Автор: Сайт әкімшілігі

CaspianLife, 20 ақпан. Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес, 15 наурыз күні Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдау мәселесі бойынша республикалық референдум өтеді. 18 жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары Ресейдегі Қазақстанның Ресейдегі Елшілігі жанынан ашылатын №429 сайлау учаскесінде дауыс бере алады. РФ-тағы Қазақстан Елшілігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, сайлау учаскесінің жұмыс уақыты: Мәскеу уақыты бойынша 07:00-ден 20:00-ге дейін. Мекенжайы: Мәскеу қаласы, Чистопрудный бульвары, 3 «А» (Қазақстан Республикасының Елшілігі ғимараты). Сайлау учаскесіне барған кезде өзіңізбен бірге Қазақстан Республикасы азаматының паспорты немесе жеке куәлігі болуы қажет. Сайлау процесін жеңілдету мақсатында Мәскеуде дауыс беретін азаматтар referendum.moscow@mfa.kz электрондық поштасына алдын ала өз деректерін (тегі, аты-жөні толық, туған күні,…

Read More

CaspianLife, 20 ақпан. Британдық The Telegraph басылымы Қазақстанның ең көрікті жері — Маңғыстаудың Бозжыра шатқалын «Әркім өмірінде бір рет болса да баруы керек топ 10 шөл» тізіміне енгізді. Шетелдік басылым Үстірт қыраты аумағында орналасқан Бозжыра шатқалын бірегей геологиялық өңір ретінде сипаттайды. Зәулім жартастар, борлы мұнаралар мен әктасты түзілімдер теңіз түбін еске салатын айрықша ландшафт қалыптастырған. -Мұнайлы өңір саналатын Ақтау қаласынан тек жол талғамайтын көлікпен жетуге болатын Каспий жағалауындағы көрікті аймақ туризмді дамыту кезеңіне аяқ басты. Алдағы уақытта өңірде теміржол станцияларын, жаңа әуежай мен бірнеше демалыс орындарын салу жоспарланған. Сондықтан туристердің толассыз ағынымен бетпе-бет келмей тұрғанда, тұмса табиғат аясында тыныштығын сезініп…

Read More

CaspianLife, 20 ақпан. Атырауда «Шектелме» жобасының үшінші кезеңін қорытындылауға арналған «Shektelme Awards» іс-шарасы өтті. Оған облыстық әкімдік пен «Теңізшевройл» ЖШС өкілдері, жоба түлектері және қоғамдық белсенділер қатысты. «Жаңаша» қоғамдық қоры бұл әлеуметтік жобаны 2023 жылдан бері «Теңізшевройл» ЖШС-нің (ТШО) әлеуметтік инвестициялар бағдарламасы аясында табысты жүзеге асырып келеді. Жобаның мақсаты — жұмыссыз жастар мен бала күтімі демалысындағы аналарды еңбек нарығындағы өзгерістерге бейімдеу, сондай-ақ бастаушы кәсіпкерлерді қолдау. Жоба Атырау және Құлсары қалаларының (Жылыой ауданының әкімшілік орталығы) 16 мен 35 жас аралығындағы тұрғындарын қамтып, оларға медиа саласындағы сұранысқа ие бағыттар бойынша тегін білім берді. Бірінші кезеңде Жылыой ауданынан 445 жас қатысып, табыс табуға…

Read More

CaspianLife, 19 ақпан.  Ақтау қалалық мәслихатының депутаты Жанар Жұмашева жаңа Конституция жобасы бойынша жүргізіліп жатқан ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының маңызын атап өтті. Оның айтуынша, агитациялық кездесулер барысында азаматтар көкейіндегі сауалдарына жауап алып, ұсыныс-пікірлерін білдіруде. “Жаңа Конституция жобасы кең көлемде талқыланып, еліміздің барлық өңірінен сарапшылар, жоғары білімді мамандар мен қоғам өкілдері қатысып, әрбір нормасы мұқият зерделенді. Соның нәтижесінде құжатқа елеулі өзгерістер енгізіліп, ел дамуының жаңа бағыттарын айқындауға негіз қаланды. Енді алдағы 15 наурызда өтетін референдум — әр азаматтың жауапкершілігін көрсететін маңызды қадам. Бұл — болашаққа деген көзқарасымызды нығайтып, елдің даму бағытын айқындайтын тарихи таңдау»,-деді Жанар Жұмашева. Сонымен қатар ол азаматтарды алдағы референдумға белсенді…

Read More

CaspianLife, 19 ақпан. «ҚазМұнайГаз» (ҚМГ) ұлттық компаниясы басқарма төрағасы Асхат Хасенов Атырау облысына жұмыс сапары барысында жылдық қуаты 1,25 млн тонна полиэтилен өндіретін зауыттың құрылыс алаңына барды. ҚМГ баспасөз қызметінің мәліметінше, қазіргі уақытта құрылыс жұмыстары екі негізгі технологиялық қондырғыда жүргізілуде. Жобаның жалпы орындалу деңгейі – 22%. Барлық жұмыстар бекітілген кестеге сәйкес атқарылуда. Этилен өндірілетін пиролиз қондырғысында қадаларды қағу жұмыстары 89% орындалған, іргетас құю 20%-дан асты. Кейін құбыр эстакадаларын орнату үшін жер үсті құрастырмалы темірбетон құрылымдарын монтаждау басталды. Екінші негізгі қондырғы – полимерлеу алаңында, сондай-ақ зауыттың жалпы шаруашылық нысандарында 427 мың текше метр жер жұмыстары орындалып, 3 721 қада қағылған. «Биыл…

