Автор: Сайт әкімшілігі

CaspianLife, 27 мамыр. Бұл туралы кеше Астанада Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов пен Каспий құбыр желісі консорциумының (КҚК) бас директоры Николай Горбань арасындағы жұмыс кездесуінде айтылды. Іс-шараға сондай-ақ «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасы Асхат Хасенов пен ҚР Энергетика вице-министрі Әлібек Жамауов қатысты. Халықаралық консорциум басшысы ҚР Үкіметінің басшысына 2024 жылғы қызмет қорытындылары мен 2025 жылғы 23 мамырда пайдалануға берілген «Кропоткинская» мұнай айдау станциясында жүргізілген қалпына келтіру жұмыстарының сәтті аяқталғаны жөнінде баяндады. Каспий құбыр желісі консорциумының (КҚК) баспасөз қызметінің хабарлауынша, Николай Горбань мұнай құбыры компаниясының қазіргі қызметі, оның ішінде қолданыстағы және перспективалық инвестициялық бағдарламалардың жүзеге асырылуы, өндірісті жаңғырту және Теңіз –…

Read More

Caspianlife, 27 мамыр. Бұған дейін хабарланғандай, Қазақстандық «Air Astana» әуе компаниясы 27 мамырдан бастап Атырау – Тбилиси бағыты бойынша тікелей әуе қатынасын ашты. Рейстер аптасына үш рет орындалады. Бүгін таңертең CaspianLife оқырмандары редакцияға Грузия астанасы Тбилисидің халықаралық әуежайында Атыраудан келген алғашқы әуе рейсінің салтанатты түрде қарсы алынғаны жөнінде хабарлама жолдады. Қонақтарды ресми делегация мен жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары қарсы алған. Бұл рейстің маңыздылығын көрсету үшін ұшақтың жанынан өрт сөндіру көліктері су бүркіп, трап жанында салтанатты түрде қызыл лента қиылған. Әуежай ғимаратында қонақтар үшін фуршет пен концерттік бағдарлама ұйымдастырылған. Еске салсақ, биылғы ақпанда «Air Astana» әуе компаниясы 27 мамырдан бастап Атыраудан…

Read More

CaspianLife, 27 мамыр. 1 маусымнан бастап жүк көліктердің қозғалысына жазғы шектеулер енгізіледі. «ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ ресми арнасының хабарлауынша,  жаз мезгілінде республикалық маңызы бар автожолдарда ауыр жүк көліктерінің қозғалысына уақытша шектеулер енгізілетін болды. Бұл шаралар күннің ыстығында жол жамылғысын сақтауға және қауіпсіз қозғалысты қамтамасыз етуге бағытталған. Шектеу мерзімі: еліміздің оңтүстік және батыс өңірлерінде 1 маусымнан 31 тамызға дейін; солтүстік және шығыс өңірлерінде 1 маусымнан 15 тамызға дейін. Шектеулер +25°C жоғары ауа температурасы кезінде, күндізгі уақытта енгізіледі. 1 маусымнан 31 тамызға дейін сағат 10:00-22:00 аралығында келесі аймақтарда қозғалысқа шектеу қойылады: Алматы облысы; Атырау облысы; Жамбыл облысы; Жетісу облысы; Ұлытау облысы; Қарағанды облысы; Қызылорда облысы; Түркістан облысы;…

Read More

CaspianLife, 27 мамыр. Республикалық маңызға ие Доссор–Құлсары автожолының 3–36 және 36–69 шақырым аралығында орташа жөндеу жұмыстары жалғасып жатыр. Атырау облыстық филиалының директоры Аслан Дүйсеновтың айтуынша, тегістеу қабатын қалпына келтіру кезінде жолдың негізгі қабатының ылғалдың әсерінен бүлінгені анықталған, соның салдарынан ақаулар пайда болған. Қазіргі уақытта бұл ақауларды мердігер ұйым жоба-сметалық құжаттамада қарастырылмағанына қарамастан жою жұмыстарын жүргізіп жатыр. Атырау облысы бойынша «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» РМК филиалы аталған учаскеде тексеруді 2024 жылы, жұмыс басталған уақыттан бастап жүргізіп келеді. Биыл орталық мамандары қайта тексеру жүргізіп, бірқатар ақауларды анықтап, оларды жою бойынша ұсыныстар берген. Қазіргі таңда қалпына келтіру жұмыстары орталық мамандарының қатаң бақылауымен…

Read More

Caspianlife, 26 мамыр. Бүгін «Атырау» футбол клубы командада бас бапкер ауысқанын хабарлады. «Атырау» ФК баспасөз қызметінің мәліметінше, команданың жаңа бас бапкері болып 43 жастағы қазақстандық маман Денис Мамонов тағайындалды. Ол Павлодар қаласында дүниеге келген, футболшы ретінде (қорғаушы/жартылай қорғаушы) «Жетісу», «Шығыс», «Тараз» және «Есіл-Богатырь» клубтарында ойнаған. Бапкерлік қызметін Алматының «Қайрат», Талдықорғанның «Жетісу», сондай-ақ «Мақтаарал» және «Ақсу» клубтарында атқарған. «Қазіргі таңда Денис Николаевич Қазақстанның 21 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамасының аға жаттықтырушысы болып табылады. Маусым айының басында “Атырауға” қайта оралған Мамонов бұрынғы бас бапкер Константин Горовенконың көмекшісі болған», – делінген хабарламада. Айта кетейік, наурыз айында «Атырау» футбол клубы жаңа маусымды Константин Горовенконың жетекшілігімен…

