Автор: Сайт әкімшілігі

CaspianLife, 2 наурыз.  Жалпыұлттық коалиция мүшелері жаңарған Конституция жобасының негізгі артықшылықтарын Маңғыстау облысындағы тұз қышқылы мен кальций хлоридін өндіретін «Topan Chemical Industries» зауытының ұжымымен талқылады. Кездесуге кәсіпорынның 80 қызметкері қатысты. Жиында Конституцияда ұсынылған жаңашылдықтарға байланысты әсерлі әңгіме өрбіді, қатысушылар еркін пікір алмасты. Жаңа Ата заң жобасында адал еңбек ету, уақытылы және әділ жалақы алу, сондай-ақ қауіпсіз еңбек жағдайы құқығы бекітіледі. Бұл нормалар — мемлекеттік саясаттың тікелей бағдары, мемлекет олардың мүлтіксіз сақталуын қамтамасыз етуді және қадағалауды өз міндетіне алады. Өндіріс саласы қызметкерлерінің айтуынша, бұл норма жұмыскердің өмірін,денсаулығы мен кәсіби мүдделерін қорғаудың берік негізін қалыптастырады. Зауыт ұжымы жұмыскерлерге арналған әлеуметтік кепілдіктерді күшейтудің…

Read More

CaspianLife, 2 наурыз. Манғыстау облысының Қоғамдық коммуникациялар орталығы хабарлағандай, өңірдің «мұраны» деп лайықты түрде аталып жүрген Бозжыра шатқалы қайтадан әлеуметтік желі қолданушыларының назарын аударды. Белгілі саяхатшы және контент жасаушы Дастан Мұхамедрахим (@bydastan.kz) өзінің Instagram парақшасында Бозжыра шатқалының тамаша сұлулығын жоғары сапада көрсететін бейнеролик жариялады. Автор табиғат, күн сәулесі мен аспан үйлесімін шебердің қолымен жасалған нағыз өнер туындысымен салыстырды. Бозжыраның ғажайып бейнесінен сүйсінген Дастан Мұхамедрахим сезімін оқырмандарымен бөлісті. «Сіздер қазір көріп тұрған бұл сұлулықты сөзбен жеткізу мүмкін емес. Бірақ мен тырысайын. Біріншіден, осы аспанға қараңыздар – ол суретші салған картинадай. Ал енді Бозжыраға қараңыздар – бұл тіпті ғажап. Біз бұл сұлулықты…

Read More

CaspianLife, 2 наурыз. Қызылшаға қатысты қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайға байланысты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шаралар кешенін кеңейтті. Министрліктің баспасөз қызметінің мәліметінше, жағдай тұрақтанғанға дейін 6–10 айлық балаларға қосымша иммундау енгізілді. Бұрын егілмеген 2–5 және 7–18 жас аралығындағы балаларға, сондай-ақ иммундауы расталмаған 30 жасқа дейінгі медицина қызметкерлеріне толықтыру вакцинациясы ұйымдастырылды. Жоспарлы түрде ауруханаға жатқызу талаптары мен эпидемияға қарсы режим күшейтілді. Оның ішінде ұйымдасқан ұжымдарда және әскери бөлімдерде екпе алмаған адамдарды уақытша шеттету шаралары қарастырылған. Қабылданған шаралар оң нәтиже бере бастады. Алдыңғы аптамен (417 жағдай) салыстырғанда тіркелген қызылша деректері 311-ге дейін төмендеді, яғни 106 жағдайға немесе 25,4%-ға азайды.…

Read More

CaspianLife, 1 наурыз. Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен Араб Әмірліктері, Сауд Арабиясы, Катар, Бахрейн және Кувейт мемлекеттерінің басшыларына жеке жолдауларын жіберіп, осы ауыр сынақ кезеңінде аталған елдердің халықтарына шынайы қолдау мен ынтымақтастық білдірді. Бұл туралы Қазақстан Президентінің кеңесшісі – баспасөз хатшысы Айбек Смадияров мәлімдеді. Ол өзінің Telegram-арнасында Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға достас әрі бауырлас мемлекеттердің егемендігі мен қауіпсіздігіне нұқсан келтіруге бағытталған барлық әскери әрекеттерді батыл айыптағанын жазды. – Біздің ел барлық күрделі халықаралық мәселелер мен қарулы қақтығыстарды тек дипломатиялық жолмен шешуді әрдайым қолдайды, – делінген Қазақстан басшысының жолдауларында. Мемлекет басшысы сондай-ақ Қазақстан бауырлас араб елдеріне қолдан келген көмекті көрсетуге дайын екенін айтып, олардың…

Read More

Caspianlife, 1 наурыз.  Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Таяу Шығыс елдеріндегі жағдайға байланысты Жедел штабтың отырысын өткізді. Штаб құрамына Азаматтық авиация комитеті, Қазақстанның авиациялық әкімшілігі АҚ, «Қазаэронавигация» РМК, сондай-ақ Air Astana, FlyArystan, SCAT Airlines және VietJet Kazakhstan әуе компанияларының өкілдері кірді. Министрліктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, отырыс барысында: Таяу Шығыс елдеріндегі қазіргі жағдай; рейстері тоқтатылған жолаушыларды қолдау шаралары; жолаушыларды баламалы әрі қауіпсіз әуе бағыттары арқылы Қазақстанға қайтару жөніндегі әуе компанияларының жоспарлары талқыланды. Қазіргі уақытта келесі мемлекеттерде әуе кеңістігі жабық немесе жағдай тұрақсыз күйінде қалып отыр: Иран, Израиль, Біріккен Араб Әмірліктері, Бахрейн, Кувейт, Иордания, Сауд Арабиясы, Катар, Оман, Ирак және Ливан. Осыған байланысты…

