Caspianlife, 13 ақпан. Қазақстандық өнердің әлемдік деңгейде танылуына үлкен үлес қосып жүрген танымал әнші Димаш Құдайберген жаңа халықаралық жобаның продюсері ретінде тағы бір маңызды бастаманы қолға алды. Оның бастамасымен жүзеге асып жатқан «Voice Beyond Horizon» жобасы Қазақстанды әлемге танытып қана қоймай, ұлттық мәдениет пен тарихи мұраны шетелдік көрермендерге кеңінен насихаттауды мақсат етеді. Жобаның жаңа бөлімінде қатысушыларды мыңжылдық тарихы бар киелі шаһар – Түркістан қаласы қарсы алды. Ерекше атмосфераға толы бұл қала жас әншілер үшін тек шығармашылық алаң ғана емес, рухани әрі мәдени саяхаттың орталығына айналды. Бағдарламаға қатысқан сегіз жас орындаушы Ұлы Жібек жолы бойындағы тарихи мекендерді аралап, қазақ халқының мәдениеті,…
Автор: Сайт әкімшілігі
CaspianLife, 13 ақпан. Наурыз мейрамына орай Air Astana әуе компаниясы Атыраудан Әзербайжан астанасына рейстер санын көбейтеді. Air Astana баспасөз қызметінің хабарлауынша, Атырау–Баку–Атырау бағыты бойынша тұрақты рейстер аптасына үш ретке дейін көбейтіледі: 18 наурыздан бастап рейстер дүйсенбі, сәрсенбі және сенбі күндері орындалады; сәуір айынан бастап — сейсенбі, бейсенбі және сенбі күндері. Атыраудан Бакуға ұшу уақыты 1 сағат 25 минутты құрайды. Эконом-класс билетінің бағасы (барлық алымдармен бірге) Атыраудан ұшқанда 97 093 теңгеден басталады. Билеттерді ресми сайттан, мобильді қосымшадан немесе аккредиттелген туристік агенттіктерден сатып алуға болады. Қазақстан азаматтарына Әзербайжанға сапар шегу үшін виза қажет емес.
CaspianLife, 12 ақпан. Маңғыстау облысында апиын тобына жататын есірткі заттарын жеткізумен айналысқан қылмыстық топ құрықталды. Бұл туралы Caspian News телеарнасы хабарлады. Телеарна мәліметінше, төрт күдіктінің тұрғылықты мекенжайында жүргізілген тінту барысында 1,3 келі апиын және ірі көлемдегі ақша қаражаты тәркіленген. Сарапшылардың айтуынша, ауған текті апиын өңірде сирек кездесетін есірткі түріне жатады. Қазіргі уақытта барлық күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалған. ҚР ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті басқармасының бастығы Бақытжан Әмірхановтың айтуынша, аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 297-бабының 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. «Аталған баптың санкциясы 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын көздейді. Барлық ұсталған күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.…
CaspianLife, 12 ақпан. Қазақстанда газ тұтыну нормасын бекіту және тариф саясатын өзгерту ұсынылды. Парламент Мәжілісінде қаралған «Газбен жабдықтау және тауарлық газды ұқыпты тұтыну мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасына сәйкес, белгіленген нормадан артық газ пайдаланған жағдайда баға сараланған тәсілмен есептелуі мүмкін. Депутат Еділ Жаңбыршиннің айтуынша, қазіргі тариф жүйесі нақты тұтыну көлемін және өңірлердің климаттық ерекшеліктерін ескермейді. Бұл әлеуметтік әділеттілік қағидатына қайшы әрі газды үнемдеуге ынталандырмайды. Сол себепті, су мен электр энергиясы саласындағы тәжірибе негізінде тұтыну нормасын енгізу ұсынылуда. Қазіргі таңда Қазақстанның газ ресурстық базасы 3,8 трлн текше метрді құрайды. Жылдық өндіріс көлемі шамамен 60 млрд текше метр…
CaspianLife, 12 ақпан. Салық төлеушілер 1 наурызға дейін оңайлатылған декларация негізіндегі салық режимін қолдану үшін хабарлама тапсыруы қажет. Мұндай мәлімдемені Атырау облысы Мемлекеттік кірістер департаменті хабарлады. Егер көрсетілген мерзімде талап орындалмаса, салық төлеушілер автоматты түрде жалпыға бірдей белгіленген салық салу тәртібіне ауыстырылады. Өтінішті онлайн салық төлеушінің кабинеті, E-Salyq Business арнайы мобильді қосымшасы арқылы немесе орналасқан жері бойынша мемлекеттік кірістер басқармасына қағаз түрінде тапсыруға болады. Режимді қолдану шарттары: жылдық табыс 600 000 АЕК-тен (2 595 000 000 теңгеден) аспауы тиіс; қызмет түрі арнайы салық режимін қолдануға тыйым салынған қызметтер тізіміне кірмеуі керек; әлеуметтік салық пен қосылған құн салығын (ҚҚС) төлеуші болмауы…
