CaspianLife, 3 наурыз. Бұл туралы бүгін ҚР Премьер-Министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен үкімет отырысында хабарланды. Ұлттық компания «ҚазАвтоЖол» Басқарма Төрағасы Дархан Иманашев баяндама жасап, елде ақылы автожол инфрақұрылымын кезең-кезеңімен дамыту жұмыстары жалғасып жатқанын айтты. Қазіргі таңда елде жалпы ұзындығы 4 900 км болатын 26 ақылы учаске жұмыс істейді. ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметінің мәліметінше, осы жылы енгізілетін 6 жаңа учаскенің жалпы ұзындығы 2 000 км құрайды: — Қарағанды–Балқаш–Бұрылбайтал – 554,6 км;— Бұрылбайтал–Құрты – 226,4 км;— Ақтөбе–Қандыағаш–Мақат – 89 км;— Талдықорған–Өскемен – 773 км;— Атырау–Астрахань – 277 км;— Мерке–Шу–Бұрылбайтал – 78 км. Сонымен қатар, дефектілер бар ақылы учаскелерде төлем алуды уақытша тоқтату…
Автор: Сайт әкімшілігі
Caspianlife, 3 наурыз. ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгін Ақтөбе қаласының «Алматы» ауданында, Ақжар көшесіндегі орналасқан автогаз құю станциясының жер үсті резервуарларының бірінде газ-ауа қоспасының жануынан жарылыс болып, жалын екінші цистернаға, тұрақта тұрған газ тасымалдаушы көлікке және операторлық ғимаратқа таралған. «ТЖ департаментінің күштері оқиға орнына шұғыл жетті. Өрт сөндірушілер жоғары қауіптілік жағдайында жұмыс істеп, мүмкін болатын қосымша жарылыстар мен жалынның одан әрі таралуын алдын алды. Құтқарушылардың кәсіби әрекеттерінің арқасында өрт толық сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ», — делінген хабарламада. Өртті сөндіруге шамамен 60 қызметкер және 16 техника бірлігі жұмылдырылды. Оқиға орнындағы бөлімшелердің жұмысын Ақтөбе облысы ТЖД бастығы, полковник Қахарман Оразалин үйлестірді.
CaspianLife, 3 наурыз. Қоғам дамыған сайын билік пен бұқара арасындағы қарым-қатынас та жаңа мазмұнға ие болады. Соңғы жылдары Қазақстан қоғамында «халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидасы жиі айтылып келеді. Бұл ұстаным тек саяси ұран емес, басқару мәдениетін трансформациялауға бағытталған жүйелі қадам ретінде қарастырылуда. Қоғамдық кеңестердің басты миссиясы – мемлекеттік органдардың шешім қабылдау процесіне азаматтық қоғам өкілдерін тарту. Соңғы жылдары қоғамдық кеңестердің мәртебесі мен өкілеттігі заңнамалық тұрғыда кеңейіп келеді. Мемлекеттік бағдарламалар мен стратегиялық жоспарларды талқылауға қатысу, бюджеттік шығындарға қоғамдық мониторинг жүргізу, әлеуметтік маңызы бар мәселелер бойынша сараптамалық қорытынды беру – мұның барлығы кеңестердің нақты ықпал тетіктеріне айналып отыр. Бұл – азаматтық…
CaspianLife, 3 наурыз. Air Astana компаниялар тобы Сауд Арабиясы мен Мысырдың авиациялық билік органдарынан тиісті рұқсат алған жағдайда, Қазақстанның батыс өңірінен Мединаға екі репатриациялық рейс және Жиддаға екі репатриациялық рейс орындауды жоспарлап отыр. Бұл туралы кеше кешке Air Astana компаниясының баспасөз қызметі хабарлады. Сонымен қатар компаниялар тобы Таяу Шығыс елдеріне тұрақты рейстерді 6 наурызды қоса алғанға дейін уақытша тоқтатады. Билеттерді сату 13 наурызды қоса алғанға дейін жабылды. Әуе компаниясы жағдайдың дамуын мұқият бақылап, алдағы өзгерістер туралы жолаушыларды жедел түрде хабардар ететінін мәлімдеді.
