Автор: Сайт әкімшілігі

CaspianLife, 23 шілде. Астрахань музей-қорығының қызметкерлері жоспарлы экспедициядан оралды. Зерттеу жұмыстары Чернояр және Енотаев аудандарында жүргізілді. Экспедиция құрамында Волгоград қаласындағы «Старая Сарепта» музей-қорығының палеолит археологы Станислав Ремизов пен Ресей агроэкология федералды ғылыми орталығының жетекші ғылыми қызметкері Максим Ельцов (Волгоград) да болды. Астрахань музей-қорығының хабарлауынша, далалық экспедицияның басты мақсаты — палеолит дәуіріндегі адамның мүмкін еңбек құралдары мен жануар сүйектерін жинау болды. Экспедиция барысында Астрахан облысында көне адамның тіршілігіне дәлел болатын ондаған сүйек үлгілері жиналды. «Көне адам сүйектерді еңбек құралдарын жасауға және от жағуға пайдаланған. Сүйектер ұзақ жанады және жоғары температура береді. Бірақ бүтін сүйекті отқа салу тиімсіз – ол өте баяу…

Read More

CaspianLife, 22 шілде.  Қазақстанның Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Грузияның Экономика және тұрақты даму министрі Мариам Квиривишвилимен кездесу өткізді. Грузия делегациясының ресми сапары аясында өткен бұл кездесу энергетика саласындағы екіжақты ынтымақтастықты тереңдетуге арналды. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Ерлан Ақкенженов ханым Квиривишвилиді жаңа қызметке тағайындалуымен құттықтап, оның басшылығымен екі ел арасындағы экономикалық байланыстар жаңа серпін алатынына сенім білдірді. Кездесу барысында тараптар өзара ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделі екендерін растады. Олар энергетика саласындағы өзара іс-қимылдың экономикалық тұрақтылықтың тірегі әрі өңірлік интеграцияның маңызды факторы екенін атап өтті. Министр Ерлан Ақкенженов қазақстандық көмірсутек ресурстарын жеткізу бағыттарын әртараптандыру үшін грузин бағытының стратегиялық маңызын атап өтті.…

Read More

Caspianlife, 22  шілде.  2023 жылғы қыркүйек айынан бастап елімізде «Онлайн-платформалар және онлайн-жарнама туралы» жаңа заң күшіне енді. Бұл заңда бірқатар жаңа заң терминдері енгізілді. Атап айтқанда, «инфлюенсер» немесе «блогер», сондай-ақ «жалған ақпарат» ұғымдары. Бас прокуратураның баспасөз қызметінің мәліметінше, инфлюенсер немесе блогер деп онлайн-платформаларды пайдаланатын, кәсіпкерлік мақсатта беймәлім адамдар тобына арнап ақпарат жариялайтын немесе тарататын тұлға есептеледі. Ал жалған ақпарат деп шындыққа сай келмейтін немесе деректерді едәуір бұрмалап көрсететін, жалған түсінік қалыптастыратын ақпаратты айтады. Онлайн-платформалар дегеніміз – интернет-ресурстар, интернет желісіндегі бағдарламалық қамтылым, жедел хабар алмасу сервистері. Олар контентті алу, өндіру, орналастыру, тарату және сақтау үшін арналған. Ең маңызды тұсы – бұл…

Read More

CaspianLife, 21 шілде. Құстардың өлекселері 16 шілде күні «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватының инспекторлары тарапынан №61-ші кварталдағы Шалыға аралында жүргізілген мониторингтік бақылау барысында анықталған. «18 шілдеде Атырау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының маманымен бірлесіп тексеру жүргізілді. Тексеру барысында құстардың өлекселері тіркелді. Қазіргі таңда құстардың қырылу себебі анықталуда», — делінген «Ақжайық» МТР хабарламасында. Сондай-ақ хабарламада инспекторлардың ерекше қорғалатын табиғи аумақта күн сайынғы мониторингті жалғастырып жатқаны айтылған. Алайда қырылған құстардың нақты саны мен түрі әзірге белгісіз.

Read More

CaspianLife, 21 шілде.  «Қазгидромет» ұлттық гидрометеорологиялық қызметі 21 шілде, дүйсенбі күніне Қазақстанның бірнеше өңіріне дауылды ескерту жариялады. «Қазгидромет» сайтында жарияланған мәліметке сәйкес,  21 шілде күні Атырау облысының батысында найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні облыстың оңтүстігі мен шығысында 15-20 м/с-қа дейін жетеді. Облыс бойынша 35-39 градусқа дейін қатты ыстық болады. Облыстың солтүстігі, оңтүстігі және шығысында өрттің төтенше қаупі сақталады, ал батысында өрт қаупі жоғары. Атырау қаласында 21 шілде күні күндіз 37-39 градусқа дейін қатты ыстық болады. Төтенше өрт қаупі күтіледі. Сондай-ақ, 21 шілде күні Маңғыстау облысының батысы мен солтүстігінде шаңды дауыл болады деп болжануда. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел күндіз облыстың батысы…