CaspianLife, 12 ақпан. Азаматтар мен сарапшылардың ұсыныстары ескеріліп жетілдірілген Конституция жобасы жарияланды (ҚР Конституциялық сотының сайты). Біз, біртұтас Қазақстан халқы, байырғы қазақ жерінде мемлекеттілікті нығайта отырып, Ұлы Даланың мыңдаған жылдық тарихының сабақтастығын сақтап, мемлекеттің унитарлы сипатын, оның шекарасы мен аумағының тұтастығына қол сұғуға болмайтынын нақтылап, Әділетті Қазақстан идеясын және Заң мен Тәртіп қағидатын ұстанып, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтары мүлтіксіз сақталатынын мәлімдеп, бірлік пен ынтымақ, этносаралық және конфессияаралық татулық қағидаттарына сүйеніп, мәдениет пен білім, ғылым мен инновация құндылықтарын бағдарға алып, табиғатты аялау қажеттігін мойындап, бейбітшілікке және барлық елмен достыққа ұмтылып, келешек ұрпақ алдындағы аса жоғары жауапкершілікті сезініп, Қазақстан Республикасының…
CaspianLife, 12 ақпан. 15 наурызда елде республикалық референдум өтеді. Бұл туралы Caspian News телеарнасы хабарлады. Телеарна мәліметінше, Конституцияның жаңа жобасын әзірлеген комиссия Президент Қасым-Жомарт Тоқавтың қабылдауында болған. Мемлекет басшысы Ата заңның жаңа жобасымен танысып, оны қабылдау үшін референдум өтетін күнді жариялап, жарлық шығарды. Президент Жарлығына сәйкес, референдумға «2026 жылғы 12 ақпанда бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған жаңа Конституцияны қабылдайсыз ба?» деген сауал шығарылады. Дайындық жұмыстарын және референдумды Орталық сайлау комиссиясы (ОСК) өткізеді. Сенатта өткен брифингте Қаржы вице-министрі Даурен Темірбеков ОСК-ның бюджеттік өтінімін күтіп отырғандарын айтты. «Тиісті бюджеттік сұрау әлі Қаржы министрлігіне түскен жоқ. Біз ОСК хабарластық, олар бүгін түстен кейін немесе…
CaspianLife, 11 ақпан. Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев Конституциялық комиссия төрағасы – Конституциялық сот төрағасы Эльвира Әзімованы, Конституциялық комиссия төрағасының орынбасары – Мемлекеттік кеңесші Ерлан Каринді және Конституциялық комиссия мүшесі – Президенттің құқықтық мәселелер жөніндегі көмекшісі Ержан Жиенбаевты қабылдады. Akorda.kz сайты хабарлағандай, Мемлекет басшысы жаңа Конституция жобасы бойынша Комиссияның атқарған жұмыстарының нәтижесімен таныстырылды. Эльвира Әзімова Комиссияның он екі отырысының нәтижесінде жаңа Конституцияның соңғы жобасы әзірленгенін баяндады. Жаңа Конституция мәтіні өткен жылдың қазан айынан бастап азаматтар мен сарапшылар қауымдастығының eGov және e-Otinish порталдары арқылы жолданған бастамашыл ұсыныстар негізінде дайындалған. Сонымен қатар, жобаға Парламент реформасы жөніндегі жұмыс тобының қазан–қаңтар айларында жасалған ұсыныстары енгізілген. Эльвира…
CaspianLife, 11 ақпан. 11 ақпан таңындағы мәліметке сәйкес, Ақтөбе облысында ауа райының күрт нашарлауына байланысты «Қазақстан Темір Жолы» ұлттық компаниясы шамамен 400 жолаушыны пойыздар арқылы тасымалдады. Ақтөбе — Астрахань бағытындағы автожолда қозғалысқа уақытша шектеу енгізілгеннен кейін ҚТЖ жедел түрде қосымша тегін орындар ұйымдастырған. Компанияның баспасөз қызметі хабарлағандай, бұл шешім боран салдарынан автокөлікпен жолға шыға алмаған азаматтардың көлік қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында қабылданған. 10 ақпан күні әртүрлі бағыттар бойынша қосымша жолаушылар келесі пойыздармен жеткізілді: №613 «Маңғыстау — Орал»– Қандыағаш — Ақтөбе: 18 жолаушы;– Алға — Ақтөбе: 106 жолаушы. №692 «Ақтөбе — Атырау»– Ақтөбе — Қандыағаш: 29 жолаушы;– Ақтөбе — Алға: 45…
CaspianLife, 9 ақпан. Өңірдегі медициналық ұйымдардың қызметінде жүйелі заң бұзушылықтар прокурорлар тарапынан анықталды. Маңғыстау облысы прокуратурасының мәліметінше, жалған медициналық қызмет көрсету фактілері, денсаулық сақтау субъектілерінің біліктілік талаптарына сәйкес келмеуі, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар әшкереленген. Атап айтқанда, ұйымдардың бірін тексеру барысында 600 млн теңгеден астам бюджет қаражатының жымқырылғаны анықталды. «Қаражат алушылардың банк деректемелерін ауыстыру арқылы заңсыз шығарылып, байланысты шоттарға аударылған. Сондай-ақ көрсетілмеген қызметтер, жеткізілмеген дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдар үшін төлем жасау фактілері де тіркелді. Аталған мән-жайлар бойынша облыс прокуратурасы сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын бастады, оларды арнайы прокурорлар жүргізуде», — делінген прокуратура хабарламасында.
