Автор: Сайт әкімшілігі

Caspianlife, 1 сәуір. Кеше Атырау қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотында азаматша Н., азаматша А. және кәмелетке толмаған Х.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер қаралды. Олар Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабының 1-бөлігі (ұсақ бұзақылық) бойынша жауапқа тартылды. Атырау қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотының хабарлауынша, 2025 жылғы 23 наурызда азаматшалар Н., А. және кәмелетке толмаған Х. Атырау қаласындағы мұз сарайында Қазақстан Республикасының туы мен араб жазуы бейнеленген жалаудың алдында суретке түсіп, оны әлеуметтік желілерде таратқан. Бұл әрекет ұсақ бұзақылық деп танылды. Олардың кінәсі әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама, фотосурет, рапорт және істің басқа да…

Read More

CaspianLife, 31 наурыз. Бүгін Атырау облысындағы «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» арнайы экономикалық аймағында болашақ «Силлено» полиэтилен зауытының іргетасына алғашқы қазығы қағылды. «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының баспасөз қызметінің мәліметінше, ауқымды құрылыс жұмыстарына Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов, «ҚазМұнайГаз» АҚ басқарма төрағасы Асхат Хасенов, ҚР Энергетика вице-министрі Құдайберген Арымбек, «СИБУР» басқарма мүшесі – атқарушы директоры Павел Ляхович және Sinopec аға вице-президенті Ван Тао ресми түрде бастау берді. Жылына 1,25 млн тонна полиэтилен өндіретін және 7 миллиард АҚШ долларынан астам инвестиция салынатын зауыттың құрылысы 2028 жылы аяқталып, 2029 жылы іске қосылады деп жоспарланған. «Силлено» Қазақстанның өңдеу өнеркәсібіндегі ең ірі жобалардың бірі болмақ. Кәсіпорын өнеркәсіптің…

Read More

CaspianLife, 31 наурыз. Атырау кәсіпкерлеріне электронды шот-фактуралар жүйесіндегі кемшіліктер салдарынан айыппұл салынуы мүмкін. Бұл мәселе Атырау облысы Кәсіпкерлер палатасы жанындағы сауда саласы бойынша салалық кеңестің кезекті отырысында қаралды. Отырыста Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің (МКД) өкілдері 2023 жылдың 1 сәуірінен бастап Қазақстанда тауарға ілеспе жүкқұжат  рәсімдеу міндетті екенін еске салды. Яғни, тауарға ілеспе жүкқұжат (ТІЖ) алушысы электронды шот-фактуралар ақпараттық жүйесінде (ЭШФ АЖ) тіркелген күннен бастап 10 күнтізбелік күн ішінде оны растауы немесе қабылдамауы қажет. Егер тауар кез келген көлік түрімен жеткізілсе, онда бұл рәсім 20 жұмыс күнінен кешіктірілмей орындалуы тиіс. Атырау облысы Кәсіпкерлер палатасының баспасөз хатшысы Әсел Тұяқбаеваның айтуынша,…

Read More

Caspianlife, 31 наурыз. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес және Жұмысшы мамандықтары жылы аясында еліміздің орта білім беру ұйымдарында педагог-кәсіптік бағдар беруші лауазымы ресми түрде бекітілді. Оқу-ағарту министрлігінің хабарлауынша, бұл бастама оқушыларға мамандық таңдауда ерте бағыт-бағдар беруге, сондай-ақ оқушылар, ата-аналар, педагогтер, колледждер мен жұмыс берушілер арасындағы өзара байланыс пен ынтымақтастықтың тиімділігін арттыруға бағытталған. Педагог-кәсіптік бағдар берушінің негізгі міндеттері: — Оқушыларға мамандық пен білім бағытын таңдауда қолдау көрсету; — Жеке және топтық кәсіби кеңес беру жұмыстарын жүргізу; — Кәсіптік бағдар беруге арналған іс-шараларды ұйымдастыру; — Жұмыспен қамту орталықтарымен, колледждермен және кәсіпорындармен байланыс орнату; — Оқушыларға еңбек нарығындағы сұранысқа ие мамандықтар мен заманауи үрдістер…

Read More

CaspianLife, 31 наурыз. Бұл – Атырау облысының даласында өсетін және Қазақстанның Қызыл кітабына енген қызғалдақтар. Атырау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының мәліметінше, Шренк қызғалдағы (Tulipa schrenkii) жойылып бара жатқан өсімдіктер қатарына жатады. Оларды жою Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 339-бабының 1-бөлігіне сәйкес қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады. Заңға сәйкес, сирек кездесетін және жойылып кету қаупі бар өсімдіктерді заңсыз жинау, сатып алу, сақтау немесе жою, сондай-ақ олардың мекендеу ортасын бұзу үшін 3 000 (үш мың) айлық есептік көрсеткішке (АЕК) дейін айыппұл салынады. Биыл Қазақстанда 1 АЕК 3 932 теңгені құрайды, демек, қызғалдақтарды жою үшін салынатын айыппұл көлемі 11 млн 796…

