты Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі ресми мәлімдеме жасады: «БАҚ пен әлеуметтік желілерде таратылып жатқан Астана мен басқа да өңірлерде газ жетіспеушілігі болуы мүмкін деген ақпарат шындыққа жанаспайды. Елдің газдандырылған өңірлеріне, соның ішінде елордаға газ жеткізу қалыпты режимде, толық көлемде және ешқандай шектеусіз жүзеге асырылуда. Жеткізілімнің тұрақтылығы алдын ала қарастырылған резервтік тетіктер есебінен қамтамасыз етіледі. Алынбаған көлемдер қолданыстағы келісімшарттар шеңберінде жедел түрде толықтырылады, сондықтан ішкі тұтынушылар, соның ішінде елорданың жылу электр орталықтары үшін газ тапшылығы жоқ және күтілмейді. Серіктестерден алынған алдын ала ақпаратқа сәйкес, жақын уақытта Орынбор газ…
Caspianlife, 20 қазан. Қазақстан мектептерінде бірінші тоқсан аяқталуға жақын. Күзгі каникул жеті күнге созылады — 27 қазаннан бастап 2 қарашаға дейін (қоса есептегенде). Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, оқушылардың күзгі демалысын тиімді және қауіпсіз өткізу, тұлғалық дамуын және бос уақытын пайдалы ұйымдастыру мақсатында «Адал азамат» бірыңғай тәрбиелік бағдарламасы аясында іс-шаралар жоспары әзірленген. Жоспарға патриотизм, әділдік және жауапкершілік сияқты құндылықтарды қалыптастыруға бағытталған іс-шаралар енгізілген: «Балалар кітапханасы» жобасы аясында — «Каникулда кітап оқимыз» атты шара; Қауіпсіздік сабақтары: «Буллингтен қорған»; Мектеп театрларының жұмысын ұйымдастыру. Ең бастысы — балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Осыған байланысты ата-аналармен бірлесе отырып жол-көлік жарақаттарының алдын алу, мектептің…
CaspianLife, 20 қазан. Атырау облысы аумағында 20–22 қазан аралығында қару-жарақты, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды тәркілеу, сондай-ақ атыс қаруын иеленушілердің оны сақтау және пайдалану тәртібін тексеру мақсатында «Қару» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде. Полиция департаментінің хабарлауынша, шара барысында заңсыз айналымда жүрген атыс қаруы, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды анықтау және тәркілеу жұмыстары жүргізіледі. Осыған байланысты азаматтарға өз қаруын сақтау жағдайын тексеріп, оны сақтау және алып жүруге арналған рұқсат құжаттарының мерзімін қадағалау ұсынылады. «Сонымен қатар Атырау облысының тұрғындарының назарын аударамыз: жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында тіркелмеген немесе құжатсыз қалған қару-жарақты, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды ерікті түрде полицияға тапсыруға болады. Еске саламыз, мұндай заттарды ерікті…
Caspianlife, 17 қазан. Энергетика вице-министрі Санжар Жаркешов жұмыс сапары барысында Атыраудағы мұнай-газ химия кешенінің бірқатар маңызды нысандарын аралады. ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, сапар аясында Санжар Жаркешов жылына 1,25 млн тонна полиэтилен өндіретін зауыттың құрылыс барысымен танысты. Қазір пиролиз қондырғысы алаңында қадалар қағу және іргетас орнату жұмыстары жүріп жатыр. Қазан айының соңына дейін дайын өнім шығарылатын негізгі екінші нысан — полимерлеу қондырғысының құрылысы басталады деп жоспарланған. «Құрылыс кезеңінің ең қызған шағында жобада 15 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылады, ал іске қосылғаннан кейін шамамен 800 тұрақты жұмыс орны ашылады. Зауыт құрылысы мен іске қосу 2029 жылға жоспарланған. Кәсіпорын 20-дан астам…
CaspianLife, 17 қазан. Бұл туралы Астрахань қаласының әкімі Игорь Редькин мен Иранның Бас консулы Ахмад Хейдарян арасындағы кездесу барысында айтылды. Астрахань қаласы әкімдігінің ресми Telegram-арнасының хабарлауынша, соңғы он жылдан астам уақыт бойы Астрахань мен Иран Ислам Республикасының Решт және Сари қалалары арасында бауырлас қатынастар орнату туралы келісімдер бар. Кездесу барысында Астрахань мен Решт қалалары арасындағы тікелей әуе қатынасын ашу мәселесі талқыланды. Бұл келісім Иранның Бас консулы мен Астрахань облысының губернаторы Игорь Бабушкин арасындағы соңғы кездесуде қол жеткізілген уағдаластықтың нәтижесінде жүзеге асты. «Алғашқы ұшулар 19 және 26 қазан күндері орындалады — оларды ирандық әуе компания чартерлік рейстер ретінде орындайды. Қазір бұл…
CaspianLife, 16 қазан. Жаңа Салық кодексінің шағын және орта бизнес қызметіне теріс әсерін азайту мақсатында үкімет жеңілдетілген декларация негізіндегі арнайы салық режимін қолдануға қойылған артық шектеулерді алып тастау туралы шешім қабылдады. Премьер-министрдің баспасөз қызметі хабарлағандай, бұл шешім үкімет басшысы Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен кеңесте қабылданды. Кеңесте азаматтардың игілігі үшін экономикалық реформаларды жүзеге асыру барысы қаралды. Мәліметте атап өтілгендей, тыйым салынған қызмет түрлерінің тізімінде қазіргі заңнамадағыдай 44 қызмет түрі ғана сақталады. Сонымен қатар, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап салықтық әкімшілендіру «таза парақтан» жүргізіледі. Бұл микро және шағын бизнес үшін келесі жеңілдіктерді қамтиды:— салықтық тексерулердің күшін жою;— камералдық бақылаудың күшін жою;— мәмілелерді…
