Автор: Сайт әкімшілігі

Тәуелсіз Қазақстанның тарихын мұнай-газ саласынсыз елестету мүмкін емес. «Қара алтын» – ел экономикасының тірегі ғана емес, халықтың әл-ауқатын айқындайтын қуатты күш те. Бұл сала еліміздің қарқынды дамуына серпін беріп, халықаралық аренадағы беделін нығайтуға ықпал етті. Мұнай – тек энергетикалық ресурс емес, ол мыңдаған қазақстандықты тұрақты жұмыспен қамтып, әлеуметтік инфрақұрылымды жаңғыртуға, жаңа мектептер мен ауруханалардың бой көтеруіне, жолдар мен тұрғын үйлердің салынуына ықпал етіп отыр. Әсіресе мұнай өндіретін өңірлер үшін бұл сала – тұрмыс сапасын жақсартатын, болашаққа деген сенімді арттыратын тіршілік өзегі. Осылайша, мұнай-газ өнеркәсібі мемлекеттің экономикалық тұрақтылығы мен халықтың өмір сүру деңгейін айқындайтын стратегиялық сала ретінде Қазақстанның қазіргі келбетін қалыптастыруда…

Read More

Caspianlife, 10 маусым. Атырау қаласының №2 сотында алаяқтық жасады деп айыпталған екі адамға қатысты қылмыстық іс қаралды. Олар алдын ала сөз байласу арқылы бірнеше мәрте, оның ішінде ірі және аса ірі көлемде бөтеннің мүлкін алдау және сенімді теріс пайдалану арқылы жымқырды деп айыпталды (ҚР ҚК 190-бабы 4-бөлігі 2-тармағы). Соттың баспасөз хабарламасына сәйкес, 2024 жылғы 4 наурыз бен 12 сәуір аралығында Атырау қаласында блогер Н. және оның құрбысы С. өздерінің танысы Ш.-ны инвестиция арқылы табыс табуға болады деп сендіріп, мобильді қосымша арқылы бірнеше мәрте қомақты қаржы аударуға көндірген. Олар инвестиция мол табыс әкеледі деп уәде беріп, Ш.-ны әртүрлі күндері әртүрлі сомада…

Read More

CaspianLife, 9 маусым. Премьер-министрдің тапсырмасы бойынша ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Маңғыстау облысындағы мектеп асханаларына жаппай тексеру жүргізіп, оны аяқтады. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 66 мектептегі ас блогының 65-інен санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың өрескел бұзылуы анықталған. Нәтижесінде 57 айыппұл салынып, жалпы сомасы 18 миллион теңгеден асты. Сонымен қатар, 60 нұсқама беріліп, 62 қызметкер жұмыстан шеттетілді, ал бір іс сотқа жолданды. Бүгін Ақтау қаласында мектептегі тамақ сапасына қатысты кеңес өтті. Жиынға ҚР Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова мен Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай қатысты. Министрліктің мәліметінше, анықталған негізгі бұзушылықтар: санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының болмауы, құжатсыз немесе мерзімі өткен өнімдерді пайдалану, санитариялық тәртіптің сақталмауы,…

Read More

Caspianlife, 9 маусым. Бұл туралы Атырау облысы әкімінің орынбасары Қайрат Нұртаевтың төрағалығымен өткен жиында мәлімделді. Онда қала және аудан әкімдіктеріне өз аумақтарында орналасқан жанармай құю бекеттерінің тізімін жасап, олардың орналасқан жерін және қауіпсіздігін тексеру тапсырылды. Атырау облыстық өңірлік коммуникациялар қызметінің (ӨКҚ) хабарлауынша, адам өміріне қауіп төндіретін нысандарды анықтау, ұсыныстар әзірлеу және сол бағытта жұмыс жүргізу — жергілікті атқарушы органдар мен төтенше жағдайлар департаментінің (ТЖД) негізгі міндеттерінің бірі. Қазіргі уақытта Жылыой ауданының әкімшілік орталығы Құлсары қаласында «Ниет» жанармай құю станциясындағы өрттің себептерін анықтау бойынша комиссия жұмыс істеуде. Тергеу бір ай ішінде жүргізіледі, қажет болған жағдайда қосымша уақыт беріледі. Атырау облысы ТЖД…

Read More

CaspianLife, 9 маусым. Жақын арада республикалық маңызға ие KAZ12 «Атырау — Орал» автожолында ауқымды орташа жөндеу жобасын іске асыру басталады. «ҚазАвтоЖол» баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл жол батыс өңіріндегі екі ірі қала — Атырау мен Оралды байланыстырады. Жолдың жалпы ұзындығы — 487 км. Жоба аясында 364 км жол төсемі қамтылады. Негізгі жұмыстарға шөгуге бейім учаскелерді жою, топырақты тұрақтандырғышпен бірге суық ресайклирлеу әдісімен негізді нығайту, жабынның төменгі және жоғарғы қабаттарын төсеу, жол жиегін бекіту, сондай-ақ жол белгілерін орнату және жол таңбаларын салу кіреді. Қазіргі таңда қаржыландыру бөлінуі күтілуде, содан кейін жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп, міндетті сараптамадан өтеді. Жобаны іске асыру кезең-кезеңімен жүзеге асырылады.…