Read More

CaspianLife, 11 шілде. Атырау облысында шілде айында ауа райы климаттық нормадан жоғары болады деп болжануда. «Қазгидрометтің» Атырау облысындағы филиалына сілтеме жасаған Өңірлік коммуникациялар қызметінің мәліметінше, ауа температурасы +43°С-қа дейін жетуі мүмкін. «Қазгидромет» Атырау филиалының ауа райын болжау бөлімінің басшысы Айна Қазғұлованың айтуынша, шілде айындағы орташа температура +26,9°С пен +29,1°С аралығында болады, бұл көпжылдық көрсеткіштерден шамамен бір градусқа жоғары. «Шілденің екінші және үшінші онкүндігінде ауа температурасы күрт көтеріледі. Күндізгі температура +38 — +43°С-қа дейін жетсе, түнгі уақытта да ауа салқындамайды — +22…+27°С шамасында болады», — деді маман. Дәрігерлер қатты ыстықта әсіресе балалар, қарттар және созылмалы аурулары бар адамдардың денсаулығы үшін қауіп…

Read More

CaspianLife, 10 шілде. Бұл туралы Атырау облысынан сайланған Мәжіліс депутаты Әділ Жұбанов Атырау қаласына жақын орналасқан арнайы экономикалық аймаққа барған сапары барысында мәлімдеді. Кеше Мәжіліс депутаттары, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшелері Дүйсенбай Тұрғанов пен Әділ Жұбанов жұмыс сапарымен Атырау облысына барып, «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» арнайы экономикалық аймағында орналасқан «Karabatan Utility Solutions» ЖШС-нің электр станциясын аралады. Парламент сайтына жарияланған Мәжілістің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта, кәсіпорын басшылығының мәліметінше, қуаттылығы 310 МВт болатын бұл электр станциясы қазіргі уақытта KPI зауытының қажеттілігін толық қамтамасыз етіп отыр. Жақын арада бұл жүйеге тағы екі ірі зауыт қосылады. Алайда, электр станциясы салынған кезде шағын кәсіпорындар тарапынан болатын…

Read More

Теңіз бен Қашағанда, Қарашығынақта өндіріліп жатқан қазақ мұнайы қазір әлемге танымал. Әлемдік энергетика нарығында қазақ даласынан жетіп жатқан «қара алтынның» әр тамшысы маңызды. Brent пен Urals маркалы мұнай маркісінің бағасы халықаралық биржаларда күн сайын жарияланып, жаһандық экономиканың бағыт-бағдарын айқындап отырады. Бұл – Қазақстанның табиғи байлығының, стратегиялық маңыздылығының айқын дәлелі. Алайда, мұнайдың өзі ғана емес, оны өндіру мен игеру жолындағы сан алуан қызмет түрі де ерекше мәнге ие. Дегенмен, еліміздің мұнай-газ саласындағы сервистік қызмет әзірге әлемде кеңінен таныла қойған жоқ. Бұл сала әлі де қалыптасу, ізденіс пен даму кезеңінде тұр. Соған қарамастан, соңғы жылдары Қазақстандағы сервистік компаниялар батыл қадам жасап, өз…

Read More

CaspianLife, 10 шілде. Мұнай астанасы деген бейресми мәртебесімен қатар, Атырауды балықшылар қаласы деуге толық негіз бар. Жылдың қай мезгілі болмасын, қақаған аяз бен аптап ыстықта да Жайық өзенінің жағалауында қолына қармақ ұстаған балалар мен ересектерді көруге болады. Бүгінде өңірде ондаған балық шаруашылығы субъектілері Атырау қаласындағы Жайық өзенінде және Құрманғазы ауданындағы Қиғаш өзенінде өндірістік қызмет атқаруда. Бұл салада бірнеше мың адам еңбек етеді, ал балық пен балық өнімдері Қазақстанда сатылып қана қоймай, жақын және алыс шетелдерге экспортталады. Жайық–Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы мен Атырау қаласы әкімдігі Қазақстандағы Балық шаруашылығы қызметкерлері күніне орай кең көлемді мерекелік бағдарлама дайындады. Бұл кәсіби мереке…

Read More

CaspianLife, 9 шілде. Субұрқақтар – қаланың көркі. Олар ауаны ылғалдандырып, көз қуантады. Бірақ бір нәрсені есте ұстаған жөн: субұрқақтар шомылуға арналмаған. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті ескертеді: бассейндерден айырмашылығы, субұрқақтарда су сүзгілеу және тазарту жүйесі жоқ. Сондықтан мұндай су – вирустар мен бактериялар үшін таптырмас орта. Субұрқақтарға көбіне құстар мен жануарлар кіріп, суды одан сайын ластайды. Ондай суда жедел ішек инфекцияларының қоздырғыштары болуы мүмкін: — энтеро- және ротавирустар,— ішек таяқшасы,— сальмонелла мен шигелла (дизентерия),— А гепатиті вирусы. Инфекциядан бөлек, субұрқақтарда су айдайтын құрылғылар мен электр желілері болуы мүмкін – бұл, әсіресе балалар үшін, тоқ соғу қаупін тудырады.…

Read More