CaspianLife, 22 ақпан. Қазақстан үшін Конституция – мемлекеттіліктің берік іргетасы, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының басты кепілі. Сондықтан ұсынылып отырған жаңа өзгерістер ел дамуының стратегиялық бағытын айқындайтын маңызды қадам ретінде бағалануда. Бұл бастамалар заман талабына сай басқару жүйесін жетілдіруге, халықтың мемлекеттік шешімдер қабылдау процесіне қатысу мүмкіндігін кеңейтуге бағытталған. Осы ретте Бейнеу ауданы әкімінің орынбасары Қанағат Назарханов конституциялық реформалардың мәніне тоқталды. Оның айтуынша, Жаңа Конституцияда жергілікті өзін-өзі басқару тетіктері күшейтіліп, билік тармақтары арасындағы тепе-теңдік нақты айқындалады. Бұл «Күшті Президент. Ықпалды Парламент. Есеп беретін Үкімет» қағидатын іс жүзінде жүзеге асырудың көрінісі. «Жаңа Конституция – қоғам санасының жаңғыруы. Ол ашықтыққа, әділдікке және жауапкершілікке негізделген.…
Автор: Сайт әкімшілігі
CaspianLife, 21 ақпан! Жаңа Негізгі заң – саяси жүйені жаңғыртып қана қоймай, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейтуге бағытталған стратегиялық құжат. Бұл өзгерістер мемлекет пен қоғам арасындағы жауапкершілік пен сенімді арттыруды көздейді. Осылай деген тарих пәнінің мұғалімі Дариға Бапанова: «Жаңа Конституция елдің саяси жүйесін жаңартып, халықтың құқықтары мен бостандықтарын күшейтуге бағытталған негізгі заң. Оның басты артықшылықтарының бірі – билік тармақтары арасындағы тепе-теңдіктің нығаюы. Сонымен қатар адам құқықтарын қорғау тетіктері күшейіп, халықтың ел басқару ісіне қатысу мүмкіндігі артады. Әділдік пен заң үстемдігі бекемделеді. Бұл заң мемлекеттің болашағын айқындап, тұрақтылықты қамтамасыз етуге және әр азаматтың құқығын қорғауға негіз болады. Әрбір дауыс маңызды.…
CaspianLife, 21 ақпан. Референдум қарсаңында Ақтау қаласында ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылуда. Қаладағы ірі сауда орталықтарында арнайы бейнероликтер көрсетіліп, алдағы маңызды қоғамдық-саяси науқанның мәні мен маңызы кеңінен насихатталуда. Сауда нысандарына келушілер референдумның маңыздылығы туралы жан-жақты мәлімет алып, өз таңдауының ел дамуына әсерін тереңірек түсінуге мүмкіндік алуда. Аталған ақпараттық жұмыстар қала кәсіпкерлерінің қолдауымен жүзеге асырылуда. Әлеуметтік жауапкершілікті жоғары бағалайтын бизнес өкілдері қоғамдық маңызы бар бастамаларға белсенді түрде атсалысып келеді. Ақтаулық тұрғындар сауда орталықтарында маңызды науқан туралы бейнероликтерді орналастыруға қолдау білдірген кәсіпкерге алғыс айтып, бұл қадамды елдік мүддеге қосылған үлес ретінде бағалады
CaspianLife, 21 ақпан. Мұнайлы аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Бірпалаталы Парламент: қолдаймын/қарсымын» тақырыбы аясында жастар арасында пікірсайыс турнирі өтті. Жақтайтын команда жеңіске жетті, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы. Аудан әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, аталған зияткерлік додаға жалпы саны 16 команда қатысып, қатысушылар өз ұстанымдарын дәлелді пікірлермен қорғап, қоғамдағы өзекті мәселелерге қатысты ойларын ортаға салды. Жарыс нәтижесі бойынша І орын – №6 мектептің «Z» командасына, ІІ орын – №4 мектепке, ІІІ орын – №9 мектептің «1000 жылдық ойын» командасы мен №16 мектептің «16» командасына бұйырды Арнайы номинация «Үздік спикер» – Асылбек Құдайбергеновке, «Үздік төреші» – Махаббат Төребаева пен Асылбек Тоқмұрзаевқа берілді.