Read More

CaspianLife, 9 маусым. ІІМ-нің Киберқылмысқа қарсы күрес департаменті ҰҚК-мен бірлесіп, қазақстандықтардың жеке мәліметтерін интернет кеңістігінде заңсыз сатқан қылмыстық топты әшкерелеп, қызметін тоқтатты. ІІМ-нің Polisia.kz ведомстволық сайтының хабарлауынша, мәліметтер мемлекеттік базалардан алынған және Telegram-арналар арқылы таратылған, оның ішінде кейбір коллекторлық компанияларға да берілген. 140-тан астам адам, соның ішінде компания иелері мен арна әкімшілері ұсталды. Қазіргі таңда бес күдікті қамауға алынған. — Коллекторлық компанияларға жүргізілген тінту барысында 400-ден астам компьютер мен түрлі электрондық техника тәркіленді, — деп хабарлады ІІМ Киберқылмысқа қарсы күрес департаментінің бастығы Жандос Сүйінбай. Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 205-бабы 3-бөлігі (ақпаратқа заңсыз қол жеткізу), 147-бабы 5-бөлігі (жеке өмірге қолсұғушылық…

Read More

CaspianLife, 4 маусым. Көршілес елден келген делегация «Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.» (KPI) ЖШС зауытына жұмыс сапарымен барып, жүзеге асырылған цифрлық жобалармен танысып, IT мен жасанды интеллект саласындағы тәжірибе алмасуға мүмкіндік алды. «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының баспасөз қызметінің хабарлауынша, делегация мүшелері толықтай автоматтандырылған роботтандырылған қойма кешеніне ерекше қызығушылық танытты. «Делегация қызметкерлердің қатысуынсыз, салмағы 1,5 тоннаға дейінгі паллеттерді орау желілерінен сақтау және жөнелту аймақтарына дейін тасымалдайтын роботтардың жұмысымен танысты. Айрықша қызығушылық тудырған жүйе – өндірістік желілермен интеграцияланған және логистиканы нақты уақытта оңтайландыратын WES (Warehouse Execution System) деп аталатын интеллектуалды IT-платформа болды», – делінген хабарламада. Сонымен қатар, қонақтарға қойма қызметкерлерінің қауіпсіздік талаптарын сақтауын жасанды…

Read More

Caspianlife, 4 маусым. Бұл туралы кеше Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары Ербол Ізбергеновтің төрағалығымен өткен Кендірлі әуежайын жобалау және салу мәселелеріне арналған жиында айтылды. Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, «Кендірлі аумағында әуежай салу» жобасын республикалық мемлекеттік кәсіпорын – «Қазаэронавигация» әзірлеуде. Жиын барысында аталған кәсіпорынның атқарушы директоры Самат Жасұзақов атқарылған жұмыстар туралы есеп беріп, жоба үйлестіруі бойынша ведомствоаралық комиссия құруда жергілікті атқарушы органдардан қолдау сұрады. Маңғыстау облысының әкімдігі Кендірлі аумағынан әуежай құрылысына 599 гектар жер бөлген. Болашақ нысан демалыс аймағы саналатын Кендірліден шамамен 13 шақырым жерде орналасатын болады. Жобаның бірінші кезеңінде ұзындығы 2 200 метр, ені 35 метр болатын ұшу-қону…

Read More

CaspianLife, 4 маусым. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы Конституциялық Заң 2007 жылғы 4 маусымда қабылданды. Осы Заңға сәйкес, жыл сайын 4 маусым – Қазақстан Республикасындағы Мемлекеттік рәміздер күні ретінде аталып өтеді. Мемлекеттік рәміздер – кез келген мемлекеттің ажырамас атрибуттарының бірі. Олар елдің егемендігі мен ұлттық бірегейлігін білдіреді. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне: Мемлекеттік Ту, Мемлекеттік Елтаңба Мемлекеттік Әнұран жатады.  Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы – көгілдір түсті тік төртбұрышты мата. Тудың ортасында күн сәулелерімен, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген. Тудың сабы жағында ұлттық өрнегі бар тік жолақ орналасқан. Күн, оның сәулелері, қыран және ұлттық өрнек – алтын…

Read More

Caspianlife, 3 маусым. Ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының қызметкерлері Ақтау қаласында екі ер адамды бопсалау күдігімен ұстады. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ведомстволық сайты Polisia.kz Маңғыстау облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап хабарлағандай, биылғы мамыр айында күдіктілер жергілікті тұрғыннан жалған автокөлік жалдау қарызы үшін 250 мың теңге талап еткен. Олар бұл әрекетті күш қолданып жүзеге асырған. Аталған факт бойынша бопсалау бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Барлық тергеу әрекеттері Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылып жатыр.

Read More