CaspianLife, 19 наурыз. Бұл туралы Атырау облысы бойынша экономикалық тергеу департаменті (ЭТД) ұсынған ақпаратта көрсетілген. Онда 2023-2025 жылдарға арналған көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі кешенді жоспар аясында қабылданып жатқан шаралар туралы баяндалады. Аталған жоспарды Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі (ҚМА) өзектендірген. Онда нақты көрсеткіш индикаторлары белгіленген. Жалпы, республикалық кешенді жоспар 2021 жылы көлеңкелі экономиканың деңгейін 19,75% көрсеткішінен бастады. Барлық мемлекеттік органдардың алдына бұл деңгейді 2023 жылы 18,2%-ға, 2024 жылы 16,6%-ға, ал 2025 жылы 15%-ға дейін кезең-кезеңімен төмендету міндеті қойылды. ЭТД ұсынған мәліметтерге сәйкес, Атырау облысында 2021 жылы көлеңкелі экономиканың үлес салмағы 1,57% болған, 2022 жылы 1,48%-ға дейін төмендеген. 2023 жылы…
Автор: Сайт әкімшілігі
CaspianLife, 19 наурыз. Кеше Батыс Қазақстан облысының Тасқала ауданында жергілікті тұрғындар тапқан ұшқышсыз ұшу аппаратының (ҰҰА) сурет және видеосы әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде кеңінен тарады. Әлеуметтік желі қолданушылары бұл биылғы жылдың басынан бері Батыс Қазақстан облысы (БҚО) аумағында табылған алғашқы «ұшқышсыз ұшу аппараты» емес екенін еске салды. Дәл бір ай бұрын, 19 ақпанда, осындай «белгісіз ұшу нысаны» БҚО-ның басқа аймағында – Бөкейорда ауданына қарасты Ұялы ауылының маңында құлаған еді. Кеше кешкісін «ҚазАқпарат» мемлекеттік ақпарат агенттігі Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің ресми мәлімдемесін таратты. Онда тәртіп сақшыларының уәкілетті қызметтермен бірлесіп, Тасқала ауданында сыртқы түрі ұшқышсыз ұшу аппаратына ұқсайтын заттың табылуына байланысты…
Caspianlife, 18 наурыз. Каспий теңізінің акваториясында әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы, генерал-майор Серік Борамбаевтың басшылығымен оқу-жаттығу өтті. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқу-жаттығудың белсенді кезеңін Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы күштері Бас штабының бастығы, генерал-лейтенант Сұлтан Қамалетдинов бақылады. Оқу-жаттығу бөлімшелердің жауынгерлік дайындығы мен кәсібилігін арттыруға, тактикалық деңгейдегі командирлердің дайындық деңгейін тексеруге және асимметриялық қауіп-қатер жағдайында әскери іс-қимылдарға әзірлігін бағалауға бағытталды. Үш кезеңдік командалық-штабтық оқу-жаттығу жұмылдыру ресурстарын қабылдау пунктерін орналастыруды, ұсынылған жолдарды практикалық талдау, Ақтау теңіз порты кемелерінің кіруі мен шығуын, орналасу пунктерін және теңіз экономикалық қызметінің басқа да стратегиялық маңызды объектілерін күзету мен қорғауды қамтыды. Сонымен…
CaspianLife, 18 наурыз. Бүгін Мемлекет басшысы жаңа ведомство басшысын тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды. «Сатқалиев Алмасадам Майданұлын Қазақстан Республикасының Атом энергетикасы агенттігінің Төрағасы етіп тағайындап, оны бұрын атқарған қызметінен босату», — делінген Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың бүгін Ақорда сайтында жарияланған Жарлығында.
