CaspianLife, 19 ақпан. Маңғыстау облысында «Мұнайтелеком» ЖШС мекемесінің қызметкерлерімен жаңа Конституцияға енгізілген өзгерістерді түсіндіру және алдағы референдумның маңызын талқылау мақсатында кездесу өтті, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы. Жиынға өңірлік коалиция мүшелері Мақсат Рзаханов, Аманжол Акимов, Аят Сүгірбай, Нұри Тумышев, Шынар Құрмет, Қаламқас Тлеубаева, Қалмұхан Қайырғали, Бердіқожа Оңдасынов қатысып, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. — Кездесу барысында Ата Заңға енгізілетін түзетулердің қоғамдағы әділеттілік қағидатын нығайтуға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейтуге және мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге бағытталғаны атап өтілді. Сондай-ақ, референдум арқылы қабылданатын шешімдердің елдің ұзақ мерзімді дамуына ықпал ететіні айтылды, — деді өңірлік коалиция мүшесі Нури Тумышев.
Автор: Сайт әкімшілігі
CaspianLife, 18 ақпан. 17 ақпан күні Доссор кентінде 10 сынып оқушысы өз өзіне қол жұмсаған. Қазіргі уақытта облыстық полиция департаменті осы дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 105 бабы, яғни өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу, өзін-өзі өлтіруге көндіру немесе өзін-өзі өлтіруге ықпал ету бойынша іс қозғап, тергеу басталды. 2009 жылы туған қыз бала Доссор кентіндегі Бержан Қанатбаев атындағы орта мектепте білім алған. Мектеп директорының айтуынша, ол шығармашылыққа жақын болған. Толық отбасында тәрбиеленген. Осы жағдайдан кейін мектеп жанынан мобильдік топ құрылып, білім беру басқармасы тарапынан тексеру басталып кеткен. (Дереккөз: Caspian New телеарнасы)
CaspianLife, 18 ақпан. Ақтау қаласында жаңа Конституцияны қолдау жөніндегі облыстық коалиция мүшелері білім саласының өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы. Кездесуге облыстық коалиция мүшелері мен Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау жоғары педагогикалық колледжінің оқытушылары қатысты. Жиын барысында Конституциялық өзгерістердің артықшылықтары мен маңызы түсіндірілді. Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау жоғары педагогикалық колледжінің арнайы пән оқытушысы Венера Калменшееваның айтуынша, референдумға қатысу бұл әр адамның жауапкершілігі. -Жаңа Конституциядағы өзгерістерде білім мен ғылымның орны ерекше. Сонымен қатар, 2026 жыл — Жасанды интеллект және цифрлық технологиялар жылы деп жарияланды. Білім мен ғылымды дамытуға бағытталған жаңа Конституцияны қабылдау бойынга реферндум 15 наурызда өтеді. Референдумға қатысу…
CaspianLife, 18 ақпан. 7 ақпан күні «Ақтау электр желілері басқармасы» МКК мекемесінде Жаңа Конституция нормалары бойынша ақпараттық-түсіндіру жиыны өтті, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы. Іс-шараға «Ақтау электр желілері басқармасы» МКК мекемесі директорының жалпы мәселелер жөніндегі орынбасары Сағадат Сүйеуберденов, «Республика» партиясы Маңғыстау облыстық филиалының төрағасы Нұржігіт Хайруллаев, кәсіпкер Гүлназ Қожарбаева, «Жас Star’s»белсенді жастар ұйымының төрағасы Нұрқадір Өскінбаев қатысты. Жиын барысында Конституцияға енгізілген өзгерістер, жаңа заң нормалары, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын кеңейту, сондай-ақ әділетті қоғам қалыптастыруға бағытталған реформалардың мән-маңызы талқыланды. Кездесу ашық форматта өтіп, ұжым қызметкерлері өздерін толғандырған сұрақтарын қойды. Сондай-ақ түсіндіру жұмыстарының маңызы сөз болып, мұндай кездесулердің алдағы уақытта да жалғасатыны…
CaspianLife, 18 ақпан. Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің (МКД) уақытша міндетін атқарушы орынбасары Бисен Юсубалиев брифинг барысында бұл туралы хабарлады. Өңірлік коммуникация қызметі алаңында өткен брифинг барысында аймақтағы көлік және мүлік салығын төлеу тәртібі, енгізілген жаңа өзгерістер және қарыздың ағымдағы көлемі туралы ақпарат берілді. Өз баяндамасында Бисен Юсубалиев жеке тұлғалар жыл сайын 1 сәуірге дейін көлік салығын, 1 қазанға дейін мүлік салығын төлеуге міндетті екенін еске салды. Өткен жылға есептелген мүлік салығын төлеу мерзімі – 2026 жылдың 1 қазанына дейін. – Салықтарды уақытылы төлеу – әрбір азаматтың міндеті. Қазіргі уақытта көлік салығы бойынша 4 246 жеке тұлғада 321 млн…
