Автор: Сайт әкімшілігі

CaspianLife, 29 мамыр. 2025 жылы тарихи отанына оралып, қандас мәртебесін алған этникалық қазақтардың саны 4 427 адамды құрады. Жалпы, 1991 жылдан бастап республикаға 1 млн 152 мыңнан астам этникалық қазақ қоныс аударды. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сәйкес, 2025 жылдың басынан бері Қазақстанға келген қандастардың 45,8%-ы Қытайдан, 40,9%-ы Өзбекстаннан, 5,4%-ы Түрікменстаннан, 3%-ы Моңғолиядан, 2,3%-ы Ресейден және 2,6%-ы басқа елдерден келген. 2025 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша қандастардың 59,7%-ы еңбекке жарамды жаста, 31,9%-ы – кәмелетке толмағандар, ал 8,4%-ы – зейнет жасындағы адамдар. Еңбекке жарамды жастағы қандастардың ішінде 17,4%-ының жоғары білімі, 26,8%-ының арнайы орта білімі, 53,6%-ының…

Read More

CaspianLife, 29 мамыр. Каспий теңізінің солтүстігінде жаңа аралдың пайда болғанын ғалымдар растады. Бұл жаңалық Каспий ғылыми-экспедициялық институтының филиалы мен Астрахань қорығының бірлескен зерттеу сапары барысында анықталды. Арал Астрахань облысындағы Кіші Жемчужный аралынан оңтүстік-батысқа қарай 30 шақырым жерде орналасқан. Бұл туралы ақпарат П.П. Ширшов атындағы Океанология институтының (Ресей ғылым академиясы) әлеуметтік желідегі ресми парақшасында жарияланды. Онда келтірілген мәліметке сәйкес, 2024 жылдың қараша айында спутниктік суреттерден Орта Жемчужная атты банкі аумағында құрғау байқалған. Алайда жаңа жер телімінің Каспий теңізі деңгейінің төмендеуінен пайда болғаны тек енді ғана нақты дәлелденді. «Экспедиция аралға дейін жеткенімен, таяз су мен қолайсыз ауа райы жағдайларына байланысты аралға түсу…

Read More

CaspianLife, 29 мамыр. «Теңізшевройл» ЖШС (ТШО) бүгін компания басшылығындағы алдағы өзгерістер туралы ресми түрде хабарлады. Компанияның баспасөз қызметінің мәліметінше, 2025 жылғы 10 маусымнан бастап ТШО-ның бас директоры қызметіне Уильям Лакоби тағайындалады. Ол бұл қызметте 2021 жылдан бері бас директор болып келген Кевин Лайонды алмастырады. Кевин Лайон «Шеврон» компаниясының бас кеңсесіндегі жаңа басшылық лауазымға тағайындалды. Оның басшылығы кезінде ТШО Болашақ кеңейту жобасын (БКЖ) сәтті жүзеге асырып, Қазақстандағы өсіп келе жатқан мұнай-химия өнеркәсібін қолдау және ішкі нарықты газбен қамтамасыз ету ісінде жетекші рөл атқаруды жалғастырды. «ТШО-ны қиын сынақтар мен өсім кезеңінде басқару мен үшін үлкен мәртебе болды. Бүгін жаңа кезең басталуда –…

Read More

CaspianLife, 29 мамыр. Қазақстанда шегіртке шабуылдарына қарсы Call-орталық ашылды. Бұл орталық ауылшаруашылық дақылдарын қорғау шараларына жедел көмек көрсету мақсатында құрылды. Министрлік берген мәліметке сәйкес, 29 мамырдағы жағдай бойынша елімізде 4,774 миллион гектар ауылшаруашылық алқаптары тексерілген, оның 2,1 миллион гектары шегіртке шабуылына ұшыраған. Химиялық өңдеу 700,8 мың гектар аумақта жүргізілген. Қазіргі уақытта Түркістан облысында мароккалық шегірткеге қарсы өңдеу жұмыстары аяқталуға жақын. Жамбыл облысында да осы бағыттағы жұмыстар толық аяқталды. Қызылорда облысында 18,4 мың гектар, Ақтөбе облысында 79,3 мың гектар, Қарағанды облысында 7,1 мың гектар аумақ өңделді. Шегіртке шабуылына қарсы шаралар еліміздің 15 өңірінде белсенді түрде жүргізілуде. Жұмыстарға 443 арнайы бүрку техникасы,…