CaspianLife, 21 ақпан. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының 1-бабында: «Қазақстан Республикасы – демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет. Мемлекеттің ең жоғары құндылығы – адам мен оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» деп нақты көрсетілген. Әсіресе «әлеуметтік мемлекет» ұғымы мемлекеттің экономикалық, саяси сипаттамасынан гөрі, оның адам алдындағы жауапкершілігін айқындайды. Жаңа конституциядағы 27-бапқа сәйкес, әр азамат қауіпсіз және гигиеналық талаптарға сай еңбек жағдайына, кемсітусіз еңбекақы алуға және әлеуметтік қорғалуға құқылы. Әлеуметтік мемлекет жағдайында еңбек – табыс көзі ғана емес, тұлғаның қоғамдағы орнын айқындайтын фактор. Сондықтан кемсітусіз сыйақы төлеу, әділ еңбек қатынастары және әлеуметтік сақтандыру жүйесі – Конституция бекіткен адамға бағдарланған саясаттың көрінісі. 28-бапта мемлекет…
Caspianlife, 20 ақпан. Бүгін, 20 ақпан күні ҚР жаңа Конституциясын түсіндіру мақсатында коалиция мүшелері «КИС Ақтау Индустриалды құрылыс комбинаты» мекемесінде түсіндіру жұмыстарын өткізді, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы. Жиынға коалиция мүшелері – Гүлмира Абишова, Шынар Құрмет, Елмұрай Меккеев, Қаламқас Тлеубаева, Гүлназ Жеменей, Абзал Марат және Өмірбек Құрманбаев қатысты. Олар жұмысшыларға Конституцияның негізгі баптарын түсіндіріп, әрбір мәселені нақты мысалдармен түсіндіруге тырысты. Жиын барысында коалиция мүшелері жаңа Конституцияның негізгі баптарын жүйелі түрде түсіндіріп, әрбір өзгеріс пен жаңалықтың қоғамға, жұмысшылардың құқықтары мен міндеттеріне әсерін нақты мысалдармен көрсетті. «КИС Ақтау Индустриалды құрылыс комбинаты» мекемесінің қаржы саласы маманы Санақбай Аманжолов жаңа Конституцияға қолдау білдірді. -15…
CaspianLife, 20 ақпан. Маңғыстауда Қ. Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық әмбебап кітапханасының ұжымына жаңа Конституцияға енгізілген өзгерістерді түсіндіру мақсатында кездесу өтті, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы. Жиынға Маңғыстау облыстық коалиция мүшелері мен кітапхана қызметкерлері қатысты. Басқосуда жаңа Конституциядағы өзгерістер мен толықтырулар жан-жақты түсіндірілді. Маңызды құжатты арнайы 130 мүшеден тұратын Конституциялық комиссия қарағаны айтылды. Құжаттағы білім, ғылым, инновация, жасанды интеллект, тіл мәселелері және табиғатты қорғау бағытындағы жаңашылдықтар талқыланды. Қ. Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық әмбебап кітапханасы кітапханашысы Мөлдір Мырзатаева жаңа Конституция бойынша пікір білдірді. -Бүгін өңірлік коалиция мүшелері жаңа Конституцияға байланысты түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, нақты әрі толық ақпарат берді. Өз ойымды айтар болсам,…
Caspianlife, 20 ақпан. 2025 жылы Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің (ЭТД) өндірісінде болған қылмыстық істерді аяқтау көрсеткіші 72%-ды құрады. Оның ішінде 25 іс сотқа жолданса, үш қылмыстық іс ақтамайтын негіздер бойынша тоқтатылған. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі (ӨКҚ) алаңында өткен брифингте Атырау облысы бойынша Экономикалық тергеп-ттексеру департаменті басқармасының басшысы Бекболат Әнесов мәлімдеді. Оның айтуынша, аяқталған істер бойынша келтірілген жалпы залал көлемі 1 млрд 553 млн 120 мың теңгені құраған. Соның ішінде сотқа дейінгі тергеу барысында 1 млрд теңге мемлекетке қайтарылған. Сондай-ақ, Б.Әнесов ҚР Қылмыстық кодексінің 216-бабы (жұмыстарды нақты орындамай, қызмет көрсетпей және тауар жөнелтпей жалған шот-фактуралар жазу) бойынша қозғалған қылмыстық іс туралы…
CaspianLife, 20 ақпан. Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес, 15 наурыз күні Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдау мәселесі бойынша республикалық референдум өтеді. 18 жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары Ресейдегі Қазақстанның Ресейдегі Елшілігі жанынан ашылатын №429 сайлау учаскесінде дауыс бере алады. РФ-тағы Қазақстан Елшілігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, сайлау учаскесінің жұмыс уақыты: Мәскеу уақыты бойынша 07:00-ден 20:00-ге дейін. Мекенжайы: Мәскеу қаласы, Чистопрудный бульвары, 3 «А» (Қазақстан Республикасының Елшілігі ғимараты). Сайлау учаскесіне барған кезде өзіңізбен бірге Қазақстан Республикасы азаматының паспорты немесе жеке куәлігі болуы қажет. Сайлау процесін жеңілдету мақсатында Мәскеуде дауыс беретін азаматтар referendum.moscow@mfa.kz электрондық поштасына алдын ала өз деректерін (тегі, аты-жөні толық, туған күні,…
CaspianLife, 20 ақпан. Британдық The Telegraph басылымы Қазақстанның ең көрікті жері — Маңғыстаудың Бозжыра шатқалын «Әркім өмірінде бір рет болса да баруы керек топ 10 шөл» тізіміне енгізді. Шетелдік басылым Үстірт қыраты аумағында орналасқан Бозжыра шатқалын бірегей геологиялық өңір ретінде сипаттайды. Зәулім жартастар, борлы мұнаралар мен әктасты түзілімдер теңіз түбін еске салатын айрықша ландшафт қалыптастырған. -Мұнайлы өңір саналатын Ақтау қаласынан тек жол талғамайтын көлікпен жетуге болатын Каспий жағалауындағы көрікті аймақ туризмді дамыту кезеңіне аяқ басты. Алдағы уақытта өңірде теміржол станцияларын, жаңа әуежай мен бірнеше демалыс орындарын салу жоспарланған. Сондықтан туристердің толассыз ағынымен бетпе-бет келмей тұрғанда, тұмса табиғат аясында тыныштығын сезініп…
