Автор: Сайт әкімшілігі

CaspianLife, 30 маусым. FlyArystan әуе компаниясы шілде айында Қазақстан қалаларынан Грузияның Кутаиси қаласына орындалатын рейстер санын арттырды. FlyArystan баспасөз қызметінің хабарлауынша, қосымша рейстердің ашылуы және олардың жиілігінің 20-дан 60%-ға дейін артуы жолаушылар үшін жазғы сапарларды қолжетімді әрі жайлы етеді. 1–31 шілде аралығында Қазақстанның бес қаласынан Грузияның ірі қалаларының бірі — Кутаисиге ұшатын рейстер жаңартылған кесте бойынша жүзеге асырылады. Кутаисиге ұшу кестесі: Атыраудан – дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма және жексенбі күндері; Ақтаудан – дүйсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма және сенбі күндері; Шымкенттен – дүйсенбі, бейсенбі және сенбі күндері; Астанадан – дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, жұма, сенбі және жексенбі күндері. Кутаисиден ұшу кестесі:…

Read More

CaspianLife, 30 маусым. Бұл туралы Қазақстан полициясы күніне орай өткен салтанатты жиында мәлім болды. Жиынға ішкі істер органдарының қызметкерлері мен ардагерлері қатысты. Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, салтанатты шараға облыс әкімі Серік Шәпкенов қатысып, ішкі істер органдары мен бірқатар құқық қорғау құрылымдарының үздік қызметкерлерін марапаттады. — Қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – мемлекеттің тұрақтылығы мен дамуының басты шарты. Халыққа адал қызмет етіп жүрген полиция қызметкерлерінің еңбегі құрметке лайық. Сіздердің күнделікті жұмыстарыңыз – жауапкершілік пен ерліктің үлгісі. Қызметтеріңізге табыс, отбасыларыңызға амандық тілеймін, – деді өңір басшысы. Жиын барысында Атырау облысы полиция департаментінің бастығы Нурхат Оразбаев ардагерлер мен әріптестеріне…

Read More

CaspianLife, 30 маусым. Маңғыстау облысында Түпқараған аудандық сотының үкімі заңды күшіне енді. Үкімге сәйкес, еңбек қауіпсіздігі ережелерін сақтамау салдарынан абайсызда адам өліміне себеп болғаны үшін кәсіпорын бригадасының шебері ҚР Қылмыстық кодексінің 156-бабының 3-бөлігі бойынша бір жылға бас бостандығынан айырылды. Маңғыстау облыстық прокуратурасының хабарлауынша, «…сотталған азамат еңбек қауіпсіздігі ережелерінің сақталуын ұйымдастыруға жауапты тұлға бола тұра, бригада жұмысшысына қауіпсіз еңбек жағдайын қамтамасыз етпеген. Соның салдарынан жөндеу жұмыстары кезінде жұмысшы арнайы техниканың дөңгелегі астында қалып, қаза тапқан». Еңбек инспекциясы жұмыс берушінің кінәсін 100% дәлелдеген. Сондай-ақ, прокуратура соңғы үш жылда Маңғыстау облысында осыған ұқсас қылмыстар бойынша алты адамға айыптау үкімі шығарылғанын нақтылады. «Маңғыстау облысының…

Read More

CaspianLife, 27 маусым. Бүгін Ресейде шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдарға арналған ruID мобильді қосымшасы іске қосылды. Бұл қосымша Ресей Федерациясына (РФ) кіруді жоспарлаған немесе ел аумағында жүрген шетелдіктерге арналып жасалған. Ресей ІІМ Көші-қон мәселелері жөніндегі Бас басқармасының баспасөз қызметі хабарлағандай, қосымша арқылы Ресейге кіру туралы өтініш беруге, елге кіруге шектеулердің бар-жоғын тексеруге және көші-қон саласындағы мемлекеттік қызметтерді алу үшін цифрлық профиль жасауға болады. «2025 жылғы 30 маусымнан бастап шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ тұлғалардың Ресейге кіруі мен шығу шарттарын сынақтан өткізу жөніндегі эксперименттің екінші кезеңі басталатынын еске саламыз», — делінген хабарламада. Ресейдің цифрландыру министрлігі ruID қосымшасы арқылы шетелдіктер мына…

Read More

Caspianlife, 27 маусым. С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті жанынан ашылған И.М.Губкин атындағы Ресей мемлекеттік мұнай және газ университетінің филиалы 2025–2026 оқу жылына 100 тегін білім грантына талапкерлерді қабылдайтынын хабарлады. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сәйкес, құжаттар келесі білім беру бағдарламалары бойынша қабылданады: 6В07208 – Мұнай-газ ісі. Мұнай-газ құбырлары мен қоймаларын салу және пайдалану (50 грант); 6В07207 – Мұнай-газ ісі. Мұнай-газ технологиялары (25 грант); 6В07209 – Мұнай-газ ісі. Кен орындарын геологиялық модельдеу (25 грант). Қабылдау конкурстық негізде, математика мен орыс тілі пәндері бойынша жазбаша емтихан нәтижелері бойынша жүзеге асырылады (әр пәннен кемінде 40…

