CaspianLife, 3 маусым. Астрахань қаласында трансшекаралық су нысандарын бірлесіп пайдалану және қорғау, сондай-ақ су тасқыны мен сел кезеңдерін өткізу мәселелері бойынша Ресей мен Қазақстанның бірлескен жұмыс тобының үшінші отырысы өтті. Астрахан облысы губернаторының баспасөз қызметінің хабарлауынша, қатысушыларды құттықтай отырып, Астрахан облысы үкіметінің төрағасы – вице-губернатор Денис Афанасьев бұл кездесудің маңыздылығын және екіжақты ынтымақтастықтың жоғары деңгейін атап өтті. «Ресей Қазақстанмен қарым-қатынасты «жасыл» бағытта дамытуға мүдделі. Бұл – өңірлік бастамаларды жүзеге асыруға бірлесіп қатысу, соның ішінде су тасқыны мен селдерді өткізу, трансшекаралық су нысандарын бірлесіп пайдалану мен қорғау, сондай-ақ климаттық тұрақтылықты нығайту саласындағы өзара іс-қимыл арқылы жүзеге асады», – деді вице-губернатор. Оның…
Автор: Сайт әкімшілігі
CaspianLife, 3 маусым. «Заң және тәртіп» тұжырымдамасын жүзеге асыру аясында 30 мамыр күні Атырау қаласында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Антикор) Қоғамдық кеңесінің көшпелі отырысы өтті. Іс-шараға Агенттік төрағасы Асхат Жұмағали, Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов, қоғам өкілдері, құқық қорғау және мемлекеттік органдардың, сондай-ақ «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ секілді ірі квазимемлекеттік компаниялардың басшылары қатысты. Шараның модераторы Мәжіліс депутаты, Қоғамдық кеңес төрағасы Марат Башимов болды. Антикордың баспасөз қызметінің хабарлауынша, отырыс барысында өңірдің Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері картасын іске асыру, «Бизнеске жол» жобасының жүзеге асуы, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау мәселелері қаралды. Сөз сөйлеген Агенттік…
CaspianLife, 2 маусым. Бүгін Ақтауда еліміздегі алғаш рет үлкен диаметрлі болат құбырлар шығаратын зауыттың құрылысында символикалық тастың салтанатты салу рәсімі өтті. Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, Каспий құбыр зауыты диаметрі 1 420 мм-ге дейінгі болат тік құбырларды шығаратын толық технологиялық циклмен жабдықталған кәсіпорын болмақ. Жаңа зауыттың өндірістік қуаты жылына 150 мың тоннаны құрайды. Алдағы уақытта бұл зауыт мұнай-газ, энергетика, құрылыс және коммуналдық секторларды отандық өніммен қамтамасыз етеді деп жоспарланып отыр. Тұрақты түрде 100-ден астам адам жұмыспен қамтылады. Хабарламада атап өтілгендей, жаңа зауыт «Сталь Трейд» компаниясының бастамасымен жүзеге асырылып жатыр. 2004 жылы құрылған бұл компания бүгінде Қазақстандағы болат құбыр өнімдерін…
CaspianLife, 2 маусым. Air Astana әуе компаниясы 31 мамырдан бастап A320 және A321 ұшақтарымен Атырау – Баку бағыты бойынша тікелей рейстерді орындай бастады. Air Astana баспасөз қызметінің мәліметінше, рейстер апта сайын үш рет – дүйсенбі, сәрсенбі және сенбі күндері орындалады. Ұшулар кешкі уақытта жүзеге асырылады, жол жүру уақыты шамамен бір жарым сағатты құрайды. Қазақстан азаматтарына Әзірбайжанға бару үшін виза қажет емес. Сонымен қатар, Air Astana 2025 жылғы 1 маусымнан бастап Алматы – Франкфурт бағыты бойынша да тікелей рейстерді жүзеге асыруды бастады. Бұл рейстер сейсенбі, бейсенбі және жексенбі күндері A321LR ұшағымен орындалады. Ұшу уақыты – 8 сағат 25 минут. Бұл жаңа…
CaspianLife, 2 маусым. Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы бойынша 2021 жылдан бастап елімізде балалардың қосымша білім беруін мемлекеттік қаржыландыру жүзеге асырылып келеді. Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, осы бастаманың арқасында еліміз бойынша 1 миллионнан астам оқушы шығармашылық үйірмелерге, спорттық секцияларға және дамытушы сабақтарға тегін қатысу мүмкіндігіне ие болды. Бұл мақсатқа бөлінген қаражат көлемі 100 миллиард теңгеден асты. «Ваучерлік қаржыландырудың пилоттық жобасы 1 маусымнан бастап алты қалада – Астана, Шымкент, Атырау, Ақтөбе, Қызылорда және Қарағандыда іске қосылады. Әрбір оқушы Бірыңғай цифрлық платформада орналастырылатын таңдалған үйірме немесе секцияға тегін қатысу үшін жеке ваучер алады», – делінген хабарламада. Қазақстан Республикасы Мәдениет және…
