CaspianLife, 17 маусым. Атырау облысының полиция департаментінде бір-біріне деген сезім ғана емес, ортақ қызмет – полициядағы жұмыс та тоғыстырған 46 ерлі-зайыпты жұп еңбек етеді. Олардың басым бөлігі – жасы 23 пен 35 аралығындағы жас қызметкерлер. ҚР ІІМ-нің Polisia.kz ведомстволық сайтының хабарлауынша, олар қызмет пен отбасылық өмірді қатар алып жүріп, бір-біріне тек тұрмыста ғана емес, жұмыста да тірек бола біледі. Қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге өз үлестерін қосуда. Осындай полицей әулеттерінің арасында бірнеше ондаған жыл бойы бірге қызмет еткен отбасылар да бар. Мәселен, Ермұхановтар отбасы 45 жылдан бері тату-тәтті өмір сүріп, өнегелі ұрпақ тәрбиелеп отыр. Ал Фархад Ислямов пен Айгерім…
Автор: Сайт әкімшілігі
CaspianLife, 16 маусым. Атырау қаласында аса ірі көлемде бөтен мүлікті алдау және сенімді теріс пайдалану арқылы жымқыру фактісі бойынша қылмыстық іс қаралды (ҚР ҚК 190-бабы 4-бөлігі 2-тармақ). Атырау қаласының №2 сотының хабарлауынша, айыпталушы 2023 жылдың маусым айынан бастап коммуналдық мемлекеттік мекеме – мамандандырылған мектеп-лицей-интернатында бухгалтер болып жұмыс істеген. 2023 жылдың қыркүйегінен бастап бұл мекемеде бас бухгалтер қызметіне тағайындалған. Ол 2023 жылдың маусым айынан 2024 жылдың қазан айына дейінгі аралықта мекеме директорының сенімін пайдаланып, оның электронды қолтаңбасын және «1С» пен «Парус» жүйелерін заңсыз қолданған. «Осы жүйелер арқылы ол негізсіз түрде қаражатты өзінің және сенімді адамдардың есепшоттарына аударып отырған. Алаяқтық әрекеттері нәтижесінде…
Caspianlife, 16 маусым. Атырау қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотында Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабының 1-бөлігі (ұсақ бұзақылық) бойынша азамат М.-ға қатысты іс қаралды. Атырау қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотының хабарлауынша, «…2025 жылғы 12 маусымда азамат М. Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында бейәдеп сөздер жазып, айналасындағыларға құрметсіздік танытып, ұсақ бұзақылық әрекет жасаған». Сот материалдарына сәйкес, М.-нің құқық бұзушылық жасағаны оның өз кінәсін мойындауы, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама және басқа да іс материалдарымен толық дәлелденген. Соттың түсіндіруінше, ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігіне сәйкес, бұл құқық бұзушылық үшін 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салу немесе 5 тәуліктен…
CaspianLife, 16 маусым. Қазақстан мен Иран арасындағы үкіметаралық комиссия отырысы аясында Астанада Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай мен Иран Ислам Республикасының Гүлістан провинциясының губернаторы Әлиасқар Тахмасебидің кездесуі өтті. Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, екіжақты кездесуде сауда-экономикалық, логистикалық, ауыл шаруашылығы, туризм және мәдени байланыстарды кеңейту мәселелері талқыланды. Нұрдәулет Қилыбай қос өңірдің бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға дайын екенін атап өтті. Ол Маңғыстау өңірінде инвесторлар үшін қолайлы инфрақұрылым жасалып жатқанын айтып, логистика, туризм, ауыл шаруашылығы және өндіріс салаларында бірлескен жобаларды іске асыруға мүмкіндік мол екенін еске салды. Облыс әкімі жергілікті билік ирандық инвесторларға заң аясында қажетті инфрақұрылымды ұйымдастыру бойынша толық қолдау…
Caspianlife, 16 маусым. Бүгін Атырау қаласының іргесіндегі Еркінқала ауылынан 15 шақырым қашықтықта орналасқан «Ақ Жайық» мемлекеттік табиғи резерваты аумағында жанған қамыстың өрті оқшауланды. Еске салайық, өрт өткен жұма, 13 маусым күні күндіз басталған болатын. ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, өртті сөндіру жұмыстары «Қазавиақұтқару» АҚ-ның Ми-8 тікұшағымен, су төгетін құрылғының көмегімен жүргізілді. «Қазіргі уақытта бір ошақта ауданы 7 га болатын аумақта қамыс бықсуда. Өртті сөндіруге ТЖД және «Ақ Жайық» МТР күштері мен құралдары, жалпы саны 80 адам, 23 техника жұмылдырылды. Сөндіру жұмыстары жалғасуда», — делінген ТЖМ хабарламасында.