Caspianlife, 18 наурыз. Облыстық штабтың су тасқынына дайындық мәселелері бойынша отырысында өңір басшысы Серік Шәпкенов уәкілетті органға қорғаныс бөгеттерінің сапасын тексеруді тапсырды. Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, жиында «Қазгидромет» РМК Атырау облыстық филиалының директоры Салауат Төленов 16 наурызда Ириклин су қоймасынан су жіберу көлемі 201 текше метр/сек, ал Еділ су қоймасынан 5070 текше метр/сек болғанын мәлімдеді. — Ресейдің Гидрометеорология қызметімен бірлесіп жасалған гидрологиялық болжамға сәйкес, көктемгі су тасқыны кезінде Атыраудағы Жайық өзенінің гидробекетінде судың ең жоғары деңгейі 430-490 см аралығында болуы мүмкін. Бұл – көпжылдық орташа мәннен (норма – 455 см) 33 см жоғары. Өткен жылы су деңгейі 600…
Caspianlife, 18 наурыз. 2025 жылғы ақпан айының басында Грузия Премьер-министрі Ираклий Кобахидзе Қазақстанға ресми сапармен келді. Ол Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен және Үкімет басшысы Олжас Бектеновпен кездесті. Кездесу барысында екі ел арасындағы экономикалық және мәдени ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелері талқыланды. Әсіресе, сауда-экономикалық байланыстарды дамыту мүмкіндігі басты назарда болды. Қазақстан мен Грузия бай табиғи ресурстарға ие және стратегиялық маңызы бар елдер. Қазақстан Еуропа нарықтарына қолжетімділікті кеңейтуді көздесе, Грузия Еуропа мен Азия арасындағы маңызды көлік торабы ретінде сенімді серіктес бола алады. Осы орайда, тараптар көлік инфрақұрылымын дамыту, қолданыстағы бағыттарды жаңғырту және жаңа жолдарды салу мәселелерін талқылады. 2025 жылдың сәуір айында Грузияның Поти…
Caspianlife, 18 наурыз. Ақтөбе облысындағы Ойыл өзенінің бойында елді мекендер арасында уақытша өткел салу үшін Қонаев гарнизонындағы Қарулы күштердің инженерлік-саперлік бригадасының әскери қызметшілері батыс өңірге темір жол көлігімен аттанды. ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, понтондық көпір паркінің элементтері теміржол платформасына тиелді, оның ішінде екі үлкен тонналық автомобиль-понтондық көпір сегменттері бар көлік (КрАЗ-255Б), суда жүзетін транспортер және КамАЗ және КрАЗ базасында екі сүйреткіш-моторлы қайық бар. Техниканы майор Наурыз Төлеуовтың басшылығымен 58012 әскери бөлімінің 11 әскери қызметшісінен құралған топ алып жүреді. Мамандар байланыс құралдарымен және қосымша заттармен жабдықталған. «Әскерилер оқиға орнына жеткен соң, азаматтарды, техниканы, материалдық қорларды және үй жануарларын тасымалдау…
Caspianlife, 18 наурыз. Бүгін шамамен сағат 07:00-де ж тасқын салдарынан судың Жем көпірінің маңындағы айналма жолды су алуына байланысты“Қандыағаш – Ембі – Шалқар – Ырғыз” автожолының 3-92 шақырым аралығында( Қандыағаш қаласынан Ембі қаласына дейін)барлық көлік түрлерінің қозғалысына шектеу қою жоспарлануда. «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының баспасөз қызметі хабарлағандай, Қандыағаш пен Ембі қалалары арасындағы жол бөлігі жабылады. 18 наурыз таңертеңгі дерек бойынша, су тасқыны жолдың 100 метр бөлігін басты, су деңгейі 50 см-ге жетті.
CaspianLife, 17 наурыз. Бұл жөндеу жұмыстары Құрманғазы көшесі мен Нысанбаева көшесінің қиылысында (бұрынғы «Аптекоуправление» ауданы) орналасқан су көтеру насос станциясында жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты. «Атырау облысы Су Арнасы» КМК баспасөз қызметінің хабарлауынша, жөндеу жұмыстарына байланысты 18 наурыз күні сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін төмендегі мекенжайларда су беру уақытша тоқтатылады: Жұмыскер-1 ықшам ауданы — Жұмыскер-2 ықшам ауданы — Өркен ықшам ауданы — Өркен-2 ықшам ауданы — Ракуша ауылы — Балауса ықшам ауданы
CaspianLife, 17 наурыз. Маңғыстау облысының прокуратурасы кешенді тексеру нәтижесінде «Buzachi Operating Ltd» компаниясының филиалы қызметінде өрескел заңбұзушылықтарды анықтады. Маңғыстау облыстық прокуратурасының хабарлауынша, компания алты жыл бойы мұнай мен газды шығынға ұшырата отырып, жер қойнауын пайдалану операцияларын жүргізген, сондай-ақ көмірсутектер саласындағы уәкілетті органның рұқсатынсыз шикі газды жағуды жүзеге асырған. «Прокурорлар қабылдаған шаралардың нәтижесінде сот шешімімен компания 8,4 млрд теңге көлемінде шығынды өтеуге міндеттелді. Апелляциялық саты алғашқы сот шешімін өзгеріссіз қалдырды. Сот актілері заңды күшіне енді. Биылғы наурыз айының басында компания мемлекетке келтірілген шығынды толық өтеді», — деп мәлімдеді прокуратура.
