Caspianlife, 3 сәуір. Бұл туралы «AtyrauOil&Gas» көрмесінің жетекшісі Гаухар Бекманова журналистермен әңгіме барысында айтты. Бұған дейін хабарланғандай, 2 сәуірде Атырауда жыл сайынғы Солтүстік Каспий өңірлік көрмесі «AtyrauOil&Gas» өз жұмысын бастады. Биыл көрме 22-рет өткізіліп отыр, оған 10 елден келген 97 компания қатысуда. Атап айтқанда, Австрия, Германия, Италия, Қазақстан, Қытай, Нидерланд, БАӘ, Пәкістан, Ресей және Сингапур. Мысалы, Италиядан 18 компанияның кең ауқымды ұлттық экспозициясы ұсынылған. Сонымен қатар, көрме мемлекеттік органдардың өкілдері, ірі компаниялар мен салалық сарапшылар бас қосатын басты іскерлік алаң ретінде қызмет етеді. Олар өзекті мәселелерді талқылап, жаңа серіктестер тауып, мұнай-газ және құрылыс саласындағы озық технологияларды таныстырады. Көрмеге қатысушылар мен…
Автор: Сайт әкімшілігі
CaspianLife, 3 сәуір. Қазақстан сирек жер элементтерінің қоры бойынша әлемдегі жетекші елдердің біріне айналуы мүмкін. 2022-2024 жылдары «Центргеолсемка» ЖШС мемлекеттік жер қойнауын геологиялық зерттеу бағдарламасы аясында Құйрықтыкөл учаскесінде іздеу жұмыстарын жүргізіп, сирек жер металдарының ірі қорлары бар бірнеше перспективалы аумақты анықтады. Жалпы есеппен бұл ресурстар шамамен 1 миллион тоннаны құрайды. ҚР Индустрия және құрылыс министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Құйрықтыкөл учаскесі Астанадан 300 км оңтүстік-шығыста, Қарағанды облысының Қарқаралы ауданында, Қарқаралы қаласынан 100 км солтүстік-шығыста орналасқан. Геологиялық тұрғыдан алғанда, Құйрықтыкөл учаскесіндегі кенді қамтитын жыныстар ежелгі сөнген жанартаулар мен олардың әрекетінен түзілген өнімдерден тұрады. Кейін бұл жыныстар магмалық процестердің әсерімен өзгеріске ұшыраған. Ең перспективалы…
Т А Л А П К Е Р – 2025 ХАБАРЛАМА Атырау облысының Полиция департаменті ҚР ІІМ ведомстволық жоғары оқу орындарына 2025-2026 оқу жылына талапкерлерді іріктеу жұмысы басталғанын хабарлайды. Оқуға жалпы орта, орта-техникалық немесе арнайы кәсіптік білімі бар, 16 жасқа толған, 25 жастан аспаған ішкі істер органдары қызметкерлеріне қойылатын талаптарға сай келетін, денсаулығы бойынша әскери қызметке және оқуға жарамды, сонымен қатар ҚР Қарулы күштері қатарында міндетті әскери міндетін өтеген жастарды шақырамыз. Қосымша анықтаманы Атырау облысы ПД Кадр саясаты басқармасының 98-26-12, 87781204525 телефонына хабарласып немесе №404 қызмет бөлмесіне келіп алуға болады. А Б И Т У Р И Е Н…
CaspianLife, 1 сәуір. Облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбайдың тапсырмасымен «Атырау – Ақтау» республикалық тас жолы бойында орналасқан Ман-Ата асуы мобильді байланыспен қамтылды. Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл байланыс жол бойындағы жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жедел жәрдем және басқа да қызметтерді жылдам шақыру үшін аса маңызды. «Сонымен қатар, Бекі ауылының тұрғындары мен ауылдағы орта мектепті байланыспен қамту мақсатында «Қазақтелеком» АҚ магистралінен базалық станцияға дейін талшықты-оптикалық байланыс желісі тартылды. Қазіргі таңда аумақта барлық қажетті инфрақұрылым қалпына келтіріліп, «Кселл» АҚ-ның 4G базалық станциясы орнатылды. Алдағы уақытта Beeline операторының базалық станциясы да орнатылатын болады»,-делінген хабарламада.