Caspianlife, 16 маусым. Қытайдың Ханчжоу қаласында өткен параволейболдан Азия чемпионатының финалында Қазақстанның ерлер құрамасы Қытай командасын 3:2 (22:25, 19:25, 25:19, 25:20, 8:5) есебімен жеңіп, тарихында алғаш рет Азия чемпионы атанды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі. Турнир барысында Қазақстан құрамасы топтық кезеңді сенімді түрде өтті. Олар Сауд Арабиясы, Жапония және Австралия командаларын 3:0 есебімен жеңді. Жартылай финалда қазақстандықтар Таиланд құрамасына еш мүмкіндік бермей, тағы да 3:0 есебімен басым түсті. Чемпионат қорытындысы бойынша бірінші орынды Қазақстан құрамасы иеленді, екінші орында — Қытай, ал үшінші орынды Таиланд құрамасы еншіледі. Сондай-ақ, Қазақстан құрамасының бірқатар ойыншылары чемпионаттағы үздік нәтижелері үшін арнайы марапаттарға…
Caspianlife, 16 маусым. Атырау облысындағы Қашағанда қуаты 1 млрд м³ болатын газ өңдеу зауытының құрылыс алаңында «QazaqGaz» ҰК» АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары Мейірбек Ихсановтың жетекшілігімен апталық өндірістік жиналыс өтті. Кездесуге EPC-шарт бойынша жұмыс істеп жатқан мердігер ұйымдардың өкілдері қатысты. Жиын барысында Мейірбек Ихсанов жұмыс қарқынын арттыруды тапсырды: түнгі ауысымда жұмысшылар санын көбейту, ұзақмерзімді жабдықтарды жеткізуді жеделдету, металл конструкцияларды уақытылы жеткізуді қамтамасыз ету және құрылыс-монтаж жұмыстарын күшейту міндеттелді. «QazaqGaz» ҰК» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, негізгі жұмыстар бойынша бүгінгі күнгі орындалу деңгейі мынадай: Бетондау жұмыстары (УКПГ іргетастары): 46 787 м³ — 62,7% Металл конструкцияларды монтаждау: 3 079 т — 15,4% Механикалық…
Caspianlife, 13 маусым. ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Қанат Бозымбаев жұмыс сапарымен Атырау облысына барып, Батыс өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуының жедел шаралар жоспарының жүзеге асырылуы, «Ауыл Аманаты» жобасы және бюджеттік жоспарлау саласындағы реформаларға арналған көшпелі отырыс өткізді. ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметінің мәліметінше, отырысқа Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов, Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев, Маңғыстау облысының әкімі Нұрдаулет Қилыбай, Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Абзал Абдікәрімов және Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбеков қатысты. Отырыста Бюджет кодексіне енгізілетін реформа және бюджеттік жоспарлауды Өңірлік стандарттар жүйесімен (ӨСЖ) байланыстыру мәселелері қаралды. Бұл жүйе инфрақұрылымдық артта қалған өңірлерге қаржы бөлуді тиімді бағыттауға мүмкіндік береді. «Мәселен, кәріз жүйесінің тозу деңгейі…
CaspianLife, 13 маусым. Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін шамамен 13:50-де «Ақ Жайық» мемлекеттік табиғи резерватының аумағында, қала маңындағы Еркінқала ауылынан 15 шақырым жерде қамыс өртенгені тіркелді. «Оқиға орнына дереу ТЖД күштері мен құралдары және «Ақ Жайық» резерватының қызметкерлері барлау жұмыстарын жүргізуге шықты. Елді мекендерге қауіп жоқ», – делінген хабарламада.
Caspianlife, 13 маусым. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Антикор) туризм және спорт министрлігімен бірлесіп өткен жылы спортты қаржыландыру саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген сыртқы талдау нәтижелері бойынша мәлімдеді. Антикордың баспасөз қызметінің хабарлауынша, талдау нәтижелері отандық спорттың дамуына және әлемдік ареналарда жоғары жетістіктерге жетуіне кедергі келтіретін жүйелі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің бар екенін көрсеткен. «Кәсіпқой клубтар өз спорттық инфрақұрылымын салудың орнына қаржыны басшылыққа жоғары жалақы төлеуге, легионерлерге жасалатын төлемдер арқылы қаражат шығаруға, оқу-жаттығу жиындарын ұйымдастыруға жұмсаған», – делінген Антикор хабарламасында. Талдау нәтижесінде спортты дамыту басымдықтарын қайта қарау, оқу-жаттығу жиындарын өткізуге бақылауды күшейту, кәсіпқой клубтар мен федерациялардың бюджеттерін қысқарту,…