Read More

CaspianLife, 31 наурыз. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Бас прокуроры Берік Асылов өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады. «“Заң және Тәртіп” қағидатын іске асыру бойынша кеңес өткіздім. Кейбір өңірлерде (Ақтөбе, Атырау, Павлодар және т.б.) жасөспірімдер қылмысы өсіп келеді. Алдын алу шараларын күшейтіп, антибуллинг бағдарламаларының тиімділігін зерделеуді тапсырдым. Қоғамдық орындардағы қауіпсіздікке назар аудардым. Қауіпті учаскелерді бейнебақылау камераларымен және жарықтандырумен жабдықтау қажет, патрульдеуді күшейту керек. Азаматтар өзін қорғалған сезінуі тиіс – сөз жүзінде емес, іс жүзінде. Жол-көлік оқиғаларының күрт өсуі алаңдатып отыр: бір жылда +67%, зардап шеккендер саны +79%. Әсіресе, Атырау, Қостанай, Ақтөбе, Жетісу облыстарында. Жол-көлік оқиғаларынан болған өлім-жітімнің 72%-ы тас жолдарда орын алуда.…

Read More

Әлеуметтік желіде Жылыой ауданының тұрғыны бұрынғы әйелін жұмыс орнында пышақтап кеткені жөнінде ақпарат тарады, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі. Облыстық полиция департаментінен білгеніміздей, аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері Шоқпартоғай ауылының тұрғынын жасырынуға әрекеттенгеніне қарамастан жедел түрде қолға түсірген. «Жылыой ауданы, Құлсары қаласында болған оқиға бойынша кісі өлтіру бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, кешенді тергеу басталды. 33 жастағы күдікті ізін суытпай ұсталып, қамауға алынды. Тергеу мүддесіне байланысты басқа ақпарат жариялауға жатпайды» дейді полиция департаментіндегі мамандар. Жұрттың жағасын ұстатқан жайтқа нақты не себеп болғаны әзірге белгісіз. Тек марқұм әйелдің Жаңа Қаратон ауылының тұрғыны екені және артында екі баласы қалғаны белгілі.

Read More

Бүгінгі, яғни, 28 наурыз сағат 08.00-дегі Жылыой және Қызылқоға ауданындағы өзендердің деңгейі туралы ақпарат белгілі болды, 28.03.2025 ж 08:00, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі. Жем өзені Ақкиізтоғай ауылы Су деңгейі 274 см Тәулік ішінде өзгеруі +1см Қауіпті деңгей 340 см 2024 жылдағы максимальды көрсеткіш 363 см Ойыл өзені Миялы ауылы Су деңгейі 529 см Тәулік ішінде өзгеруі +11 см Кезауыз-Қарабау ауылы Су деңгейі 99 см Тәулік ішінде өзгеруі 0 см Сағыз өзені Сағыз ауылы Су деңгейі 451 см Тәулік ішінде өзгеруі -27 см Ноғайты өзені Сағыз ауылы Су деңгейі 103 см Тәулік ішіндегі өзгеруі 0 см

Read More

CaspianLife, 26 наурыз. Мұндай коммуналдық гидротехникалық құрылыстарды пайдалану және басқару жөніндегі мамандандырылған ұйымдар Қазақстанның он өңірінде құрылды. ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгінде олардың балансына 809 нысан қабылданып, 203 бірлік арнайы техника берілді, 932 маман жұмысқа орналастырылды. Сонымен қатар, мұндай мекемелер Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Қызылорда, Павлодар облыстарында, сондай-ақ Абай және Жетісу облыстарында ашылғаны нақтыланады. «Осылайша, еліміздегі коммуналдық гидротехникалық құрылыстарды пайдалану және басқару жөніндегі мамандандырылған ұйымдардың жалпы саны он алтыға жетті. Қазіргі уақытта Су ресурстары және ирригация министрлігі жаңа мамандандырылған ұйымдардың функцияларын, міндеттері мен өкілеттіктерін реттейтін нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру бағытында жұмыс істеп…

Read More

CaspianLife, 26 наурыз. Атырау облысы полиция департаментінің мәліметінше, 26 наурыз күні таңғы сағат 07:30 шамасында Ақтөбе-Атырау-Астрахань тасжолының 575-шақырымында ауыр жол-көлік оқиғасы орын алды. Toyota Coaster маркалы жолаушылар автобусы мен Lada Vesta жеңіл көлігі соқтығысқан. Апат салдарынан жеңіл көлікте болған үш адам оқиға орнында көз жұмды. Тағы екі жолаушы түрлі дене жарақаттарымен облыстық ауруханаға жеткізілді. Олардың жағдайы туралы нақты ақпарат әзірге жарияланған жоқ. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын анықтау мақсатында тиісті сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Полиция департаменті жүргізушілерді жолда сақ болуға және жылдамдықты шамадан тыс асырмауға шақырады.

Read More