CaspianLife, 3 наурыз. Таяу Шығыстағы әскери-саяси жағдайдың ушығуына байланысты Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі (СІМ) және оның шетелдегі өкілдіктері күшейтілген режимде жұмыс істеуде. Өңір елдеріндегі ҚР-ның шетелдік мекемелері жағдайды үздіксіз бақылап, жергілікті билік органдарымен және Қазақстан азаматтарымен тұрақты байланыс ұстап отыр. Сондай-ақ әуежайларға тұрақты түрде барып, жедел әрекет ету және консулдық-құқықтық көмекті шұғыл көрсету шараларын қабылдауда. Қазақстан СІМ-нің баспасөз қызметінің хабарлауынша, дипломатиялық өкілдіктер қызметкерлері азаматтармен тәулік бойы жедел байланыс арналары мен мессенджерлердегі топтар арқылы хабарласып, өңірде және транзиттік аймақтарда жүрген қазақстандықтардың тізімін жаңартып отыр. Қазіргі уақытқа дейін зардап шеккен Қазақстан азаматтары туралы ақпарат түскен жоқ. Соңғы деректерге сәйкес, шиеленіс аймағындағы…
CaspianLife, 3 наурыз. Қазақстанның Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі Таяу Шығыс елдерінде жүрген азаматтарды қолдау шаралары туралы хабарлады. Министрліктің баспасөз қызметінің мәліметінше, қазіргі геосаяси жағдай аясында шетелде жүрген қазақстандықтардың жақындарымен байланыста болып, қолдауды сезінуі маңызды. «Елдің ұялы байланыс операторларымен бірлесіп, қысқа мерзім ішінде арнайы байланыс пакеттері іске қосылды. Олар аталған елдерде болған кезеңде интернетті және қоңырауларды тегін пайдалануға мүмкіндік береді», — делінген хабарламада. Сонымен қатар қолдау шаралары туралы толық ақпаратты ұялы байланыс операторларының ресми сайттарынан немесе мобильді қосымшалары арқылы алуға болатыны атап өтілді. Осыған байланысты министрлік байланыс операторларына жедел қабылданған қолдау шаралары үшін алғыс білдірді. Сондай-ақ отандастарды сабыр сақтауға,…
CaspianLife, 3 наурыз. Ақтөбе облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті прокуратураның үйлестіруімен цифрлық активтер айналымы саласында заңсыз кәсіпкерлік қызметпен айналысқан, сондай-ақ қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастырған ұйымдасқан қылмыстық топты құру және оған жетекшілік ету фактісі бойынша тергеу жүргізуде. Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі (ҚМА) баспасөз қызметінің хабарлауынша, топ ұйымдастырушысы міндетті тіркеусіз және лицензиясыз қамтамасыз етілмеген цифрлық активтермен операциялардан табыс табу схемасын іске асырған. Ол рөлдер бөлінген және нақты иерархиясы бар тұрақты топ құрған. Қатысушылар дропперлерді іздестіруді, олардың атына банк карталары мен криптовалюта биржаларында аккаунттар ашуды, қаржылық операциялар жүргізуді және қаражатты қолма-қол ақшаға айналдыруды қамтамасыз еткен. «150-ден астам дроппердің банк карталарына түскен…
Caspianlife, 2 наурыз. Биылғы жылдың соңына дейін Атырау облысында алты жаңа денсаулық сақтау нысанын пайдалануға беру жоспарланып отыр. Аймаққа жұмыс сапары барысында құрылыс барысын вице-министр Тимур Мұратов тексерді. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, жыл соңына дейін іске қосылатын нысандар тізіміне мыналар кіреді: жаңа онкологиялық диспансер; радиологиялық корпус; екі қалалық емхана (әрқайсысы бір ауысымда 250 қабылдауға арналған); екі жедел медициналық жәрдем қосалқы станциясы. Жаңа жедел жәрдем қосалқы станциялары жылына 40–50 мыңға дейін шақыртуға қызмет көрсетуге есептелген және әрқайсысы 20–24 жедел жәрдем бригадасын орналастыра алады. Сонымен қатар өңірде жаңа корпустар салу арқылы облыстық клиникалық аурухана қайта жаңғыртылуда. Құрманғазы ауданында аудандық…
CaspianLife, 2 наурыз. Екі күн ішінде Астарадағы бақылау-өткізу пунктінен өткендердің басым бөлігі — әзербайжандар. Алайда олардың арасында эвакуациялық дәлізді пайдаланған 50 шетел азаматы, соның ішінде дипломаттар да бар. Euronews телеарнасының хабарлауынша, елдің оңтүстік-шығыс шетінде орналасқан Әзербайжанның Астара қаласында әскери қызметкерлер шекара бекетінде АҚШ, Израиль және Иран арасындағы басталған қақтығыстан қашып келгендерді қарсы алуда. Қала Астара өзенінің сол жағалауында орналасқан, дәл осы өзен арқылы Ислам Республикасымен мемлекеттік шекара өтеді. Бақылау-өткізу пунктіне жеткен азаматтарға ыстық шай мен тамақ ұсынылып, кейін құжаттарын тексеру үшін шекаралық бақылау бекетіне жеткізіледі. Келгендердің басым бөлігі — еліне оралуға шешім қабылдаған Әзербайжан азаматтары. Сонымен қатар шекара бекетіне 50…
CaspianLife, 2 наурыз. Жалпыұлттық коалиция мүшелері жаңарған Конституция жобасының негізгі артықшылықтарын Маңғыстау облысындағы тұз қышқылы мен кальций хлоридін өндіретін «Topan Chemical Industries» зауытының ұжымымен талқылады. Кездесуге кәсіпорынның 80 қызметкері қатысты. Жиында Конституцияда ұсынылған жаңашылдықтарға байланысты әсерлі әңгіме өрбіді, қатысушылар еркін пікір алмасты. Жаңа Ата заң жобасында адал еңбек ету, уақытылы және әділ жалақы алу, сондай-ақ қауіпсіз еңбек жағдайы құқығы бекітіледі. Бұл нормалар — мемлекеттік саясаттың тікелей бағдары, мемлекет олардың мүлтіксіз сақталуын қамтамасыз етуді және қадағалауды өз міндетіне алады. Өндіріс саласы қызметкерлерінің айтуынша, бұл норма жұмыскердің өмірін,денсаулығы мен кәсіби мүдделерін қорғаудың берік негізін қалыптастырады. Зауыт ұжымы жұмыскерлерге арналған әлеуметтік кепілдіктерді күшейтудің…