Read More

CaspianLife, 1 наурыз. Бұл туралы бүгін Ислам Республикасының ақпарат агенттігі (IRNA) хабарлады. Мәлімдемеде Иран Ислам революциясының көшбасшысы Аятолла Әли Хаменеи сенбі, 28 ақпан күні таңертең жасалған шабуыл салдарынан қаза тапқаны айтылған. Сурет: АГЕНТСТВО IRNA 

Read More

CaspianLife, 1 наурыз. Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласында орналасқан “MunaiFieldService” ЖШС ұжымында 450-ден аса қызметкер еңбек етеді және олар өңірдің өндірістік , әрі сервистік әлеуетін дамытуға өз үлестерін қосып келеді. Аталған мекеменің бас директоры Белшер Нұрлан Түкмағанбетұлының бастамасымен, мекеме ұжымының ауыз біршілігімен Маңғыстау облысының әлеуметтік-экономикалық бағытында маңызды әлеуметтік салаларға үлестерін қосып және өз саласында тұрақты жұмысты қамтамасыз етіп отырған үлгілі ұжымдардың бірі. Компанияның қызметі өңір экономикасының нығаюына және халықтың әл-ауқатының артуына ықпал етеді. 15 наурызда өтетін референдумға байланысты жиында ұжым атынан Әлеуметтік даму бөлімінің бастығы Сәнбибі Құлғараева сөз сөйледі. Ұсынылып отырған өзгерістер еліміздің одан әрі дамуына, мемлекеттілікті нығайтуға және азаматтық қоғамның…

Read More

CaspianLife, 1 наурыз. Маңғыстау облысында алдағы референдумға дайындық аясында тұрғындарға ақпараттық қолдау көрсету мақсатында арнайы Call-орталықтар қызметі ұйымдастырылды, деп хабарлайды Қоғамдық коммунмкация орталығы. Сонымен қатар, азаматтар өздерінің қай референдум учаскесінде тіркелгенін, учаскенің нөмірі мен орналасқан жерін https://man.saylaw.kz/ ресми сайтынан және https://t.me/man_saylaw_bot/ Telegram-боты арқылы біле алады. Ол үшін жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) енгізу қажет. Облыс бойынша Бірыңғай байланыс орталығының 109 қызметіне хабарласуға болады. 109 қызметі мен телеграм-бот 24/7 жұмыс істейді. Егер аталған платформалардан қажетті ақпарат табылмаған жағдайда, тұрғындар өздерінің тұрғылықты жері бойынша жергілікті әкімдіктер жанынан құрылған Call-орталықтарға хабарласа алады. Жұмыс күндері облыс аумағында келесі Call-орталықтар жұмыс істейді: Ақтау қаласы бойынша 4-шағын…

Read More

CaspianLife, 1 наурыз.  Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Құрылтайда: «Негізгі пікірталас «Жаңа Парламент қандай болады, неше депутаттан тұрады? Құрылымы қандай болады және қалай жұмыс істейді?» деген сауалдар жөнінде өрбіді. Бұл терең зерделеп, жан-жақты сараптап, өлшеп, байыппен түпкілікті шешім қабылдайтын аса маңызды, тіпті, шешуші мәселе болды. Қазір мен Ұлттық құрылтайдың төрінен сіздерге Жұмыс тобында талқыланған негізгі ұсыныстарды таныстырғым келеді. Ең алдымен, болашақ Парламенттің атауы бойынша пікірімді айтсам. Қысқаша айтқанда, Құрылтай деген атауды беру керек деп сенемін. Құрылтайдың тарихи аясы да, мағынасы да халқымызға түсінікті, жақын.» Президенттің осы сөздері жаңа Парламенттің болашағы жөніндегі негізгі ой-пікірді нақты көрсетеді. Жаңа Конституцияда Құрылтай заң шығару билігін жүзеге…

Read More

Caspianlife, 27 ақпан. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі қызметкерлері шетелдік әріптестерімен бірлесіп, Сенару ауылы, Ломбок аралы, Индонезия Республикасы аумағында аса ауыр қылмыс жасады деген күдікке ілінген ер адамды ұстады. Қазақстан ІІМ хабарламасында: «…онымен бірге оның бұрынғы жұбайы да анықталды» деп көрсетілген (дәйексөздің соңы). Ал Indonesian National Police ресми сайтында жарияланған ақпаратта күдіктінің Ломбок аралындағы Солтүстік Ломбок полиция бөлімшесі тарапынан ұсталғаны айтылған. Ұстауға Интерполдың «қызыл хабарламасы», сондай-ақ 2026 жылғы 8 қаңтардағы Атырау қалалық сотының шешімі негіз болған. Индонезия полициясының мәліметінше, SS инициалымен көрсетілген 29 жастағы ер адам Байян ауданындағы Сенару ауылындағы қонақ үйлердің бірінде ұсталған. Ол 2025 жылдың қараша айында жасалып,…

Read More