CaspianLife, 26 қаңтар. Атырау қаласында атмосфералық ауаның сапасына жүргізілген мониторинг өте жоғары көрсеткіштерді тіркеді. Кейбір аудандарда күкіртсутек концентрациясы шекті рұқсат етілген мөлшерден (ШРМ) 36 еседен асып кеткен. Ластану деңгейі тіркелген аумақтар: — Химпосёлок ауданы: ШРМ-нен 36,3 есе жоғары. — Тасқала ауылы: ШРМ-нен 17,5 есе жоғары. — Тасқала маңындағы аумақ: ШРМ-нен 15,0 есе жоғары. Бұл аумақтардың барлығы Атырау мұнай өңдеу зауытына (АМӨЗ) жақын орналасқан. «Қазгидромет» мамандары сынама алған кезде желдің бағыты солтүстік-шығыстан соғып, зауыт жақтан келген. Кеңөзек ауылдық округіне қарасты саяжай тұрғындары 23 қаңтардан бастап иістің күшейгенін және адамдардың жаппай ауырып жатқанын айтып шағымдануда. АМӨЗ баспасөз қызметі кәсіпорын зертханасы өз бетінше…
Автор: Сайт әкімшілігі
CaspianLife, 23 қаңтар. Республиканың жолдарында апаттық жағдайларды азайту, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы құқық бұзушылықтарды алдын алу және тоқтату мақсатында 23–25 қаңтар аралығында «Қауіпсіз жол» атты жедел-профилактикалық шара өткізіледі. Қазақстан Ішкі істер министрлігінің (Polisia.kz) ведомстволық сайты хабарлағандай, шараның негізгі мақсаты – жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу және елде заңдылықты нығайту. Шара аясында полиция қызметкерлері басқа қызметтер мен ведомстволардың өкілдерімен бірлесіп, республиканың жолдарында жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтау және тұрғындарға түсіндіру, профилактикалық жұмыс жүргізумен айналысады. Арнайы назар аударылатын бағыттар: — жолаушыларды тасымалдау кезінде жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету,— мемлекеттік тіркеу нөмірі жоқ немесе жалған…
CaspianLife, 23 қаңтар. Бас прокуратура телефон арқылы жасалатын алаяқтықтың белең алып бара жатқанын айтып, азаматтарды сақ болуға шақырды. Қадағалау органы алаяқтардың әдіс-тәсілдері барған сайын күрделеніп келе жатқанымен, негізгі схема өзгеріссіз қалып отырғанын ескертеді. Бас прокуратураның баспасөз қызметінің мәліметінше, алдымен жәбірленушінің телефонына «1414» қысқа нөмірінен SMS-код келеді. Одан кейін алғашқы қоңырау түседі: қаскөйлер өздерін мемлекеттік орган, банк немесе курьерлік қызмет өкілі ретінде таныстырып, келген кодты айтып беруді сұрайды. «Осыдан кейін екінші байланыс орнатылады — бұл жолы өзін банк қауіпсіздік қызметінің, полицияның немесе ҰҚК-нің қызметкері ретінде таныстырған адамдар хабарласады. Кей жағдайларда тіпті бейнебайланыс арқылы сөйлеседі. Олар алдыңғы қоңырау алаяқтардан болғанын айтып, берілген…
CaspianLife, 23 қаңтар. Құжат Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровтың Coca-Cola Içecek Kazakhstan компаниясының бас директоры Вели Динчельмен өткізген кездесуінің қорытындысы бойынша қол қойылды. Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, кездесу барысында Айдарбек Сапаров бұл жобаның жүзеге асырылуы халықаралық инвесторлардың Қазақстанға деген жоғары сенімін және елдің тамақ өнеркәсібіне ұзақ мерзімді инвестициялар салу тұрғысынан тартымдылығын айқын көрсететінін атап өтті. «Мемлекет басшысы инвестиция тарту және өңдеуші салаларды дамыту мәселелеріне басымдық беріп отыр. Бүгінгі келісімге қол қойылуы – бұрын қол жеткізілген уағдаластықтардың заңды жалғасы әрі инвестициялық ахуалды жақсарту бағытындағы жүйелі жұмыстың нақты нәтижесі. Сондай-ақ жобаның Қазақстан экономикасындағы ең ірі инвесторлардың қатарына кіретін…
CaspianLife, 23 қаңтар. Бұл деректер кеше ҚР Энергетика вице-министрі Қайырхан Тұтқышбаевтың Атырау мұнай өңдеу зауытына (АМӨЗ) жасаған жұмыс сапары барысында айтылды. АМӨЗ баспасөз қызметінің хабарлауынша, сапар аясында кәсіпорын басшылығымен кездесу өтіп, онда 2025 жылға арналған өндірістік бағдарламаның орындалу қорытындылары, қаржылық-экономикалық және әлеуметтік көрсеткіштер, ағымдағы қызмет бағыттары, сондай-ақ өндірістік процестерді оңтайландыру жобалары қаралды. АМӨЗ ЖШС бас директоры Қуаныш Бишімов вице-министрге зауыттың өткен жылғы негізгі нәтижелері туралы баяндады. 2025 жылы кәсіпорын 5,47 млн тоннадан астам шикі мұнай өңдеген, бұл жоспардан 71 мың тоннаға артық. Мұнай өнімдерін өндіру көлемі 4,94 млн тоннаны құрады. Оның ішінде: автобензин – 1,79 млн тонна (2024 жылмен салыстырғанда…
CaspianLife, 22 қаңтар. «Жұмысшы маман – мұнай-газ саласының тірегі» атты Атырау облысының бұқаралық ақпарат құралдары мен журналистерінің арасында өткен байқау қорытындысы бойынша Caspian News телеарнасы «Үздік БАҚ» номинациясын жеңіп алды. Сaspian News телеарнасының атқарушы директоры Жанар Низамутдинова «Қазақ тіліндегі онлайн жарияланым» номинациясы бойынша жүлделі үшінші орынға ие болды. Ал «Тақырыптық хабарлар» бөлімінің редакторы Орынгүл Бектілеуова «Үздік журналист», ал арнаның аға операторы Айбек Өтемісов «Үздік телеоператор» атанды. Байқауды «Теңізшевройл» компаниясы ұйымдастырды.