Read More

CaspianLife, 26 мамыр. Жуалы ауданы №4 мектеп директоры Пернешева Ж.Е. мен өзін Антикоррупция қызметінің төрағасы деп таныстырған белгісіз тұлға арасындағы телефон әңгімесіне байланысты Жамбыл облысы бойынша Антикоррупцияға қарсы іс-қимыл агенттігінің департаменті былай хабарлайды. Қазақстан Республикасының Антикоррупция агенттігінің (Антикор) баспасөз қызметінің мәліметінше, жүргізілген тексеру барысында департамент қылмыс жасаған тұлғаның (азамат «С») жеке басын анықтады, ол Атырау облысының тұрғыны болып шықты. «Ол өзін Антикоррупция қызметінің төрағасы ретінде таныстырып, еңбек тәртібін бұзғаны үшін бұрын жұмыстан шығарылған қызметкерді қайта жұмысқа қабылдауға көмектесуді сұраған. Азамат «С»-тың әрекеттерінде әкімшілік құқық бұзушылық белгілері болғандықтан, жиналған материалдар құқықтық баға беру үшін Атырау облысы полиция департаментіне жіберілді», — делінген…

Read More

CaspianLife, 26 мамыр. Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің жаңа басшысын ұжымға ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Жаныбек таныстырды. ҚР Қаржы министрінің бұйрығымен Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің (МКД) жаңа басшысы болып Есембеков Кенжегазы Мұқажанұлы тағайындалды. МКД мәліметінше, Кенжегазы Есембеков мемлекеттік кірістер органдарындағы еңбек жолын 1996 жылы бастаған. Әр жылдары ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің аумақтық бөлімшелерінде жұмыс істеп, Алматы қаласы, Алматы облысы, Жамбыл облысы, Нұр-Сұлтан қаласы және Түркістан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменттерінде басшылық қызметтер атқарған. 2021 жылдан бастап Мемлекеттік кірістер комитетінің мемлекеттік қызметтер көрсету департаментінің акциздерді әкімшілендіру басқармасының басшысы қызметін атқарған. 2022 жылғы…

Read More

Caspianlife, 26 мамыр. 2024 жылғы 20-21 мамыр күндері Жайық-Каспий аймақаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының қызметкерлері шіріген теңіз итбалықтарының өлекселерін тапты. Қазақстан Республикасы Балық шаруашылығы комитетінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Маңғыстау облысының Түпқараған ауданындағы «Асан», «Баутино өткелі», «Ұрдық мүйісі» учаскелерінде жүргізілген рейдтік іс-шаралар барысында инспекторлар 117 өлі итбалық тапқан. «Шіру дәрежесіне қарағанда, табылған итбалықтар өткен жылдың қараша-желтоқсан айларында қырылған. Бекітілген алгоритмге сәйкес, анықталған дерек бойынша барлық құзырлы мемлекеттік органдарға хабар берілді. Өлекселер қатты шірігендіктен, зертханалық сынамалар алу мүмкін болмады», — делінген хабарламада. Сонымен қатар, 2024 жылдың қарашасынан 2025 жылдың мамырына дейін Маңғыстау облысындағы Каспий жағалауынан 2 194 өлі итбалықтың өлексесі табылып, жойылғаны…

Read More

CaspianLife, 26 мамыр. Қаржылық мониторинг агенттігі «Заң және Тәртіп» атты нарратив аясында Қаржылық қауіпсіздік бойынша Ұлттық олимпиаданың финалын өткізді. Финалдық кезеңді ашқан Агенттік төрағасының бірінші орынбасары Ұлан Раисов қаржылық қауіпсіздік тек алаяқтықтан қорғану ғана емес, сонымен қатар тұрақты, әділетті және заңға бағынатын экономиканың ажырамас бөлігі екенін атап өтті. ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің (ҚМА) баспасөз қызметінің хабарлауынша, олимпиада жастардың адалдықты, ашықтықты, заң мен тәртіпті қолдауының нышанына айналды. Олимпиадаға 3 мыңнан астам студент тіркеліп, іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша 40 үздік студент финалға өтті. Финалда қатысушылар тестілеуден өтіп, кейстік тапсырмаларды шешті. Осы сынақтардың нәтижесінде 10 жеңімпаз анықталып, олар Ресей Федерациясында өтетін Халықаралық қаржылық…

Read More

CaspianLife, 25 мамыр. Ішкі істер министрі Ержан Саденов Маңғыстау облысына жұмыс сапарымен келіп, ішкі істер органдарының қызметімен танысты. Сапар аясында министр жеке құрамның дайындығын тексеріп, инфрақұрылым нысандарын аралап, госпитальдің жаңа ғимаратының ашылуына қатысты. Сонымен қатар, аудандық бөлімдер мен басқа да қызметтерге арналған жаңа ғимараттар салу жобалары қаралды. Жедел кеңесте министр құқық бұзушылықтың алдын алу, халықпен тиімді кері байланыс орнату бағытында нақты тапсырмалар жүктеді. Министрдің сенімі – біздің ұжым үшін үлкен жауапкершілік. Қызметіміздің басты мақсаты – қоғамдық тәртіпті сақтау және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасады.

Read More