CaspianLife, 2 маусым. 31 мамыр күні, яғни екі күн бұрын, Атырау қаласына жақын орналасқан Дамба ауылынан шамамен 20 шақырым жердегі «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватының аумағында қамыс өртенді. 112.KZ Telegram-арнасының мәліметінше, өрт орнында тұрақты байланысты қамтамасыз ету үшін ТЖМ-нің командалық-штабтық машинасы (КШМ) орналастырылды. «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерваты аумағындағы қамыстың жануы алдын ала есеп бойынша 1 050 гектар аумақты қамтыған. Өртті сөндіруге су төгетін құрылғысы бар ТЖМ-нің тікұшағы тартылды. Барлығы 10 рет су төгілген, жалпы көлемі – 30 тонна. Өртті сөндіру жұмыстарына Атырау облысы ТЖД мен «Ақжайық» резерватының 110 қызметкері, 26 техника бірлігі және ТЖМ «Қазавиақұтқару» АҚ-ның тікұшағы жұмылдырылды. «Қамыстың жануы оқшауланды.…
CaspianLife, 2 маусым. Өткен жұма күні, 30 мамырда, Қызылқоға ауданының Жамансор ауылында 110 орындық жаңа мектеп-интернаттың құрылысына арналған «уақыт капсуласын» салу рәсімі өтті. Іс-шараға ҚР Бас прокурорының орынбасары Ғабит Садырбеков, Атырау облысының прокуроры Бауыржан Жұмақанов, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, қоғам белсенділері және ауыл тұрғындары қатысты. ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметінің мәліметінше, жаңа мектеп-интернат «Мемлекетке заңсыз иемденілген активтерді қайтару туралы» Заң аясында мемлекетке қайтарылған қаражат есебінен салынуда. «Бұл – қалпына келтірілген әділдіктің халық үшін нақты пайдаға айналғанының жарқын мысалы. Бұл – білім алуға қолжетімділіктің артуы, жаңа жұмыс орындарының құрылуы және өмір сүру сапасының жақсаруы», – делінген хабарламада. Айта кетсек, бұған дейін…
Caspianlife, 30 мамыр. «Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.» (KPI, «ҚазМұнайГаз» компаниясының еншілес кәсіпорны) полипропилен өнімдерінің түрлерін кеңейтуін жалғастырып, өңдеуші кәсіпорындарға өзінің ассортиментіндегі он екінші өнім – PP H085CF/7 маркалы полипропиленді ұсынды. «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл жаңа марка cast-полипропилен (CPP) үлдірін өндіруге арналған. Аталған пленка тағам өнімдерін, соның ішінде кондитерлік және нан-тоқаш бұйымдарын орау үшін, сондай-ақ медициналық пакеттер мен сұйықтықтарды сақтауға арналған ыдыстар жасау үшін кеңінен қолданылады. «CPP-үлдірінің басты артықшылығы – ол орам ішіндегі ылғалдылықты реттей алады. Бұл қасиет өнімнің сақталу мерзімін айтарлықтай ұзартады. Мысалы, мұндай орамдағы нан бірнеше апта бойы өзінің балғындығын сақтай алады, бұл оны дәстүрлі қаптама түрлеріне…
CaspianLife, 30 мамыр. Ішкі істер министрлігі мен Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі eGov.kz порталы және Mgov мобильді қосымшасы арқылы жеке куәлікті онлайн ауыстыру бойынша пилоттық жобаны іске қосты. Polisia.kz ІІМ ведомстволық сайтының хабарлауынша, бұл қызметке жеке куәліктің мерзімі аяқталуына 30 күн немесе одан аз уақыт қалған кезде немесе мерзімі өткеніне 10 күннен аспаған жағдайда қол жеткізуге болады. Онлайн құжаттандыру азаматтарға келесі мүмкіндіктерді береді: — жеке куәлікті ауыстыруға өтініш беру;— фото мен қолтаңбаны тіркеу;— жеке деректерді растау;— мемлекеттік бажды төлеу (қалауы бойынша жеделдетілген қызмет алу мүмкіндігімен). Бұл – ыңғайлы, уақытты үнемдейді және Халыққа қызмет көрсету орталықтарында (ХҚКО) кезек күту…
CaspianLife, 30 мамыр. Қызылорда облысы бойынша ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің Департаменті «HRT» қаржы пирамидасының қызметін тоқтатты. Ұйымдастырушылар азаматтарға заңды инвестициялық жоба ретінде ұсыныс жасап, оның мәні электр самокаттарын сатып алып, оларды Еуропа елдерінде жалға беруден табыс алу болды. Қатысушыларды тіркеу үшін криптовалютаны электрондық биржалардан «HRT»-ның арнайы шотына аудару ұсынылды. ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, негізгі шарт – кем дегенде екі жаңа қатысушыны тарту болды. 200-ден астам азамат 50-ден 35 мың АҚШ долларына дейінгі қаражатын инвестициялап, ай сайын 1 200 долларға дейін бонустар алуға үміттенген. Заңсыз алынған жалпы табыс 28 миллион теңгеден асты. Тергеу барысында күдіктілер жарналарға алынған қаражатқа…