Read More

CaspianLife, 29 мамыр. Маңғыстау облысында өткен «Бекіре» жедел-алдын алу іс-шарасы аясында Жаңаөзен қаласында сирек кездесетін балық түрлерін заңсыз сақтаған жергілікті тұрғын ұсталды. Криминалдық полиция қызметкерлері одан жарты тоннадан астам бекіре тұқымдас балықты тәркіледі. ҚР Ішкі істер министрлігінің Polisia.kz ведомстволық сайтының хабарлауынша, бұл дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 339-бабы («Сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген жануарлар түрлерімен заңсыз айналысу») бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Read More

CaspianLife, 28 мамыр. Қызылқоға ауданына қарасты Сағыз ауылында атыс салдарынан үш адам жарақат алды. Олардың барлығы Атырау облыстық ауруханасына жеткізілді. Дәрігерлердің айтуынша, зардап шеккендердің бірінің жағдайы ауыр – оқ оның кеуде қуысы мен иығына тиген. Бұл туралы бүгін Caspian News телеарнасы хабарлады. CN мәліметінше, оқиға 27 мамыр күні кешкі сағат 23:30 шамасында болған. Белгісіз біреу көлікте отырған үш ер адамға оқ атқан. Салдарынан 39-40 жастағы үш азамат оқ жарақатын алып, ауруханаға жеткізілді. Толығырақ телесюжеттен қараңыз.

Read More

CaspianLife, 28 мамыр. Атырау облысы арқылы өтетін барлық республикалық маңыздағы автожолдарда жағдай ұшқышсыз ұшу аппараттары (дрондар) арқылы бақылануда. Атырау облыстық полиция департаменті жүргізушілерге жол қозғалысы ережелерін, әсіресе жылдамдық режимін және қарсы бағытқа шығу ережесін қатаң сақтауды ескертеді. Ереже бұзушылық анықталған жағдайда, полицейлер тарапынан дереу шаралар қолданылады. Дрон бәрін байқайды – видеоны көріңіз.

Read More

CaspianLife, 28 мамыр. «Grand Fashion Atyrau» сән апталығының IV маусымы аясында балалар мен ересектерге арналған жаңа киім топтамаларының көрсетілімі өтті. Оған он бір жергілікті дизайнер мен Атырау сервис колледжінің студенттері қатысты. Атырау облысы Кәсіпкерлер палатасының баспасөз хатшысы Әсел Тұяқбаеваның айтуынша, дәстүрге айналған бұл шараның ұйымдастырушысы — Атырау облыстық дизайнерлер қауымдастығы. Шара жылына екі рет өткізіліп, жергілікті тігін шеберлерінің таланттарын көрсетуге мүмкіндік береді. Барлық маусымдарда көрсетілімге Атырау облысы Кәсіпкерлер палатасы қолдау көрсетіп келеді. Атырау облысы дизайнерлер қауымдастығының төрайымы Айсұлу Оразбаеваның айтуынша, көрсетілімге қатысушыларға қойылатын басты талап — ұлттық нақыштың киім үлгілерінде көрініс табуы. Бұл жолғы көрсетілім де дәстүр мен заманауилықтың үндесуі…

Read More

CaspianLife, 28 мамыр. Магистральды мұнай құбырының ұлттық операторы – «ҚазТрансОйл» АҚ және «Солтүстік-Батыс  Құбыр Компаниясы «МұнайТас» ЖШС «Кеңқияқ – Атырау» магистральды мұнай құбыры арқылы Қазақстанның ішкі нарығына мұнай тасымалдау бойынша реттелетін қызметке арналған жаңа тарифтің бекітілгенін хабарлайды. «ҚазТрансОйл» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінің 2025 жылғы 23 мамырдағы № 40-ОД бұйрығына сәйкес, тариф келесідей мөлшерде бекітілді: 01.07.2025–30.06.2026 аралығы – 1 тонна үшін 1 000 км-ге 11 193 теңге (ҚҚС-сыз); 01.07.2026–30.06.2027 аралығы – 11 233 теңге; 01.07.2027–30.06.2028 аралығы – 11 259 теңге; 01.07.2028–30.06.2029 аралығы – 11 286 теңге; 01.07.2029–30.06.2030 аралығы –…

Read More

Caspianlife, 27 мамыр. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі алты жаңа кәсіби мерекені бекітуді көздейтін ведомство басшысының бұйрығының жобасын әзірледі. Министрліктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, құжат туралы ақпарат «Ашық НҚА» порталында 2025 жылғы 10 маусымға дейін қоғамдық талқылауға шығарылған. «Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы №258 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» бұйрық жобасына сәйкес, кәсіби мерекелер тізбесі келесі жаңа күндермен толықтырылады: – Қазақстан кәсіпкерлері күні – 31 қаңтар; – Қазақстан қолөнершілері күні – 7 шілде; – Табиғи монополиялар саласы қызметкерлері күні – 9 шілде; – Санитариялық-эпидемиологиялық қызмет қызметкері күні – 15…

Read More