CaspianLife, 27 ақпан. Белгілі маңғыстаулық блогер Азамат Сарсенбаев әлеуметтік желідегі парақшасында осы әсем құстар түсірілген әдемі бейнероликті жариялады. Сурет: Азамат Сарсенбаев Видео: Азамат Сарсенбаев
Автор: Сайт әкімшілігі
CaspianLife, 27 ақпан. Оқиға кеше кешкісін Щучинск қаласында, Бурабай ауданы аумағында болды — бес қабатты тұрғын үйге жапсарлас салынған бір қабатты дәмханада газ-ауа қоспасының жарылысы болып, кейін өрт шыққан. Ақмола облысының әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға туралы ақпарат түскеннен кейін 5 минут ішінде Төтенше жағдайлар департаменті күштері мен құралдары оқиға орнына жеткен. Өрт сөндірушілер жанып жатқан ғимараттан 8 газ баллонын сыртқа шығарып, 10-нан астам адамды құтқарды. Ресми ақпаратқа сәйкес, жедел деректер бойынша барлығы 26 адам зардап шеккен, оның ішінде: — 7 адам қаза тапты (олардың арасында 16 жастағы қыз бар);— 13 адам Бурабай аудандық ауруханасында жатыр;— 6 адам амбулаториялық бақылауға…
CaspianLife, 26 ақпан. Бұл деректер бүгін Каспий құбыр консорциумы (КҚК) басқарушы органдарының Абу-Даби қаласында (БАӘ) өткен отырысында жария етілді. КҚК баспасөз қызметінің мәліметінше, жиынға қатысушылар компанияның 2025 жылғы өндірістік және шаруашылық қызметінің қорытындыларын, еңбекті қорғау, өнеркәсіптік және экологиялық қауіпсіздік салаларындағы нәтижелерін талқылап, ағымдағы жылға арналған жоспарларды қарастырды. 2025 жылы КҚК және мердігер ұйымдардың қызметкерлері 14,2 млн адам-сағатты жазатайым оқиғасыз еңсерді. Автокөліктердің жол-көлік оқиғасынсыз жүріп өткен қашықтығы 33 млн шақырымнан асты. «Теңіз – Новороссийск құбыр жүйесі арқылы 2025 жылы 70,52 млн тонна мұнай тасымалданды. Оның ішінде Теңіз, Қарашығанақ және Қашаған кен орындарынан жүйеге тиісінше 36,6 млн тонна, 9,2 млн тонна және…
Caspianlife, 26 ақпан. Биыл қазақстандық лоукостер FlyArystan Қазақстанның төрт қаласынан Грузияға тікелей рейстерін жалғастырады. FlyArystan баспасөз қызметінің хабарлауынша, Кутаисиге тікелей рейстер Алматыдан, Астанадан, Ақтаудан және Атыраудан қолжетімді болады. Шамадан тыс жүктемелі кезеңдерде авиакомпания әр қаладан аптасына бірнеше рейс орындайды. Мысалы, Қазақстанның батысындағы екі қаладан ұшулар кестесі: Ақтау – Кутаиси – Ақтау 16 наурыздан 27 наурызға дейін – дүйсенбі және жұма күндері; 1 сәуірден 23 қазанына дейін – сәрсенбі және жұма күндері, 1 маусымнан 31 тамызға дейін қосымша дүйсенбі күндері. Атырау – Кутаиси – Атырау 3 наурыздан 26 наурызға дейін – сейсенбі және бейсенбі күндері; 31 наурыздан 30 мамырға дейін –…
CaspianLife, 26 ақпан. Құрық порты – еліміздің көлік логистикасында маңызы зор нысан. Теңіз арқылы жүк тасымалдау көлемі жыл сайын артып келеді. Сонымен қатар жаңа Конституцияда көрсетілгендей жұмыс үдерісін цифрландыру әдістері енгізілуде. Бүгін өңірлік және Қарақия аудандық коалициясының мүшелері Киікбай Жаулин, Нұри Тумышев, Анар Шамшадинова, Ержан Бекниязов, Жанғабыл Қалаубай, Қилымғали Көшенов Құрық портының жұмысшыларымен кездесті. Спикерлер жаңа Конституцияға алғаш енгізілген ережелерді және нормаларды, азаматтарға берілген мемлекеттік кепілдіктерді таныстырды. Жиында жаңа Конституцияның баптарына сәйкес азаматтардың құқықтары түсіндіріліп, қауіпсіздік және гигиеналық талаптарға сай еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге, жұмыс берушілер мен мемлекет еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етуге кепілдік бергендігі айтылды. Іс-шарада спикерлер жаңа Конституцияның адам…