Read More

Caspianlife,  19 ақпан.  Қазақстан спорты үшін айтулы жаңалық тіркелді. Мәнерлеп сырғанаудан қазақстандық спортшы Михаил Шайдоров Италияда өткен 2026 жылғы Қысқы Олимпиада ойындарында ел қоржынына алтын медаль салды. Бұл жеңіс – Қазақстан мәнерлеп сырғанауы тарихындағы ерекше әрі көптен күткен жетістік. Олимпиада мұз айдынында өнер көрсеткен қазақстандық спортшы күрделі бағдарламасымен көпшілікті таңғалдырды. Михаил Шайдоров әдеттегі төрт квадпен шектелмей, бірден бес квад орындап, үлкен тәуекелге барды. Оның батыл қадамы өз нәтижесін беріп, спортшы 291,58 ұпай жинап, жеке рекордын жаңартты. Бұл жеңіс оңай келген жоқ. Бәсекелестік өте жоғары деңгейде өтті. Мұз айдынында Италия, Франция және Жапония елдерінің мықты спортшылары бақ сынады. Ал негізгі қарсыластардың…

Read More

CaspianLife, 19 ақпан.  Маңғыстауда «Ақжол» құрылыс компаниясында жаңа Конституция бойынша ақпараттық-түсіндіру жиыны өтті, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы. Кездесуге Маңғыстау облыстық Конституциялық коалиция мүшелері мен құрылыс компаниясының ұжымы қатысты. Жиын барысында жаңа Конституция негіздері, құжаттың 84 пайызға өзгеріске ұшырағаны, басты преамбулада көрсетілген басым бағыттар ретінде білім, ғылым және инновацияның айқындалғаны айтылды. Сонымен қатар, жаңа Конституцияның 90 пайызға жуығы адами капиталды дамытуға бағытталғаны, адам құқығының қорғалуы, адвокатураның тең дәрежелі құқыққа ие болғаны, тіл мәселесі мен отбасы институты жан-жақты түсіндірілді. Нұрболат Қалиев, «Ақжол» құрылыс компаниясының көлік басқармасы басшысы: -Жаңа Конституцияға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бойынша қоғамдық кеңес мүшелері мен партия өкілдері тарапынан…

Read More

CaspianLife, 19 ақпан. KMG PetroChem ЖШС Атырау облысында стратегиялық маңызы бар жобаларды — алғашқы интеграцияланған газ-химия кешенінің (ГХК) және этан мен пропанға арналған магистральдық құбырлардың бірыңғай дәлізде құрылысын жүзеге асыруда. Бұл жобалар елдің мұнай-газ-химия кластерінің негізін қалыптастырып қана қоймай, өңір үшін жаңа мүмкіндіктер ашады. Компанияның баспасөз қызметінің мәліметінше, құрылыс кезеңінде 3 500-ден астам уақытша жұмыс орнын ашу жоспарланған. Бұған дейін КазМунайГаз ҰК» АҚ, KMG PetroChem, мердігер CCIC және Атырау облысының әкімдігі арасында өзара іс-қимыл туралы меморандумға қол қойылған. Құжатта тараптардың үйлестіру тетіктері, соның ішінде жұмыс күшін жергіліктендіру мәселесі бекітілген: жобаға тартылатын қызметкерлердің кемінде 90 пайызы Атырау облысының тұрғындары болуы тиіс.…

Read More

CaspianLife, 19 ақпан. APEC PetroTechnic жоғары колледжі Industrial Electrical бағыты бойынша National Center for Construction Education and Research (NCCER) халықаралық жүйесінің аккредиттелген орталығы мәртебесін ресми түрде алды. ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, берілген мәртебе колледждің халықаралық стандарттарға сәйкес кәсіби құзыреттерді оқыту және бағалау құқығын растайды. Енді студенттердің емтихан нәтижелері NCCER халықаралық тізіліміне енгізіліп, олардың біліктілігі әлемдік деңгейде мойындалады. «Аккредитация білім беру бағдарламаларының мазмұны, материалдық-техникалық база және оқытушылардың кәсіби деңгейі құрылыс және өнеркәсіп саласының халықаралық талаптарына толық сәйкес келетінін дәлелдейді. Бұл – білім сапасын арттыруға, сондай-ақ бағалау жүйесінің ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз етуге бағытталған қадам», — делінген хабарламада. Биылғы мамыр…

Read More

CaspianLife, 19 ақпан. Атырау облысындағы орта мектептердің бірін тәмамдаған екі түлек оқуын үздік аяқтап, тиісті үлгідегі аттестат алған. Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының (МАӘС) мәліметінше, соған қарамастан Білім басқармасының комиссиясы педагогтер енгізген баға түзетулеріне сілтеме жасап, оларға «Алтын белгі» беруден бас тартқан. Түлектердің заңды өкілдері бұл шешіммен келіспей, сотқа жүгінген. Іс материалдарын қараған сот: — талапкерлердің 5–11-сыныптар аралығында барлық пәндер бойынша жылдық, тоқсандық және қорытынды бағалары «өте жақсы» болғанын, сондай-ақ қорытынды аттестаттаудан сәтті өткенін, бұл «Алтын белгі» алу талаптарына толық сәйкес келетінін; — бағаларды қою, өзгерту және түзету педагогтердің айрықша құзыретіне жататынын, сондықтан мұғалімдер тарапынан жіберілуі мүмкін қателіктер немесе рәсімдік бұзушылықтар…

Read More