Read More

CaspianLife, 27 маусым. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың еліміз экономикасына тікелей шетелдік инвестициялар тарту жөніндегі тапсырмаларын іске асыру аясында Үкімет басым салаларда ынтымақтастық орнату мақсатында инвесторлармен тығыз жұмыс жүргізуде. Бүгін Премьер-Министр Олжас Бектенов испандық Tubacex Group компаниясының вице-президенті Антон Азлор мырзамен кездесу өткізді. Өнеркәсіп саласындағы ынтымақтастықтың перспективалары, соның ішінде жаңа жоғары технологиялы өндірістерді іске асыру мәселелері талқыланды. Негізгі назар мұнай-газ саласында сұранысқа ие өнімдер, соның ішінде жіксіз құбырлар өндіруге аударылды. «Испаниялық инвестор Атырау облысында Орталық Азияда алғаш рет нержавеуші болат пен никель қорытпаларынан жіксіз құбыр өндіретін зауыт салу жобасын ұсынды. Жобаның жобалық қуаты – жылына 12 мың тонна дайын өнім. Сонымен…

Read More

CaspianLife, 26 маусым. «Жолаушылар тасымалы» АҚ пойыздарға заманауи бейнебақылау және видеоаналитика жүйелерін енгізуде. Бұл шара жолаушылардың қауіпсіздігін, жайлылығын арттыруға және жол үстінде жедел әрекет етуге бағытталған. Қазіргі уақытта пойыздарға 4 мың бейнекамера орнатылған. «Қазақстан темір жолы» ұлттық тасымалдаушысының баспасөз қызметінің мәліметінше, бейнежазбалар Ситуациялық орталықтағы экрандар арқылы қаралып, мамандар жағдайды бақылап, стандарттан тыс жағдайларды талдай алады. Видеожүйелер ықтимал қауіптерді дер кезінде анықтап, ережебұзушылықтарды тіркеуге және ұмыт қалған заттарға жедел әрекет етуге мүмкіндік береді. «Орнатылған бейнекамералардың арқасында пойыздардағы құқықбұзушылықтар деңгейі 2024 жылмен салыстырғанда 21%-ға төмендеді, жолаушылардан түскен шағымдар саны 32%-ға азайды, ал ұмыт қалған заттардың 91%-ы иелеріне қайтарылды. Барлық жаңа жолаушылар вагондары…

Read More

CaspianLife, 26 маусым. Іс-шараны ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің Атырау облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті ұйымдастырды. «XXI ғасырдың цифрлық триггерлері» форумына мемлекеттік қызметшілер (білім беру, медицина және өзге де салалар өкілдері), құқық қорғау органдарының қызметкерлері, қоғам белсенділері, жоғары оқу орындарының студенттері, облыстық мәслихат депутаттары, БАҚ өкілдері мен блогерлер қатысты. Форум қатысушыларына құттықтау сөз сөйлеген Атырау облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы Нұрлан Каримов елімізде жыл сайын мыңдаған азамат қаржылық пирамидалардың құрбанына айналатынын еске салды. Қаржылық мониторинг агенттігі қаржы пирамидаларын анықтап, жолын кесу бойынша жүйелі жұмыстар жүргізіп келеді. Форумда 2025 жылдың басынан бері республика бойынша келесі нәтижелер айтылды: — жалған инвестициялық жобалар…

Read More

CaspianLife, 26 маусым. Қазақстанның гидрометеорология қызметінің болжамы бойынша, биылғы жазда құрғақшылық жағдайы күшейіп, оның таралу аумағы кеңеюі мүмкін. «Қазгидромет» баспасөз қызметінің мәліметінше, алдын ала жүргізілген есептеулерге сәйкес, шілде айында еліміздің батыс өңірлерінде қалыпты құрғақшылық күтіледі: — Батыс Қазақстан облысында — Жәнібек, Сырым және Қаратөбе аудандарында; — Атырау облысында — Махамбет, Мақат, Исатай және Қызылқоға аудандарында; — Маңғыстау облысында — Бейнеу, Маңғыстау және Қарақия аудандарында; — Ақтөбе облысында — Шалқар және Ырғыз аудандарында.

Read More

CaspianLife, 25 маусым. Жаңа жеке куәлікті енді толықтай онлайн режимде алуға болады. eGov.kz порталында және eGov Mobile мобильді қосымшасында үйден шықпай-ақ құжатты қайта рәсімдеуге мүмкіндік беретін пилоттық жоба іске қосылды. Бұл бастама Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен Ішкі істер министрлігінің бірлесуімен жүзеге асырылды. eGov.kz порталында қызметті қалай алуға болады?Қызметті алу үшін eGov.kz электрондық үкімет порталына кіріп, авторизациядан өту керек. Қажетті қызметті таңдап, биометриялық сәйкестендіруден өтесіз, мәліметтерді толтырып, сұранысты қол қою тәсілдерінің бірімен бекітесіз және мемлекеттік баж салығын банк қосымшасы арқылы төлейсіз. eGov Mobile қосымшасында қызметті қалай алуға болады?Мобильді қосымшада авторизациядан өтіп, қызметті таңдайсыз, биометриялық сәйкестендіруден…

Read More