CaspianLife, 2 сәуір. 2025-2026 оқу жылына бірінші сыныптарды мектепке қабылдау басталды. Бұл мерзім 1 сәуірден 31 тамызға дейін жалғаспақ. Ол туралы қалалық білім бөлімінің басшысы Айнагүл Дүйсекенова баспасөз мәслихатында баяндады, — деп хабарлады Өңірлік коммуникациялар қызметі. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес биыл бірінші сыныпқа алты жасқа толған немесе жыл соңына дейін толатын балалар қабылданады. — Мектепке қабылдау емтихансыз жүзеге асырылады. Өтініштерді ата-аналар өз таңдауы бойынша egov.kz электронды үкімет порталы арқылы немесе оқу ордасында қағаз түрінде тапсыра алады. Өтініштер бір жұмыс күні ішінде қарастырылады. Өткен жылы сегіз мыңнан астам оқушы бірінші сыныпқа қабылданса, биыл 9 мыңға жуық оқушы қабылданады деп жоспарлап отырмыз,…
CaspianLife, 2 сәуір. Атырау облысына Әзербайжаннан Қырғызстанға бағыт алған өрт сөндіру техникасының колоннасы келді. Telegram-арна 112 KZ мәліметінше, Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаментінің (ТЖД) қызметкерлері арнайы техникадағы әріптестерін жылы қарсы алды. Кеше атыраулық құтқарушылардың сүйемелдеуімен олар Ақтөбе облысына қарай жол тартты, түпкі бағыт – Бішкек. «Бұл маршрут – жай ғана шекара асқан сапар емес, өрт сөндірушілер бауырластығының бірлігі мен қолдауының символы. Қай жерде болмасын, құтқарушылардың басты мақсаты – көмек қажет жерде болу», – делінген хабарламада.
CaspianLife, 1 сәуір. «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерваты ерекше қорғалатын табиғи аумақта (буферлік аймақта) әуесқой-спорттық балық аулау маусымының ашылғанын хабарлайды. Резерваттың ресми парақшасында жарияланған хабарламаға сәйкес, әуесқой балық аулауға 2 сәуірден бастап «Балық жүретін» және «Приморский» каналдарында рұқсат етіледі. Спорттық-әуесқой балық аулау су айдындарында жеке тұлғаларға тек жеке басын куәландыратын құжаты мен жолдамасы болған жағдайда ғана рұқсат беріледі. Жолдама жеті күнтізбелік күнге дейінгі мерзімге беріледі, ал бір балықшыға тәулігіне 5 кг-нан аспайтын балық аулауға рұқсат етіледі. Балық аулау кезінде спорттық-әуесқой балық аулау қағидаларын қатаң сақтау және тыйым салынған аулау құралдарын қолданбау қажет. Жолдама алу бойынша сұрақтар бойынша «Ақжайық» МТР кеңсесіне мына…
CaspianLife, 1 сәуір. Атырау облыстық сотының қылмыстық істер бойынша сот алқасы Атырау қаласының бұрынғы лауазымды тұлғаларына қатысты апелляциялық шағымдарды қарады. Бұл туралы Атырау облысының прокуратурасы 2023 жылдың қараша айында хабарлаған болатын: «…ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабының 4-бөлігінің 2-тармағы бойынша қылмыс жасады деп күдіктеліп, Атырау қаласының бұрынғы әкімі Қ.К. Оразбаев (Атырау қаласы полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына орналастырылды) ұсталды». Атырау қаласының әкімі және оның екі көмекшісі 2020 жылдан 2022 жылға дейін жеке тұрғын үй құрылысын салу үшін рекреациялық аймақтарға (жасыл желектер, саябақ, , жағалаулар және т.б.) жататын жер учаскелерін заңсыз берген деп күдіктелген. 2024 жылдың желтоқсанында, бірінші сотының үкімімен, Атырау қаласының бұрынғы…
CaspianLife, 1 сәуір. Кеше табиғатты қорғау және құқық қорғау органдарының қатысуымен өткен брифингте «Бекіре-2025» кең ауқымды балық қорғау акциясын өткізу мәселелері талқыланды. Жайық-Каспий аймақаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының мәліметінше, 1 сәуір мен 31 мамыр аралығында Атырау, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстарында «Бекіре-2025» кең ауқымды балық қорғау акциясы өтеді. Жыл сайын бағалы балық түрлерінің уылдырық шашу кезеңінде табиғатты қорғау және құқық қорғау органдары заңсыз балық аулаудың және оны айналымға енгізудің алдын алу мақсатында күш біріктіреді. Балық қорғау шараларының тиімділігін арттыру үшін Ауыл шаруашылығы министрі, Ішкі істер министрі (ІІМ) және Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) төрағасының «Бекіре» балық қорғау акциясын өткізу туралы бірлескен…
CaspianLife, 1 сәуір. Мемлекеттік орган анықталған заң бұзушылықтарды жою туралы нұсқама беріп, нысандардағы қызметті уақытша тоқтату туралы хаттама жасады. Каспий құбыр консорциумының (КҚК) баспасөз қызметінің хабарлауынша, Ресей Федерациясы Үкіметінің тапсырмасы бойынша 2025 жылғы 26 наурыздан бастап Федералды көлік қадағалау қызметі Азов-Қара теңіз бассейніндегі су көлігі инфрақұрылымы нысандарының қауіпсіздігін тексеруді бастады. Атап айтқанда, Новороссийск, Темрюк, Сочи, Туапсе және басқа да теңіз порттарында қауіпті жүктерді тиеу-түсіру жұмыстарын жүргізетін ұйымдар тексерілуде. Тексерулер 2024 жылғы 15 желтоқсанда Керчь бұғазында мұнай құю кемелері (танкер) апатқа ұшырап, мұнай өнімдерінің төгілуіне байланысты төтенше жағдайға байланысты ұйымдастырылды. Бұл шаралардың негізгі мақсаты – теңіз су айдынын мұнай және мұнай…