CaspianLife, 26 ақпан. Қоғам дамуының қазіргі кезеңінде Қазақстан үшін ең басты бағыттың бірі – ұлттық тұтастықты сақтай отырып, құқықтық мемлекетті нығайту. Жаңа Конституция осы сабақтастықты нақты құқықтық нормалар арқылы бекітіп берді. Конституцияның 1-бабында мемлекеттің басты құндылығы – адам және оның құқықтары екені көрсетілген. Бұл қағида ұлттық бірегейлікті тар мағынада емес, барша азаматтарды біріктіретін ортақ құндылықтар кеңістігі ретінде түсінуге мүмкіндік береді. Яғни мемлекет белгілі бір топтың емес, бүкіл халықтың мүддесіне қызмет етуге тиіс. 3-бапта биліктің бірден-бір бастауы – халық екені айқын жазылған. Халық мемлекет тағдырын айқындайтын субъект ретінде танылған кезде азаматтық бірегейлік те нығая түседі. 4-бап Конституцияның ең жоғары заңдық күшке…
Caspianlife, 26 ақпан. Бұл мәліметтер Атырау мұнай өңдеу зауытының (АМӨЗ) бас директоры Қуаныш Бишімовтің өндірістік блоктың басшылары және мамандарымен кездесуі барысында айтылды. АМӨЗ баспасөз қызметінің хабарлауынша, жиында кәсіпорынның 2025 жылғы негізгі жұмыс қорытындылары қаралып, биылғы жылға арналған жоспарлар айқындалды. Бас директор қатысушыларды өндірістік жоспардың орындалуы, қаржы-экономикалық көрсеткіштер және қызметкерлердің еңбек жағдайын жақсарту бойынша атқарылған шаралардың нәтижелерімен таныстырды. Талқылаудың негізгі тақырыптарының бірі қоршаған ортаны қорғау бағдарламасын іске асыру нәтижелері болды. — 2025 жылы кәсіпорынның экологиялық көрсеткіштері белгіленген нормативтер шегінде болды: атмосфераға шығарылған ластаушы заттар көлемі 10 мың 148 тоннаны құрады, бұл 2024 жылмен салыстырғанда 1 311 тоннаға аз. — Ағынды сулар…
Caspianlife, 25 ақпан. Бүгін Ақорда резиденциясында ХХV қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоров пен оның бапкерлерін марапаттау рәсімі өтті. Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, салтанатты жиында сөйлеген сөзінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұл Олимпиаданың бүкіл Қазақстан үшін айрықша оқиға болғанын атап өтті. – Михаил Шайдоровтың мәнерлеп сырғанаудан алтын медаль жеңіп алуының арқасында Қазақстанның көк байрағы Олимпиада аренасында биікке көтерілді. Ең алдымен, Михаилды шын жүректен құттықтап, алғысымды білдіремін. Сондай-ақ оның әкесіне, бапкеріне және бүгін Ақордаға жиналған барша азаматтарға ризашылығымды жеткізгім келеді. Михаилдың әлемдік мойындалуы – сіздердің табанды еңбектеріңіздің жемісі. Сіздердің жетекшіліктеріңізбен ол көрнекті спортшыға айналып, өз дарынын толық аша білді. Бүгінде бүкіл ел…
CaspianLife, 25 ақпан. Бүгін Қарағанды облысында жоспарлы оқу-жаттығу ұшулары кезінде Су-30СМ жойғыш ұшағы апатқа ұшырады. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді. Хабарламада: «Ұшақ экипажы дер кезінде катапульт жасады. Ұшқыштар дін аман, олардың өмірі мен денсаулығына қауіп жоқ. Қазіргі уақытта медициналық мамандардың бақылауында.», – деп нақтыланған. Сондай-ақ апат орны қоршауға алынғаны айтылды. Халыққа және инфрақұрылым нысандарына қауіп жоқ. Оқиғаның себептері мен мән-жайын анықтау үшін Қорғаныс министрлігі Ұшу қауіпсіздігі департаментінің бастығы жетекшілік ететін арнайы комиссия құрды. Оның құрамына авиация қызметінің бейінді мамандары енгізілген. Тергеу нәтижелері бойынша құқықтық баға беріліп, процессуалдық шешім қабылданады.
CaspianLife, 25 ақпан. 25 ақпан күні Қабиболла Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық кітапханасының ұжымымен өңір креаторларына Қазақстан Республикасының Конституциясына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары өтті, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы. Кездесудің негізгі мақсаты – жаңа Конституцияның мазмұнын кеңінен түсіндіру, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру және азаматтық белсенділікті дамыту. Атап айтқанда, билік тармақтары арасындағы тепе-теңдікті күшейту және халықтың шешім қабылдау үдерісіне қатысу мүмкіндіктерін кеңейту мәселелері көтерілді. Іс-шараға коалиция мүшелері қатысып, жаңа Конституцияға енгізілген өзгерістерді жан-жақты түсіндіріп, кітапхана ұжымы тарапынан қойылған сұрақтарға нақты әрі толық жауаптар берді. Кездесу ашық диалог форматында өтіп, қатысушылар тарапынан жоғары қызығушылық тудырды.