CaspianLife, 22 қаңтар. Бұған дейін хабарланғандай, өткен жексенбі күні, 18 қаңтарда таңертең Атырау облысы Жылыой ауданындағы Теңіз кен орнында ГТЭС-4 нысанында GT-9.3 газ турбинасының трансформаторы өртеніп, сағат 11:20-да GT-9.5 газ турбинасының трансформаторында да өрт шыққан. Бүгін Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі вице-министр Қайырхан Тұтқышбаевтың жағдайды бақылау және оператор компаниямен өзара іс-қимылды үйлестіру үшін Теңіз кен орнына барғанын хабарлады. 18 қаңтарда орын алған технологиялық ақаудың (газ турбиналық қондырғылардың ажыратылуы) барлық мән-жайын анықтау мақсатында арнайы комиссия құрылып, жұмысын бастады. Нақтылай айтқанда, комиссия құрамына Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің аумақтық департаментінің, Атырау облысы әкімдігінің энергетика басқармасының, «KEGOC» АҚ жүйелік операторының, сондай-ақ «Теңізшевройл» ЖШС…
CaspianLife, 22 қаңтар. Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Конституциялық реформа жөніндегі комиссияны (Конституциялық комиссия) құру туралы Жарлыққа қол қойды. Akorda.kz сайтында жарияланған ақпаратқа сәйкес, жаңа орган мемлекет басшысының жанынан жұмыс істейді және Конституцияны жаңартуға қатысты ұсыныстар әзірлеумен айналысады. Конституциялық комиссияның төрағасы болып Конституциялық соттың төрағасы Эльвира Әзімова тағайындалды. Төрағаның орынбасарлары: — Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин, — Премьер-министрдің орынбасары, мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева. Комиссияның хатшысы – Президент Әкімшілігінің мемлекеттік құқық бөлімінің меңгерушісі Айдар Жарылғанов. Комиссия құрамына 100-ден астам адам енді. Олардың қатарында: — Мәжіліс пен Сенат депутаттары, — өңірлік мәслихаттардың төрағалары, — әкімдер, — Конституциялық соттың судьялары, — Президент Әкімшілігі…
CaspianLife, 21 қаңтар. Бұл жағдай 15 қаңтардан бастап Иреклі су қоймасынан судың жіберілу көлемі секундына 60 текше метрден 90 текше метрге дейін ұлғайтылуымен байланысты. Бірнеше күннен кейін су Орынбор облысындағы Орск қаласына да жеткен. Бұған дейін тұрғындарға мұндай жағдайда мұзға шығудың қауіпті екені ескертілген. «Урал56.Ру | Оренбург, Орск» Telegram-арнасының мәліметінше, қазіргі таңда өзеннің жайпақ жағалаулары бойында және жағалау маңындағы өсімдіктер арасында мұздың бетіне су шыққан орындар анық көрінеді. Кей жерлерде өзеннің ортасында да ойықтар пайда болған. «Өзен деңгейі көтерілгеннен кейін жағалауға жақын ағаштары бар ойпаң жерлерге де су жайылған. Сонымен қатар, ойықтардың бойында да, өзеннің ортасында да мұздың бетінде терең…
Caspianlife, 21 қаңтар. Қазақстан Республикасының Премьер-министрінің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Үкімет отырысында Ұлттық құрылтайдың V сессиясында Мемлекет басшысы берген тапсырмаларды орындау аясында қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады. «Күні кеше Мемлекет басшысы еліміздің өмірінде ерекше орын алған Ұлттық құрылтайдың тарихи миссиясын қорытындылап, мемлекет пен халқымыздың болашағын айқындайтын зор міндеттер жүктеді. Алдымен, бұл мән-маңызы жағынан жаңа Атазаң қабылдаумен бірдей конституциялық өзгерістердің аясында ғана емес, жалпы Тәуелсіздік тұғырын одан әрі нығайтуды көздейтін тарихи белес», – деді Аида Балаева. Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлағандай, вице-премьер Мемлекет басшысының «Заң және тәртіп», «Адал азамат», «Таза Қазақстан» атты негізгі принциптерін іске асыру аясында жүйелі…