CaspianLife, 18 ақпан. Маңғыстау облысы бойынша Қаржы мониторингі агенттігінің департаменті Рантик Бахтияр Оглына қатысты онлайн-казино түріндегі заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырды деген күдікпен тергеу жүргізуде. Қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, платформа жұмысында «bingo37.pro» сервисі қолданылған, ол «Crazy Monkey», «Keno», «Euro Game» және басқа да мыңнан астам әртүрлі ойындарға қол жеткізуді қамтамасыз еткен. Ойыншыларды тарту Telegram және WhatsApp мессенджерлері арқылы жүргізілген, онда жарнамалар, фото- және бейнематериалдар, акциялар мен бонустық бағдарламаларға шақыру ұсынылған. Бұл ойыншыларға жеңіл және тез ұтыс алу мүмкіндігі бар деген әсер берген. Ақша аударымынан кейін ойыншыларға платформаға кіру үшін логин мен пароль берілген. Ақша қабылдау және қаржылық ағындарды жасыру…
CaspianLife, 18 ақпан. KMG International және «Oil Services Company» ЖШС (OSC) ынтымақтастық туралы Меморандум аясында ҚазМұнайГаз (КМГ) компаниялар тобының мамандарын техникалық және инженерлік біліктілігін арттыруға бағытталған бірлескен жобаны іске қосты. КМГ баспасөз қызметінің мәліметінше, жоба бұрғылау және ұңғымаларды сервистік қызмет көрсету саласындағы халықаралық тәжірибені үйретуді, сонымен қатар Румыниядағы Rompetrol Well Services компаниясында — KMG International-ның Еуропадағы негізгі мұнайсервис активтерінің бірінде — операциялық және басқару процестерін жетілдіруді қамтиды. Қазіргі уақытта OSC қызметкерлер тобы Румынияға барып, Rompetrol Well Services компаниясының өндірістік және сервис моделімен танысып жатыр. «Алты айлық тағылымдама барысында қазақстандық мамандар ұңғымаларды цементтеу және тиімділігін арттыруға арналған арнайы бағдарламалық қамтамасыз етуді…
CaspianLife, 18 ақпан. Ұлы далада өздігінен өсетін қызғалдақ – махаббат пен еркіндіктің белгісі. Жаңарудың символы саналатын гүлдің бұл түрін атыраулық кәсіпкер жылыжайда өсіруде. Ол өткен жылдың соңында 200 мың түп қызғалдақ еккен. Caspian News телеарнасының хабарлауынша, Бақыт Исхакова 1994 жылдан бері гүл бизнесімен айналысады. Мемлекеттік қызметте жұмыс істеген ол бұл салаға кездейсоқ келген. Жылыжай салып, гүл өсіру туралы ой бұрыннан болған. Дегенмен кәсіпкер ең алдымен оны сататын дүкен ашуды мақсат етеді. Бақыт Исхакованың айтуынша, жылдан жылға гүлді өзге өңірлер мен шет мемлекеттерден сатып алу қиындаған. Кеден, логистика сынды себептер күрделене бергеннен кейін бұл іске бел буып, нық сеніммен кіріскен. 2025…
CaspianLife, 18 ақпан. Кәсіподақ мүшелеріне арналған жаңа Конституцияны түсіндіру бойынша ақпараттық-түсіндіру жиыны өтті, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы Кездесуге коалиция мүшелері — Мақсат Ырзаханов, Орынбасар Тоғжанов, Серік Бекбергенов, Марияш Нуранова, сондай-ақ Аят Сүгірбай мен Сабина Бейсембаева қатысты. Жиын барысында ел жаңа Конституциясына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар кеңінен талқыланып, оның қоғам өміріндегі маңызы, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудағы рөлі жан-жақты түсіндірілді. «Бұл кездесудің басты мақсаты кәсіподақ мүшелеріне жаңа Конституцияны түсіндіру. Конституциялық өзгерістер кәсіподақ мүшелерінің құқықтарын қорғауға, олардың әлеуметтік кепілдіктерін нығайтуға үлкен ықпал етеді», — Мақсат Ырзаханов. Кездесу барысында жаңа Конституцияның негізгі бағыттары, заң үстемдігін нығайту, әділетті қоғам қалыптастыру, мемлекеттік басқару жүйесіндегі…
CaspianLife, 18 ақпан. Ақтау қаласында Конституциялық реформаны қолдау жөніндегі облыстық коалиция мүшелері медицина қызметкерлерімен кездесті. №2 қалалық емхана базасында өткен жиында ақ халатты абзал жандар ел болашағы үшін маңызды науқанға бірауыздан қатысатындарын мәлімдеді. Otpannews.kz cайтының хабарлауынша, кездесу барысында коалиция мүшесі Киікбай Ешманов Конституцияға енгізілетін өзгерістердің мән-маңызына тоқталды. Оның айтуынша, саяси жаңғыру жолында ұстаздар мен дәрігерлердің рөлі ерекше. «Біздің міндетіміз – халыққа, соның ішінде қоғамның қозғаушы күші саналатын сала мамандарына жаңа Конституция негіздерін түсіндіру. Мемлекет басшысы әрдайым медицина мен білім беру саласын дамытуды басты назарда ұстап келеді. Жаңа жобада бұл бағыттарға басымдық берілген. Сондықтан әрбір маманның таңдауы ел ертеңі үшін маңызды»,…
